Астана - Қазақстанның жаңаруының, оның көп ұлтты халқының қалыптастырушы энергиясының символы

#1 слайд
Астана - Қазақстанның
жаңаруының, оның көп ұлтты
халқының қалыптастырушы
энергиясының символы
1 слайд
Астана - Қазақстанның жаңаруының, оның көп ұлтты халқының қалыптастырушы энергиясының символы
#2 слайд
1994 жылдың 6 маусымында Қазақстан
Республикасының Жоғарғы Кеңесі жас егемен
мемлекеттің тағдырындағы елеулі оқиға – астананы
Алматы қаласынан Ақмола қаласына көшіру туралы
шешім қабылдады. Астананы ресми көшіру1997
жылдың 10 желтоқсанында болды. Қазақстан
Республикасы Президентінің 1998 жылдың 6
мамырындағы Жарлығымен Ақмола қаласы Астана
деген жаңа атқа ие болды, ал 1998 жылдың 10
маусымында Қазақстанның жаңа астанасының
халықаралық тұсаукесері өтті.
2 слайд
1994 жылдың 6 маусымында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі жас егемен мемлекеттің тағдырындағы елеулі оқиға – астананы Алматы қаласынан Ақмола қаласына көшіру туралы шешім қабылдады. Астананы ресми көшіру1997 жылдың 10 желтоқсанында болды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылдың 6 мамырындағы Жарлығымен Ақмола қаласы Астана деген жаңа атқа ие болды, ал 1998 жылдың 10 маусымында Қазақстанның жаңа астанасының халықаралық тұсаукесері өтті.
#3 слайд
Қазақстанның жаңа, заманауи астанасын құру идеясы
еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевқа тиесілі, ол астананы Республиканың орталық
бөлігіне көшіру экономикалық реформалармен қатар,
егеменді Қазақстанның даму мәселелерін шешудегі, оның
нарықтық экономика мен демократияға тиімді көшудегі тағы
бір стратегиялық механизміне айналатындығын айтты. Жаңа
ірі еуразиялық державаға жаңа жалпыұлттық символ – Батыс
пен Шығысты тоғыстыратын орын ретіндегі Қазақстанның
жаңа қоғам құру рухын, жаңашылдығы мен рөлін
сипаттайтын астана, ХХІ ғасыр қаласы қажет болды.
3 слайд
Қазақстанның жаңа, заманауи астанасын құру идеясы еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа тиесілі, ол астананы Республиканың орталық бөлігіне көшіру экономикалық реформалармен қатар, егеменді Қазақстанның даму мәселелерін шешудегі, оның нарықтық экономика мен демократияға тиімді көшудегі тағы бір стратегиялық механизміне айналатындығын айтты. Жаңа ірі еуразиялық державаға жаңа жалпыұлттық символ – Батыс пен Шығысты тоғыстыратын орын ретіндегі Қазақстанның жаңа қоғам құру рухын, жаңашылдығы мен рөлін сипаттайтын астана, ХХІ ғасыр қаласы қажет болды.
#4 слайд
Әлемдік тәжірибеде мемлекеттің жаңа сапалы даму
деңгейіне көшумен байланысты, ұлттық мемлекеттердің
жаңа даму кезеңін бейнелейтін астананы көшіруге
қатысты мысалдар аз емес. Ал Қазақстан ТМД елдерінің
ішінде мұндай жобаны жүзеге асыру қолынан келген
жалғыз мемлекет болды. Астананы көтеру Қазақстан
Республикасы мен оның азаматтарының экономикалық,
саяси, әлеуметтік және рухани әлеуетін көрсеткен
кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістіктегі орасан зор
мегажобаға айналды.
4 слайд
Әлемдік тәжірибеде мемлекеттің жаңа сапалы даму деңгейіне көшумен байланысты, ұлттық мемлекеттердің жаңа даму кезеңін бейнелейтін астананы көшіруге қатысты мысалдар аз емес. Ал Қазақстан ТМД елдерінің ішінде мұндай жобаны жүзеге асыру қолынан келген жалғыз мемлекет болды. Астананы көтеру Қазақстан Республикасы мен оның азаматтарының экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани әлеуетін көрсеткен кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістіктегі орасан зор мегажобаға айналды.
#5 слайд
Астананы көшірудің 10-жылдығына арналған салтанатты жиналыста
Н.Ә. Назарбаев былай деп еске алды: «Өткен күнде белгі жоқ, ол
кезде жағдай мүлде басқаша болатын. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі
реформаларды анықтау, оларды тиянақты түрде жүзеге асыру
мәселелері, біріншіден, қапысыз біліктілікті, екіншіден, нартәуекелді
қажет етті.Тәуелсіздік туы көгімізде желбіреген күннен бастап,
Қазақстан үшін жаңа тарихтың басталғаны, ал ол ескі тарихтың
сылбыр жалғасы бола алмайтыны белгілі еді. Батыл ой, батыл әрекет
қажет болды.Міне, осы тұста өзімнің көкірегімде қайнап піскен осы
идеяны, ешбір кедергіге қарамастан, кейбір үзеңгілес, тілектес
жандардың да күдіктеріне қарамастан аяғына дейін қорғап
шыққанымды сіздердің алдарыңызда бүгін мақтанышпен еске
аламын».
5 слайд
Астананы көшірудің 10-жылдығына арналған салтанатты жиналыста Н.Ә. Назарбаев былай деп еске алды: «Өткен күнде белгі жоқ, ол кезде жағдай мүлде басқаша болатын. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі реформаларды анықтау, оларды тиянақты түрде жүзеге асыру мәселелері, біріншіден, қапысыз біліктілікті, екіншіден, нартәуекелді қажет етті.Тәуелсіздік туы көгімізде желбіреген күннен бастап, Қазақстан үшін жаңа тарихтың басталғаны, ал ол ескі тарихтың сылбыр жалғасы бола алмайтыны белгілі еді. Батыл ой, батыл әрекет қажет болды.Міне, осы тұста өзімнің көкірегімде қайнап піскен осы идеяны, ешбір кедергіге қарамастан, кейбір үзеңгілес, тілектес жандардың да күдіктеріне қарамастан аяғына дейін қорғап шыққанымды сіздердің алдарыңызда бүгін мақтанышпен еске аламын».
#6 слайд
Тоқсаныншы жылдардың ортасында мұндай идеяның
жүзеге асатынына сенгендер аз болды. Алайда бүгін,
астананы көшіру туралы шешім қабылданған күннен он
жылдан астам уақыт өткеннен кейін Тұңғыш
Президентіміздің болжағыштығы мен қырағылығы
барлығына айқын болды. Қысқа мерзімде бой көтерген
Астана Қазақстан Республикасының қарқынды
дамуының, болашаққа деген ұмтылысының бейнесіне
айналды.
6 слайд
Тоқсаныншы жылдардың ортасында мұндай идеяның жүзеге асатынына сенгендер аз болды. Алайда бүгін, астананы көшіру туралы шешім қабылданған күннен он жылдан астам уақыт өткеннен кейін Тұңғыш Президентіміздің болжағыштығы мен қырағылығы барлығына айқын болды. Қысқа мерзімде бой көтерген Астана Қазақстан Республикасының қарқынды дамуының, болашаққа деген ұмтылысының бейнесіне айналды.
#7 слайд
Ел астанасын ауыстыру елдегі ұлттық қауіпсіздікті
нығайтты және Астананың ғана емес, бүкіл
Қазақстанның экономикалық дамуына қуатты серпін
болды. Қала экономикасының даму қарқынының
жоғарылығы инвесторларды көп тартуға әсер етті.
Астаналық мәртебеге ие болған сәттен бері салынған
инвестиция мөлшері іс жүзінде – 30 есе, ал өңірлік
жалпы өнім 90 есе өсті. Қаланың өңірлік жалпы
өнімінің үлесі республика көлемінде 8,5 пайызды
құрады.
7 слайд
Ел астанасын ауыстыру елдегі ұлттық қауіпсіздікті нығайтты және Астананың ғана емес, бүкіл Қазақстанның экономикалық дамуына қуатты серпін болды. Қала экономикасының даму қарқынының жоғарылығы инвесторларды көп тартуға әсер етті. Астаналық мәртебеге ие болған сәттен бері салынған инвестиция мөлшері іс жүзінде – 30 есе, ал өңірлік жалпы өнім 90 есе өсті. Қаланың өңірлік жалпы өнімінің үлесі республика көлемінде 8,5 пайызды құрады.
#8 слайд
Астана мәртебесін алғалы бері қалада 10 миллион шаршы метр
тұрғын үй салынды, бұл астананы елде құрылыс ауқымы бойынша
көшбасшы етті. Астана құрылысына жүздеген құрылыс
компаниялары қатысты. Жергілікті фирмалармен қатар жаңа
елорданы түрік, итальян, француз, швейцария компаниялары
тұрғызды. Астананың сәулеткерлік тұжырымдамасын жасау
барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың Елордада Батыс пен
Шығыстың мәдени дәстүрін үйлесімді тоғыстыратын ерекше
еуропалық стиль қалыптастыру идеясы негізге алынды. Астаналық
бас жоспардың авторы белгілі жапон сәулеткері Кисе Курокава
болды.
Бүгінгі күнгі Астана – механикалық құрылысымен емес, Батыс пен
Шығыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің мәдени дәстүрлерін
жарасымды тоғыстырған үйлесімділікпен ерекшеленетін
еуразиялық қала.
8 слайд
Астана мәртебесін алғалы бері қалада 10 миллион шаршы метр тұрғын үй салынды, бұл астананы елде құрылыс ауқымы бойынша көшбасшы етті. Астана құрылысына жүздеген құрылыс компаниялары қатысты. Жергілікті фирмалармен қатар жаңа елорданы түрік, итальян, француз, швейцария компаниялары тұрғызды. Астананың сәулеткерлік тұжырымдамасын жасау барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың Елордада Батыс пен Шығыстың мәдени дәстүрін үйлесімді тоғыстыратын ерекше еуропалық стиль қалыптастыру идеясы негізге алынды. Астаналық бас жоспардың авторы белгілі жапон сәулеткері Кисе Курокава болды. Бүгінгі күнгі Астана – механикалық құрылысымен емес, Батыс пен Шығыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің мәдени дәстүрлерін жарасымды тоғыстырған үйлесімділікпен ерекшеленетін еуразиялық қала.
#9 слайд
Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның жаңа астанасының даму
философиясын жарқын әрі көркем көрсете алды: «Осында
ежелгі Сарыарқа жерінде тек астана емес, еліміздің болашақ
бесігі өмірге келді. Астана тарихы мен қазақстандықтардың
тағдыры бір-бірінен ажырағысыз. Елорда біздің
республикамыздың күш-қуатының іске асуының,
динамикалық дамуының және тұрақтылығының көрінісі.
Астана барша қазақстандықтарды біріктіретін және алға
қарай қадам басқан жарқын, қуатты, гүлденген қалаға
айналды. Біздің елордамыз Отанымыздың жүрегі, халықтың
өз күшіне сенімі мен ұлы тағдыр-талайының символы болып
табылады»
9 слайд
Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның жаңа астанасының даму философиясын жарқын әрі көркем көрсете алды: «Осында ежелгі Сарыарқа жерінде тек астана емес, еліміздің болашақ бесігі өмірге келді. Астана тарихы мен қазақстандықтардың тағдыры бір-бірінен ажырағысыз. Елорда біздің республикамыздың күш-қуатының іске асуының, динамикалық дамуының және тұрақтылығының көрінісі. Астана барша қазақстандықтарды біріктіретін және алға қарай қадам басқан жарқын, қуатты, гүлденген қалаға айналды. Біздің елордамыз Отанымыздың жүрегі, халықтың өз күшіне сенімі мен ұлы тағдыр-талайының символы болып табылады»
#10 слайд
Еуразия құрлығының ортасында қолайлы орналасуы Астананы экономикалық
тұрғыдан тиімді көлік, қатынас және логистика орталығына, Еуропа мен Азия
арасындағы өзіндік транзиттік көпірге айналдырды. Бұл қаланың кәсіпкерлік
мәдениеті қарыштап дамып келе жатқан Қазақстандағы ірі бизнес орталығының
біріне айналуына мүмкіндік берді. Бүгінде Астана – аймақтықтан халықаралыққа
дейінгі түрлі деңгейдегі бизнес-форумдарды өткізуге арналған алаң. Қазіргі таңда
Астанада 50 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік нысандары жұмыс
істейді, олар қаланың 170 мыңдай тұрғынын қамтып отыр. Мұның тек бастама
екендігіне сенім білдіруге болады.
Бүгінде Астана халықаралық маңызы бар түрлі форумдар, конгрестер мен өзге де
іс-шаралар өтетін Еуразия кеңістігінің орталығына айналды. Соңғы жылдар
ішінде Қазақстанның елордасы бірнеше рет барша әлемдік қоғамдастықтың
басты назарында болды.Осылайша, 2003 жылдан бастап Елордада төрт әлемдік
және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі өтті, мұндай шараларды өткізу
мемлекетіміздің бірегей конфессиялық саясатының арқасында мүмкін болды.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының конгресін өткізу үшін
Астанада арнайы Бейбітшілік пен келісім сарайы салынды, ол – ең жаңа
құралдармен жабдықталған концерттік-опера залы бар, пирамида үлгісіндегі
бірегей ғимарат.
10 слайд
Еуразия құрлығының ортасында қолайлы орналасуы Астананы экономикалық тұрғыдан тиімді көлік, қатынас және логистика орталығына, Еуропа мен Азия арасындағы өзіндік транзиттік көпірге айналдырды. Бұл қаланың кәсіпкерлік мәдениеті қарыштап дамып келе жатқан Қазақстандағы ірі бизнес орталығының біріне айналуына мүмкіндік берді. Бүгінде Астана – аймақтықтан халықаралыққа дейінгі түрлі деңгейдегі бизнес-форумдарды өткізуге арналған алаң. Қазіргі таңда Астанада 50 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік нысандары жұмыс істейді, олар қаланың 170 мыңдай тұрғынын қамтып отыр. Мұның тек бастама екендігіне сенім білдіруге болады. Бүгінде Астана халықаралық маңызы бар түрлі форумдар, конгрестер мен өзге де іс-шаралар өтетін Еуразия кеңістігінің орталығына айналды. Соңғы жылдар ішінде Қазақстанның елордасы бірнеше рет барша әлемдік қоғамдастықтың басты назарында болды.Осылайша, 2003 жылдан бастап Елордада төрт әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі өтті, мұндай шараларды өткізу мемлекетіміздің бірегей конфессиялық саясатының арқасында мүмкін болды. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының конгресін өткізу үшін Астанада арнайы Бейбітшілік пен келісім сарайы салынды, ол – ең жаңа құралдармен жабдықталған концерттік-опера залы бар, пирамида үлгісіндегі бірегей ғимарат.
#11 слайд
Астана халықаралық форумдар мен кездесулердің қатысушыларын
әлденеше рет жоғары деңгейде қарсы алған. Қазақстанның жас
астанасы Астана экономикалық форумының, Еуропа, Азия және
Солтүстік Американың 56 елінің мемлекет және үкімет
басшыларын жинаған Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық
ұйымы саммитінің, сонымен бірге басқа да халықаралық маңызы
бар кездесулердің қатысушыларын қарсы алды. 2010 жылы
Қазақстан кеңестік кезеңнен кейінгі мемлекеттер арасында ЕҚЫҰ-
на бір жыл бойы төрағалық ету құқығына ие болған алғашқы ел
болды. Осы жылы Астанада ЕҚЫҰ-ның тарихи саммиті, ШЫҰ
мен ИЫҰ-ның мерейтойлық саммиттері өтті. 2011 жылдың
басында республикамыздың астанасы VII Қысқы Азия
ойындарының қатысушылары мен қонақтарын қабылдады. Бүгінгі
күні бүкіл әлемде Астана жайлы «Болашақ энергиясы» атты
ұранмен өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің болашақ
қожайыны ретінде сөз етеді.
11 слайд
Астана халықаралық форумдар мен кездесулердің қатысушыларын әлденеше рет жоғары деңгейде қарсы алған. Қазақстанның жас астанасы Астана экономикалық форумының, Еуропа, Азия және Солтүстік Американың 56 елінің мемлекет және үкімет басшыларын жинаған Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы саммитінің, сонымен бірге басқа да халықаралық маңызы бар кездесулердің қатысушыларын қарсы алды. 2010 жылы Қазақстан кеңестік кезеңнен кейінгі мемлекеттер арасында ЕҚЫҰ- на бір жыл бойы төрағалық ету құқығына ие болған алғашқы ел болды. Осы жылы Астанада ЕҚЫҰ-ның тарихи саммиті, ШЫҰ мен ИЫҰ-ның мерейтойлық саммиттері өтті. 2011 жылдың басында республикамыздың астанасы VII Қысқы Азия ойындарының қатысушылары мен қонақтарын қабылдады. Бүгінгі күні бүкіл әлемде Астана жайлы «Болашақ энергиясы» атты ұранмен өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің болашақ қожайыны ретінде сөз етеді.
#12 слайд
12 слайд
#13 слайд
Астана халықаралық форумдар мен кездесулердің қатысушыларын
әлденеше рет жоғары деңгейде қарсы алған. Қазақстанның жас астанасы
Астана экономикалық форумының, Еуропа, Азия және Солтүстік
Американың 56 елінің мемлекет және үкімет басшыларын жинаған
Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы саммитінің, сонымен
бірге басқа да халықаралық маңызы бар кездесулердің қатысушыларын
қарсы алды.
2010 жылы Қазақстан кеңестік кезеңнен кейінгі мемлекеттер арасында
ЕҚЫҰ-на бір жыл бойы төрағалық ету құқығына ие болған алғашқы ел
болды. Осы жылы Астанада ЕҚЫҰ-ның тарихи саммиті, ШЫҰ мен
ИЫҰ-ның мерейтойлық саммиттері өтті. 2011 жылдың басында
республикамыздың астанасы VII Қысқы Азия ойындарының
қатысушылары мен қонақтарын қабылдады. Бүгінгі күні бүкіл әлемде
Астана жайлы «Болашақ энергиясы» атты ұранмен өтетін «ЭКСПО-
2017» халықаралық көрмесінің болашақ қожайыны ретінде сөз етеді.
13 слайд
Астана халықаралық форумдар мен кездесулердің қатысушыларын әлденеше рет жоғары деңгейде қарсы алған. Қазақстанның жас астанасы Астана экономикалық форумының, Еуропа, Азия және Солтүстік Американың 56 елінің мемлекет және үкімет басшыларын жинаған Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы саммитінің, сонымен бірге басқа да халықаралық маңызы бар кездесулердің қатысушыларын қарсы алды. 2010 жылы Қазақстан кеңестік кезеңнен кейінгі мемлекеттер арасында ЕҚЫҰ-на бір жыл бойы төрағалық ету құқығына ие болған алғашқы ел болды. Осы жылы Астанада ЕҚЫҰ-ның тарихи саммиті, ШЫҰ мен ИЫҰ-ның мерейтойлық саммиттері өтті. 2011 жылдың басында республикамыздың астанасы VII Қысқы Азия ойындарының қатысушылары мен қонақтарын қабылдады. Бүгінгі күні бүкіл әлемде Астана жайлы «Болашақ энергиясы» атты ұранмен өтетін «ЭКСПО- 2017» халықаралық көрмесінің болашақ қожайыны ретінде сөз етеді.
#14 слайд
Елорданы әлемнің жиырмадан астам қаласымен достық және
бауырластық қатынастар байланыстырады. Астана 1999 жылы
шілдеде ЮНЕСКО-ның «Бейбітшілік қаласы» деген сыйлығына
ие болды. 2000 жылдан бері Қазақстанның бас қаласы
Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының
мүшесі болып саналады.
2001 жылы Астанаға Рим Папасы Иоанн Павел ІІ-нің келуі
Қазақстанның діни мәселелерді шешу мен конфессияаралық
бейбітшілікті қамтамасыз етудегі үлесінің жоғары
бағалануының көрсеткіші болып табылады. 2011
жылыАстанамыз «ТМД және ЕЭҚ үздік қаласы» атты
халықаралық байқауының жеңімпазы атанды, ал 2012 жылы
ТМД және түрік әлемінің мәдени астанасының борышын
абыройлы атқарды.
14 слайд
Елорданы әлемнің жиырмадан астам қаласымен достық және бауырластық қатынастар байланыстырады. Астана 1999 жылы шілдеде ЮНЕСКО-ның «Бейбітшілік қаласы» деген сыйлығына ие болды. 2000 жылдан бері Қазақстанның бас қаласы Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі болып саналады. 2001 жылы Астанаға Рим Папасы Иоанн Павел ІІ-нің келуі Қазақстанның діни мәселелерді шешу мен конфессияаралық бейбітшілікті қамтамасыз етудегі үлесінің жоғары бағалануының көрсеткіші болып табылады. 2011 жылыАстанамыз «ТМД және ЕЭҚ үздік қаласы» атты халықаралық байқауының жеңімпазы атанды, ал 2012 жылы ТМД және түрік әлемінің мәдени астанасының борышын абыройлы атқарды.
#15 слайд
Қазақстанның Тұңғыш Президентінің идеясымен іргесі
қаланған жаңа елорда қысқа мерзім ішінде
жалпыұлттық идея мәртебесіне ие болды және жас
мемлекеттің тәуелсіздігінің символына және жа h андық
табысына айналды. Астана біздің қоғамдағы бейбітшілік
пен келісімнің өзегі болып, қазақстандықтарды бір
шаңырақ астына жинады.Н.Ә. Назарбаев өз сөзінде атап
өткендей, «Біздің елордамыз – Отанымыздың жүрегі,
бүкіл халықты біріктірген ұлттық идея, ол халықтың өз
күшіне сенімі мен ұлы тағдыр-талайының символына
айналды».
15 слайд
Қазақстанның Тұңғыш Президентінің идеясымен іргесі қаланған жаңа елорда қысқа мерзім ішінде жалпыұлттық идея мәртебесіне ие болды және жас мемлекеттің тәуелсіздігінің символына және жа h андық табысына айналды. Астана біздің қоғамдағы бейбітшілік пен келісімнің өзегі болып, қазақстандықтарды бір шаңырақ астына жинады.Н.Ә. Назарбаев өз сөзінде атап өткендей, «Біздің елордамыз – Отанымыздың жүрегі, бүкіл халықты біріктірген ұлттық идея, ол халықтың өз күшіне сенімі мен ұлы тағдыр-талайының символына айналды».
#16 слайд
Астана – заманауи сәулеткерліктің, қазіргі архитектураның мүмкіндіктері
толық көрініс тапқан кең байтақ қазақ даласының нақ ортасында ғаламат
ғимараттары бар қайталанбас әсем шаһар ғана емес. Қазақстанның
қазіргі елордасына Батыс әсемдігі мен Шығыстың терең рухани
дәстүрлерін жарасымды тоғыстырған бірегей сәулеткерлік стиль
тән.«Тәуелсіздік Астананы өмірге келтірді. Өз кезегінде Астана біздің
Тәуелсіздігімізді қуаттап, дамыта түсуде», – еліміздің Тұңғыш
Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бұл сөзі Қазақстанның жаңа астанасының
мемлекет тағдырындағы рөлі мен маңызының орасан зор екендігін тағы
бір дәлелдеді.
Барлығы арманнан басталды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ешқандай
кедергілер мен күдіктерге қарамастан, бұл арманын жүзеге асырды. Сол
уақыттан бері 15 жыл бойыҚазақстанның халықаралық мәртебесі бас
қаласы – Астананың даңқы арқылы да өсіп келеді. Бүгінде Астана –бұл
Қазақстанның жаңа тарихы жинақталған орын. Астананың мысалы
арқылы біздің бүкіл мемлекетіміздің дамуы туралы пікір түюге болады.
16 слайд
Астана – заманауи сәулеткерліктің, қазіргі архитектураның мүмкіндіктері толық көрініс тапқан кең байтақ қазақ даласының нақ ортасында ғаламат ғимараттары бар қайталанбас әсем шаһар ғана емес. Қазақстанның қазіргі елордасына Батыс әсемдігі мен Шығыстың терең рухани дәстүрлерін жарасымды тоғыстырған бірегей сәулеткерлік стиль тән.«Тәуелсіздік Астананы өмірге келтірді. Өз кезегінде Астана біздің Тәуелсіздігімізді қуаттап, дамыта түсуде», – еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бұл сөзі Қазақстанның жаңа астанасының мемлекет тағдырындағы рөлі мен маңызының орасан зор екендігін тағы бір дәлелдеді. Барлығы арманнан басталды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ешқандай кедергілер мен күдіктерге қарамастан, бұл арманын жүзеге асырды. Сол уақыттан бері 15 жыл бойыҚазақстанның халықаралық мәртебесі бас қаласы – Астананың даңқы арқылы да өсіп келеді. Бүгінде Астана –бұл Қазақстанның жаңа тарихы жинақталған орын. Астананың мысалы арқылы біздің бүкіл мемлекетіміздің дамуы туралы пікір түюге болады.
#17 слайд
17 слайд
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген