Ашық сабақ "Мен өзімді танимын"

#1 слайд
Тақырып: Мен өзімді
танимын.
1 слайд
Тақырып: Мен өзімді танимын.
#2 слайд
Құндылық: Ақиқат
Қасиеттер: білім іздеу, шыншылдық, өз-
өзіне адал болу
2 слайд
Құндылық: Ақиқат Қасиеттер: білім іздеу, шыншылдық, өз- өзіне адал болу
#3 слайд
Сабақтың мақсаты: оқушыларға өзін тани білудің
маңыздылығын түсіндіре отырып, ақиқат құндылығының
мәнін ашу
Білімділік: оқушыларға білім іздеудің маңыздылығын
түсіндіру
Дамытушылық: оқушылардағы шыншылдық
қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды өз – өзіне адал болуға
тәрбиелеу
3 слайд
Сабақтың мақсаты: оқушыларға өзін тани білудің маңыздылығын түсіндіре отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу Білімділік: оқушыларға білім іздеудің маңыздылығын түсіндіру Дамытушылық: оқушылардағы шыншылдық қасиеттерін дамыту. Тәрбиелік: оқушыларды өз – өзіне адал болуға тәрбиелеу
#4 слайд
4 слайд
#5 слайд
Жағымды күйге келу.
«Нұрға бөлену»
5 слайд
Жағымды күйге келу. «Нұрға бөлену»
#6 слайд
Сабақтың дәйексөзі.
«Өзіңді өзің танысаң – істің басы»
Шәкәрім Құдайбердіұлы
(Дәйексөзді бірінші кезекте ұл балалар қайталап оқиды. Содан
соң қыз балалар қайталап айтады)
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) – ақын, жазушы, философ,
тарихшы, композитор. Ш. Құдайбердіұлы қазіргі Семей
облысында 1858 жылы, 11 шілде күні дүниеге келеді.
Сұрақтар:
1. Өзіңді өзің тану деген не?
2. «Өзіңді өзің танысаң – істің басы» дегенді қалай түсінесің?
3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?
6 слайд
Сабақтың дәйексөзі. «Өзіңді өзің танысаң – істің басы» Шәкәрім Құдайбердіұлы (Дәйексөзді бірінші кезекте ұл балалар қайталап оқиды. Содан соң қыз балалар қайталап айтады) Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) – ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Ш. Құдайбердіұлы қазіргі Семей облысында 1858 жылы, 11 шілде күні дүниеге келеді. Сұрақтар: 1. Өзіңді өзің тану деген не? 2. «Өзіңді өзің танысаң – істің басы» дегенді қалай түсінесің? 3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?
#7 слайд
Мұғалім сыйы
Жалпыадамзаттық құндылықтар барлық адами қасиеттердің өзегі болып
табылады.
Құндылықтар – адам үшін аса маңызды заттар, құбылыстар, қасиеттер
мен жай-күйлер.
Құндылықтар:
Ақиқат
Сүйіспеншілік
Дұрыс әрекет
Ішкі тыныштық
Қиянат жасамау
Ақиқат – бұл өзгермейтін, өмірдің негізгі қағидасы: барлық
жаратылыстан өтетін рухани бастау, барлық жаратылысқа тән, бірыңғай
мән. Ол уақытқа: өткенге, бүгінге және болашаққа тәуелді емес.
Дұрыс – әрекет – бұл борыш пен жауакершілікке, ішкі ар – ұждан
дауысына сәйкес мінез – құлық.
Сүйіспеншілік – бұл таза, риясыз және шүбәсіз сүйіспеншілік, өмірге
тірек болатын жасампаз қуат.
Ішкі тыныштық – ақылдың толықтай тынышталуы, адамның терең
табиғаты.
Қиянат жасамау – ешкімге оймен, сөзбен, әрекетпен қиянат жасамау.
Өз бойында адамгершілік құндылықтарды дамытудың өзі білім болып
саналады. Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік, Қиянат
жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез
келген адам, осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал
ниетпен және ақ пейілмен таратса, сол адамды нағыз КЕМЕЛ АДАМ
деп атауға болады.
7 слайд
Мұғалім сыйы Жалпыадамзаттық құндылықтар барлық адами қасиеттердің өзегі болып табылады. Құндылықтар – адам үшін аса маңызды заттар, құбылыстар, қасиеттер мен жай-күйлер. Құндылықтар: Ақиқат Сүйіспеншілік Дұрыс әрекет Ішкі тыныштық Қиянат жасамау Ақиқат – бұл өзгермейтін, өмірдің негізгі қағидасы: барлық жаратылыстан өтетін рухани бастау, барлық жаратылысқа тән, бірыңғай мән. Ол уақытқа: өткенге, бүгінге және болашаққа тәуелді емес. Дұрыс – әрекет – бұл борыш пен жауакершілікке, ішкі ар – ұждан дауысына сәйкес мінез – құлық. Сүйіспеншілік – бұл таза, риясыз және шүбәсіз сүйіспеншілік, өмірге тірек болатын жасампаз қуат. Ішкі тыныштық – ақылдың толықтай тынышталуы, адамның терең табиғаты. Қиянат жасамау – ешкімге оймен, сөзбен, әрекетпен қиянат жасамау. Өз бойында адамгершілік құндылықтарды дамытудың өзі білім болып саналады. Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік, Қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез келген адам, осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ пейілмен таратса, сол адамды нағыз КЕМЕЛ АДАМ деп атауға болады.
#8 слайд
Сұрақтар:
1. Жалпыадамзаттық құндылықтар дегеніміз не екен?
2. Ақиқат дегенміз не?
3. Риясыз сүйіспеншілікті қалай түсіндіңіздер?
4. Дұрыс әрекет құндылығына тән әрекеттер?
5. Ішкі тыныштықтың мәні?
6. Қиянат жасамау құндылығының мәні?
8 слайд
Сұрақтар: 1. Жалпыадамзаттық құндылықтар дегеніміз не екен? 2. Ақиқат дегенміз не? 3. Риясыз сүйіспеншілікті қалай түсіндіңіздер? 4. Дұрыс әрекет құндылығына тән әрекеттер? 5. Ішкі тыныштықтың мәні? 6. Қиянат жасамау құндылығының мәні?
#9 слайд
Шығармашылық жұмыс.
Оқушылар 3 топқа бөлінеді:
1 – топ: «Әділдік»
2 – топ: «Ақиқат»
3 – топ: «Шыншылдық»
Тапсырма: «Шындық шыңы -
ақиқат» тақырыбында жоба қорғау.
(нақыл сөздер, өлең, сурет)
9 слайд
Шығармашылық жұмыс. Оқушылар 3 топқа бөлінеді: 1 – топ: «Әділдік» 2 – топ: «Ақиқат» 3 – топ: «Шыншылдық» Тапсырма: «Шындық шыңы - ақиқат» тақырыбында жоба қорғау. (нақыл сөздер, өлең, сурет)
#10 слайд
«Көңілді күн».
Әні:
Ұ.Жолдасовтікі
Сөзі: А.Дүйсенбі
1. Теріп едік жемісін сезім бақтың,
Сыйластықтың алауын өзің жақтың.
Сенің думан тойыңның әнін естіп,
Есігіңді шыдамай өзім қақтым.
Қайырмасы:
Бүгін қандай тамаша
Көңілді күн 3-рет
Сені қуанышыңмен құттықтаймын
Бақытты бол, жан досым!
2. Бір тамаша отырдың өмірге еніп,
Жүзің бал бұл жадырап көңілденіп.
Есігіңнен мен кіріп келгенімде
Қуандың ау балаша мені көріп.
Қайырмасы:
Бүгін қандай тамаша
Көңілді күн 3-рет
Сені қуанышыңмен құттықтаймын
Бақытты бол, жан досым!
10 слайд
«Көңілді күн». Әні: Ұ.Жолдасовтікі Сөзі: А.Дүйсенбі 1. Теріп едік жемісін сезім бақтың, Сыйластықтың алауын өзің жақтың. Сенің думан тойыңның әнін естіп, Есігіңді шыдамай өзім қақтым. Қайырмасы: Бүгін қандай тамаша Көңілді күн 3-рет Сені қуанышыңмен құттықтаймын Бақытты бол, жан досым! 2. Бір тамаша отырдың өмірге еніп, Жүзің бал бұл жадырап көңілденіп. Есігіңнен мен кіріп келгенімде Қуандың ау балаша мені көріп. Қайырмасы: Бүгін қандай тамаша Көңілді күн 3-рет Сені қуанышыңмен құттықтаймын Бақытты бол, жан досым!
#11 слайд
Үйге тапсырма.
1. №1 - сабақ. Суреттерді боя. Суреттің бірін таңдап, ондағы іс-әрекетті сипаттап жаз.
2. Келесі сабақ. №2, Василий Сухомлинский «Сенің өзің» әңгімесін оқып келу.
11 слайд
Үйге тапсырма. 1. №1 - сабақ. Суреттерді боя. Суреттің бірін таңдап, ондағы іс-әрекетті сипаттап жаз. 2. Келесі сабақ. №2, Василий Сухомлинский «Сенің өзің» әңгімесін оқып келу.
#12 слайд
Сабақтың қорытынды сәті.
Тыныс алуға зейін қою.
Баяу музыка қойылады.
Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды
өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін
қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде
тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде
өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.
Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды
тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...
Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3].
Рахмет!
Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге
сақтайық.
12 слайд
Сабақтың қорытынды сәті. Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет! Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген