Ашық сабақ Ахмет Байтұрсынов "Балаларды оқуға шақыру" өлеңі
Ашық сабақ Ахмет Байтұрсынов "Балаларды оқуға шақыру" өлеңі

#1 слайд
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ
IV. Сабақты бекіту.
V. Үйге тапсырма беру.
VI.Бағалау.
1 слайд
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. ІІІ. Жаңа сабақ IV. Сабақты бекіту. V. Үйге тапсырма беру. VI.Бағалау.
#2 слайд
І. Үй тапсырмасын сұрау
Абай Құнанбаев «Қыс», «Жаз» жатқа айту
Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы
топтар бір-біріне сұрақтар жазады
2 слайд
І. Үй тапсырмасын сұрау Абай Құнанбаев «Қыс», «Жаз» жатқа айту Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы топтар бір-біріне сұрақтар жазады
#3 слайд
Абай
Құнанбаев
1845-1904
3 слайд
Абай Құнанбаев 1845-1904
#4 слайд
АХМЕТ
БАЙТҰРСЫНҰЛЫ
(1873-1938)
Ақын,
аудармашы
ғалым
4 слайд
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ (1873-1938) Ақын, аудармашы ғалым
#5 слайд
Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы 18
қаңтарда қазіргі Қостанай облысының
Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде
дүниеге келеді. Табиғатынан зерек әрі
талапты бала Ахмет 1882-1884 жылдары
көзі ашық ауыл адамдарынан сауатын
ашып, хат таниды да, кейін жақын
маңдағы ауыл мектебінде оқиды. 1886-
1891 жылдары Торғай қаласындағы екі
сыныпты орысша-қазақша училищеде,
1891-1895 жылдары Орынбордағы
мұғалімдер даярлайтын мектепте білім
алады.
5 слайд
Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы 18 қаңтарда қазіргі Қостанай облысының Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде дүниеге келеді. Табиғатынан зерек әрі талапты бала Ахмет 1882-1884 жылдары көзі ашық ауыл адамдарынан сауатын ашып, хат таниды да, кейін жақын маңдағы ауыл мектебінде оқиды. 1886- 1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныпты орысша-қазақша училищеде, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте білім алады.
#6 слайд
Ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсын ұлының
артында аса мол әдеби, ғылыми еңбектер
қалды. Ол өз заманында әрі ақын, әрі
аудармашы, әрі ғалым ретінде танылды.
Ахметтің 1909 жылы Петербур г қаласында
"Қырық мысал" деген атпен жарық көрге н
алғашқы кітабына негізінен орыс мысалшысы
И.Крыловтан аударған аударма мысалдар
жинақталды. Бұрын мысал арқылы тұспалдап
айтылған ойларын Ахмет 1911 жылы Орынбор
қаласында шыққан "Маса" атты өлеңдер
жинағында өз сөзімен ашықтан-ашы қ жария
етті.
6 слайд
Ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсын ұлының артында аса мол әдеби, ғылыми еңбектер қалды. Ол өз заманында әрі ақын, әрі аудармашы, әрі ғалым ретінде танылды. Ахметтің 1909 жылы Петербур г қаласында "Қырық мысал" деген атпен жарық көрге н алғашқы кітабына негізінен орыс мысалшысы И.Крыловтан аударған аударма мысалдар жинақталды. Бұрын мысал арқылы тұспалдап айтылған ойларын Ахмет 1911 жылы Орынбор қаласында шыққан "Маса" атты өлеңдер жинағында өз сөзімен ашықтан-ашы қ жария етті.
#7 слайд
Кеңес өкіметі тұсындағы коммунистік идеология
аласапыранының салдарынан 1929 жылы жазықсыз
ұсталып, ұзақ уақыт түрме мен лагерь азабын тартқан
Ахмет, 1936 жылы елге қайтып оралғанымен, 1937
жылы қайта тұтқындалып, 1938 жылы атылады.
Алаш қозғалысының көсемі ретінде "халық жауы" деп
атылған А.Байтұрсыновтың есімі де, шығармалары да
көпке дейін жұртшылық үшін жабық болды. Тек
тәуелсіз Қазақстан жағдайында ғана ақынның
шығармалары жарық көрді, мұралары зерттеле
бастады. 1988 жылы ақталғаннан кейін
А.Байтұрсынұлы шығармаларының жина ғы (1989), "Ақ
жол" кітабы (1991) жарық көрді.
7 слайд
Кеңес өкіметі тұсындағы коммунистік идеология аласапыранының салдарынан 1929 жылы жазықсыз ұсталып, ұзақ уақыт түрме мен лагерь азабын тартқан Ахмет, 1936 жылы елге қайтып оралғанымен, 1937 жылы қайта тұтқындалып, 1938 жылы атылады. Алаш қозғалысының көсемі ретінде "халық жауы" деп атылған А.Байтұрсыновтың есімі де, шығармалары да көпке дейін жұртшылық үшін жабық болды. Тек тәуелсіз Қазақстан жағдайында ғана ақынның шығармалары жарық көрді, мұралары зерттеле бастады. 1988 жылы ақталғаннан кейін А.Байтұрсынұлы шығармаларының жина ғы (1989), "Ақ жол" кітабы (1991) жарық көрді.
#8 слайд
Оқуға шақыру
Балалар! Оқүға бар! Жатпа қарап!
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!
Шақырды тауық мана әлдеқашан,
Қарап тұр терезеден күн жылтырап.
Адам да, үшқан құс та, жүрген аң да,
Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да.
Кішкене қоңыз да жүр жүгін сүйреп,
Барады аралар да ұшып балға.
Күн ашық, тоғайлар шат, ың-жың орман,
Оянып жан-мақүлық түнде қонған,
Шығады тоқылдақтың тоқ-тоқ даусы;
Сайрағы сарғалдақтың сыңғырлаған.
Өзенде балықшылар ау қарап жүр,
Тоғайда орақ даусы шаң-шұң орған.
«Аллалап», ал кітапты қолдарыңа!
Кұлдарын Құдай сүймес жалқау болған.
8 слайд
Оқуға шақыру Балалар! Оқүға бар! Жатпа қарап! Жуынып, киініңдер шапшаңырақ! Шақырды тауық мана әлдеқашан, Қарап тұр терезеден күн жылтырап. Адам да, үшқан құс та, жүрген аң да, Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да. Кішкене қоңыз да жүр жүгін сүйреп, Барады аралар да ұшып балға. Күн ашық, тоғайлар шат, ың-жың орман, Оянып жан-мақүлық түнде қонған, Шығады тоқылдақтың тоқ-тоқ даусы; Сайрағы сарғалдақтың сыңғырлаған. Өзенде балықшылар ау қарап жүр, Тоғайда орақ даусы шаң-шұң орған. «Аллалап», ал кітапты қолдарыңа! Кұлдарын Құдай сүймес жалқау болған.
#9 слайд
Сұрақ-жауап
Ақын өлеңі кімдерге арналған?
Ахмет аталарын балаларды қандай
болуға шақырады?
«Жұмыссыз тек тұрған жоқ, ешбір
жан да» деген жолын қалай
түсінесіңдер?
9 слайд
Сұрақ-жауап Ақын өлеңі кімдерге арналған? Ахмет аталарын балаларды қандай болуға шақырады? «Жұмыссыз тек тұрған жоқ, ешбір жан да» деген жолын қалай түсінесіңдер?
#10 слайд
Топтарға постер жасату
1 – топ «Балаларды оқуға
шақыру» өлеңі бойынша
2 – топ Ахмет
Байтұрсынұлының өмірі мен
шығармашылығы туралы
10 слайд
Топтарға постер жасату 1 – топ «Балаларды оқуға шақыру» өлеңі бойынша 2 – топ Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы
#11 слайд
IV. Сабақты бекіту.
Өлеңге сатылай кешенді
талдау жүргізу
11 слайд
IV. Сабақты бекіту. Өлеңге сатылай кешенді талдау жүргізу
#12 слайд
«Балаларды оқуға
шақыру» өлеңі
12 слайд
«Балаларды оқуға шақыру» өлеңі
#13 слайд
1. Авторы-
13 слайд
1. Авторы-
#14 слайд
А.Байтұрсынов.
Қазақтың тұңғыш тіл
білімі негізін қалаушы
ғалым,
публицист,аудармашы,
мысалшы,саясаткер.
14 слайд
А.Байтұрсынов. Қазақтың тұңғыш тіл білімі негізін қалаушы ғалым, публицист,аудармашы, мысалшы,саясаткер.
#15 слайд
2.Тақырыбы-
15 слайд
2.Тақырыбы-
#16 слайд
Тақырып –бұл өнер
туындысының
іргетасы. Бұл өлеңнің
тақырыбы-
балаларды оқуға,
білімге шақыру.
16 слайд
Тақырып –бұл өнер туындысының іргетасы. Бұл өлеңнің тақырыбы- балаларды оқуға, білімге шақыру.
#17 слайд
3.Жанр түрі-
17 слайд
3.Жанр түрі-
#18 слайд
поэзия (өлең) Өлең
дегеніміз- белгілі бір
өлшеммен қиыннан
қиыстырылып,үйлесімді
ырғақпен ұйқасып
келетін өрнекті сөз
жүйесі.
18 слайд
поэзия (өлең) Өлең дегеніміз- белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырылып,үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі.
#19 слайд
4.Идеясы-
19 слайд
4.Идеясы-
#20 слайд
Балаларды оқу-білімге шақырып, халқына пайдасы
тиетін, адал қызмет ететін адам болып қалыптасуға
үндейді. Идея дегеніміз- автор тақырып арқылы өмір
шындығын суреттегенде оны өз көзқарасы, өз
дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Сол арқылы
өзінің арман-мақсатын,қиялын білдіреді.
20 слайд
Балаларды оқу-білімге шақырып, халқына пайдасы тиетін, адал қызмет ететін адам болып қалыптасуға үндейді. Идея дегеніміз- автор тақырып арқылы өмір шындығын суреттегенде оны өз көзқарасы, өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Сол арқылы өзінің арман-мақсатын,қиялын білдіреді.
#21 слайд
5.Шумақ-
21 слайд
5.Шумақ-
#22 слайд
аяқталған синтаксистік
біртұтас ой. 4 шумақты
22 слайд
аяқталған синтаксистік біртұтас ой. 4 шумақты
#23 слайд
6.Тармақ-
23 слайд
6.Тармақ-
#24 слайд
өлеңнің әр жолы. 16
тармақты
24 слайд
өлеңнің әр жолы. 16 тармақты
#25 слайд
7.Бунақ-
25 слайд
7.Бунақ-
#26 слайд
белгілі дауыс ырғағымен
бөлінуі. 3 бунақты
26 слайд
белгілі дауыс ырғағымен бөлінуі. 3 бунақты
#27 слайд
8.Буын саны-
27 слайд
8.Буын саны-
#28 слайд
дауысты дыбысқа
байланысты. 11 буынды.
28 слайд
дауысты дыбысқа байланысты. 11 буынды.
#29 слайд
9.Ұйқас түрі-
29 слайд
9.Ұйқас түрі-
#30 слайд
қара өлең ұйқасы (а-а-б-а)
Ұйқас-өлең мазмұнымен
тамырлас келіп, оған ерекше
саз, әуен беретін өлең
тармақтарындағы сөздер
үндестігі.
30 слайд
қара өлең ұйқасы (а-а-б-а) Ұйқас-өлең мазмұнымен тамырлас келіп, оған ерекше саз, әуен беретін өлең тармақтарындағы сөздер үндестігі.
#31 слайд
Өлең адамгершілікке
үндеп, адал еңбек, қызмет
етуге, шақырады. Жаман
әдеттерден, жамандардан
бойды аулақ ұстауға
шақырады.
31 слайд
Өлең адамгершілікке үндеп, адал еңбек, қызмет етуге, шақырады. Жаман әдеттерден, жамандардан бойды аулақ ұстауға шақырады.
#32 слайд
VI.Бағалау.
Көшбасшылар тобындағы оқушыларды
бағалайды
ЖҚКҚ – әдісі бойынша кері байланыс орнату
Ж – жаңалық
Қ – қызықты
К – кедергі
Қ - қорытынды
32 слайд
VI.Бағалау. Көшбасшылар тобындағы оқушыларды бағалайды ЖҚКҚ – әдісі бойынша кері байланыс орнату Ж – жаңалық Қ – қызықты К – кедергі Қ - қорытынды
#33 слайд
V. Үйге тапсырма
беру.
Өлеңді жаттау. Ақынның
ақыл-кеңесін қарасөзбен
жазып келу.
33 слайд
V. Үйге тапсырма беру. Өлеңді жаттау. Ақынның ақыл-кеңесін қарасөзбен жазып келу.
шағым қалдыра аласыз













