«Аңызға айналған ақиық ақын»

#1 слайд
Түпқараған гуанитарлық – техникалық колледжі
«Аңызға айналған ақиық ақын»
Өткізген: Адилханова Г.Г.
Топ: ВТ-18.
2020-2021о/ж
1 слайд
Түпқараған гуанитарлық – техникалық колледжі «Аңызға айналған ақиық ақын» Өткізген: Адилханова Г.Г. Топ: ВТ-18. 2020-2021о/ж
#2 слайд
Студенттерге қазақтың лирик,
мұзбалақ ақыны, өз заманында
лайық бағасын ала алмаса да өзінен
кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық
ақын атанған Мұқағали бейнесімен
таныстыру. Студенттердің
шығармашылық ізденісін
қалыптастыру. Халқына қалдырған
шоқтығы биік туындыларына
шәкірт жүрегінде сүйіспеншілік
сезімін ояту, үлгі алуға, құрметтеуге
тәрбиелеу. Мақсаты
2 слайд
Студенттерге қазақтың лирик, мұзбалақ ақыны, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын атанған Мұқағали бейнесімен таныстыру. Студенттердің шығармашылық ізденісін қалыптастыру. Халқына қалдырған шоқтығы биік туындыларына шәкірт жүрегінде сүйіспеншілік сезімін ояту, үлгі алуға, құрметтеуге тәрбиелеу. Мақсаты
#3 слайд
Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 9-ақпанда
Алматы облысы Нарынқол ауданының
Қарасаз ауылында дүниеге келген.Әкесі
Сүлеймен осы өңірде алғаш колхоз құрып,
осы шаруашылықты басқарушылардың
бірі болатын. Зеңгірі көк тіреген көгілдір
шыңдар, шұрайлы шалғынды Шәлкөденің
баурайы, мөлдірі күміс шашқан тұма
суының сыбдыры бала Мұқағалидің ойын
әлдилеп, қиялына қанат бітірген алтын
бесігі еді.
3 слайд
Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 9-ақпанда Алматы облысы Нарынқол ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген.Әкесі Сүлеймен осы өңірде алғаш колхоз құрып, осы шаруашылықты басқарушылардың бірі болатын. Зеңгірі көк тіреген көгілдір шыңдар, шұрайлы шалғынды Шәлкөденің баурайы, мөлдірі күміс шашқан тұма суының сыбдыры бала Мұқағалидің ойын әлдилеп, қиялына қанат бітірген алтын бесігі еді.
#4 слайд
Поэзия әлеміне жарық жұлдыздай сәуле шашып айрықша із қалдырған
Мұқағали –күллі қазақ халқының мақтанышы. Сондықтан да Өлсе өлер
Мұқағали, Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім деп адамның ішкі жан
дүниесінің нәзік сезімін оның күшті құштарлығын шынайы да әсем
бейнелей білген ақын өлеңдері-мәңгілік қазына.
Мұқағали Мақатаев орта мектепті бітірген соң ауылдың хатшысы, қызыл
отаудың меңгерушісі, комсомол комитетінде болып, 1949-жылы Лашын
апамызбен отбасын құрды. Дүниеге Алмагүл, Шолпан атты екі қыз, Айбар,
Жұлдыз атты ұлдары келді. Ал Майгүл есімді қызы 10 жасында қазаға
ұшырап Мұқағали атамыздың қабырғасын қайыстырды.
Одан кейін қазақ радиосында диктор болып қызмет атқарады. Ал 1962-
1967 жылдарда «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде
, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында бөлім меңгерушісі
болып еңбек етті.
Ақынның тұңғыш өлеңі 1948 жылы Нарынқол аудандық «Советтік
шекара» газетінде жарық көрді.
4 слайд
Поэзия әлеміне жарық жұлдыздай сәуле шашып айрықша із қалдырған Мұқағали –күллі қазақ халқының мақтанышы. Сондықтан да Өлсе өлер Мұқағали, Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім деп адамның ішкі жан дүниесінің нәзік сезімін оның күшті құштарлығын шынайы да әсем бейнелей білген ақын өлеңдері-мәңгілік қазына. Мұқағали Мақатаев орта мектепті бітірген соң ауылдың хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол комитетінде болып, 1949-жылы Лашын апамызбен отбасын құрды. Дүниеге Алмагүл, Шолпан атты екі қыз, Айбар, Жұлдыз атты ұлдары келді. Ал Майгүл есімді қызы 10 жасында қазаға ұшырап Мұқағали атамыздың қабырғасын қайыстырды. Одан кейін қазақ радиосында диктор болып қызмет атқарады. Ал 1962- 1967 жылдарда «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде , «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында бөлім меңгерушісі болып еңбек етті. Ақынның тұңғыш өлеңі 1948 жылы Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетінде жарық көрді.
#5 слайд
М – дегеніміз - Мұқағалидің азан шақырып қойған есімі - Мұхаметқали.
Ұ – дегеніміз -ұрпаққа ұлағатты ұлан - ғайыр жырларын Мұқағали
атамыз зор сеніммен аманат етті.
Қ – дегеніміз -Қарасаз, яғни Мұқағалидің туған жері. Қарасаз ауылы,
Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты ауыл.
А – дегеніміз - «Аманат» «Аққудың қанатына жазылған жыр»
кітаптарының авторы: М.Мақатаева.
Ғ – дегеніміз Ғасыр.Яғни М.Мақатаев ғасыр ақыны. Ғасырдан ғасырға өз
оқырмандарын тауып, жырларын мәңгілікке қалдырған.
А – дегеніміз – Асқар Оразақын. Асқар - ақын, зерттеуші Мұқағалидің бар
шығармаларын зерттеп 4 томдық шығармалар жинағын құрастырушы.
Л – дегеніміз -Лашын Мұқағалидің өмірлік жары. Шын аты Ләсима
Әзімжанова.
И – дегеніміз – Имандылық Адамзатқа ең бірінші имандылық керектігін
Мұқағали «Дүниежүзі мұсылмандарына хат» деген өлеңдерін жырлайды.
5 слайд
М – дегеніміз - Мұқағалидің азан шақырып қойған есімі - Мұхаметқали. Ұ – дегеніміз -ұрпаққа ұлағатты ұлан - ғайыр жырларын Мұқағали атамыз зор сеніммен аманат етті. Қ – дегеніміз -Қарасаз, яғни Мұқағалидің туған жері. Қарасаз ауылы, Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты ауыл. А – дегеніміз - «Аманат» «Аққудың қанатына жазылған жыр» кітаптарының авторы: М.Мақатаева. Ғ – дегеніміз Ғасыр.Яғни М.Мақатаев ғасыр ақыны. Ғасырдан ғасырға өз оқырмандарын тауып, жырларын мәңгілікке қалдырған. А – дегеніміз – Асқар Оразақын. Асқар - ақын, зерттеуші Мұқағалидің бар шығармаларын зерттеп 4 томдық шығармалар жинағын құрастырушы. Л – дегеніміз -Лашын Мұқағалидің өмірлік жары. Шын аты Ләсима Әзімжанова. И – дегеніміз – Имандылық Адамзатқа ең бірінші имандылық керектігін Мұқағали «Дүниежүзі мұсылмандарына хат» деген өлеңдерін жырлайды.
#6 слайд
Ақынның анасы Нағиман ананың айтуы бойынша 4-
сыныпта өлең жазабастаған екен...Ең алғашқы еліктеп
жазу түрінде болса, одан кейінгі өлеңі шынайы
таланттың белгісін білдіреді. Ол өлеңін соғысқа кеткен
әкесіне арнаған «Әкеме» деген сағыныштан туған өлең
екен.
Ақынның шығармалары негізінен елге , туған халқына
деген құштарлығын жырлауға арналған. Көптеген
өлеңдеріне ән де шығарылды. Дантенің, Шекспирдің
шығармаларын қазақ тіліне аударған ақиық ақынымыз
1976 жылы 27-наурызда өмірден өтті
Бар болғаны 45-ақ өмір сүрген Мұқағали Мақатаев
ақынның жырламаған тақырыбы жоқ! Қай өлеңін
оқысаңызда алпыс екі тамырыңды тулатпай,
жанарыңды сулатпай қоймайды.
6 слайд
Ақынның анасы Нағиман ананың айтуы бойынша 4- сыныпта өлең жазабастаған екен...Ең алғашқы еліктеп жазу түрінде болса, одан кейінгі өлеңі шынайы таланттың белгісін білдіреді. Ол өлеңін соғысқа кеткен әкесіне арнаған «Әкеме» деген сағыныштан туған өлең екен. Ақынның шығармалары негізінен елге , туған халқына деген құштарлығын жырлауға арналған. Көптеген өлеңдеріне ән де шығарылды. Дантенің, Шекспирдің шығармаларын қазақ тіліне аударған ақиық ақынымыз 1976 жылы 27-наурызда өмірден өтті Бар болғаны 45-ақ өмір сүрген Мұқағали Мақатаев ақынның жырламаған тақырыбы жоқ! Қай өлеңін оқысаңызда алпыс екі тамырыңды тулатпай, жанарыңды сулатпай қоймайды.
#7 слайд
Ақынның тұңғыш өлеңдері “Қырман басында”,
“Қойшы бала — Әкітай” ауданындағы
“Советтік шекара” газетінде жарияланды
(1949). “Інімнің ойы”, “Шебер” өлеңдері
“Жастық жыры” атты жинаққа енді (1951).
Алғаш Мұқағали талантын бағалаған
Ә.Тәжібаев: “Өзіңнен де жігерлілеу, оттылау
жас жеткіншек жеткенде, мақтанбасқа бола
ма?!” деген еді (“Қазақ әдебиеті”, 18.3.1960).
7 слайд
Ақынның тұңғыш өлеңдері “Қырман басында”, “Қойшы бала — Әкітай” ауданындағы “Советтік шекара” газетінде жарияланды (1949). “Інімнің ойы”, “Шебер” өлеңдері “Жастық жыры” атты жинаққа енді (1951). Алғаш Мұқағали талантын бағалаған Ә.Тәжібаев: “Өзіңнен де жігерлілеу, оттылау жас жеткіншек жеткенде, мақтанбасқа бола ма?!” деген еді (“Қазақ әдебиеті”, 18.3.1960).
#8 слайд
Мұқағалидың өлеңдері шын
шабыттан, қиын күйзеліспен шын
қуаныштан, шын сағыныштан туған.
Ақын «Өткенде ғажап түс көрдім.
Шешем Нағиман Батанқызы басында
ақ жаулығы бар, Абай атамыздың
қасында қуана болып, маған қарай
келе жатыр екен. Ояна келсем түсім
екен. Анам бақытты болады екен деп,
ұзақ толғаныстан соң «Шеше, сен
бақыттысың» деген өлең жолдары
дүниеге келді» деп айтқан екен.
8 слайд
Мұқағалидың өлеңдері шын шабыттан, қиын күйзеліспен шын қуаныштан, шын сағыныштан туған. Ақын «Өткенде ғажап түс көрдім. Шешем Нағиман Батанқызы басында ақ жаулығы бар, Абай атамыздың қасында қуана болып, маған қарай келе жатыр екен. Ояна келсем түсім екен. Анам бақытты болады екен деп, ұзақ толғаныстан соң «Шеше, сен бақыттысың» деген өлең жолдары дүниеге келді» деп айтқан екен.
#9 слайд
Мұқағали-біздің заманымыздың ғажайып
ақындарының бірі. Ақынның өзі «Мен өлеңді
ойдан құрастырып жазбаймын, құлағыма
сыбырлағандай болады, соны қайталап
жазамын деген.
Мұқағали- өмір жырын жырлаған,
Жүрегінің тек айтқанын тыңдаған.
Өлеңдері құдірет қой, құдірет,
Сүймейтұғын табыла ма бір адам?!
Қашанда ақиқаттың ақ туын көтеріп әділет
пен адалдықты тең ұстаған ақынның
ғажайып сырлы өлеңдеріне кезек берейік.
9 слайд
Мұқағали-біздің заманымыздың ғажайып ақындарының бірі. Ақынның өзі «Мен өлеңді ойдан құрастырып жазбаймын, құлағыма сыбырлағандай болады, соны қайталап жазамын деген. Мұқағали- өмір жырын жырлаған, Жүрегінің тек айтқанын тыңдаған. Өлеңдері құдірет қой, құдірет, Сүймейтұғын табыла ма бір адам?! Қашанда ақиқаттың ақ туын көтеріп әділет пен адалдықты тең ұстаған ақынның ғажайып сырлы өлеңдеріне кезек берейік.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген