Материалдар / Ар-ұждан ғылымы 9 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ар-ұждан ғылымы 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
9 сыныпқа арналған дайын презентация мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Мамыр 2020
1029
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материалдың қысқаша түсінігі
Өзін-өзі тану сабағының жоспары №33 Мектеп №1 Алға мектеп-бақша Мерзiмі: Мұғалiм: Кушекбаева М.С. Сынып: 9

1 слайд
Өзін-өзі тану сабағының жоспары №33   Мектеп №1 Алға мектеп-бақша Мерзiмі: Мұғалiм: Кушекбаева М.С. Сынып: 9 Оқушы саны: Тақырыбы: Ар-ұждан ғылымы Құндылық: Ішкі тыныштық Қасиеттер: сабырлылық, тазалық, әдептілік Мақсаты: Ар-ұждан адамдық өлшемі екенін ұғындыра отырып ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.   Міндеттері: -Оқушыларға сабырлылық ар-ұжданды таза сақтап қалудың ең жақсы қасиеті екенін ұғындыру; -Оқушыларды ойдың, сөздің, ниеттің тазалығына үйрету; -Оқушыларды сабырлылықа, тазалыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

3.Дәйексөз.3.Дәйексөз. 1.Тыныштық 1.Тыныштық сәтісәті Сабақтың жоспары: 5.Шығармашылық жұмыс. 6.Қорытынды.

2 слайд
3.Дәйексөз.3.Дәйексөз. 1.Тыныштық 1.Тыныштық сәтісәті Сабақтың жоспары: 5.Шығармашылық жұмыс. 6.Қорытынды.6.Қорытынды. Үйге тапсырмаҮйге тапсырма 2. Үй тапсырмасын сұрау 4.Әңгімелеу.4.Әңгімелеу.

1.Тынышты қ с ә т i . Нұрға бөлену. Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.

3 слайд
1.Тынышты қ с ә т i . Нұрға бөлену. Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Ойша айтыңыз: « Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын ». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет. 3

-Адам өмірінде ар, ұжданның маңызы қандай? -Шәкәрімнің ар ілімі мен өзін-өзі тануды не байланыстырады деп ойлайсыздар? - Ар-ұ

4 слайд
-Адам өмірінде ар, ұжданның маңызы қандай? -Шәкәрімнің ар ілімі мен өзін-өзі тануды не байланыстырады деп ойлайсыздар? - Ар-ұждан дауысын адам қай қай уақытта сезеді? - Әрқашанда таза болсын ар-ұжданың дегенді қалай түсінесіздер? -Оқылған мәтіннен қандай сабақ алып, ой түйдіңіздер? - Адамның өз арын адал сақтауына қандай қасиеттер көмектеседі ?  - Сіздің пікіріңізше, ар, ұжданға кір келтірмеу үшін сабырлылықтың қаншалықты маңызы бар? Түйін: Адам бойындағы бұл қасиеттеротбасындағы тәрбие мен білім арқылы қалыптасады. Сонымен қатар ата-баба дәстүрі арқылы да келеді. Ар,намыс, абырой адамның жан дүниесі,бұл қасиеттер әр адамзаттың Отан, отбасы, ұлты алдындағы борышы кезінде көрінеді.Сондықтанбір-бірімізге қиянат жасамай әрқашанда ар-намысымызды жоғары қояйық.

3.Дәйексөз . « Әрқашанда таза болсын ар-ожданың жүрегің, Өзгелер де саған адал, әділ болар білемін»

5 слайд
3.Дәйексөз . « Әрқашанда таза болсын ар-ожданың жүрегің, Өзгелер де саған адал, әділ болар білемін» Захирддин Мұхаммед Бабыр түріктің даңқты қолбасшысы, ғұлама ғалымы, тарихшы 1483-1530жж 2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызу. Бәріміз қосылып айту. Ар-ождан тазалығымызға қаншалықты мән береміз? Түйін. -Міне, балалар Бақытты өмір сүргісі келген әр адам ойын, сөзін және ісін ар- ұят арқылы көрсете білсе, өзінің де, өзгенің де жан дүниесінде тыныштық орнайды.

4. Әңгімелеу. Аңыз әңгіме: « Өмір сүрудің ең жақсы жолы » Шағын ғана бір ауылда орта жастағы бір кісі дүкен ашып сауда жаса

6 слайд
4. Әңгімелеу. Аңыз әңгіме: « Өмір сүрудің ең жақсы жолы » Шағын ғана бір ауылда орта жастағы бір кісі дүкен ашып сауда жасамақ болады. Сөйтіп алға қойған жоспарын бастап та жібереді. Ол ақкөңіл, жайдарлы болғандықтан,ауылдың адамдарының бәрі оны жақсы көретін. Бір күні ауыр науқастанып, бұл дүниеден өтерін сезген адам, артында қалған үш ұлын қасына шақырып: -Үшеуіңнің біреуі барлық дүкендерімнің иесі болады. Мирасымды соған қалдырамын. Менің дүние-мүлкіме қайсысың лайықты екенін білу үшін үшеуіңе де бір-бір доллардан беремін. Осы долларға бір нәрселер алыңдар. Кешкісін келгенде алған нәрселерің менің осы бөлмемді толығымен толтыруы керек. Шартым осы. Ұлдары үлкен компанияны басқару мүмкіндігінен айрылып қалмауды ойлап, не істерлерін білмей қатты абыржыды. Қалаға барып үшеуіде долларларын жаратты. Кешкісін әкелерінің қасына келгенде үлкен баласы: -Досымның шаруашылығына барып, екі қап сабан сатып алдым,-деді де, қаптарды ашып, сабанды әр тарапқа шаша бастады. Алайда көп ұзамай сабандар еденге түсіп, бөлмені толтыра алмады. Ал екінші баласы: -Дүкенге барып екі жастық алдым,-деді де жастықтарды сөгіп, ішіндегі жүнін бөлменің ішіне шашып тастады. Бірақ жүн де жерге түсіп, бөлмені толтыра алмады. Ал үшінші ұлы: -Долларды ұсақтап, 50 центін мешітке бердім, 20 центін қайырымдылық қорға бердім, 20 центін садақа ретінде тараттым. Қалған 10 центке екі нәрсе алдым, қалтасынан сіріңке мен шырақты алды. Бөлменің жарығын сөндіріп, шырақты жақты. Сабан мен жүнге толмаған бөлме аз уақыттың ішінде шырақтың нұрына бөленді. Әкесі баласына риза болып: Мирасымды саған қалдырамын, өйткені өмір сүрудің ең жақсы жолы-айналаңа жарық тарату екенін білдің.

Шағын ауылдағы кісінің тұрмысы? -Әкесінің ұлдарына айтқан өсиеті қандай? -Қай баласының ісі әке көңілінен шықты? - Ішкі жан дү

7 слайд
Шағын ауылдағы кісінің тұрмысы? -Әкесінің ұлдарына айтқан өсиеті қандай? -Қай баласының ісі әке көңілінен шықты?   - Ішкі жан дүниемізде тыныштық орнау үшін әрекетіміз қандай болу керек? - Істі сабырлылықпен атқарсаң қандай нәтиже береді? - Өзің ішкі жан дүниенің сұлулығына қаншалықты көңіл бөлесің? Түйін. О лай болса балалар, Абай атамыздың «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселерімен озады» дегендей әрқашанда ар мен намысымызды жоғары қояйық, ар намысы жоғары болған адам ешқашан қиянатқа бармайды. Сұрақтар:

5.Шығармашылық жұмыс. Орындалыуы: оқушылар үш ауылға бөлінеді: Абай ауылы, Шәкәрім ауылы, Батыр Бауыржан ауылы. Тапсырма үш

8 слайд
5.Шығармашылық жұмыс. Орындалыуы: оқушылар үш ауылға бөлінеді: Абай ауылы, Шәкәрім ауылы, Батыр Бауыржан ауылы. Тапсырма үш ұлы тұлғалардың шығармаларынан ар, намыс, абырой туралы айтқан өсиеттері мен дәйексөздерін немесе өлең жолдарынан мысалдар келтіріп, дәптерге жазу. 1.Абай: «Асылында, жаман адам болмайды, бойындағы нәпсісі рухынан үстем болғандықтан, барлық ақылы, білімі, қайрат-жігері мен өнері нәпсінің құлына айналғандықтан, жақсы іс-әрекеттер мен көркем амалдардың табылуы қиын.  Рухтың мекені – адамның жүрегі. Жүректің жылуы, махаббат, ар-намыс, қайрат-жігер деген сезімдердің барлығы да осы рухтан туындайды.» 

5.Шығармашылық жұмыс. 2.Шәкәрім: Бостандық таңы атты, қазағым, көріңдер, Арға ие адамның соңынан еріңдер. Таң артынан хақиқат кү

9 слайд
5.Шығармашылық жұмыс. 2.Шәкәрім: Бостандық таңы атты, қазағым, көріңдер, Арға ие адамның соңынан еріңдер. Таң артынан хақиқат күн шығады, Еріншек, жалқаулық әдеттен  безіңдер. Арамдық, аразды түбімен жойыңдар, Өтірік өсекті бір жола қойыңдар. Намыс, жігер бойыңа жиып қайрат, Қажымай адалдық жағында болыңдар. Өнерлі елдерден өнеге алыңдар. 3.Бауыржан: «Мен де адаммын жаралған сүйек, еттен,  Менде де жан бар, менде де ар бар жан тебіренткен,  Халқымның қарапайым бір ұлымын,  Жанымды арым үшін құрбан еткен»   «Намысынды нанға сатпа» Сұрақ. 1.Нақыл сөздер мен өлең жолдарында не айтылған? 2.Адам бойындағы қандай құндылықтарды меңзеп тұр?

2-тапсырма. Әр топ: « Тыныштықта өмір сүрудің ең жақсы жолы» тақырыбында жоба қорғайды. Түйін. Ендеше балалар, әр адамның бойы

10 слайд
2-тапсырма. Әр топ: « Тыныштықта өмір сүрудің ең жақсы жолы» тақырыбында жоба қорғайды. Түйін. Ендеше балалар, әр адамның бойында ар,намыс,абырой болса, алмайтын асуы қалмайды, ұлттық салт-дәстүрімізді, ана тілімізді құрмет тұтайық. Бұл да – ұлттық тәрбиенің қайнар бұлақтарының бірі екенін есімізде сақтайық. Сонда әр адамның жан дүниесінде тыныштық гүлі ашылады..

6.Топпен ән айту. «Жақсы адамдар» Сөзі С.Қалықовтікі 1) Сендер аман болыңдар жақсы адамдар, Жақсы адамдар бұзылмас тас қамал

11 слайд
6.Топпен ән айту. «Жақсы адамдар» Сөзі С.Қалықовтікі 1) Сендер аман болыңдар жақсы адамдар, Жақсы адамдар бұзылмас тас қамалдар. Табаныңның астында жатады әлі, Пенделіктен өресі аспағандар. Қайырмасы Жақсы көрем сондықтан мен сендерді, Менде бір сәт көтеріп еңсемді енді. Сендер салған адамдық ардың жолы, Болашаққа көрсетіп берсем болды. 2) Жақсы көрем сендерді мен неліктен? Мінезіңмен мызғымас ерге біткен. Адамдықтың алдында аласарып, Биік тұрған қашанда пенделіктен. Қайырмасы

7.Үй тапсырмасы. 34-сабақ, 182-бет, 1-тапсырманы орындап келу 8.Сабақтың соңғы тыныштық сәтi. - Барлық айтылған жақсы ойларды

12 слайд
7.Үй тапсырмасы. 34-сабақ, 182-бет, 1-тапсырманы орындап келу 8.Сабақтың соңғы тыныштық сәтi. - Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық. Әрқашанда бір-бірімізге жақсылық жасап, өміріміз тыныштыққа толы болсын!