1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Адамның ата тектері"

#1 слайд
Адамның ата–тегі
шимпанзеге ұқсас болмаған
көрінеді
Құрастырған
© “БИОЛОГ анықтамалығы”
журналы
2010 жыл
1 слайд
Адамның ата–тегі шимпанзеге ұқсас болмаған көрінеді Құрастырған © “БИОЛОГ анықтамалығы” журналы 2010 жыл
#2 слайд
Әлемдік ғылыми жаңалық
• Science журналының жарыққа шыққан арнайы нөмірінде,
Эфиопияның солтүстік-шығысында бұдан 4,4 млн жыл
бұрын тіршілік еткен екі аяқты маймыл – ардипитектің
сүйектерін жан-жақты зерттеген ғылыми зерттеудің
нәтижесі жарияланды. Жаңа мәліметтер ардипитекті адам
мен шимпанзенің (бұдан 7 млн жыл бұрын өмір сүрген)
және 4 млн жыл бұрын пайда болған астралопитектердің
ортақ ата-тегіндегі өтпелі буын екенін сеніммен айтуға
мүмкіндік береді. Ардипитек орманды жерлерде тіршілік
еткен (бірақ ну орманда емес) де қорек таңдамай,
алақандарына сүйеніп ағаш бұтақтарында төрт аяқтарымен
жорғалап жүрсе, ал жерде екі аяқтарымен жүрді.
Жыныстық диморфизмнің және кіші азу тістерінің болмауы
топішілік жанжалдың төмен болғанын дәлелдейді. Зерттеу
мәліметтері бұрын ойлағандай біздің ата-тегіміз
шимпанзеге қатты ұқсамаған екенін көрсетті.
2 слайд
Әлемдік ғылыми жаңалық • Science журналының жарыққа шыққан арнайы нөмірінде, Эфиопияның солтүстік-шығысында бұдан 4,4 млн жыл бұрын тіршілік еткен екі аяқты маймыл – ардипитектің сүйектерін жан-жақты зерттеген ғылыми зерттеудің нәтижесі жарияланды. Жаңа мәліметтер ардипитекті адам мен шимпанзенің (бұдан 7 млн жыл бұрын өмір сүрген) және 4 млн жыл бұрын пайда болған астралопитектердің ортақ ата-тегіндегі өтпелі буын екенін сеніммен айтуға мүмкіндік береді. Ардипитек орманды жерлерде тіршілік еткен (бірақ ну орманда емес) де қорек таңдамай, алақандарына сүйеніп ағаш бұтақтарында төрт аяқтарымен жорғалап жүрсе, ал жерде екі аяқтарымен жүрді. Жыныстық диморфизмнің және кіші азу тістерінің болмауы топішілік жанжалдың төмен болғанын дәлелдейді. Зерттеу мәліметтері бұрын ойлағандай біздің ата-тегіміз шимпанзеге қатты ұқсамаған екенін көрсетті.
#3 слайд
•Ardipithecus ramidus
түрі бірнеше тісі мен
жақ бөліктері
бойынша 1994 жылы
сипатталған. Кейінгі
жылдары
ардипитектің сүйек
қалдықтары біршама
толықты, қазір
олардың саны 109-ға
жеткен. Ең сәтті
табылғаны
ғалымдардың
2009 жылы 1қазанда
журналистермен
өткізген баспасөз-
конференциясында
«Арди» деп
таныстырған аналық
особь қаңқасының
үлкен бөлігі.
•“АРДИДІҢ” ҚАҢҚАСЫ
3 слайд
•Ardipithecus ramidus түрі бірнеше тісі мен жақ бөліктері бойынша 1994 жылы сипатталған. Кейінгі жылдары ардипитектің сүйек қалдықтары біршама толықты, қазір олардың саны 109-ға жеткен. Ең сәтті табылғаны ғалымдардың 2009 жылы 1қазанда журналистермен өткізген баспасөз- конференциясында «Арди» деп таныстырған аналық особь қаңқасының үлкен бөлігі. •“АРДИДІҢ” ҚАҢҚАСЫ
#4 слайд
•Осы уақытқа дейін адам тәрізділердең жете
зерттелгені – ежелгі афар австралопитегі (шамамен
3,0–3,7 млн жыл бұрын ) болып саналған (қараңыз:
Дональд Джохансон, Мэйтленд Иди.
«Люси: истоки рода человеческого»;
«Дочка Люси» ходила как человек, а лазила по дерев
ьям и думала как обезьяна
, «Элементы», 26.09.2006). Ғылымда белгілі ежелгі
түрлер (ертерек пайда болу ретімен : Australopithecus
anamensis, Ardipithecus ramidus, Ardipithecus kadabba,
Orrorin tugenensis, Sahelanthropus chadensis)
табылған бөлшектелген материалдар негізінде
зерттелген болатын. Осыған сәйкес олардың
құрылысы, тіршілігі және эволюциясы да үзінді
түрінде және нақты емес болған еді. Енді «ең ежелгі
адам тәрізділерден жақсы зерттелген» құрметті
атағы салтанатты түрде Люсиден Ардиге көшті .
4 слайд
•Осы уақытқа дейін адам тәрізділердең жете зерттелгені – ежелгі афар австралопитегі (шамамен 3,0–3,7 млн жыл бұрын ) болып саналған (қараңыз: Дональд Джохансон, Мэйтленд Иди. «Люси: истоки рода человеческого»; «Дочка Люси» ходила как человек, а лазила по дерев ьям и думала как обезьяна , «Элементы», 26.09.2006). Ғылымда белгілі ежелгі түрлер (ертерек пайда болу ретімен : Australopithecus anamensis, Ardipithecus ramidus, Ardipithecus kadabba, Orrorin tugenensis, Sahelanthropus chadensis) табылған бөлшектелген материалдар негізінде зерттелген болатын. Осыған сәйкес олардың құрылысы, тіршілігі және эволюциясы да үзінді түрінде және нақты емес болған еді. Енді «ең ежелгі адам тәрізділерден жақсы зерттелген» құрметті атағы салтанатты түрде Люсиден Ардиге көшті .
#5 слайд
5 слайд
#6 слайд
•3. Бас сүйек және тістері.
Ардидің бас сүйегі
сахелантроптың бас сүйегіне өте
ұқсас. Екі түрге де тән кішкентай
көлемді ми (300–350 куб. см), алға
жылжып кеткен үлкен желке
қуысы (яғни омыртқажотасы бас
сүйегіне арт жағынан емес
төменгі жағынан бекінген, бұл
олардың екі аяқпен жүргенін
көрсетеді), сондай-ақ шимпанзе
мен гориллаға қарағанда нашар
дамыған азу және кіші азу тістері.
•Ардипитектің тістері жеуге
жарамды нәрселердің
барлығына жарамды болған.
Барлық белгілердің жиынтығы
(тістердің мөлшері, олардың
пішіні, эмальдің қалыңдығы,
тістің үстіңгі беттеріндегі
микроскопиялық сызықтар, т.б.)
ардипитектердің қандай да бір
тағамға, мысалы, шимпанзе
сияқты көкөніске немесе горилла
сияқты жапырақтарға
маманданбағанын дәлелдейді.
Шамасы ардипитектер ағашта да
жердегі сияқты қоректене берген,
олардың қоректері қатты
болмаған.
БАС СҮЙЕКТЕРІ
Ардипитек бас сүйегі (суретте сол
жақта) және шимпанзе.
6 слайд
•3. Бас сүйек және тістері. Ардидің бас сүйегі сахелантроптың бас сүйегіне өте ұқсас. Екі түрге де тән кішкентай көлемді ми (300–350 куб. см), алға жылжып кеткен үлкен желке қуысы (яғни омыртқажотасы бас сүйегіне арт жағынан емес төменгі жағынан бекінген, бұл олардың екі аяқпен жүргенін көрсетеді), сондай-ақ шимпанзе мен гориллаға қарағанда нашар дамыған азу және кіші азу тістері. •Ардипитектің тістері жеуге жарамды нәрселердің барлығына жарамды болған. Барлық белгілердің жиынтығы (тістердің мөлшері, олардың пішіні, эмальдің қалыңдығы, тістің үстіңгі беттеріндегі микроскопиялық сызықтар, т.б.) ардипитектердің қандай да бір тағамға, мысалы, шимпанзе сияқты көкөніске немесе горилла сияқты жапырақтарға маманданбағанын дәлелдейді. Шамасы ардипитектер ағашта да жердегі сияқты қоректене берген, олардың қоректері қатты болмаған. БАС СҮЙЕКТЕРІ Ардипитек бас сүйегі (суретте сол жақта) және шимпанзе.
#7 слайд
ТІСТЕРІ
•Адамның (сол жағында), ардипитектің (ортада)және шимпанзенің тістері (оң жақта).
•Төменде қаңқаны алғашқы бояудан соң: түстер эмальдің қалыңдығын көрстеді:
қызыл -қалың эмаль (5 мм шамасында), көк - жұқа эмаль (0,5 мм)
7 слайд
ТІСТЕРІ •Адамның (сол жағында), ардипитектің (ортада)және шимпанзенің тістері (оң жақта). •Төменде қаңқаны алғашқы бояудан соң: түстер эмальдің қалыңдығын көрстеді: қызыл -қалың эмаль (5 мм шамасында), көк - жұқа эмаль (0,5 мм)
#8 слайд
Дене мөлшері
•. Ардидің бойы шамамен 120 см,
салмағы — 50 кг жуық. Ардипитектердің
аталықтарымен аналықтары мөлшері
бойынша бір-бірінен аса
ерекшеленбеді. Дене мөлшері бойынша
ең әлсіз жыныстық диморфизм қазіргі
шимпанзе мен бонобоғаға тән. Ал
гориллада керісінше, әдетте полигамды
және гаремді жүйені байланыстыратын
диморфизм күшті байқалады.
8 слайд
Дене мөлшері •. Ардидің бойы шамамен 120 см, салмағы — 50 кг жуық. Ардипитектердің аталықтарымен аналықтары мөлшері бойынша бір-бірінен аса ерекшеленбеді. Дене мөлшері бойынша ең әлсіз жыныстық диморфизм қазіргі шимпанзе мен бонобоғаға тән. Ал гориллада керісінше, әдетте полигамды және гаремді жүйені байланыстыратын диморфизм күшті байқалады.
#9 слайд
Посткраниальды қаңқа
• Арди Люси мен оның туыстары – австралопитектер сияқты аса сенімді
болмаса да жерде екі аяғымен қозғалған. Ардиде ағаштарда жақсы
өрмелеудің арнайы бейімділіктері сақталған.Осыған орай Ардидің жамбас
және аяқ құрылысында қарапайым ( ағашқа өрмелеуге бағытталған
«маймылдық») жәнежетілген (жүруге бағытталған «адами») белгілер
сәйкестігі байқалады.
Жамбас сүйектерінің құрылысы солдан оңға қарай: адам, Люси, арди, шимпанзе
9 слайд
Посткраниальды қаңқа • Арди Люси мен оның туыстары – австралопитектер сияқты аса сенімді болмаса да жерде екі аяғымен қозғалған. Ардиде ағаштарда жақсы өрмелеудің арнайы бейімділіктері сақталған.Осыған орай Ардидің жамбас және аяқ құрылысында қарапайым ( ағашқа өрмелеуге бағытталған «маймылдық») жәнежетілген (жүруге бағытталған «адами») белгілер сәйкестігі байқалады. Жамбас сүйектерінің құрылысы солдан оңға қарай: адам, Люси, арди, шимпанзе
#10 слайд
ҚОЛ СҮЙЕКТЕРІ
•Ардидің қол сүйектері өте күшті сақталған (Люсидің қол
сүйектерімен салыстырғанда). Оларды зерттеу маңызды
эволюциалық қорытындылар жасауға мүмкіндік берді. Осы
уақытқа дейін адамның ата-тектері шимпанзе мен горилла
сияқты қол саусақтарының сүйектеріне сүйеніп жүрген деп
есептелген. Қозғалудың бұл өзіндік әдісі тек африкалық адам
тәрізді маймылдарға тән, былайша айтқанда маймылдар
жүргенде алақанына сүйенеді. Бірақ Арди қолының сүйуктерінде
мұндай арнайы белгілер болмады. Ардипитектің сүйектері
шимпанзе мен гориллаға қарағанда анагұрлым иілімді және
қозғалғыш болды, түтас белгілерімен адамдікіне ұқсас.
•Ардипитектің қолдары оған алақанына сүйеніп ағаштардың
бұтақтарымен жүруге мүмкіндік берді, сондай-ақ құрал-
саймандар ұстауға бейім болды. Сондықтан да біздің ата-
тектеріміздің ары-қарайғы эволюциясында өздерінің қолдарын
«жасап алу» қиынға түскен жоқ.
10 слайд
ҚОЛ СҮЙЕКТЕРІ •Ардидің қол сүйектері өте күшті сақталған (Люсидің қол сүйектерімен салыстырғанда). Оларды зерттеу маңызды эволюциалық қорытындылар жасауға мүмкіндік берді. Осы уақытқа дейін адамның ата-тектері шимпанзе мен горилла сияқты қол саусақтарының сүйектеріне сүйеніп жүрген деп есептелген. Қозғалудың бұл өзіндік әдісі тек африкалық адам тәрізді маймылдарға тән, былайша айтқанда маймылдар жүргенде алақанына сүйенеді. Бірақ Арди қолының сүйуктерінде мұндай арнайы белгілер болмады. Ардипитектің сүйектері шимпанзе мен гориллаға қарағанда анагұрлым иілімді және қозғалғыш болды, түтас белгілерімен адамдікіне ұқсас. •Ардипитектің қолдары оған алақанына сүйеніп ағаштардың бұтақтарымен жүруге мүмкіндік берді, сондай-ақ құрал- саймандар ұстауға бейім болды. Сондықтан да біздің ата- тектеріміздің ары-қарайғы эволюциясында өздерінің қолдарын «жасап алу» қиынға түскен жоқ.
#11 слайд
11 слайд
#12 слайд
Қазіргі адамтәрізді маймылдардың табаны бұтақтарға өрмелеуге
және оны ұстауға бейімделген, олар өте иілімді және жерде жүруге
нашар бейімделген. Солдан оңға қарай: шимпанзе ағашқа өрмелеп
барады; жоғарыдағы оң жақта шимпанзе мен адамның табандары. Ал
ардипитектерде табандары бұтақты ұстауға да, жерде жүруге де
жақсы бейімделген.
12 слайд
Қазіргі адамтәрізді маймылдардың табаны бұтақтарға өрмелеуге және оны ұстауға бейімделген, олар өте иілімді және жерде жүруге нашар бейімделген. Солдан оңға қарай: шимпанзе ағашқа өрмелеп барады; жоғарыдағы оң жақта шимпанзе мен адамның табандары. Ал ардипитектерде табандары бұтақты ұстауға да, жерде жүруге де жақсы бейімделген.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген