1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ

#1 слайд
Алаштың біртуар
азаматы
Смағұл Садуақасов
1 слайд
Алаштың біртуар азаматы Смағұл Садуақасов
#2 слайд
Әдетте Смағұл Сәдуақасұлының жеке басы мен қайраткерлігі
жайында сөз болғанда, көбіне өткен ғасырдың 20-жылдарындағы
оқиғалар және кеңестік биіктегі қайраткерлігі,
«садуақасовщина» ғана айтылады. Ф.И.Голощекинмен
тайталасына баса мән беріледі. Оның үлкен саясатқа қалай
келгені, өскен ортасы мен отбасы, елшілдігінің сыры, ұлтты
қадірлеуі көп және кең қозғала бермейді. Оның да бірнеше
себебі бар .
2 слайд
Әдетте Смағұл Сәдуақасұлының жеке басы мен қайраткерлігі жайында сөз болғанда, көбіне өткен ғасырдың 20-жылдарындағы оқиғалар және кеңестік биіктегі қайраткерлігі, «садуақасовщина» ғана айтылады. Ф.И.Голощекинмен тайталасына баса мән беріледі. Оның үлкен саясатқа қалай келгені, өскен ортасы мен отбасы, елшілдігінің сыры, ұлтты қадірлеуі көп және кең қозғала бермейді. Оның да бірнеше себебі бар .
#3 слайд
Біріншіден, Алаш үкіметі бір күнде құрылған жоқ. Оның негізі болды. 1905-1907
жылдардағығы «Оян, қазақ!» рухымен жүрген саяси күрестің нәтижесінде патша өкіметінің
билігіндегі қазақ даласында және қазақ саны көп қалаларда Алаш идеясы кең тарай
бастады. Бұл идеяның басында жүрген белсенді азаматтардың қасына жалынды жастар
жинала бастады. Бүгінгі тілмен айтсақ, «Алаштың жастар қанаты» қалыптасты. Омбыда
осы бағытта «Бірлік» ұйымы құрылады. Осы қалада училищеде, гимназияда, школда
(мектеп емес, себебі мұндай атаумен ол кезде мұсылмандық оқу ошағын айтқан) білім алып
жүрген қазақ балаларының басын осы ұйым біріктіреді. Қызық ретінде айта кететін жайт,
біздің ағайын көбінесе Уфа, Орынбордағы жәдитшілдік медреселерде оқыды. Бұл бүгінгі
ұғыммен қарағанда «Қазақстанда оқу, дәстүрге сай оқу» сияқты. Ал, қалаларда
ауылшаруашылық, кәсіптік, медициналық кәсіпке байланысты училищелерде оқу бүгінгі
«Болашақпен» сыртта оқу секілді. Өйткені білімге сұраныс, таным мен тәуекелшілдік қатар
жүрді. Қазіргі Қазақстандағы оқу орындарын кім жаман дей алады? Ол де өз ішінен
жаңарып жатыр. Сол сияқты, мысалы, жәдитшіл медреседе оқығандар көп ізденді, ұлтқа
көп жақсылық әкелді. «Медресе Ғалияда» (Уфа) оқып жүрген қазақ шәкірттері әдеби
бірлестік құрып, «Садақ» деген журнал шығарып, өзара топтасқан. Омбыда училищеде
оқып жүрген жастар бірінші шығармашылық журналын «Балапан» деп атаған. Сол кездегі
баспасөз жастарды біріктіретін құрал болса, әлгі басылымдар, ұйым-бірлестіктер екі
бағыттағы жастардың басын түгел қосқан. Кейін бертін келе, дәлірек төңкерісті 1917
жылдан 1918 жылға қараған кезде, «Бірлік» ұйымы Қазақ еліндегі бар жастар ұйымын
жинақтап, «Жас азамат» деп өз атауын өзгертеді. Қазақ даласындағы жиырмадан астам
ұйым өз еркімен, ұлт қажетін түсініп, жаңа ұйымның құрамына енеді. Осы «Жас азамат»
ұйымын құрып, оның басы-қасында жүрген, алашшыл жастардың көшбасшысы – Смағұл
Сәдуақасұлы еді.Өзі молданың баласы, жасында мұсылманша оқығаны болмаса, кейін ылғи
жаңа заманның оқу жүйесінде білімін көтерген.
3 слайд
Біріншіден, Алаш үкіметі бір күнде құрылған жоқ. Оның негізі болды. 1905-1907 жылдардағығы «Оян, қазақ!» рухымен жүрген саяси күрестің нәтижесінде патша өкіметінің билігіндегі қазақ даласында және қазақ саны көп қалаларда Алаш идеясы кең тарай бастады. Бұл идеяның басында жүрген белсенді азаматтардың қасына жалынды жастар жинала бастады. Бүгінгі тілмен айтсақ, «Алаштың жастар қанаты» қалыптасты. Омбыда осы бағытта «Бірлік» ұйымы құрылады. Осы қалада училищеде, гимназияда, школда (мектеп емес, себебі мұндай атаумен ол кезде мұсылмандық оқу ошағын айтқан) білім алып жүрген қазақ балаларының басын осы ұйым біріктіреді. Қызық ретінде айта кететін жайт, біздің ағайын көбінесе Уфа, Орынбордағы жәдитшілдік медреселерде оқыды. Бұл бүгінгі ұғыммен қарағанда «Қазақстанда оқу, дәстүрге сай оқу» сияқты. Ал, қалаларда ауылшаруашылық, кәсіптік, медициналық кәсіпке байланысты училищелерде оқу бүгінгі «Болашақпен» сыртта оқу секілді. Өйткені білімге сұраныс, таным мен тәуекелшілдік қатар жүрді. Қазіргі Қазақстандағы оқу орындарын кім жаман дей алады? Ол де өз ішінен жаңарып жатыр. Сол сияқты, мысалы, жәдитшіл медреседе оқығандар көп ізденді, ұлтқа көп жақсылық әкелді. «Медресе Ғалияда» (Уфа) оқып жүрген қазақ шәкірттері әдеби бірлестік құрып, «Садақ» деген журнал шығарып, өзара топтасқан. Омбыда училищеде оқып жүрген жастар бірінші шығармашылық журналын «Балапан» деп атаған. Сол кездегі баспасөз жастарды біріктіретін құрал болса, әлгі басылымдар, ұйым-бірлестіктер екі бағыттағы жастардың басын түгел қосқан. Кейін бертін келе, дәлірек төңкерісті 1917 жылдан 1918 жылға қараған кезде, «Бірлік» ұйымы Қазақ еліндегі бар жастар ұйымын жинақтап, «Жас азамат» деп өз атауын өзгертеді. Қазақ даласындағы жиырмадан астам ұйым өз еркімен, ұлт қажетін түсініп, жаңа ұйымның құрамына енеді. Осы «Жас азамат» ұйымын құрып, оның басы-қасында жүрген, алашшыл жастардың көшбасшысы – Смағұл Сәдуақасұлы еді.Өзі молданың баласы, жасында мұсылманша оқығаны болмаса, кейін ылғи жаңа заманның оқу жүйесінде білімін көтерген.
#4 слайд
1918 жылы бүгінгі Омбы жері мен қаласы,
Қазақстанның тұтас солтүстігі кіретін Ақмола
облысында Алаш Орда ұйымын құруға атсалысады.
Бұл жерде ақын Мағжан Жұмабаевпен тізе қосып
қайраткерлік танытқаны белгілі. 1917-1918 жылдарға
қарасақ, текетірес пен тайталасқа толы уақыт болған.
Кеңес үкіметінің билікке жеткені белгілі болды . Алаш
көшбасшысы Әлихан Бөкейхан жастарды жинап,
«биліктің бағыты анық болды, сендер енді жаңа
үкімет жағына шығып, халыққа қызмет етіңдер»
дейді. Бұл туралы Сәкен Сейфулиннің «Тар жол
тайғақ кешу» романында жазылған. Әлихан Бөкейхан
сөздерінен үзінді келтірілген .
4 слайд
1918 жылы бүгінгі Омбы жері мен қаласы, Қазақстанның тұтас солтүстігі кіретін Ақмола облысында Алаш Орда ұйымын құруға атсалысады. Бұл жерде ақын Мағжан Жұмабаевпен тізе қосып қайраткерлік танытқаны белгілі. 1917-1918 жылдарға қарасақ, текетірес пен тайталасқа толы уақыт болған. Кеңес үкіметінің билікке жеткені белгілі болды . Алаш көшбасшысы Әлихан Бөкейхан жастарды жинап, «биліктің бағыты анық болды, сендер енді жаңа үкімет жағына шығып, халыққа қызмет етіңдер» дейді. Бұл туралы Сәкен Сейфулиннің «Тар жол тайғақ кешу» романында жазылған. Әлихан Бөкейхан сөздерінен үзінді келтірілген .
