Африка елдері
Африка елдері

#1 слайд
Африка елдері.
Жалпы сипаттама
Орындаған: Сатқалық Гүлсім 11б
Тексерген: Абуев Абзал
1 слайд
Африка елдері. Жалпы сипаттама Орындаған: Сатқалық Гүлсім 11б Тексерген: Абуев Абзал
#2 слайд
Жоспары:
1. Географиялық орны
2. Жалпы сипаттама
3. Африка елдері
2 слайд
Жоспары: 1. Географиялық орны 2. Жалпы сипаттама 3. Африка елдері
#3 слайд
Африка елдері Территориясы, шекарасы, жағдайы. А ф р и к а -
ауданы (30,3 млн км2) бойынша үлкен аймақ. Қүрамында 55 мемлекет
бар. Жер шарындағы Евразиядан кейінгі екінші үлкен материк. Аумағы
солтүстіктен оңтүстікке қарай 8 мың км-ге, батыстан шығысқа қарай 7,5
мың км-ге созылып жатыр. Африканың қазіргі саяси картасының
қалыптасуына европалық отарлау, кейіннен отар елдердің тәуелсіздігін
алуы басты ықпал етті. XV ғ ортасында Португалия, XV ғ соңында
Голландия Африканы отарлауға кірісті. Ағылшындар Африканың ішкері
аудандарын отарлаудан бұрын арнайы жасақталған ғылыми зерттеу
экпедицияларын жіберіп, барлау жұмыстарын жүргізді. XX ғ басында
Африка аумағының 90% европалық отарларға айналды. XX ғ 60 -
жылдарына қарай Африкада он тәуелсіз мемлекет болды: Египет,
Эфиопия, Либерия, ОАР, Ливия, Марокко, Тунис, Судан, Гана, Гвинея.
1960 жылы тарихқа «Африка жылы» ретінде енген он жеті отар өз
тәуелсіздігін алды. Отарлық бұғаудан босауға бағытталған күрес
Африка жерінде 1990 ж ортасына дейін жалғасын тапты. Елдердің
көпшілігі мемлекеттік құрылымы жөнінен унитарлық республикалар.
Ферерациялық республикалар: Нигерия, ОАР, Эфиопия, Комор
аралдары. Үш монархия: Лесото, Свазилент, Марокко. Көптеген елдер
Британ бірлестігінің мүшелері болып табылады.
3 слайд
Африка елдері Территориясы, шекарасы, жағдайы. А ф р и к а - ауданы (30,3 млн км2) бойынша үлкен аймақ. Қүрамында 55 мемлекет бар. Жер шарындағы Евразиядан кейінгі екінші үлкен материк. Аумағы солтүстіктен оңтүстікке қарай 8 мың км-ге, батыстан шығысқа қарай 7,5 мың км-ге созылып жатыр. Африканың қазіргі саяси картасының қалыптасуына европалық отарлау, кейіннен отар елдердің тәуелсіздігін алуы басты ықпал етті. XV ғ ортасында Португалия, XV ғ соңында Голландия Африканы отарлауға кірісті. Ағылшындар Африканың ішкері аудандарын отарлаудан бұрын арнайы жасақталған ғылыми зерттеу экпедицияларын жіберіп, барлау жұмыстарын жүргізді. XX ғ басында Африка аумағының 90% европалық отарларға айналды. XX ғ 60 - жылдарына қарай Африкада он тәуелсіз мемлекет болды: Египет, Эфиопия, Либерия, ОАР, Ливия, Марокко, Тунис, Судан, Гана, Гвинея. 1960 жылы тарихқа «Африка жылы» ретінде енген он жеті отар өз тәуелсіздігін алды. Отарлық бұғаудан босауға бағытталған күрес Африка жерінде 1990 ж ортасына дейін жалғасын тапты. Елдердің көпшілігі мемлекеттік құрылымы жөнінен унитарлық республикалар. Ферерациялық республикалар: Нигерия, ОАР, Эфиопия, Комор аралдары. Үш монархия: Лесото, Свазилент, Марокко. Көптеген елдер Британ бірлестігінің мүшелері болып табылады.
#4 слайд
Африка ең ыстық материк, экватор сызығы бойында
жатыр. Жанартаулық әрекеттер әлі де жүруде, осы
аймақта материктің ең биік нүктесі – Килиманджаро
(5895 м) қалыптасқан. Жерорта теңізі жағалауында
Африкадағы ең жас тау жүйесі – Атлас тауы орналасқан.
Африканың жер қойнауы минералды ресурстарға өте
бай. Мұнай мен газдың ірі кен орындары Ливия, Нигерия,
Алжирде. Кобальт пен мыстың аса ірі қоры Замбия мен
Конгода. Платина, алтын, темір Оңтүстік Африкада. Уран
Нигерияда, Фосфорит Марокко, Тунисте орналасқан.
Материктегі су ресурстарының тең жартысы Конго, Ніл,
Зомбези, Оранж өзендеріне тиеді. 1971 ж КСРО-ның
көмегімен Асуан бөгеті Ніл өзенінде салынды. Конго
өзенінің гидроэнергетикалық қуаты өте жоғары, онда
Инга СЭС-і салынды. Африка жерінің 10 % орман алқабы
алып жатыр. Африканың өсімдіктер әлемі мен
жануарлар дүниесі оның басты байлығы болып
саналады. Жер шарындағы ең үлкен Сахара шөлі
Африкада
4 слайд
Африка ең ыстық материк, экватор сызығы бойында жатыр. Жанартаулық әрекеттер әлі де жүруде, осы аймақта материктің ең биік нүктесі – Килиманджаро (5895 м) қалыптасқан. Жерорта теңізі жағалауында Африкадағы ең жас тау жүйесі – Атлас тауы орналасқан. Африканың жер қойнауы минералды ресурстарға өте бай. Мұнай мен газдың ірі кен орындары Ливия, Нигерия, Алжирде. Кобальт пен мыстың аса ірі қоры Замбия мен Конгода. Платина, алтын, темір Оңтүстік Африкада. Уран Нигерияда, Фосфорит Марокко, Тунисте орналасқан. Материктегі су ресурстарының тең жартысы Конго, Ніл, Зомбези, Оранж өзендеріне тиеді. 1971 ж КСРО-ның көмегімен Асуан бөгеті Ніл өзенінде салынды. Конго өзенінің гидроэнергетикалық қуаты өте жоғары, онда Инга СЭС-і салынды. Африка жерінің 10 % орман алқабы алып жатыр. Африканың өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі оның басты байлығы болып саналады. Жер шарындағы ең үлкен Сахара шөлі Африкада
#5 слайд
Халқы
Халқы 1 млрдтан астам адам, халқының қоныста
тығыздығы әр түрлі, табиғи өсу өте жоғары. Урбандалу
деңгейі төмен (30%), бірақ миллионер қалалар бар
(Каир). Негізінен, «жалпы урбандалу. Африкада 200-ге
жуық этнос бар (арабтар, :зрубалар, хауса, фульбе,
амхара т.б.). Елі көп ұлтты. Ұлттық діндер таралған.
Африкада х а л ы қ т ы ң ұ д а й ы ө с у і байқалады
(әлемде ең жоғары көрсеткіш). Африкада “ақшаң жоқ
болса кедейлігің, ал балаларың жоқ болса сорың”,
дейді. Мұнда көпшілік мемлекет демографиялық саясат
жүргізбейді. Африка әлі халықтың өлімі ең жоғары
мемлекет. Бұған қоса Африкадағы халықтың сапасы да
ең төменгі дәрежеде, өйткені ересектердің жартысынан
көбі сауатсыз, СПИД пен ауыратындар көбейіп жатыр.
Африканың азаттық алған елдері бір кезде этникалық
ерекшеліктерді ескерместен жүргізілген отарлық
шекараны мұра етіп алған. Осының нәтижесінде
көптеген біртұтас халықтар шекараны өз пайдасына
қойған
5 слайд
Халқы Халқы 1 млрдтан астам адам, халқының қоныста тығыздығы әр түрлі, табиғи өсу өте жоғары. Урбандалу деңгейі төмен (30%), бірақ миллионер қалалар бар (Каир). Негізінен, «жалпы урбандалу. Африкада 200-ге жуық этнос бар (арабтар, :зрубалар, хауса, фульбе, амхара т.б.). Елі көп ұлтты. Ұлттық діндер таралған. Африкада х а л ы қ т ы ң ұ д а й ы ө с у і байқалады (әлемде ең жоғары көрсеткіш). Африкада “ақшаң жоқ болса кедейлігің, ал балаларың жоқ болса сорың”, дейді. Мұнда көпшілік мемлекет демографиялық саясат жүргізбейді. Африка әлі халықтың өлімі ең жоғары мемлекет. Бұған қоса Африкадағы халықтың сапасы да ең төменгі дәрежеде, өйткені ересектердің жартысынан көбі сауатсыз, СПИД пен ауыратындар көбейіп жатыр. Африканың азаттық алған елдері бір кезде этникалық ерекшеліктерді ескерместен жүргізілген отарлық шекараны мұра етіп алған. Осының нәтижесінде көптеген біртұтас халықтар шекараны өз пайдасына қойған
#6 слайд
Өнеркәсібі
Африка еддері экономикалық жағдайы жөнінен артта
қалған (әсіресе, тропиктік –африка) Оңтүстік Африка елі жақсы
дамыған. Өндіруші өнеркәсіп Либерияда, Мавританияда,
Гвинеяда (боксит), Мороккода (фосфор) дамыған. Алжир мен
Ливияда, Тунис пен Египетте, Нигерияда, Габонда мұнай
өндіріледі. ОАР көмір, алтын, алмаз өндіріп, экспортқа
шығарады. Ауыр өңдеуші өнеркәсіп ОАР-да, Египетте,
Алжирде, Нигерияда, Мароккода, Заир мен Замбияда бар.
Көптеген елде жеңіл әнеркәсіп пен тамак; өнеркәсібі нашар
дамы-ған. Ауыл шаруашылығы - Африка экономикасының
негізгі саласы. Солтүстігі мен оңтүстігінде мал шаруашылығы,
басқа аудандарында өсімдік шаруашылығы дамыған. Көптеген
елі біржақтылық бір дақыл (монокультура) деңгейіне жетті. Бір
дақыл өндіруге (бір тауарға) мамандану дегеніміз - елдегі
шаруашылықтың бір, әдетте, экспортқа арналған шикізаттық
немесе азық-түлік тауарын өндіруге бір жақты мамандануы. Бір
дақыл өсіретін елдер: Эфиопия (кофе), Сенегал (жер жаңғағы),
Кот-Дивуар, Гана (какао). Отарлау кезінде теміржол мен теңіз
көлігі дамыды (шикізатты тасу үшін). Соңғы кезде автомобиль,
әуе, кұбыр көлігі дамып келеді.
6 слайд
Өнеркәсібі Африка еддері экономикалық жағдайы жөнінен артта қалған (әсіресе, тропиктік –африка) Оңтүстік Африка елі жақсы дамыған. Өндіруші өнеркәсіп Либерияда, Мавританияда, Гвинеяда (боксит), Мороккода (фосфор) дамыған. Алжир мен Ливияда, Тунис пен Египетте, Нигерияда, Габонда мұнай өндіріледі. ОАР көмір, алтын, алмаз өндіріп, экспортқа шығарады. Ауыр өңдеуші өнеркәсіп ОАР-да, Египетте, Алжирде, Нигерияда, Мароккода, Заир мен Замбияда бар. Көптеген елде жеңіл әнеркәсіп пен тамак; өнеркәсібі нашар дамы-ған. Ауыл шаруашылығы - Африка экономикасының негізгі саласы. Солтүстігі мен оңтүстігінде мал шаруашылығы, басқа аудандарында өсімдік шаруашылығы дамыған. Көптеген елі біржақтылық бір дақыл (монокультура) деңгейіне жетті. Бір дақыл өндіруге (бір тауарға) мамандану дегеніміз - елдегі шаруашылықтың бір, әдетте, экспортқа арналған шикізаттық немесе азық-түлік тауарын өндіруге бір жақты мамандануы. Бір дақыл өсіретін елдер: Эфиопия (кофе), Сенегал (жер жаңғағы), Кот-Дивуар, Гана (какао). Отарлау кезінде теміржол мен теңіз көлігі дамыды (шикізатты тасу үшін). Соңғы кезде автомобиль, әуе, кұбыр көлігі дамып келеді.
#7 слайд
Африканың еңбек ресурсында жастардың үлесі
жоғары, бірақ олардың кәсіби дайындығы өте төмен
деңгейде. Аймақ экономикасы аграрлық сипатта
болғандықтан еңбекке жарамды халықтын 2/3 ауыл
шаруашылығы саласында жұмыс істеуге мәжбүр. 1990 ж
бері Африка жерінде жиі қайталанып жатқан әскери
қақтығыстар мен ұлт араздығы нәтижесінде орталық
және шығыс Африка жерінен еріксіз қоныс аударған бес
млн. астам адам босқындық күй кешуде. Ауыл
шаруашылығы ұлттық табыстың 40% жуығын береді.
Африка елдерінің экспортындағы ауыл шаруашылығы
өнімдерінің үлесі 70% жетеді. Өсімдік шаруашылығы
жетекші сала болып есептеледі. Плантацияларда какао,
кофе, жер жаңғақ, майлы пальма, шай, банан, мақта
өсіріледі. Мал шаруашылығы біршама жақсы дамыған.
Мұнда дүниежүзіндегі ірі қараның 14 %, түйенің 73 %
шоғырланған.
7 слайд
Африканың еңбек ресурсында жастардың үлесі жоғары, бірақ олардың кәсіби дайындығы өте төмен деңгейде. Аймақ экономикасы аграрлық сипатта болғандықтан еңбекке жарамды халықтын 2/3 ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істеуге мәжбүр. 1990 ж бері Африка жерінде жиі қайталанып жатқан әскери қақтығыстар мен ұлт араздығы нәтижесінде орталық және шығыс Африка жерінен еріксіз қоныс аударған бес млн. астам адам босқындық күй кешуде. Ауыл шаруашылығы ұлттық табыстың 40% жуығын береді. Африка елдерінің экспортындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесі 70% жетеді. Өсімдік шаруашылығы жетекші сала болып есептеледі. Плантацияларда какао, кофе, жер жаңғақ, майлы пальма, шай, банан, мақта өсіріледі. Мал шаруашылығы біршама жақсы дамыған. Мұнда дүниежүзіндегі ірі қараның 14 %, түйенің 73 % шоғырланған.
#8 слайд
8 слайд
#9 слайд
9 слайд
шағым қалдыра аласыз













