Материалдар / әліс -тәсіл түрлері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

әліс -тәсіл түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
әліс -тәсіл түрлері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Сәуір 2020
418
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
S М S Бекіту этаптарында қолданылады. 3 минут беріледі.Осы уақыт аралығында оқушы өткен тақырып бойынша есінде қалған сөзде

1 слайд
S М S Бекіту этаптарында қолданылады. 3 минут беріледі.Осы уақыт аралығында оқушы өткен тақырып бойынша есінде қалған сөздер мен терминдерді және фразаларды жазып алады.Содан кейін парталас көршісімен (жұбымен)ойласып тақырыпқа қажеттісін іріктейді де қажетсізін сызып тастайды. Бұл тәсіл сабақтың бекіту кезеңінде оқушылардың есте сақтау қабілетін арттыруға арналған тәсілі.Оқушылардың есте сақтау,бірін-бірі тыңдау дағдыларын дамытуға қолайлы жаттығу.Жақын арадағы даму аймағы дамиды.

Бинго 1- қадам.Мұғалім оқушыларға бинго карточкаларын береді немесе оқушылар өздері әзірлейді. 2- қадам.Мұғалім оқушыларға өт

2 слайд
Бинго 1- қадам.Мұғалім оқушыларға бинго карточкаларын береді немесе оқушылар өздері әзірлейді. 2- қадам.Мұғалім оқушыларға өткен сабаққа байланысты сөздер немесе сөйлемдерді тақтаға жазады,ал оқушылар сол сөздерді бинго карточкасының жазылған сөздерге сұрақтар немесе анықтамаларды оқиды. 3-қадам.Оқушылар оқылған сұрақ/анықтаманың дұрыс жауабын сызып отырады.Кімде сәйкес сұрақ немесе анықтама болса,сол оқушы «Бинго»деп жауап береді.Мұғалім бұл оқушыға ынталандыру сыйлығын береді. Бұл тәсіл өткен оқу материалын немесе үй тапсырмасын қайталауға, жаңа сабақты бекіту кезеңінде қолдануға бағытталған .

Үлкен парақта эмоционалды «аралдар» бейнеленген карта салынады: қуаныш, мұң, аң-таң, ләззаттану, жадырау, күту, алаңдау, ш

3 слайд
Үлкен парақта эмоционалды «аралдар» бейнеленген карта салынады: қуаныш, мұң, аң-таң, ләззаттану, жадырау, күту, алаңдау, шабыт, рахат, белгісіздік аралы, т.б. Аралдар картасы тақтаға ілінеді. Оқушылар тақтаның алдына шығып маркермен (фломастермен) оның сабақтан кейін немесе күннің, аптаның соңында эмоциялық-сезімдік жағдайын көрсететін кемесін картаға іледі немесе суреттейді. «Арал» әдісі

Жигсо Сұрақтар топтамасымен жұмыс істеудің құрылымдалған тәсілі және топта жұмыс істеуге мүмкіндік береді. «Жигсо» әді

4 слайд
Жигсо Сұрақтар топтамасымен жұмыс істеудің құрылымдалған тәсілі және топта жұмыс істеуге мүмкіндік береді. «Жигсо» әдісінің артықшылығы - топта жүмыс істеуге арналған құрылым ұсынып, сөйлеу және тыңдау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ететіндігі Мұғалім сыныпты шағын топтарга бөледі. Құрылган әр топка дәстүрлі тапсырма беріледі. Тапсырма үлестірме материалдар түрінде таратылады. Егер топ төрт адамнан тұратын болса, басты тапсырманың ішінде топтың әр мүшесіне бір сұрақтан төрт сұрақ немесе тапсырма болады. Сұрақтар немесе тапсырмалар топ ішінде оқушылардың өзара келісуі арқылы бөлінеді. Нақты бір сұрақгы немесе тапсырманы таңдаған оқушылардың барлыгы Сарапшы топ деп аталатын жаңа топ құрылып, ортақ проблеманың шешімін табу үшін олар бірлесіп жүмыс істейді Тапсырманы орындаудың бұл кезеңінің соңына қарай оқушы өзге «сарапшылармен» өзара қарым-қатынас жасап, мәселені талқылаудың арқасында өз сұрағы бойынша сарапшы болып қалыптасады.Оқушылар бастапқы топтарына қайтып оралады.

Ыстық орындық Біреуге алаңдаушылық танытуды ынталандыруға, мазмұнды «түсінетіндігін» түсінуге арналган тапсырма. Сұрақ

5 слайд
Ыстық орындық Біреуге алаңдаушылық танытуды ынталандыруға, мазмұнды «түсінетіндігін» түсінуге арналган тапсырма. Сұрақтарды зерделеп, ұстанымдарды негіздеуге мүмкіндік береді. Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

Ақылдың алты қалпағы Мәселені барынша мұқият талқылап, баланың жалпы ойлау қызметін жетілдіру үшін ойдың/сананың түрлі

6 слайд
Ақылдың алты қалпағы Мәселені барынша мұқият талқылап, баланың жалпы ойлау қызметін жетілдіру үшін ойдың/сананың түрлі аспектілерін жандандыру мақсатында қолданылатын әдіс.Алты қалпақтың әрқайсысы ойлаудың түрлі элементтерін, аспектілерін білдіреді. Оқушыларға қалпақ беріледі де, олардан мәселені талқылау барысында барлық ой операцияларын осы қалпақтың түсіне сәйкес келетін шекте жүргізу сұралады. Бүл әдістің көздегені: осылайша мәселенің немесе ойдың барлық аспектілерін қамтитын карта жасау. Сынып п топтарға бөлініп, бір топқа бір түсті қалпақ беріледі. Мұғалім әңгімені жүргізеді. • Ақ (ақ бүлттар) - фактілер, цифрлар және мэліметтерді таза күйіндеберу ■ Қызыл (от) - ішкі сезім, эмоция, сезінулер жэне интуицияны білдіру • Қара (тұман) - негативті ойлау, мысалы: бұл. орындалмайды, себебі....” • Сары (күн) - оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар, ұсыныстар, мысалы: «неге, бүл міндетті түрдс орындалады!» ■ Жасыл (дала) - жаңа идеялар агымың тудыратын шы ғар машылық ойлар • Көк (аспан) - жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды, қорытындылайды.

7 слайд

Қар кесегі Бірге ойлауға және өз ойларын негіздеуге көмектеседі. Қатысушыларды ұйымдастыру үшін қозғалуға және араласуға

8 слайд
Қар кесегі Бірге ойлауға және өз ойларын негіздеуге көмектеседі. Қатысушыларды ұйымдастыру үшін қозғалуға және араласуға ыңғайлы болатындай үлкен кеңістік қажет. Біріншіден, оқушылар жеке жауап берулері керек. Кейін ақылдасып, олардың екі жауабын бір жауап етіп айтады. Кейін жұптар басқа жұптармен бірігіп, үдерісті дамытады. Осылайша төрт жауап бір жауап болып біріктіріледі. Мысалы, бірінші оқушы мінсіз өмір үшін үш зат таңдайды, Кейін жұптар талқылап, 6 жауаптың тек біреуін таңдайды. Содан соң 4 оқушы дәл солай алтыдан 3 таңдайды.

Кемпірқосақ топтары Мақсаты : Әр оқушы (бастапқы топта) тыңдайды және (Түрлі-түсті топта) сөйлейді. Ұйымдастыру : Топты қимыл

9 слайд
Кемпірқосақ топтары Мақсаты : Әр оқушы (бастапқы топта) тыңдайды және (Түрлі-түсті топта) сөйлейді. Ұйымдастыру : Топты қимылдауға және талқылауға орын қалдыра отырып, стандартты орналастыру. Жаттығудың сипаттамасы: Оқушыларды талқылау үшін (бұл «бастапқы топ») тақырып бойынша (барлығына бір тақырып немесе әр топқа бөлек тақырып) топтарға бөліп отырғызыңыз. Талқылаудан кейін оқушыларға түстер беріп, тиісінше қайтадан топқа бөледі. Жаңа топтар «бастапқы топ» қатысушыларынан тұрады. Кейін оқушылар жаңа топта не талқылағандарын айту үшін «бастапқы топқа» қайта оралады. Бұл одан әрі талқылауға түрткі болады.  

“ Блиц-бақылау” әдісі: Шартын алдын ала таныстыра отырып, мұғалім әрқайсысының жауабы 1-2 сөзден ғана тұратын бірнеше (7- 10)

10 слайд
“ Блиц-бақылау” әдісі: Шартын алдын ала таныстыра отырып, мұғалім әрқайсысының жауабы 1-2 сөзден ғана тұратын бірнеше (7- 10) сұрақты біртіндеп айтып тұрып, аз уақыт ішінде (30-60 секунд) қысқаша жауаптар жаздырады. Соңынан мұғалім дұрыс жауаптарды айтады, оқушылар жауап нөмерінің алдына “+” немесе “-” белгісінің бірін қойып, соңына нәтижесі мен берілген шартқа байланысты бағасын жазып, мұғалімге өз парағын өткізеді.

“ Байыпты баяндамашы” ойыны : Оқушыға жұрт алдына шығардан 5 минут бұрын баяндама жасауға қажетті тірек сөздер беріледі. Ол со

11 слайд
“ Байыпты баяндамашы” ойыны : Оқушыға жұрт алдына шығардан 5 минут бұрын баяндама жасауға қажетті тірек сөздер беріледі. Ол сол сөздерден баяндама мәтінінің жобасын құрастыруы керек. Баяндама мазмұнын айту барысында баяндамашыны (сөзге шешен оқушыны) өзге оқушылар тақырыпқа қатысты әр түрлі сұрақтар арқылы жаңылыстыруға тырысады. Әр сұраққа тақырыптан ауытқымай, салмақты түрде жауап бере отырып, баяндамашы белгіленген уақыт ішінде (5-7 минут) өз баяндамасын аяқтауы керек.

“ Ой қозғау” әдiсi : Баланың басынан өткен бұрынғы тәжiрибесiне сүйене отырып, жеке, топтық және ұжымдық талқылау арқыл

12 слайд
“ Ой қозғау” әдiсi : Баланың басынан өткен бұрынғы тәжiрибесiне сүйене отырып, жеке, топтық және ұжымдық талқылау арқылы берiлген тақырып мазмұнымен өз бетiнше жұмыс жасауына бағытталған, қызығушылықты оятуға арналған стратегия.

“ Түртіп алу” әдісі : Жиегіне тиісті белгілер (“  ” – бұрыннан білемін, “+” – енді білдім, “?” – түсіне алмадым, “-”

13 слайд
“ Түртіп алу” әдісі : Жиегіне тиісті белгілер (“  ” – бұрыннан білемін, “+” – енді білдім, “?” – түсіне алмадым, “-” – келісе алмаймын) қоя отырып, әр оқушы мәтінмен алдымен жеке, сонан соң жұптасып жұмыс жасайды. Жұптық жұмыс барысында жаңадан білген мәліметтер мен түсініксіз жайлар талқыланады. Соңынан сол мәселелер тақтаға жазылады да, жауабы бірлесе ізделінеді. Кейде жауабын тауып келу үйге беріледі. Төменгі сыныптарда соңғы белгі пайдаланылмайды.

“ ББҮ” әдiсi (Бiлемiн-бiлгiм келедi-үйрендiм) Мұның басты ерекшелiгi үш бөлiктi кестенiң бірінші бөлігіне осы тақыры

14 слайд
“ ББҮ” әдiсi (Бiлемiн-бiлгiм келедi-үйрендiм) Мұның басты ерекшелiгi үш бөлiктi кестенiң бірінші бөлігіне осы тақырыпқа байланысты не білетіндері, екiншi бөлiгiне балалардың ғылыми – танымдық мәтiнмен танысу барысында “не бiлгiсi келетiнi” жазылады. Үшінші бөлігі (не білдім) мәтінмен танысып, талдап болған соң толтырылады.

“ Болжау” әдiсi Баланың iшкi түйсiгiне сүйене отырып, жеке, топтық және ұжымдық талқылау арқылы көркем - әдеби мәтiн мазм

15 слайд
“ Болжау” әдiсi Баланың iшкi түйсiгiне сүйене отырып, жеке, топтық және ұжымдық талқылау арқылы көркем - әдеби мәтiн мазмұнымен өз бетiнше жұмыс жасауына бағытталған, мағынаны тануға арналған стратегия.

“ Бес жолды өлең” әдiсi Аты өлең болғанымен, ұйқас құрап, буын сақтау мiндеттi болмағандықтан, заты бөлектеу, кез

16 слайд
“ Бес жолды өлең” әдiсi Аты өлең болғанымен, ұйқас құрап, буын сақтау мiндеттi болмағандықтан, заты бөлектеу, кез келген мәтiнмен жеке жұмыс жасауға бағытталған, ой-толғанысқа арналған стратегия: 1 жол – тақырыбы, 2 жол – екi сын есiм, 3 жол – үш етiстiк, 4 жол - өлеңнiң негiзгi идеясы, 5 жол – тақырыпқа балама сөз.

“ Кубизм” әдiсi Жақтарына зерттеңiз, суреттеңiз, салыстырыңыз деген сияқты жұмыс бағыттары жазылған кубиктi пайдаланып,

17 слайд
“ Кубизм” әдiсi Жақтарына зерттеңiз, суреттеңiз, салыстырыңыз деген сияқты жұмыс бағыттары жазылған кубиктi пайдаланып, қай қыры түссе, сол қырындағы тапсырманы жеке, не топтасып орындауға бағытталған мағынаны тануға және ой- толғанысқа арналған стратегия.

“ Венн диаграммасы” әдiсi Екi нәрсенi, екi мәселенi қиылысқан екi шеңберлi сызбамен салыстыруға бағытталған, мағына

18 слайд
“ Венн диаграммасы” әдiсi Екi нәрсенi, екi мәселенi қиылысқан екi шеңберлi сызбамен салыстыруға бағытталған, мағынаны тануға арналған стратегия.

“ Екi түрлi түсiнiктеме” әдiсi Парақтың бiр жағына мәтiннiң ұнаған жерлерiнен үзiндi, ал екiншi жағына оның себептерi

19 слайд
“ Екi түрлi түсiнiктеме” әдiсi Парақтың бiр жағына мәтiннiң ұнаған жерлерiнен үзiндi, ал екiншi жағына оның себептерi жазылады. Бұл әдiс балаларды рефлексияға үйретуге тиiмдi.  

“ Галерея аралау” әдiсi – өзгелердiң қабырғаларға iлген көрнекi материалдарын жеке аралап жүрiп, өз ойын көбiне сол нәрсеге

20 слайд
“ Галерея аралау” әдiсi – өзгелердiң қабырғаларға iлген көрнекi материалдарын жеке аралап жүрiп, өз ойын көбiне сол нәрсеге жазуға арналған стратегия. “ Әлемдi шарлау” әдiсi – алдыңғы екi стратегияға ұқсас, бiр топтан екiншi топқа ауысып жүрiп, түрлi талқылауларға қатысуға бағытталған стратегия. “ Кең ауқымды лекция” әдiсi мұғалiм жетекшiлiгiмен екi түрлi мәтiнмен де жұмыс жасауға арналғандығында. Көбiне балаларға таратып беретiн мәтiн болмаған жағдайда жиi қолданылады .

“ Идеяны суреттеу” әдiсi : Тақырыпты ауызша емес, сөзбен жазбаша не сызбалар арқылы суреттеп береді.

21 слайд
“ Идеяны суреттеу” әдiсi : Тақырыпты ауызша емес, сөзбен жазбаша не сызбалар арқылы суреттеп береді.

Тыңдап отырған үштік Мақсаты : Бұл әңгіме тақырыбының тұжырымдамасын және үдерісті түсінуді дамытатын ақпарат алуға арналған

22 слайд
Тыңдап отырған үштік Мақсаты : Бұл әңгіме тақырыбының тұжырымдамасын және үдерісті түсінуді дамытатын ақпарат алуға арналған құрылымдалған жаттығу. Сондай-ақ бақылаушы рөлі арқылы өзін өзі сараптауды дамытуға ықпал етеді. Ұйымдастыру : Оқушылар үшеуден отырады, екеуі бірге, ал біреуі оларға қарсы сәл алшақта – сөйлесуге қатыспайды, бірақ бақылайды. Жаттығудың сипаттамасы: Оқушылар топта үшеуден отырады. Әр оқушы шешен, тілші және хатшы рөлін атқарады. Шешен бір нәрсені айтады, сұрақты түсіндіреді немесе пікірін білдіреді. Тілші көмектесіп айтып отырады және түсініктеме беруді сұрайды. Хатшы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды береді. Келесі жолы рөлдер ауысады.

Ойлан – жұптас – бөліс Мақсаты : Идеялар мен ойларды дамытудың құрылымдалған әдісі. Орналастыру : Арнайы еш нәрсе қажет еме

23 слайд
Ойлан – жұптас – бөліс Мақсаты : Идеялар мен ойларды дамытудың құрылымдалған әдісі. Орналастыру : Арнайы еш нәрсе қажет емес. Жұмыс алгоритмі :

24 слайд

Еске түсіру, анықтау Түсіндіру, әңгімелесу, айқындау Тұжырымдау, оқыту, қайта анықтау, ұсыну, жасау Көрсету, орындау, суреттеу

25 слайд
Еске түсіру, анықтау Түсіндіру, әңгімелесу, айқындау Тұжырымдау, оқыту, қайта анықтау, ұсыну, жасау Көрсету, орындау, суреттеу Түсіну Білу Қолдану Талдау Жинақтау БағалауБлум таксономиясы Саралау, салыстыру, зерделеу Бағалау, баға қою, анықтау