#5 слайд
Қазақ жастарымен бірге
5 слайд
Қазақ жастарымен бірге
#6 слайд
Смағұл үлкен саясатқа Омбыда қадам басты. Бірнеше газеттерге басшылық етіп, жастар саясатына
белсене араласты. Сөйтіп, ол 1920 жылы Қазақстанға келеді. Ол кездегі астанамыз – Орынбор. Ә
дегеннен еліміздегі жастар ұйымына жетекшілік етеді. Бұл кезде заманға сай жастар ұйымы құрылып
жатқан. Қазақстан комсомолының алғашқы көшбасшысы - Смағұл Сәдуақасұлы. Біз көп жағдайда,
тарихымыздан сызып тастай алмайтын «комсомол» десек, Түркістан автономиялық республикасының
комсомол ұйымына жетекшілік еткен Ғани Мұратбаевты айтамыз. Қазақстандағы комсомолға
басшылық еткен бірінші қазақ - Смағұл, біз осыны шатастырмауымыз керек. Ол 1921-1922 жылдары
бірнеше жауапты қызметті атқарады. Арасында ел жастарын біріктіретін «Жастарға – жаңа жол» атты
кітап та жазды. Кейін Госпланға басшылық қызметке ауысады. Бүгінгі күнмен қарасақ, Экономика
министрлігі ғой. Бөлім басқарады, бүкіл құрылымның орынбасары болады. 1924 жылы Госпланның
бастығы болып тағайындалады. 1925-1927 жылдары Халық ағарту комиссары қызметін атқарады.
Әдетте кеңестік комиссар жесе, есімізге үсті-басына былғары кепка мен плащ киген, қолында – наган
ұстаған шолақ белсенді елестейді. Қазақстан автономиялық республикасының (Түркістанның да)
комиссарлары – кілең адами келбетті Сейітқали Меңдешұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Сәкен
Сейфоллаұлы, Тұрар Рысқұлұлы, Смағұл Садуақасұлы, Сұлтанбек Қожанұлы, Жалау Мыңбайұлы,
Молдағали Жолдыбайұлы, Жағыпар Сұлтанбекұлы т.б. Титандар мен тұлғалар. Осының бірі
Смағұлдың батырлығын, біліктілігін, шешендігін мойындады. 1925 жылы Кремль Қазақстанға қолы
қалт етпей патшаның нәрестелеріне дейін атқан Ф.Голощекинді жіберді. Смағұлдың осы большавиктік
комиссар терісін жамылған қанішермен текетіресі бірінші күннен-ақ басталды. Әрине, бәрін зерттеген
қужақ (оны халық осылай деп атаған) қазақ ерлерін құртқысы келді. Бірақ сауатты Смағұл да оңай
берілетін адам емес. Бірақ екі жылдан соң, 1927 жылы ақыры алып тынды. С.Садуақасұлының үлкен
саясаттағы қайраткерлігі жеті-ақ жылға созылды. Сол аз уақыттың ішінде ол көптеген тірлік
тындырады. Бастысы, Алаш пен кеңес билігін қазақ ұлтының мүддесіне сай мәмілелестіріп, өз
кезеңіне сай халықшыл, әлеуметшіл талай жобаларды жүзеге асырды. Бұл - ауыр жылдардағы күрмеуі
өте қиын шаруа еді.
6 слайд
Смағұл үлкен саясатқа Омбыда қадам басты. Бірнеше газеттерге басшылық етіп, жастар саясатына белсене араласты. Сөйтіп, ол 1920 жылы Қазақстанға келеді. Ол кездегі астанамыз – Орынбор. Ә дегеннен еліміздегі жастар ұйымына жетекшілік етеді. Бұл кезде заманға сай жастар ұйымы құрылып жатқан. Қазақстан комсомолының алғашқы көшбасшысы - Смағұл Сәдуақасұлы. Біз көп жағдайда, тарихымыздан сызып тастай алмайтын «комсомол» десек, Түркістан автономиялық республикасының комсомол ұйымына жетекшілік еткен Ғани Мұратбаевты айтамыз. Қазақстандағы комсомолға басшылық еткен бірінші қазақ - Смағұл, біз осыны шатастырмауымыз керек. Ол 1921-1922 жылдары бірнеше жауапты қызметті атқарады. Арасында ел жастарын біріктіретін «Жастарға – жаңа жол» атты кітап та жазды. Кейін Госпланға басшылық қызметке ауысады. Бүгінгі күнмен қарасақ, Экономика министрлігі ғой. Бөлім басқарады, бүкіл құрылымның орынбасары болады. 1924 жылы Госпланның бастығы болып тағайындалады. 1925-1927 жылдары Халық ағарту комиссары қызметін атқарады. Әдетте кеңестік комиссар жесе, есімізге үсті-басына былғары кепка мен плащ киген, қолында – наган ұстаған шолақ белсенді елестейді. Қазақстан автономиялық республикасының (Түркістанның да) комиссарлары – кілең адами келбетті Сейітқали Меңдешұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Сәкен Сейфоллаұлы, Тұрар Рысқұлұлы, Смағұл Садуақасұлы, Сұлтанбек Қожанұлы, Жалау Мыңбайұлы, Молдағали Жолдыбайұлы, Жағыпар Сұлтанбекұлы т.б. Титандар мен тұлғалар. Осының бірі Смағұлдың батырлығын, біліктілігін, шешендігін мойындады. 1925 жылы Кремль Қазақстанға қолы қалт етпей патшаның нәрестелеріне дейін атқан Ф.Голощекинді жіберді. Смағұлдың осы большавиктік комиссар терісін жамылған қанішермен текетіресі бірінші күннен-ақ басталды. Әрине, бәрін зерттеген қужақ (оны халық осылай деп атаған) қазақ ерлерін құртқысы келді. Бірақ сауатты Смағұл да оңай берілетін адам емес. Бірақ екі жылдан соң, 1927 жылы ақыры алып тынды. С.Садуақасұлының үлкен саясаттағы қайраткерлігі жеті-ақ жылға созылды. Сол аз уақыттың ішінде ол көптеген тірлік тындырады. Бастысы, Алаш пен кеңес билігін қазақ ұлтының мүддесіне сай мәмілелестіріп, өз кезеңіне сай халықшыл, әлеуметшіл талай жобаларды жүзеге асырды. Бұл - ауыр жылдардағы күрмеуі өте қиын шаруа еді.
#7 слайд
Смағұл керемет тактика ұстана отырып, жол таба біледі. Большевиктер көсемі Лениннің
сөздерінен сілтеме келтіре отырып, ұлтқа пайдалы істер тындырады. Тағы бір айта кететін
факт: 1923 жылы біраз адам сырт айналған Әлихан Бөкейханның қызына үйленді. Смағұлдың
жары Елизавета Әлиханқызы Бөкейханова - Мәскеудің медицина институтын бітіріп, кейін
докторлық қорғаған, ғылыми еңбегімен Ресейге танылған тұлға. Ол да талай азапты бастан
кешті. 1971 жылы Мәскеуде қайтыс болды.. Алаш құндылығы саясатқа ел тағдыры үшін
кіршіксіз ниетпен, шын қайраткерлікпен баруды, жұмыс істеуді көрсетеді. Жалған айту мен
өтірік сөйлеу дағдыға айналған бүгінгі заман қайраткері, әрине, Алаштан және Смағұлдан
қорқады. Өйткені, ондай емес. Мұны «психологиялық патология» деуге болады. Ау, егер сенің
еліңнің дамуына, ұлтыңның парасатына өлшеусіз үлес қосқан толқын, тұлғалар болса, оны әз
тұтып, төбеңе көтермейсің бе? Мен одан да сорақысын айтайын, Қазақстан жерінің
тұтастығына қызмет етіп, осы жолда мерт болған Алаш арыстарын жергілікті шенеуніктердің
көбісі білмейді. Мен айтар едім: Қызмет академиясында, «А», «Б» және тағы басқа алфавит
басындағы әріптермен таңбаланатын корпустарға маман таңдайтын сәтте Алаш тарихынан
және Алаш тұлғалары еңбегінен емтихан алу керек. Сонда көбінің көзі ашылады. Ашылмаса,
сәл бір саңылау пайда болады. Сіз оны айтасыз, Қазақстанда Абайдың бір өлеңін түсініп
оқымағандар нан тауып, үлкен орындықтарда қонжиып отыр...
7 слайд
Смағұл керемет тактика ұстана отырып, жол таба біледі. Большевиктер көсемі Лениннің сөздерінен сілтеме келтіре отырып, ұлтқа пайдалы істер тындырады. Тағы бір айта кететін факт: 1923 жылы біраз адам сырт айналған Әлихан Бөкейханның қызына үйленді. Смағұлдың жары Елизавета Әлиханқызы Бөкейханова - Мәскеудің медицина институтын бітіріп, кейін докторлық қорғаған, ғылыми еңбегімен Ресейге танылған тұлға. Ол да талай азапты бастан кешті. 1971 жылы Мәскеуде қайтыс болды.. Алаш құндылығы саясатқа ел тағдыры үшін кіршіксіз ниетпен, шын қайраткерлікпен баруды, жұмыс істеуді көрсетеді. Жалған айту мен өтірік сөйлеу дағдыға айналған бүгінгі заман қайраткері, әрине, Алаштан және Смағұлдан қорқады. Өйткені, ондай емес. Мұны «психологиялық патология» деуге болады. Ау, егер сенің еліңнің дамуына, ұлтыңның парасатына өлшеусіз үлес қосқан толқын, тұлғалар болса, оны әз тұтып, төбеңе көтермейсің бе? Мен одан да сорақысын айтайын, Қазақстан жерінің тұтастығына қызмет етіп, осы жолда мерт болған Алаш арыстарын жергілікті шенеуніктердің көбісі білмейді. Мен айтар едім: Қызмет академиясында, «А», «Б» және тағы басқа алфавит басындағы әріптермен таңбаланатын корпустарға маман таңдайтын сәтте Алаш тарихынан және Алаш тұлғалары еңбегінен емтихан алу керек. Сонда көбінің көзі ашылады. Ашылмаса, сәл бір саңылау пайда болады. Сіз оны айтасыз, Қазақстанда Абайдың бір өлеңін түсініп оқымағандар нан тауып, үлкен орындықтарда қонжиып отыр...
#8 слайд
Әйелі
Елизаветамен
8 слайд
Әйелі Елизаветамен
#9 слайд
Сүйген жары Елизавета екеуінің бір ұлы болған. Аты – Ескендір. Ол 16 жасында фашизмге қарсы
соғысқа өз еркімен сұранып барып, сонда қаза тапқан. Білетіндер Мәскеуде Ә.Бөкейхан тұрған
пәтер басында С.Садуақасұлына берілген деседі. Білуімше, ол – қуықтай ғана үй, «полуторка».
Әрқайсы бір елді басқаратын тұлғалар амалсыз сондай тар үйде тұрған. Ескендір ата тәрбиесін
молынан көрген. Қайтесіз, қыршын кетіпті. Әкесі мен атасын Кремль жалмаса, өзі де сол жердің
және әлемнің жадағай саясатына өртеніп кетті. Туыстарын кеңестік фашизм өлтірді, өзін немістік
фашизм құртты. Рас, сол кездегі қазақ зиялыларының көпшілігі ұлына Ескендір есімін көп
қойған. Тұрар Рысқұлұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлы, тағы да басқа зиялылар перзенттеріне
осы атты таңдаған. Смағұл да соны қош көрген. Қарап отырсақ, заман ағымы тез айналып жатыр.
Александр Македонскийдің даңқы мен жастай болса да даналығы қазақ даласына кең танымал
болды. Зұлқарнайын Ескендірді «Ескендір» еткен – ұстазы Аристотель. Қаһарманның арманы да,
аңсары да зор болатын. Алаш зиялылары осы атты таңдағанда, арғы жағынан азаттықты аңсауы,
бергі жағынан Еуропа ықпалдастығына өз үнімізбен баруды ойлағаны (енді Александр деп тұрған
жоқ қой) аңғарылады.
ХХ ғасырдың 20-жылдары қазақ даласы Ресейді Еуропа деп таныған. Мысалы, Қошке
Кемеңгерұлының «Казахский язык для европейцев» («Жабыропалықтар үшін қазақ тілі») деп
аталған оқу құралы Қазақстандағы орыс қызметкерлеріне арналған. Ол кездегі Ресей
зиялыларының басым бөлігі еуропаша білім алғаны, еуропалық тілдерді еркін меңгергені, сол
мәдениеттің негізінде Ресей мәдениетін жаңғыртқаны рас қой. Осы аяда бүгінгі олардың ресми
билігі бұл әлемдік өңірден безіп жатқаны, оларды әсіре жамандауы қызық көрінеді.
Смағұл Сәдуақасұлы өмірлік тәжірбиесінде әлемдік құдылықтарды қазақтың тұрмысына лайықты
жарату бағытын ұстанды. Мысалы, оның қызметінің бір бағыты - журналистика. Осы. Сондықтан
Смағұл қазақ және орыс тілдерінде еркін жазған.
9 слайд
Сүйген жары Елизавета екеуінің бір ұлы болған. Аты – Ескендір. Ол 16 жасында фашизмге қарсы соғысқа өз еркімен сұранып барып, сонда қаза тапқан. Білетіндер Мәскеуде Ә.Бөкейхан тұрған пәтер басында С.Садуақасұлына берілген деседі. Білуімше, ол – қуықтай ғана үй, «полуторка». Әрқайсы бір елді басқаратын тұлғалар амалсыз сондай тар үйде тұрған. Ескендір ата тәрбиесін молынан көрген. Қайтесіз, қыршын кетіпті. Әкесі мен атасын Кремль жалмаса, өзі де сол жердің және әлемнің жадағай саясатына өртеніп кетті. Туыстарын кеңестік фашизм өлтірді, өзін немістік фашизм құртты. Рас, сол кездегі қазақ зиялыларының көпшілігі ұлына Ескендір есімін көп қойған. Тұрар Рысқұлұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлы, тағы да басқа зиялылар перзенттеріне осы атты таңдаған. Смағұл да соны қош көрген. Қарап отырсақ, заман ағымы тез айналып жатыр. Александр Македонскийдің даңқы мен жастай болса да даналығы қазақ даласына кең танымал болды. Зұлқарнайын Ескендірді «Ескендір» еткен – ұстазы Аристотель. Қаһарманның арманы да, аңсары да зор болатын. Алаш зиялылары осы атты таңдағанда, арғы жағынан азаттықты аңсауы, бергі жағынан Еуропа ықпалдастығына өз үнімізбен баруды ойлағаны (енді Александр деп тұрған жоқ қой) аңғарылады. ХХ ғасырдың 20-жылдары қазақ даласы Ресейді Еуропа деп таныған. Мысалы, Қошке Кемеңгерұлының «Казахский язык для европейцев» («Жабыропалықтар үшін қазақ тілі») деп аталған оқу құралы Қазақстандағы орыс қызметкерлеріне арналған. Ол кездегі Ресей зиялыларының басым бөлігі еуропаша білім алғаны, еуропалық тілдерді еркін меңгергені, сол мәдениеттің негізінде Ресей мәдениетін жаңғыртқаны рас қой. Осы аяда бүгінгі олардың ресми билігі бұл әлемдік өңірден безіп жатқаны, оларды әсіре жамандауы қызық көрінеді. Смағұл Сәдуақасұлы өмірлік тәжірбиесінде әлемдік құдылықтарды қазақтың тұрмысына лайықты жарату бағытын ұстанды. Мысалы, оның қызметінің бір бағыты - журналистика. Осы. Сондықтан Смағұл қазақ және орыс тілдерінде еркін жазған.
#10 слайд
Ол 1918-1920 жылдары Омбыда кооперациямен айналысатын «Центросибирь» атты ұйымда нұсқаушы
болып жұмыс істеді. Ол осы мекемінің «Трудовая Сибирь» деп аталынған салалық журналына үзбей
өзекті материалдар жазып тұрған. «Нужды аула» деген көлемді мақаласында қазақ халқының білім
және денсаулық саласын талқылай келе, жаңа өмірге қалай енуіге болатыны жөнінде ой толғайды.
«Неге сан миллион қазақ жаңа өмірге ене алмай отыр? Не істеу керек?» деп, өткен тарихымызға
біршама шолу жасайды. Сөйтіп, қазақтың малы, оның сүті, жүні, терісі қалай ұл экономикасын көтере
алатыны жөнінде пікір айтады. Арада жүз жыл өтті. Былтыр ауылға барсам, өзен жағасында қойдың
жүні шашылып жатыр. «Обал емес пе?» десем, жерлестерім: «Ешкім алмайды, қазір бұл мусор болып
қалды ғой» дейді. Қанша ғасыр өтсе де, қазақтың жер жағдайына байланысты оның экономикасы –
малы яғни аграрлық тірлігі. Смағұлдың 18 жасында жазғанын бүгінгі бірнеше 18 жыл шаруашылық
басқарғандар оқыды ма екен? Оқып, ой түйе алды ма?.. Шәгім бар...
Осы журналда оның тағы да «Киргизская литература» атты очеркі шыққан. Ол кезде қазақ «киргиз»
деп атанған ғой. Осы очеркінде қазақ әдебиетінің сол кездегі жай-күйі мен бағытын терең талдаған
жас жігіттің біліктілігіне таң қаласың. Смағұл бағдарлаған әдеби үдерісті бүгінгі әдебиетші
профессорлар біле бермейтіні шындық. Сонда ол Абайдан бастап, Жүсіпбек, Мағжандардың
шығармашылығына өз бағасын береді. Алаш газет-журналдарының бағытына, мазмұнына шолу
жасайды. Осыны жазған адам жап-жас жігіт, тіпті бозбала дегенге адам сенбейді. Міне, Смағұлды
ізденісі, талабы, көп оқығаны осындай тұжырым жасатады. Ол айтқан пікірлерді араға тоқсан жыл
салып, біз амалсыз қайталап айтып жүрміз. Өз заманынан ерте туған арда азамат қой. 1918 жылы
Мағжан екеуі бірге түскен суреті бар. Бір-бірін танып, өте жақын араласқан. Оны уақытында
жарияладық. «Жас азамат» ұйымының қасынан осы аттас газет шығарған. Осы газетке көптеген өзекті
мақала жазған.
10 слайд
Ол 1918-1920 жылдары Омбыда кооперациямен айналысатын «Центросибирь» атты ұйымда нұсқаушы болып жұмыс істеді. Ол осы мекемінің «Трудовая Сибирь» деп аталынған салалық журналына үзбей өзекті материалдар жазып тұрған. «Нужды аула» деген көлемді мақаласында қазақ халқының білім және денсаулық саласын талқылай келе, жаңа өмірге қалай енуіге болатыны жөнінде ой толғайды. «Неге сан миллион қазақ жаңа өмірге ене алмай отыр? Не істеу керек?» деп, өткен тарихымызға біршама шолу жасайды. Сөйтіп, қазақтың малы, оның сүті, жүні, терісі қалай ұл экономикасын көтере алатыны жөнінде пікір айтады. Арада жүз жыл өтті. Былтыр ауылға барсам, өзен жағасында қойдың жүні шашылып жатыр. «Обал емес пе?» десем, жерлестерім: «Ешкім алмайды, қазір бұл мусор болып қалды ғой» дейді. Қанша ғасыр өтсе де, қазақтың жер жағдайына байланысты оның экономикасы – малы яғни аграрлық тірлігі. Смағұлдың 18 жасында жазғанын бүгінгі бірнеше 18 жыл шаруашылық басқарғандар оқыды ма екен? Оқып, ой түйе алды ма?.. Шәгім бар... Осы журналда оның тағы да «Киргизская литература» атты очеркі шыққан. Ол кезде қазақ «киргиз» деп атанған ғой. Осы очеркінде қазақ әдебиетінің сол кездегі жай-күйі мен бағытын терең талдаған жас жігіттің біліктілігіне таң қаласың. Смағұл бағдарлаған әдеби үдерісті бүгінгі әдебиетші профессорлар біле бермейтіні шындық. Сонда ол Абайдан бастап, Жүсіпбек, Мағжандардың шығармашылығына өз бағасын береді. Алаш газет-журналдарының бағытына, мазмұнына шолу жасайды. Осыны жазған адам жап-жас жігіт, тіпті бозбала дегенге адам сенбейді. Міне, Смағұлды ізденісі, талабы, көп оқығаны осындай тұжырым жасатады. Ол айтқан пікірлерді араға тоқсан жыл салып, біз амалсыз қайталап айтып жүрміз. Өз заманынан ерте туған арда азамат қой. 1918 жылы Мағжан екеуі бірге түскен суреті бар. Бір-бірін танып, өте жақын араласқан. Оны уақытында жарияладық. «Жас азамат» ұйымының қасынан осы аттас газет шығарған. Осы газетке көптеген өзекті мақала жазған.
#11 слайд
Мағжанмен түскен
суреті
11 слайд
Мағжанмен түскен суреті
#12 слайд
Смағұл қызмет бабымен Орынборға ауысқаннан кейін, беделі бұрынғыдан да
көтеріле түседі. 1920-1921 жылдардағы үлкен саясат -республикалар арасындағы
шекараны анықтау еді. «Лениннің қазақ шекарасын анықтауы» деген ұғымы бар.
Жаңа өкіметтің көсемі болса, әрине, мемлекеттік маңызды істерді сол тұлға
бекітеді. Бірақ соған дейінгі және одан кейінгі көзге көрінбейтін жұмыстар бар ғой.
Алаш қайраткері Әлімхан Ермековтің шекара мәселесін бойынша Алаш
тапсырмасымен Ленинмен жүргізген келіссөздері, жаңа Қазақстанның осы
қағидатты жалғастырған С.Меңдешұлы бастаған комиссиясы – біздің ерен
мақтанышымыз. Құжаттың бәрі қаттаулы, мұрағатта тұр. Біз оны алып, оқып
таныстық. Сол кезде Омбы мен солтүстіктің өңірдің елеулі бөлігі және Семей өңірі
Ақмола облысының құрамына енген.
1921 жылдың басында осы өңір Қазақ республикасы құрамына өтуі тиіс болған.
Бірақ Сибревком жағы оны созып, РСФСР аймағына енгізудің жолдарын
қарастырған. Дәл айтсақ, Сібір аймағына қосып, тартып алуға мүдделі еді.
Жасырын әрі білінбейтін майдан жүріп отырған. Смағұл осы шекара мәселесін жетік
білген және осыған байланысты Қазақстан жағынан жаапты болып бекітілген. Жас
күнінде кооперациямен айналысып, өңірді кең аралағаны тағы бар. Егер Смағұл
және оның пікірлестері Қазақ үкіметін басқарған Сейітқали Меңдешұлының
қасында жүріп, шекараны шешуге үлес қоспағанда, бүгінде біз отырған солтүстік
аймақ әлдеқашан Сібірге қосылып кетер еді. Біз қазақ жерінің біртұтастығын сақтап
қалған тұлғаларды айтқанда, бірінші Ж.Тәшеновті еске алып жатамыз. Рас, ол кісі
де күресті, текетіресіп территориямызды сақтап қалды. Бірақ ол - 1950-1960
жылдардың оқиғасы. Смағұлдардың ерлігі – оның алдына, 1920 жылдары болды.
Оны да ұмытпауымыз қажет. Миллион-миллион гектар қ...
12 слайд
Смағұл қызмет бабымен Орынборға ауысқаннан кейін, беделі бұрынғыдан да көтеріле түседі. 1920-1921 жылдардағы үлкен саясат -республикалар арасындағы шекараны анықтау еді. «Лениннің қазақ шекарасын анықтауы» деген ұғымы бар. Жаңа өкіметтің көсемі болса, әрине, мемлекеттік маңызды істерді сол тұлға бекітеді. Бірақ соған дейінгі және одан кейінгі көзге көрінбейтін жұмыстар бар ғой. Алаш қайраткері Әлімхан Ермековтің шекара мәселесін бойынша Алаш тапсырмасымен Ленинмен жүргізген келіссөздері, жаңа Қазақстанның осы қағидатты жалғастырған С.Меңдешұлы бастаған комиссиясы – біздің ерен мақтанышымыз. Құжаттың бәрі қаттаулы, мұрағатта тұр. Біз оны алып, оқып таныстық. Сол кезде Омбы мен солтүстіктің өңірдің елеулі бөлігі және Семей өңірі Ақмола облысының құрамына енген. 1921 жылдың басында осы өңір Қазақ республикасы құрамына өтуі тиіс болған. Бірақ Сибревком жағы оны созып, РСФСР аймағына енгізудің жолдарын қарастырған. Дәл айтсақ, Сібір аймағына қосып, тартып алуға мүдделі еді. Жасырын әрі білінбейтін майдан жүріп отырған. Смағұл осы шекара мәселесін жетік білген және осыған байланысты Қазақстан жағынан жаапты болып бекітілген. Жас күнінде кооперациямен айналысып, өңірді кең аралағаны тағы бар. Егер Смағұл және оның пікірлестері Қазақ үкіметін басқарған Сейітқали Меңдешұлының қасында жүріп, шекараны шешуге үлес қоспағанда, бүгінде біз отырған солтүстік аймақ әлдеқашан Сібірге қосылып кетер еді. Біз қазақ жерінің біртұтастығын сақтап қалған тұлғаларды айтқанда, бірінші Ж.Тәшеновті еске алып жатамыз. Рас, ол кісі де күресті, текетіресіп территориямызды сақтап қалды. Бірақ ол - 1950-1960 жылдардың оқиғасы. Смағұлдардың ерлігі – оның алдына, 1920 жылдары болды. Оны да ұмытпауымыз қажет. Миллион-миллион гектар қ...

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген