Алты алаштың қайсар ұлы-Т.Рысқұлов
Алты алаштың қайсар ұлы-Т.Рысқұлов

#1 слайд
Алты алаштың қайсар ұлы-Тұрар
Рысқұлов
1 слайд
Алты алаштың қайсар ұлы-Тұрар Рысқұлов
#2 слайд
«Тұрар Рысқұлов есімі сізге таныс па?»
«Оның қандай еңбектері бар?»
«Оның қайраткерлік қасиеттерін қалай
сипаттауға болады?»
2 слайд
«Тұрар Рысқұлов есімі сізге таныс па?» «Оның қандай еңбектері бар?» «Оның қайраткерлік қасиеттерін қалай сипаттауға болады?»
#3 слайд
Сабақтың мақсаты: Тұрар Рысқұловтың өмірі
мен еңбектерін зерттеу арқылы оның ел
тарихындағы рөлін түсіндіру.
Тарихи тұлғаның қайраткерлік қасиеттерін
талдау. Шығармашылық, зерттеушілік
қабілеттерін дамыту.
3 слайд
Сабақтың мақсаты: Тұрар Рысқұловтың өмірі мен еңбектерін зерттеу арқылы оның ел тарихындағы рөлін түсіндіру. Тарихи тұлғаның қайраткерлік қасиеттерін талдау. Шығармашылық, зерттеушілік қабілеттерін дамыту.
#4 слайд
1. «Сандар сөйлейді» тапсырмасы:
Тапсырма:
Төмендегі мәліметтер оқушыларға беріледі.
Олар сандардың қандай оқиға немесе
мәліметке байланысты екенін табуы керек:
1894жыл
1938 жыл
1916 жыл
1924-1926жыл
1937-1938 жыл
4 слайд
1. «Сандар сөйлейді» тапсырмасы: Тапсырма: Төмендегі мәліметтер оқушыларға беріледі. Олар сандардың қандай оқиға немесе мәліметке байланысты екенін табуы керек: 1894жыл 1938 жыл 1916 жыл 1924-1926жыл 1937-1938 жыл
#5 слайд
1894жыл (Туған жылы).
1938 жыл (Қайтыс
болған жылы).
1916 жыл (Ұлт-азаттық
көтеріліс).
1924-1926жыл (КСРО
Ұлттар Кеңесінің
төрағасы).
1937-1938 жыл (Қуғын-
сүргін жылдары).
5 слайд
1894жыл (Туған жылы). 1938 жыл (Қайтыс болған жылы). 1916 жыл (Ұлт-азаттық көтеріліс). 1924-1926жыл (КСРО Ұлттар Кеңесінің төрағасы). 1937-1938 жыл (Қуғын- сүргін жылдары).
#6 слайд
1-Оқушы : Балалық шағы:
Тұрар Рысқұловтың балалық шағы ауыр болды. Әкесі саяси себептермен
қуғындалып, ерте қайтыс болды. Бұл жағдай Тұрарды ерте еңбекке араласуға
мәжбүр етті.
2-оқушы. Білімі:
Верный ерлер гимназиясында білім алды.
Кейіннен Ташкент мұғалімдер семинариясында оқып, саяси-әлеуметтік
мәселелерге белсене араласа бастады.
3-оқушы.Саяси қызметі:
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс кезінде халық мүддесін қорғап, елге
көмектесу жолында аянбай еңбек етті.
1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін большевиктер қатарына қосылып,
Түркістан Автономиясының үкіметінде жоғары қызметтер атқарды.
1924-1926 жылдары КСРО Ұлттар Кеңесінің төрағасы қызметінде болды.
4-оқушы. Тарихи еңбектері:
Қазақстан мен Орта Азия халықтарының құқықтарын қорғауда белсенді жұмыс
жүргізді.
1920-1930 жылдары аштық кезінде халыққа азық-түлік көмегін ұйымдастырып,
көптеген адамдардың өмірін сақтап қалды.
Түркістан халықтарының бірлігі мен автономиясы идеясын қолдады.
5-оқушы . Қуғын-сүргін:
1930 жылдары Кеңес үкіметінің саясатына сәйкес, ұлт зиялылары жаппай
қуғындалды. Тұрар Рысқұлов «халық жауы» атанып, 1938 жылы атылды
6 слайд
1-Оқушы : Балалық шағы: Тұрар Рысқұловтың балалық шағы ауыр болды. Әкесі саяси себептермен қуғындалып, ерте қайтыс болды. Бұл жағдай Тұрарды ерте еңбекке араласуға мәжбүр етті. 2-оқушы. Білімі: Верный ерлер гимназиясында білім алды. Кейіннен Ташкент мұғалімдер семинариясында оқып, саяси-әлеуметтік мәселелерге белсене араласа бастады. 3-оқушы.Саяси қызметі: 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс кезінде халық мүддесін қорғап, елге көмектесу жолында аянбай еңбек етті. 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін большевиктер қатарына қосылып, Түркістан Автономиясының үкіметінде жоғары қызметтер атқарды. 1924-1926 жылдары КСРО Ұлттар Кеңесінің төрағасы қызметінде болды. 4-оқушы. Тарихи еңбектері: Қазақстан мен Орта Азия халықтарының құқықтарын қорғауда белсенді жұмыс жүргізді. 1920-1930 жылдары аштық кезінде халыққа азық-түлік көмегін ұйымдастырып, көптеген адамдардың өмірін сақтап қалды. Түркістан халықтарының бірлігі мен автономиясы идеясын қолдады. 5-оқушы . Қуғын-сүргін: 1930 жылдары Кеңес үкіметінің саясатына сәйкес, ұлт зиялылары жаппай қуғындалды. Тұрар Рысқұлов «халық жауы» атанып, 1938 жылы атылды
#7 слайд
1. Топтық жұмыс:
Тапсырма:
Оқушыларды үш топқа бөлу:
1-топ: Тұрар Рысқұловтың өмірбаяны.
2-топ: Қоғамдық-саяси қызметі.
3-топ: Оның Қазақстанның дамуына қосқан үлесі.
Әр топ кітаптардан интернет желісінен берілген тақырып
бойынша ақпарат жинап, постер дайындайды.
Постерлерді қорғау (әр топ 3 минут).
Бағалау:
Шығармашылық көзқарас және мазмұн толықтығы үшін
мадақтау сөздері беріледі: «Жарайсың!», «Тамаша!».
7 слайд
1. Топтық жұмыс: Тапсырма: Оқушыларды үш топқа бөлу: 1-топ: Тұрар Рысқұловтың өмірбаяны. 2-топ: Қоғамдық-саяси қызметі. 3-топ: Оның Қазақстанның дамуына қосқан үлесі. Әр топ кітаптардан интернет желісінен берілген тақырып бойынша ақпарат жинап, постер дайындайды. Постерлерді қорғау (әр топ 3 минут). Бағалау: Шығармашылық көзқарас және мазмұн толықтығы үшін мадақтау сөздері беріледі: «Жарайсың!», «Тамаша!».
#8 слайд
Мұғалім: 1937 жылы 21 мамырда Кисловодскіде демалыста жүрген Рысқұлов
«пантүрікшіл», «халық жауы» деген айыппен тұтқынға алынды. Кеңестік
қуғын-сүргінге ұшыраған Рысқұлов Мәскеу түрмесінде жүрек ауруынан
қайтыс болды. Рысқұловтың әйелі Әзиза да кеңестік қуғын-сүргін құрығына
ілігіп, АЛЖИР-де 18 жыл айдауды бастан кешті. Ұлы Ескендір түрмеде
қайтыс болды. Рысқұлов есімі КСРО Әскери коллегиясы Жоғырғы Сотының
шешімімен 1956 жылы 8 желтоқсанда ақталды. Қазіргі кезде Жамбыл
облысының бір ауданына Рысқұлов есімі берілген. Тараз қаласында Рысқұлов
есімімен аталатын демалыс паркі бар, онда Рысқұловқа ескерткіш қойылған
Қызыл граниттен жасалған Рысқұлов ескерткішінің архитекторы –
А.Рыспаев, мүсіншісі – Ю.Баймұқашев. Алматы қаласындағы Басқару
академиясына Рысқұлов есімі берілген. Көрнекті қазақ жазушысы,
мемлекеттік қайраткері Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» (1-2 том кітабы),
«Жұлдызды көпір», «Қыл көпір», «Тамұқ» атты роман хамсасында Рысқұлов
келбеті сомдалған.
8 слайд
Мұғалім: 1937 жылы 21 мамырда Кисловодскіде демалыста жүрген Рысқұлов «пантүрікшіл», «халық жауы» деген айыппен тұтқынға алынды. Кеңестік қуғын-сүргінге ұшыраған Рысқұлов Мәскеу түрмесінде жүрек ауруынан қайтыс болды. Рысқұловтың әйелі Әзиза да кеңестік қуғын-сүргін құрығына ілігіп, АЛЖИР-де 18 жыл айдауды бастан кешті. Ұлы Ескендір түрмеде қайтыс болды. Рысқұлов есімі КСРО Әскери коллегиясы Жоғырғы Сотының шешімімен 1956 жылы 8 желтоқсанда ақталды. Қазіргі кезде Жамбыл облысының бір ауданына Рысқұлов есімі берілген. Тараз қаласында Рысқұлов есімімен аталатын демалыс паркі бар, онда Рысқұловқа ескерткіш қойылған Қызыл граниттен жасалған Рысқұлов ескерткішінің архитекторы – А.Рыспаев, мүсіншісі – Ю.Баймұқашев. Алматы қаласындағы Басқару академиясына Рысқұлов есімі берілген. Көрнекті қазақ жазушысы, мемлекеттік қайраткері Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» (1-2 том кітабы), «Жұлдызды көпір», «Қыл көпір», «Тамұқ» атты роман хамсасында Рысқұлов келбеті сомдалған.
#9 слайд
«Сот отырысы» рөлдік ойыны:
Сценарий:
Бір оқушы – Тұрар Рысқұловтың жақтаушысы.
Бір оқушы – оны айыптаушы.
Бір оқушы – сот.
Қалған оқушылар – сарапшылар (қоғам өкілдері).
Тапсырма: Айыптаушы мен жақтаушы
Рысқұловтың қызметі мен әрекеттерін талдайды
Сот шешім шығарады: «Тұрар Рысқұлов ел
болашағы үшін қандай рөл атқарды?»
9 слайд
«Сот отырысы» рөлдік ойыны: Сценарий: Бір оқушы – Тұрар Рысқұловтың жақтаушысы. Бір оқушы – оны айыптаушы. Бір оқушы – сот. Қалған оқушылар – сарапшылар (қоғам өкілдері). Тапсырма: Айыптаушы мен жақтаушы Рысқұловтың қызметі мен әрекеттерін талдайды Сот шешім шығарады: «Тұрар Рысқұлов ел болашағы үшін қандай рөл атқарды?»
#10 слайд
Мен қазақпын өлеңі
Көрініс : Наташа мен
Тұрар
10 слайд
Мен қазақпын өлеңі Көрініс : Наташа мен Тұрар
#11 слайд
1. Рефлексия:
«Аяқталмаған сөйлем» әдісі:
«Бүгін мен Тұрар Рысқұлов туралы білдім, ...»
«Маған оның ... қасиеті ұнады».
«Егер ол біздің заманда өмір сүрсе, ...».
11 слайд
1. Рефлексия: «Аяқталмаған сөйлем» әдісі: «Бүгін мен Тұрар Рысқұлов туралы білдім, ...» «Маған оның ... қасиеті ұнады». «Егер ол біздің заманда өмір сүрсе, ...».
#12 слайд
Үй тапсырмасы:
«Тұрар Рысқұловтың қазіргі заман жастарына үлгі
боларлық қандай қасиеттері бар?» тақырыбында
эссе жазу.
12 слайд
Үй тапсырмасы: «Тұрар Рысқұловтың қазіргі заман жастарына үлгі боларлық қандай қасиеттері бар?» тақырыбында эссе жазу.
шағым қалдыра аласыз













