Ашық сабақ 8- сыныптың

#1 слайд
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы
Ақши ауылы
«Бөлек батыр атындағы орта мектеп»
КММ
7 сынып
Химия пәні мұғалімі: Тауыбекова Жанна
Оспановна.
1 слайд
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ақши ауылы «Бөлек батыр атындағы орта мектеп» КММ 7 сынып Химия пәні мұғалімі: Тауыбекова Жанна Оспановна.
#2 слайд
Сабақтың тақырыбы:
Адам ағзасындағы химиялық элементтер. Тыныс алу
процесі.
Сабаққа негізделген оқу мақсаты :
7.5.1.3 адам ағзасына кіретін элементтерді (О, С,
Н, N, Ca, P, K) атау;
7.5.1.4 тыныс алу және фотосинез процестерін
түсіндіру;
2 слайд
Сабақтың тақырыбы: Адам ағзасындағы химиялық элементтер. Тыныс алу процесі. Сабаққа негізделген оқу мақсаты : 7.5.1.3 адам ағзасына кіретін элементтерді (О, С, Н, N, Ca, P, K) атау; 7.5.1.4 тыныс алу және фотосинез процестерін түсіндіру;
#3 слайд
Жаңа білім.
Адам ағзасындағы химиялық элементтер — адам өміріне қажетті
үрдістерді жүзеге асырып, ағзаның толыққанды дамуын қамтамасыз
ететін элементтер тобы. Бұл элементтерді тірі ағзалардағы орташа
мөлшеріне қарай үш топқа бөледі: микроэлементтер , макроэлементтер
және ультрамикроэлементтер .
Ал тіршілік үшін маңыздылығына байланысты тіршілікке қажетті
элементтер, қосымша элементтер және өте аз элементтер деп өзара
бөледі. Сондықтан, химиялық элементтердің біреуінің жоқ болуы
немесе жетіспеуі ағзадағы қалыпты жағдайды бұзады. Алайда, ағзадағы
қандай да бір элементтің шамадан тыс болуы да ауыр салдарға әкеп
соғады.
3 слайд
Жаңа білім. Адам ағзасындағы химиялық элементтер — адам өміріне қажетті үрдістерді жүзеге асырып, ағзаның толыққанды дамуын қамтамасыз ететін элементтер тобы. Бұл элементтерді тірі ағзалардағы орташа мөлшеріне қарай үш топқа бөледі: микроэлементтер , макроэлементтер және ультрамикроэлементтер . Ал тіршілік үшін маңыздылығына байланысты тіршілікке қажетті элементтер, қосымша элементтер және өте аз элементтер деп өзара бөледі. Сондықтан, химиялық элементтердің біреуінің жоқ болуы немесе жетіспеуі ағзадағы қалыпты жағдайды бұзады. Алайда, ағзадағы қандай да бір элементтің шамадан тыс болуы да ауыр салдарға әкеп соғады.
#4 слайд
Макроэлементтер
Адам ағзасы химиялық элементтерді әр түрлі концентрлейді, яғни микро- және
макроэлементтер мүшелер мен ұлпаларда әркелкі таралады. Макроэлементтер –
көміртек , сутек , оттек , азот , фосфор – нәруыздың , нуклеин қышқылдарының және
ағзаның басқа да биологиялық белсенді қосылыстарының құрамына кіреді.
Нәруыздардың құрамында көміртек 51 – 55%, оттек 22 – 24%, азот 15 – 20%, сутек 6,5 –
7%, күкірт 0,3 – 2,5%, фосфор шамамен 0,5%. Көміртек, сутек және оттек
көмірсулардың және липидтердің (майлар), ал фосфор, фосфолипидтердің құрамында
фосфатты топтар түрінде болады. Көп мөлшерде липидтер бас миында, бауырда , сүтте ,
және қан сұйықтығында концентрленеді. Сутек және оттек – макроэлементтері су
молекуласын түзетіні белгілі, ал, ересек адам ағзасының шамамен 65%-ы су болып
келеді. Су - маңызды еріткіш және ол адамның мүшелерінде, ұлпаларында және
биологиялық сұйықтықтарда әркелкі таралған, асқазан сұйығының, сілекейдің, қан
плазмасының, лимфаның 99,5% – дан 90% – ға дейінгі аралығын құрайды.
4 слайд
Макроэлементтер Адам ағзасы химиялық элементтерді әр түрлі концентрлейді, яғни микро- және макроэлементтер мүшелер мен ұлпаларда әркелкі таралады. Макроэлементтер – көміртек , сутек , оттек , азот , фосфор – нәруыздың , нуклеин қышқылдарының және ағзаның басқа да биологиялық белсенді қосылыстарының құрамына кіреді. Нәруыздардың құрамында көміртек 51 – 55%, оттек 22 – 24%, азот 15 – 20%, сутек 6,5 – 7%, күкірт 0,3 – 2,5%, фосфор шамамен 0,5%. Көміртек, сутек және оттек көмірсулардың және липидтердің (майлар), ал фосфор, фосфолипидтердің құрамында фосфатты топтар түрінде болады. Көп мөлшерде липидтер бас миында, бауырда , сүтте , және қан сұйықтығында концентрленеді. Сутек және оттек – макроэлементтері су молекуласын түзетіні белгілі, ал, ересек адам ағзасының шамамен 65%-ы су болып келеді. Су - маңызды еріткіш және ол адамның мүшелерінде, ұлпаларында және биологиялық сұйықтықтарда әркелкі таралған, асқазан сұйығының, сілекейдің, қан плазмасының, лимфаның 99,5% – дан 90% – ға дейінгі аралығын құрайды.
#5 слайд
Фосфор
Сүйек ұлпасындағы фосфордың негізгі мөлшері – 600 г. Ол адам ағзасындағы барлық
фосфордың 85% – ын құрайды. Фосфор тістің қатты ұлпаларында концентрленеді, ал
табиғатта кальций, хлор, фтор элементтерімен қосылыстар түрінде, фторапатиттер
құрамында кездесетіндігі белгілі. Фосфор тұздары. Фосфор тұздарының ағза үшін
маңызы сүйекті қалыптастыруға қатысумен шектелмейді. Фосфордың органикалық
қосылысы – аденозинүшфосфат қышқылы мен креатин – биологиялық қышқылдану
барысында босайтын қуаттың нағыз аккумуляторы болып табылады. Ағза бұлшық еті
жиырылғанда, сондай–ақ мида, бауырда, бүйректе және басқа мүшелерде жүретін
биохимиялық үрдістерде қуатты нақ осы қосылыстар түрінде пайдаланады. Міне,
сондықтан бұлшық еттер көп жұмыс істеген кезде фосфатты қажетсіну едәуір артады.
Егер ол ересек адамға тәулігіне 1 – 2 грамм мөлшерінде қажет болса, ауыр дене
еңбегімен шұғылданатын жұмысшыға немесе үлкен қашықтыққа жүгіретін спортшыға
бұл қажеттілік екі есе дерлік артуы мүмкін. Адам денесінде фосфор қосылыстары көп.
Фосфор қышқылының қалдығы жасуша ядроларында нәсілдік қасиеттер беретін аса
маңызды заттарға – нуклеопротеидтерге, май тектес заттарға – фосфатидтерге және
көмірсулардан тарайтын әр түрлі заттарға міндетті құрамдас бөлік ретінде кіреді.
Фосфор мал мен өсімдік өнімдерінде мол. Өсімдік өнімдерінен бөлінген қосылыстар
ағзаға нашар сіңеді, өйткені нашар ериді. Фосфор ірімшікте, сүзбеде, етте өте көп.
5 слайд
Фосфор Сүйек ұлпасындағы фосфордың негізгі мөлшері – 600 г. Ол адам ағзасындағы барлық фосфордың 85% – ын құрайды. Фосфор тістің қатты ұлпаларында концентрленеді, ал табиғатта кальций, хлор, фтор элементтерімен қосылыстар түрінде, фторапатиттер құрамында кездесетіндігі белгілі. Фосфор тұздары. Фосфор тұздарының ағза үшін маңызы сүйекті қалыптастыруға қатысумен шектелмейді. Фосфордың органикалық қосылысы – аденозинүшфосфат қышқылы мен креатин – биологиялық қышқылдану барысында босайтын қуаттың нағыз аккумуляторы болып табылады. Ағза бұлшық еті жиырылғанда, сондай–ақ мида, бауырда, бүйректе және басқа мүшелерде жүретін биохимиялық үрдістерде қуатты нақ осы қосылыстар түрінде пайдаланады. Міне, сондықтан бұлшық еттер көп жұмыс істеген кезде фосфатты қажетсіну едәуір артады. Егер ол ересек адамға тәулігіне 1 – 2 грамм мөлшерінде қажет болса, ауыр дене еңбегімен шұғылданатын жұмысшыға немесе үлкен қашықтыққа жүгіретін спортшыға бұл қажеттілік екі есе дерлік артуы мүмкін. Адам денесінде фосфор қосылыстары көп. Фосфор қышқылының қалдығы жасуша ядроларында нәсілдік қасиеттер беретін аса маңызды заттарға – нуклеопротеидтерге, май тектес заттарға – фосфатидтерге және көмірсулардан тарайтын әр түрлі заттарға міндетті құрамдас бөлік ретінде кіреді. Фосфор мал мен өсімдік өнімдерінде мол. Өсімдік өнімдерінен бөлінген қосылыстар ағзаға нашар сіңеді, өйткені нашар ериді. Фосфор ірімшікте, сүзбеде, етте өте көп.
#6 слайд
Кальций
Кальций де негізінен сүйек және тіс ұлпаларында концентрленеді. Ол жасуша құрамына еніп, сүйек
құрауға, жүрек және бұлшықеттерінің жұмысына қатысады, қанның ұюын қамтамасыз етеді. Ересек
адамдарға тәулігіне 0,5 грамм кальций жеткілікті. Ол сүйекті қатайтуға аса қажет. Кальций – сиыр мен
қой сүті, сүтпен жасалатын түрлі тағам – ірімшік, сүзбе, сүтсірнеде (сыр) мол. Қара бидай наны мен
жұмыртқаның сары уызыда кальцийге бай. Ағзаға бір тәулікке қажет кальций алу үшін жүз грамм
сүтсірне немесе жарты литр сүт жетеді. Ағзада кальций тұздарының жетіспеушілігі сүйек ұлпасының
дұрыс емес дамуына, тістер (кариес) ауруына, кейбір ферменттердіңбелсенділігі төмендеуіне, орталық
жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуына әкеп соқтырады.
Микроэлементтер
Микроэлементтердің көпшілігі бауырда, сүйек және бұлшық ет ұлпаларында жиналады.
Бұл ұлпалар көптеген микроэлементтердің негізгі қоры. Элементтер кейбір мүшелерге
тән болып табылады және онда концентрациясы жоғары болады. Мысалы, мырыш –
қарын асты безінде, йод – қалқанша безінде, фтор – тіс кіреукесінде, алюминий,
мышьяк, ванадий – шашта, кадмий, сынап, молибден – бүйректе , қалайы – ішек
ұлпаларында, стронций – қуық безінде, сүйек ұлпасында, барий – көздің пигментті
қабатында, бром, марганец, хром – гипофизде және тағы басқаларда жиналады. Натрий
және хлор жасуша аралық, ал калий және магний жасуша ішіндегі сұйықтықтарда
кездеседі. Натрий және калий фторид түрінде сүйек және тіс ұлпаларында болады.
Магний фосфат түрінде тістің қатты ұлпаларында болады. Сонымен қатар,
микроэлементтердің ағза үшін физиологиялық маңызы өте жоғары.
6 слайд
Кальций Кальций де негізінен сүйек және тіс ұлпаларында концентрленеді. Ол жасуша құрамына еніп, сүйек құрауға, жүрек және бұлшықеттерінің жұмысына қатысады, қанның ұюын қамтамасыз етеді. Ересек адамдарға тәулігіне 0,5 грамм кальций жеткілікті. Ол сүйекті қатайтуға аса қажет. Кальций – сиыр мен қой сүті, сүтпен жасалатын түрлі тағам – ірімшік, сүзбе, сүтсірнеде (сыр) мол. Қара бидай наны мен жұмыртқаның сары уызыда кальцийге бай. Ағзаға бір тәулікке қажет кальций алу үшін жүз грамм сүтсірне немесе жарты литр сүт жетеді. Ағзада кальций тұздарының жетіспеушілігі сүйек ұлпасының дұрыс емес дамуына, тістер (кариес) ауруына, кейбір ферменттердіңбелсенділігі төмендеуіне, орталық жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуына әкеп соқтырады. Микроэлементтер Микроэлементтердің көпшілігі бауырда, сүйек және бұлшық ет ұлпаларында жиналады. Бұл ұлпалар көптеген микроэлементтердің негізгі қоры. Элементтер кейбір мүшелерге тән болып табылады және онда концентрациясы жоғары болады. Мысалы, мырыш – қарын асты безінде, йод – қалқанша безінде, фтор – тіс кіреукесінде, алюминий, мышьяк, ванадий – шашта, кадмий, сынап, молибден – бүйректе , қалайы – ішек ұлпаларында, стронций – қуық безінде, сүйек ұлпасында, барий – көздің пигментті қабатында, бром, марганец, хром – гипофизде және тағы басқаларда жиналады. Натрий және хлор жасуша аралық, ал калий және магний жасуша ішіндегі сұйықтықтарда кездеседі. Натрий және калий фторид түрінде сүйек және тіс ұлпаларында болады. Магний фосфат түрінде тістің қатты ұлпаларында болады. Сонымен қатар, микроэлементтердің ағза үшін физиологиялық маңызы өте жоғары.
#7 слайд
Мыс
Мыс – денсаулыққа өте пайдалы микроэлементтердің бірі. Егер ағзада мыс жетіспесе,
бауырда қорланған темір гемоглобинмен байланысқа түсе алмайды. Мыстың
мөлшерінің аз немесе көптік шамасының көрсеткіші- адамның шашы. Мыстың мөлшері
төмендеген кезде немесе жетіспеген жағдайда шаш тез ағарады. Мыс қанға оттектің
өтуін қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде жасуша, ұлпалар оттекпен жақсы
қамтамасыз етіледі. Мыс көптеген ферменттердің құрамына кіреді, ұлпалардағы тотығу
реакциясын жылдамдатады.
Темір
Темір элементінің рөлі денсаулық үшін өте зор. Егер темір жетіспесе, баршамызға
белгілі анемия немесе қан аздық ауруы пайда болады. Бұл элементтің ағзадағы тәуліктік
мөлшері 11-30 мг. Адам қанында 3 г жуық темір бар. Оның мөлшері көрсетілген
шамадан төмен болса, қанның қызыл жасушасының, яғни гемоглобиннің түзілуі
нашарлап, тыныс алу функциясы төмендейді. Темір ағзаға сырттан түседі, тамақтың
құрамындағы темір ионы он екі елі ішектің жоғарғы бөлігінде қанға сіңеді. Темірдің
ағзаға дұрыс сіңбеуі асқазандагы тұз қышқылының жетіспеуінен немесе темірдің
ақуызбен байланысының нашарлауынан болады.
7 слайд
Мыс Мыс – денсаулыққа өте пайдалы микроэлементтердің бірі. Егер ағзада мыс жетіспесе, бауырда қорланған темір гемоглобинмен байланысқа түсе алмайды. Мыстың мөлшерінің аз немесе көптік шамасының көрсеткіші- адамның шашы. Мыстың мөлшері төмендеген кезде немесе жетіспеген жағдайда шаш тез ағарады. Мыс қанға оттектің өтуін қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде жасуша, ұлпалар оттекпен жақсы қамтамасыз етіледі. Мыс көптеген ферменттердің құрамына кіреді, ұлпалардағы тотығу реакциясын жылдамдатады. Темір Темір элементінің рөлі денсаулық үшін өте зор. Егер темір жетіспесе, баршамызға белгілі анемия немесе қан аздық ауруы пайда болады. Бұл элементтің ағзадағы тәуліктік мөлшері 11-30 мг. Адам қанында 3 г жуық темір бар. Оның мөлшері көрсетілген шамадан төмен болса, қанның қызыл жасушасының, яғни гемоглобиннің түзілуі нашарлап, тыныс алу функциясы төмендейді. Темір ағзаға сырттан түседі, тамақтың құрамындағы темір ионы он екі елі ішектің жоғарғы бөлігінде қанға сіңеді. Темірдің ағзаға дұрыс сіңбеуі асқазандагы тұз қышқылының жетіспеуінен немесе темірдің ақуызбен байланысының нашарлауынан болады.
#8 слайд
Ультрамикроэлементтер
Ультрамикроэлементтер – сынап, алтын, уран, торий, радий және т.б.
Олардың ағзадағы мөлшері 15% – дан төмен. Бұл элементтер адам
ағзасында қажетті мөлшерден көп болатын жағдайда көптеген аурулар
пайда болады. Себебі, олар – токсиндік металдар болып табылады.
Дегенмен, ағза үшін маңызы зор әрі біршама үрдістерге қатысады.
Темір
Эритроциттер клеткаларын қалыптастыруға қатысады. Бауырдың, атбас
бұршақтың, көкөністердің, шабдалының, қойбүлдіргеннің құрамында
болады.
Кальций
Сүйектердің және тістердің, нерв жүйесінің, жүрек және бұлшықеттердің
қалыптасуына қажет. Сүт тағамдарының, көкөністердің, жеміс-
жидектердің құрамында болады.
8 слайд
Ультрамикроэлементтер Ультрамикроэлементтер – сынап, алтын, уран, торий, радий және т.б. Олардың ағзадағы мөлшері 15% – дан төмен. Бұл элементтер адам ағзасында қажетті мөлшерден көп болатын жағдайда көптеген аурулар пайда болады. Себебі, олар – токсиндік металдар болып табылады. Дегенмен, ағза үшін маңызы зор әрі біршама үрдістерге қатысады. Темір Эритроциттер клеткаларын қалыптастыруға қатысады. Бауырдың, атбас бұршақтың, көкөністердің, шабдалының, қойбүлдіргеннің құрамында болады. Кальций Сүйектердің және тістердің, нерв жүйесінің, жүрек және бұлшықеттердің қалыптасуына қажет. Сүт тағамдарының, көкөністердің, жеміс- жидектердің құрамында болады.
#9 слайд
Элемент атаулары Пайыздық көрсеткіші
Оттек 64,6%
Көміртек 18%
Сутек 10%
Азот 3%
Кальций 1,5%
Фосфор 1%
Хлор 0,15%
Басқалары 2,5%Адам ағзасының элементтік құрамы
9 слайд
Элемент атаулары Пайыздық көрсеткіші Оттек 64,6% Көміртек 18% Сутек 10% Азот 3% Кальций 1,5% Фосфор 1% Хлор 0,15% Басқалары 2,5%Адам ағзасының элементтік құрамы
#10 слайд
1- тапсырма
Макроэлементтер қатарын көрсет.
көміртек, оттек, күкірт, фосфор, калий
көміртек, мыс, азот, сутек, калий
көміртек, оттек, фосфор, калий, кальций
көміртек, мырыш, азот, сутек, темір
10 слайд
1- тапсырма Макроэлементтер қатарын көрсет. көміртек, оттек, күкірт, фосфор, калий көміртек, мыс, азот, сутек, калий көміртек, оттек, фосфор, калий, кальций көміртек, мырыш, азот, сутек, темір
#11 слайд
Біз қалай тыныс аламыз?
Демді алғанда және демді шығарғандағы ауаның құрамындағы газдар әртүрлі деңгейде болады.
Тыныс алғандағы ауа оттекке бай. Демді шығарғандағы ауада оттек аз да, көмірқышқыл газы көбірек
болады. Себебі ағза оттекті қабылдап, көмірқышқыл газын бөліп шығарады. Деммен бірге өкпеден су
буы шығарылады.
Тыныс алғандағы және шығарғандағы ауада көмірқышқыл газының болуын әкті судың көмегімен
тексеруге болады.
Тыныс алу үшін ағза жасушаларына оттек қажет. Оттек ауадан алынады. Өкпе көмірқышқыл газын
бөліп шығарады. Тыныс алу процесі
Тыныс алу – тірі ағзада зат пен энергия алмасуын қамтамасыз ететін физиологиялық
процесс. Тыныс алу кезінде қоршаған ортадан оттек сіңіріліп, көмірқышқыл газы
шығарылады.
Адам өкпе арқылы орташа шамамен 5-18 литр көмірқышқыл газын және сағатына 50 грамм
су шығарады.
Тыныс алу – глюкозаның тотығуы кезінде оттек және энергиямен қамтамасыз ететін,
барлық тірі ағзада жүретін химиялық реакция.
11 слайд
Біз қалай тыныс аламыз? Демді алғанда және демді шығарғандағы ауаның құрамындағы газдар әртүрлі деңгейде болады. Тыныс алғандағы ауа оттекке бай. Демді шығарғандағы ауада оттек аз да, көмірқышқыл газы көбірек болады. Себебі ағза оттекті қабылдап, көмірқышқыл газын бөліп шығарады. Деммен бірге өкпеден су буы шығарылады. Тыныс алғандағы және шығарғандағы ауада көмірқышқыл газының болуын әкті судың көмегімен тексеруге болады. Тыныс алу үшін ағза жасушаларына оттек қажет. Оттек ауадан алынады. Өкпе көмірқышқыл газын бөліп шығарады. Тыныс алу процесі Тыныс алу – тірі ағзада зат пен энергия алмасуын қамтамасыз ететін физиологиялық процесс. Тыныс алу кезінде қоршаған ортадан оттек сіңіріліп, көмірқышқыл газы шығарылады. Адам өкпе арқылы орташа шамамен 5-18 литр көмірқышқыл газын және сағатына 50 грамм су шығарады. Тыныс алу – глюкозаның тотығуы кезінде оттек және энергиямен қамтамасыз ететін, барлық тірі ағзада жүретін химиялық реакция.
#12 слайд
2-тапсырма
А. Тыныс алу дегеніміз – ...
1.барлық тірі ағзаларда жүретін үздіксіз физиологиялық процесс
2. тек жануарлардың жасушаларында жүретін биологиялық реакция
3. тек өсімдік жасушаларында болатын биологиялық реакция
4. өкпеден көмірқышқыл газын шығару процесі
5. өкпеге ауаны толтыру үдерісі
Б. Тыныс алу кезінде түзілетін өнімдерді атаңыз?
В. Адам ағзасында көп мөлшерде (%) кездесетін
элемент.
1. су
2. натрий
3. сутек
4. оттек
5. кальций
12 слайд
2-тапсырма А. Тыныс алу дегеніміз – ... 1.барлық тірі ағзаларда жүретін үздіксіз физиологиялық процесс 2. тек жануарлардың жасушаларында жүретін биологиялық реакция 3. тек өсімдік жасушаларында болатын биологиялық реакция 4. өкпеден көмірқышқыл газын шығару процесі 5. өкпеге ауаны толтыру үдерісі Б. Тыныс алу кезінде түзілетін өнімдерді атаңыз? В. Адам ағзасында көп мөлшерде (%) кездесетін элемент. 1. су 2. натрий 3. сутек 4. оттек 5. кальций
шағым қалдыра аласыз


