400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Ашық сабақ Адам құқығы-мемлекеттің басты қуаты 9-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы
img_page_1
Слайдтың жеке беттері
№ 26 Жамбыл Жабаев атындағы орта мектеп 9-сынып Қ азақ тілі сабағы Сабақтың тақырыбы: Адам құқығы – мемлекеттің басты қуаты Қа

#1 слайд
№ 26 Жамбыл Жабаев атындағы орта мектеп 9-сынып Қ азақ тілі сабағы Сабақтың тақырыбы: Адам құқығы – мемлекеттің басты қуаты Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Жанабергенова Сауле Салыкбаевна

1 слайд

Ұйымдастыру кезеңі  1.Амандасу  2.Оқушыларды түгелдеу  3.Сабаққа назарын аудару  4.Сабақ тақырыбын жариялау

#2 слайд

2 слайд

Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы  1-бап  1. Қазақстан Республикасы өзін демократиял

#3 слайд
Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы  1-бап        1. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.  12-бап  1. Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі.

3 слайд

Оқу мақсаттары  9.1.1.1 мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға болжаммен жауап беру, түпнұсқамен салыстыру;  9.4.4.2

#4 слайд
Оқу мақсаттары  9.1.1.1 мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға болжаммен жауап беру, түпнұсқамен салыстыру;   9.4.4.2 салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіру Сабақ мақсаттары  Оқушылардың барлығы орындай алады: Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріп,түпнұсқамен салыстырады. Салалас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлерін қолданады.  Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріп,түпнұсқамен салыстырады.Алдыңғы біліммен байланыстырып,ойын жеткізеді.Салалас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлерін ажыратады.  Оқушылардың кейбіреуі орындай алады : Мәтін бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап беріп,түпнұсқамен салыстырады.Қосымша сұрақтарға өз ойын білдіреді.Жазба жұмыстарында салалас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлерін ажыратып,түрлендіріп қолданады.

4 слайд

Бағалау критерийлері  - мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға болжаммен жауап береді - түпнұсқамен салыстырады -

#5 слайд
Бағалау критерийлері  - мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға болжаммен жауап береді - түпнұсқамен салыстырады - салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажыратады - оларды түрлендіріп қолданады

5 слайд

«Миға шабуыл» әдісі Адам құқықтары дегенде нені түсінесіздер? Сізде

#6 слайд
«Миға шабуыл» әдісі Адам құқықтары дегенде нені түсінесіздер? Сіздер өз құқықтарыңызды білесіздер ме? «Болжау» кестесі М.Әуезовтың «Оқыған азамат» әңгімесі Мәтін «Оқыған азамат» әңгімесінде қандай мәселе көтеріледі? Әңгімеде қандай мәселе көтерілді? «Оқыған азамат» әңгімесі Дескриптор Балл Көтерілген мәселеге дұрыс болжам жасайды 1 Түпнұсқамен салыстырады 1

6 слайд

М.Әуезовтың «Оқыған азамат» әңгімесінен үзінді  Сонымен Жұмағұл мен Қадиша іске кірісті. Бұлар әр жерге барып сұрастырып, ізд

#7 слайд
М.Әуезовтың «Оқыған азамат» әңгімесінен үзінді  Сонымен Жұмағұл мен Қадиша іске кірісті. Бұлар әр жерге барып сұрастырып, ізденіп жүріп, аяғында оқу бөлімінің жанында жас баланың қамын жейтін кеңсені тауып алып, соған арыз кіргізді. Кеңсе қызметкерін жаңылдырып, тез миландыру үшін Жұмағұл бір жайды көптіріп, екінші жайды шөмейте сөйлеп, есебін тауып жүр. Ақыры бұл кеңсе Қади-шаның арызын қарастырып, аяғында Мақсұттан қалған дүние-мүліктің бәрін де «жас баласы - Жәмиләға ауысады, содан басқа ие жоқ, ол ержеткенше «опекун» Жұмағұл болады» деп бұйрық берді.  Кемпір бұл сөздерді естігенде, басына Мақсұттың өлімімен тең қабат қаза келгендей болып, аузы күбірлеп жалбарынып, жағасын ұстады. Баласы өлгеннен бері қарай бір күн болмаса, бір күн көремін-ау деген зорлық, жетімдік жаңа ғана көз алдына бетпе-бет кел-гендей болды. Бірақ Қондыбайдың сөзін әкеліп отырған Дүйсен бұның қайғысын ұқпайтын сияқты. Сол түрін байқаған соң, кемпір бар қуатын жиып алып:  - Мен баламнан, кешегі байымнан, арғы ата-бабамнан қалған мүлікті туған емес, туысқан емес, дұспан болып отырған Жұмағұлға неге беремін? Менің балам жоқ болса да, ағайыным бар, Жұмағұл сияқты жатқа кеткенше, соларға кетсін! Ырзалығыммен бір сабақ жіп бермеймін. Қурап қалған сорлы кемпірге зорлық қылмақ болыпсыңдар ғой, көптіктеріңді істей беріңдер! - деп, Дүйсенді үйіне қайырды. Бірақ Қадишаның ұлықтан әкеп отырған бұйрығын естіген соң, және өзінің көмексіз жалғызығын ойлаған сайын, кемпір есінен адаса бастады. Көріне зорлық- қиянатты сезіп тұрса да, не амал ыларын білмеді. Аяғында құдайға жылап-жалбарынып, «аһ» ұрып отырғанда, есіне баласының бұрынғы жолдасы - Мейірхан түсті. Сол күні қасына ақсақ ауырын ертіп алып, кемпір Мейірханға келді, жылады. Бәрін айтты. Қадишаның қалған есесі жоқ, Жұмағұлға тиерде төркінінен әкелген барлық мүлкін алып кеткенін де түгел айтты. Баласының достығы үшін жалбарынып, Мейірханнан ақ ісіне көмек сұрады. Зорлықтан қорға деп тілек қылды. Мейірхан дағдылы көңілшектігі ұстап, кемпірдің сөзіне ергендей болды. Зорлыққа ара түсуге уәде қылып, ертең Жұмағұлмен де, басқалармен де сөйлеспекші болды. Кемпір жетімсіреген көңліне болымсыз сүйеу алғандай болып, үйіне қайтты.  Ертеңіне Мейірхан Жұмағұлға жолығып:  - Шіркін, адамшылық қарызы деген бар емес пе? «Оқыған» деген атың қайда?! Пысық жігіт болдың, тегін қатын алдың, үйінен әкелген мүлкін алдың. Өзің де кедей емессің, қатыныңның төркіні - қаланың үлкен байы. Кішкентай қыздың шығынын көтере алмайын дедің бе? Неменесіне өлгелі отырған кемпірді жылатып, кешегі жолдасың - Мақсұттың аруағын күңіренттің? - деді.  Жұмағұл бұл сөздің бәрін Мейірханның іші тарлықпен, қызғаншақтықпен айтып тұрған сөзі деп санап:  - Бұл жұмысты істеп жүрген - мен емес, Қадиша. Мен оны тоқтата алмаймын. Және мұндай болымсыз жұмыс үшін арам дейтін болсаң - айтып қой, сені біз сынайтын да кезек келер! - деп қыр көрсетті. «Оқыған азамат», «жаңа адам» дегені тек оқыған бай, арсы-зырақ дүниеқоңыз екенін жаңа ұққан Мейірхан қатты ширығып:  - Байдың баласысың, бай жесірдің байысың, бай айынға күйеусің... Оқығаныңа емес, тоқығаныңа бақтың ба? Жыланға түк біткен сайын қалтырайды деп, шыған сайын араның ашылып, жұтпақсың ба зарлыны?! Қақаларсың әлі-ақ!.. - деп салды.  Мейірханның сөзі де Жұмағұлға қонған жоқ. Ол «заң бойынша» іс қылатын болды. Мейірхан сүлдері құрып, жолдасынан түршігіп, түңіліп қала берді. Бұл әңгіменің артынан Жұмағұл, Ақтайлар сол күні-ақ «Мейірхан қызғаншақтық қылып жүр» деп, сөзге таңа бастады. Кемпір Жұмағұлдың ниеттерін естіген соң, бір-екі күннің ішінде күйікті ойдың салмағынан езіліп, бөлекше ауруға ұрынды. Есі ауып қалып, шатасып сандырақтайтын әдет пайда болды.  Сол күні кешке кемпірдің дүниені бермеймін деген сөзін естіген Жұмағұл қолындағы бұйрық қағазды милицияға алып барып, содан үш солдат алып, Максұттың үйіндегі нәрселерді алуға кемпірдікіне келді.  Кемпірдің шатынап, бұзылып отырған көзі мылтық ұстап келіп тұрған солдаттарға түскенде: орнынан жылдам тұрып, ақырын тәлтіректеп барып, әлі кеткен қолдарымен төсектің басынан ұстап:  - Бермеймін... Өлтір... Өлтіріп кет... Өлдім... Мақсұт... құтқар! - деп, сылқ етіп шалқасынан жығылып қалды. Жұмағұлдар төрге шығып, бұның қасына келгенде, кемпір бойы сіресіп, көзі жұмылып, жақтары тістесіп, үзіліп барады екен. Тағы бірер секөнт өткенде, кемпір демі бітіп, үзілді.  Жұмағұл, Қадишаның мұраты орнына келді...

7 слайд

#8 слайд

8 слайд

#9 слайд

9 слайд

#10 слайд

10 слайд

#11 слайд

11 слайд

#12 слайд

12 слайд

#13 слайд

13 слайд

Топтық жұмыс 1-топ: «Диктоглас» әдісі Тапсырма: Тыңдалган мәтіннен есте қалған сөздерді жазып,сол сөзд

#14 слайд
Топтық жұмыс 1-топ: «Диктоглас» әдісі Тапсырма: Тыңдалган мәтіннен есте қалған сөздерді жазып,сол сөздерді қатыстыра отырып,мәтін негізінде ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемге 4-5 сөйлем жазыңыздар. 2-топ: «Пирамидалық талқылау» стратегиясы Тапсырма:Оқулықта берілген « Артық болмас білгенің» айдарында берілген мәліметтер негізінде жалғаулықты және жалғаулықсыз ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдер құрастырып жазыңыздар. (сөйлем саны 4-5 сөйлем) 3-топ: «Алдын ала берілген атаулар» әдісі Тапсырма: Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып,адам құқықтары мен бостандықтары жайлы 5 ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем жазыңыздар. Терминдер: Оқыған азамат, адам құқығы, мұрагерлік, Жұмағұл, Қадиша, меншік, Қазақстан Республикасы, Заң.

14 слайд

1-топ «Диктоглас» әдісі  Тапсырма: Тыңдалган мәті

#15 слайд
1-топ «Диктоглас» әдісі  Тапсырма: Тыңдалган мәтіннен есте қалған сөздерді жазып,сол сөздерді қатыстыра отырып,мәтін негізінде ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемге 4-5 сөйлем жазыңыздар. Дескриптор Балл мәтіннен есте қалған сөздерді жазады 1 сөздерді қатыстырып,сөйлем құрастырады 1 ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдер құрастырады. 1

15 слайд

2-топ «Пирамидалық талқылау» стратегиясы  Тапсырма:Оқулықта берілг

#16 слайд
2-топ «Пирамидалық талқылау» стратегиясы  Тапсырма:Оқулықта берілген « Артық болмас білгенің» айдарында берілген мәліметтер негізінде жалғаулықты және жалғаулықсыз ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдер құрастырып жазыңыздар. (сөйлем саны 4-5 сөйлем) Дескриптор Балл Мәтіннен мәліметтер алады 1 Сөйлем құрастырады 1 жалғаулықты және жалғаулықсыз ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдер құрастырады. 1

16 слайд

3-топ «Алдын ала берілген атаулар» әдісі  Тапсырма: Төменде берілг

#17 слайд
3-топ «Алдын ала берілген атаулар» әдісі  Тапсырма: Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып,адам құқықтары мен бостандықтары жайлы 5 ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем жазыңыздар.  Терминдер: Оқыған азамат,адам құқығы,мұрагерлік,Жұмағұл,Қадиша,меншік,Қазақстан Республикасы,Заң. Дескриптор Балл берілген терминдерді қолданады 1 ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдер құрастырады 1 сөйлем санын сақтайды 1

17 слайд

Сабақтағы қалыптастырушы бағалау түрлері

#18 слайд
Сабақтағы қалыптастырушы бағалау түрлері Смайликтер арқылы бірін-бірі бағалау Екі жұлдыз,бір тілек Дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалау

18 слайд

Тест Дарын. онлайн мембер https://member.daryn.online/admin/test-teacher/create 1.Оқылым мәтіні мен «Артық болмас біл

#19 слайд
Тест Дарын. онлайн мембер https://member.daryn.online/admin/test-teacher/create 1.Оқылым мәтіні мен «Артық болмас білгенің» мәтіндеріне ортақ тақырып қайсы? А)Адам құқығының бұзылуы В) Оқыған азаматтардың әрекеті С)Меншік,мұрагерлік құқығы Д) ХХ ғасыр басындағы жағдай Е) Жер мәселесі 2.Оқылым мәтінінің стилі қандай? А) Ресми-іскерлік стиль В) Көркем әдебиет стилі С) Ғылыми стиль Д) Ауызекі сөйлеу стилі Е) Ауызекі сөйлеу стилі 3. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем жалғаулығын анықтаңыз. А) Немесе В) Және С) Әлде Д ) Себебі Е) Сөйтсе 4.Салалас құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз. Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. А) Қарсылықты В) Ыңғайлас С) Кезектес Д ) Талғаулы Е) Түсіндірмелі 5. Жалғаулықсыз ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемді табыңыз. А) Биыл мектеп бітіремін және Астанаға жоғарғы оқу орнына түсемін. В) Көктем келді де, күн жылынды. С) Қоңырау соғылды, сабақ басталды. D) Ол сабаққа кейде дайындалады, кейде дайындалмайды. E) Шығарып салуға мен барайын немесе сен бар.

19 слайд

1 2

#20 слайд
1 2

20 слайд

1 2

3 4

#21 слайд
3 4

21 слайд

3 4

5 6

#22 слайд
5 6

22 слайд

5 6

#23 слайд

23 слайд

#24 слайд

24 слайд

Кері байланыс

#25 слайд
Кері байланыс

25 слайд

Кері байланыс

Назарларыңызға рахмет!

#26 слайд
Назарларыңызға рахмет!

26 слайд

Назарларыңызға рахмет!

Материалды PowerPoint форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
16 ұстаз жүктеп алған
19 желтоқсан
3380
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі