400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Армения Республикасының экономикалық аудандарына талдау жасау

Материал туралы қысқаша түсінік
Армения Республикасының экономикалық аудандарына талдау жасау
Материалдың қысқаша нұсқасы
Армения Республикасының экономикалық аудандары Дайындаған: Жапекова А.А. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Экономикалық-географиялық орналасуы Мемлекеттің толық атауы – Республика Армения, жергілікті атауы – Хайастани Анрапетутюн. Астанасы 1920 жылдан бері қарай Ереван қаласы. Елдің алып жатқан аумағы - 29800 км2 құрайды. Мемлекет батыс Азияда орналасқан, теңізге шығатын жолы жоқ, Каспий теңізінен 190 км және Қара теңізден 160 км орналасқан. Əкімшілік аумақтық бөлінісі Армения унитарлы мемлекет болып табылады. Арменияның территориясы 11 облысқа бөлінген. Экономикалық-географиялық аудандары. Табиғи және экономикалық-географиялық жағдайлары, құрылымы және өндірістік мамандануы бойынша 5 экономикалық ауданға бөлінеді. Арарат — ауданы электр энергиясын өндіру, түрлі машина жасау, химия өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру, суармалы егіншілік, жүзім шаруашылығы - шарап өндіру, жеміс-жидек, көкөніс өсіруге маманданған шикізаттарға негізделе отырып тамақ өнеркәсібі саласы дамыған. Ширак— ауданы тоқыма өнеркәсібі, табиғи құрылыс материалдарын өндіру, машина жасау; ауыл шаруашылығында сүтті - етті бағыттағы мал өсіру жəне -астық бағыттағы - қызылша өсіруге маманданған. Придебед— ауданы мыс өнеркәсібінің орталығы болып табылады, ауданда химия өнеркəсібі де жетекші орынды алады ; мал шаруашылығы және оның өнімдерін қайта өңдеумен айналысады, жеміс шаруашылығы, жүзім өсіру жақсы қолға алынған, соңғы кездері машина жасау саласы қарқынды дамуда. Севан-Агстев — ауданы электр энергиясын өндірудің орталығы болып табылады , тау-кен өндіру, химия және машина жасау өнеркәсібі дамуда. Сюник ауданы — тау-кен өндіру (мыс-молибденді және мыс) өнеркәсібінің орталығы, ауыл шаруашылығында мал жəне астық шаруашылығы , жеміс- жүзім өсіру бағыттары дамыған. Соңғы жылдары гидроэлектроэнергетика және машина жасау дамуда. Арменияның экономикасы бұрынғы КСРО - ның құрамында болған басқа республикалармен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Əзірбайжаннан айырмашылығы - мұнай мен газ жоқ. Грузиядан айырмашылығы - құнарлы жерлер мен теңізге шығатын жолы жоқ. Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығында Арменияда 1340 мың. га жер пайдаланылады. Алайда, ірі егістік алқаптары бар жерлер тек үш ауданда: Арарат жазығында, әдетте жылына, екі-үш рет өнім алады; Аракс өзенінің алқабында және Севан көлінің айналасындағы жазықтарда егін егіледі. Тау-кен өндіру өнеркәсібі. Армения құрылыс материалдарын шығару және өңдеу кең ауқымда жүргізілуде: базальт, перлит, әктас, пемза, мәрмәр және т. б. Цемент көп шығарылады. Көлік желісі Иран, Грузия, Түркияға бағытталған ұзындығы 830 км болатын электрлендірілген темір жолдан тұрады , және республика шекарасының 12-тармақтарынан өтетін жалпы ұзындығы 9500 км созылған автомобиль жолдарынан тұрады. Негізгі магистралі Аракса және Арарат алқаптарын қосады. Ереван дағы Звартноц әуежайы Мәскеуге Бейрут, Париж, Тбилиси ұшатын рейстерге қызмет көрсетеді.
Материалды PowerPoint форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
699
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі