1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ағылшын тілінің фонетикалық құрылымын меңгерудің тиімді әдістері

#1 слайд
Ағылшын тілінің фонетикалық
құрылымын меңгерудің тиімді
әдістері.
1 слайд
Ағылшын тілінің фонетикалық құрылымын меңгерудің тиімді әдістері.
#2 слайд
Фонетикалық дағдыларды қалыптастыруға арналған
жаттығулар екі топқа бөлінеді:
1.тыңдауға арналған жаттығулар.
2. дыбыстарды қайталап айтуға арналған жаттығулар.
Бұл екі топ бір–бірімен тығыз байланысты және фонетикалық
дағдыларды қалыптастыру үшін екеуі де қажет.
2 слайд
Фонетикалық дағдыларды қалыптастыруға арналған жаттығулар екі топқа бөлінеді: 1.тыңдауға арналған жаттығулар. 2. дыбыстарды қайталап айтуға арналған жаттығулар. Бұл екі топ бір–бірімен тығыз байланысты және фонетикалық дағдыларды қалыптастыру үшін екеуі де қажет.
#3 слайд
Сөйлеу мүшелері және олардың қызметі
Тіл дыбыстарын жасауға тыныс жолдары, ауыз қуысы (mouth
cavity), мұрын қуысы(nasal cavity), тамақ қуысы, иек
қатысады.
Тыныс мүшелеріне өкпе (lungs), көмей (the larynx), желбезек
немесе дауыс шымылдығы (the vocal cords) жатады.
Ауыз қуысына (mouth cavity) тіл (tongue), ерін (lip), таңдай
(palate), тілшік (uvula), тіс(tooth) жатады. Бұл мүшелердің ең
бастысы – тіл.
Тіл - жылжымалы мүше. Оның бірде ілгері, бірде кейін
жылжуынан, бірде жоғары көтеріліп, бірде төмен түсуінен,
сондай-ақ оның артқы бөлігі мен орта бөлігінің немесе
ұшының қимылынан әртүрлі дыбыстар жасалады. Мысалы,
тілдің ұшы альвеолаға тиюінен тіл алды дыбыстары [t], [d].
3 слайд
Сөйлеу мүшелері және олардың қызметі Тіл дыбыстарын жасауға тыныс жолдары, ауыз қуысы (mouth cavity), мұрын қуысы(nasal cavity), тамақ қуысы, иек қатысады. Тыныс мүшелеріне өкпе (lungs), көмей (the larynx), желбезек немесе дауыс шымылдығы (the vocal cords) жатады. Ауыз қуысына (mouth cavity) тіл (tongue), ерін (lip), таңдай (palate), тілшік (uvula), тіс(tooth) жатады. Бұл мүшелердің ең бастысы – тіл. Тіл - жылжымалы мүше. Оның бірде ілгері, бірде кейін жылжуынан, бірде жоғары көтеріліп, бірде төмен түсуінен, сондай-ақ оның артқы бөлігі мен орта бөлігінің немесе ұшының қимылынан әртүрлі дыбыстар жасалады. Мысалы, тілдің ұшы альвеолаға тиюінен тіл алды дыбыстары [t], [d].
#4 слайд
Ағылшын тіліндегі фонемалар
Тіл дыбыстары дауысты (vowel) және дауыссыз (consonant)
болып екіге бөлінеді. Айтылғанда ауа өкпеден еш кедергісіз,
еркін шығатын болса, олар дауысты дыбыстар деп аталады.
Ал айтылғанда ауа сөйлеу мүшелерінің түрлі кедергісіне
кездесіп, үн мен салдырдан кейде тек салдырдан ғана
жасалса, олар дауыссыздар деп аталады.
Ағылшын тілінде 24 дауыссыз фонема бар.
4 слайд
Ағылшын тіліндегі фонемалар Тіл дыбыстары дауысты (vowel) және дауыссыз (consonant) болып екіге бөлінеді. Айтылғанда ауа өкпеден еш кедергісіз, еркін шығатын болса, олар дауысты дыбыстар деп аталады. Ал айтылғанда ауа сөйлеу мүшелерінің түрлі кедергісіне кездесіп, үн мен салдырдан кейде тек салдырдан ғана жасалса, олар дауыссыздар деп аталады. Ағылшын тілінде 24 дауыссыз фонема бар.
#5 слайд
Коммуникативті әдіс
Коммуникативті әдісте оқушы жеке тұлға болып
саналады.
Әрбір оқушының өзіне тән мінез-құлқы болады.
Коммуникативті оқытуда олардың бойындағы жеке
қабілеттері анықталады да оны әрі қарай дамытуға
бағытталады. Осы мақсатта олардың қабілеттерін ашу үшін
тестер мен жетілдіру үшін жаттығуларға арналған арнайы
құралдар қолданылады.
Адамды дамыту көптеген факторларға байланысты. Соның
ең бастысы оқыту кезіндегі қарым-қатынас оқушылардың
бірлесе әрекеттесуі болып саналады.
5 слайд
Коммуникативті әдіс Коммуникативті әдісте оқушы жеке тұлға болып саналады. Әрбір оқушының өзіне тән мінез-құлқы болады. Коммуникативті оқытуда олардың бойындағы жеке қабілеттері анықталады да оны әрі қарай дамытуға бағытталады. Осы мақсатта олардың қабілеттерін ашу үшін тестер мен жетілдіру үшін жаттығуларға арналған арнайы құралдар қолданылады. Адамды дамыту көптеген факторларға байланысты. Соның ең бастысы оқыту кезіндегі қарым-қатынас оқушылардың бірлесе әрекеттесуі болып саналады.
#6 слайд
Ойындарды қолдану
Оқушылардың білімге ықыласын, ынтасын,
қызығушылығын арттырудың ең жақсы жолының бірі –
сабақта ойындарды қолдану. Ойын, білім алу, еңбек ету –
адамның негізгі іскерлік қасиеттері. Ойын – әрқашан шағын
білім, ол шағын білім бола отырып, баланы білім алуға
еңбекке дайындайды. Ойынды алданыш немесе көңіл көтеру
деп ойлайтындар қателеседі.
Кейбір педагогтар мен психологтардың мектеп жасындағы
балалар, ойын жасынан өтіп кетті деуі бекер. Ойындағы
оқиға-жайлар сабаққа әр қилылық нәр береді, сабақты
қызықты етеді, оған эмоциялық бояу береді.
6 слайд
Ойындарды қолдану Оқушылардың білімге ықыласын, ынтасын, қызығушылығын арттырудың ең жақсы жолының бірі – сабақта ойындарды қолдану. Ойын, білім алу, еңбек ету – адамның негізгі іскерлік қасиеттері. Ойын – әрқашан шағын білім, ол шағын білім бола отырып, баланы білім алуға еңбекке дайындайды. Ойынды алданыш немесе көңіл көтеру деп ойлайтындар қателеседі. Кейбір педагогтар мен психологтардың мектеп жасындағы балалар, ойын жасынан өтіп кетті деуі бекер. Ойындағы оқиға-жайлар сабаққа әр қилылық нәр береді, сабақты қызықты етеді, оған эмоциялық бояу береді.
#7 слайд
Дидактикалық
ойындар
Лексикалық
Грамматикалық
Орфографиялық
Фонетикалық
7 слайд
Дидактикалық ойындар Лексикалық Грамматикалық Орфографиялық Фонетикалық
#8 слайд
Түсіндіру әдісі
Ақпараттық жүйемен оқытуда түсіндіру әдісі кино,
диафильмдер көрсету арқылы жүзеге асады. Мәтін, елтануға
байланысты, мақал-мәтелдер, т.б.түсіндіру осы әдіс арқылы
жүзеге асады. Оқу материалын толықтыру, қорытындылау,
қайталау, ең бастысы, оның практикалық қолдану дағдысы
мен шеберлігін қалыптастыруда бұл ең тиімді әдістердің
қатарына жатқызылады. Шетел тілінің айтылуын үйреткенде,
сол тілдегі дыбыстардың ерекшеліктеріне, жергілікті
диалектіге де көңіл аудару керек, себебі ағылшын тілінде
дыбыстық ерекшеліктер және Англиядағы диалектінің өзі
бірнеше түрге бөлінеді. Ал, қазақ тілінде дыбыстық
ерекшеліктер болғанмен де, олар айқын көрінбейді, жергілікті
диалекті адамдардың бірін-бірі түсінуіне қиыншылық
әкелмейді.
8 слайд
Түсіндіру әдісі Ақпараттық жүйемен оқытуда түсіндіру әдісі кино, диафильмдер көрсету арқылы жүзеге асады. Мәтін, елтануға байланысты, мақал-мәтелдер, т.б.түсіндіру осы әдіс арқылы жүзеге асады. Оқу материалын толықтыру, қорытындылау, қайталау, ең бастысы, оның практикалық қолдану дағдысы мен шеберлігін қалыптастыруда бұл ең тиімді әдістердің қатарына жатқызылады. Шетел тілінің айтылуын үйреткенде, сол тілдегі дыбыстардың ерекшеліктеріне, жергілікті диалектіге де көңіл аудару керек, себебі ағылшын тілінде дыбыстық ерекшеліктер және Англиядағы диалектінің өзі бірнеше түрге бөлінеді. Ал, қазақ тілінде дыбыстық ерекшеліктер болғанмен де, олар айқын көрінбейді, жергілікті диалекті адамдардың бірін-бірі түсінуіне қиыншылық әкелмейді.
#9 слайд
Ана тілі
Шет тілі
9 слайд
Ана тілі Шет тілі
#10 слайд
Шет тілі мен ана тілін салыстырмалы зерттеу
арқылы, екі тілдің ұқсастығы мен айырмашылығын
айқындауға болады. Қандай да бір шет тілін алсақ,
ана тілінен өзгеше дыбыстарды кездестіре аламыз.
Және де, сол дыбыстарды қабылдап, оны дұрыс айту
бірнеше қиындықтар туғызады. Шет тілінде дұрыс
сөйлеу – ол шет тіліндегі дыбыстарды танып, оларды
жақсы білу, яғни, үйреніп жатқан тілдің дыбыстар
қатарын өзінің ана тіліндегі дыбыстар қатарынан
ажырата білу.
10 слайд
Шет тілі мен ана тілін салыстырмалы зерттеу арқылы, екі тілдің ұқсастығы мен айырмашылығын айқындауға болады. Қандай да бір шет тілін алсақ, ана тілінен өзгеше дыбыстарды кездестіре аламыз. Және де, сол дыбыстарды қабылдап, оны дұрыс айту бірнеше қиындықтар туғызады. Шет тілінде дұрыс сөйлеу – ол шет тіліндегі дыбыстарды танып, оларды жақсы білу, яғни, үйреніп жатқан тілдің дыбыстар қатарын өзінің ана тіліндегі дыбыстар қатарынан ажырата білу.
#11 слайд
11 слайд

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген