1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Өнеге отбасыдан 3 сынып

#1 слайд
Пәні: Өзін-өзі тану
Сыныбы: 3 «А»
Сынып жетекшісі: Қаныбек Х.Ш.
Сабақтың тақырыбы: Өнеге отбасыдан
Мақсаты: Оқушылардың сыйластық, махаббат құндылықтары туралы
түсініктерін кеңейту
Міндеттері:
- отбасы жарастығы , татулығы туралы түсінік қалыптастыру
- отбасында жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту
- өзара сыйластыққа тәрбиелеу
Әдіс –тәсілдер: әңгіме , сұрақ-жауап, сахналау, шығармашылық ойын,
Көрнекі –құралдар: үнтаспа , оқулық, жүрекшенің үлгісі, слаидтар
Сабақ барысы:
Өзін-өзі тану
1 слайд
Пәні: Өзін-өзі тану Сыныбы: 3 «А» Сынып жетекшісі: Қаныбек Х.Ш. Сабақтың тақырыбы: Өнеге отбасыдан Мақсаты: Оқушылардың сыйластық, махаббат құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту Міндеттері: - отбасы жарастығы , татулығы туралы түсінік қалыптастыру - отбасында жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту - өзара сыйластыққа тәрбиелеу Әдіс –тәсілдер: әңгіме , сұрақ-жауап, сахналау, шығармашылық ойын, Көрнекі –құралдар: үнтаспа , оқулық, жүрекшенің үлгісі, слаидтар Сабақ барысы: Өзін-өзі тану
#2 слайд
Шаттық шеңбері:
-Балалар , біріміз ортаға шығып
«Шаттық шеңберін» құрайық
Шеңбер болып тұрайықжылы
жүзбен,
Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
Ендеше бізде бір –бірімізге
күлімсіреп, бүгінгі күніміз көңілді өту
үшін өзімізге көтеріңкі көңіл тілейік!
2 слайд
Шаттық шеңбері: -Балалар , біріміз ортаға шығып «Шаттық шеңберін» құрайық Шеңбер болып тұрайықжылы жүзбен, Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз Үлгі алсын көрген жан мына бізден. Ендеше бізде бір –бірімізге күлімсіреп, бүгінгі күніміз көңілді өту үшін өзімізге көтеріңкі көңіл тілейік!
#3 слайд
Әңгімелесу:
- Балалар , біз бүгін сендермен «Отбасы жарастығы» жайлы
әңгіме қозғаймыз.
- Отбасы дегеніміз не?
- Отбасы дегеніміз бір үйде тұратын ең жақсы туыс адамдар.
Ол адамдарды отбасы мүшелері дейміз.
- Сен отбасында кімсің?
- Мен отбасының мүшесімін , әкеммен анамның баласымын,
атаммен әжемнің енемересімін.
-Отбасы мүшелері бір – бірімен қандай қарым –қатынас
жасайды?
- Әңгімелеседі, бір –бірін сыйлайды, балалар үлкенді
тыңдайды, бірге демалады.
-Отбасында қандай жағымды жақсы сөздер айтылады?
- Рахмет қайырлы күн, ас дәмді болсын, жолыңыз болсын,
көріскенше , кешіріңіз.
- Иә, дұрыс айтасыңдар балалар , бір шаңырақ астында
тұратындардың бір- біріне сыйластығы , махаббаты,
бауырмалдығы , бір –бірімен ынтымағы татулығы , бірлігі
отбасы жарастығын құрайды.
3 слайд
Әңгімелесу: - Балалар , біз бүгін сендермен «Отбасы жарастығы» жайлы әңгіме қозғаймыз. - Отбасы дегеніміз не? - Отбасы дегеніміз бір үйде тұратын ең жақсы туыс адамдар. Ол адамдарды отбасы мүшелері дейміз. - Сен отбасында кімсің? - Мен отбасының мүшесімін , әкеммен анамның баласымын, атаммен әжемнің енемересімін. -Отбасы мүшелері бір – бірімен қандай қарым –қатынас жасайды? - Әңгімелеседі, бір –бірін сыйлайды, балалар үлкенді тыңдайды, бірге демалады. -Отбасында қандай жағымды жақсы сөздер айтылады? - Рахмет қайырлы күн, ас дәмді болсын, жолыңыз болсын, көріскенше , кешіріңіз. - Иә, дұрыс айтасыңдар балалар , бір шаңырақ астында тұратындардың бір- біріне сыйластығы , махаббаты, бауырмалдығы , бір –бірімен ынтымағы татулығы , бірлігі отбасы жарастығын құрайды.
#4 слайд
Бір сәт көзімізді жұмып ,өз отбасымызды
көз алдымызға елестетеміз. Енді
әрқайсымыз өз отбасымыздағы адамдарға
жақсы тілегімізді іштей айтайық.
Көзімізді ашайық. Отбасыларыңды
елестеткен сәтте қандай жағдайда
болдыңдар?
Отбасыларыңа қандай жақсы тілек
тіледіңдер?
Тыныштық сәті
4 слайд
Бір сәт көзімізді жұмып ,өз отбасымызды көз алдымызға елестетеміз. Енді әрқайсымыз өз отбасымыздағы адамдарға жақсы тілегімізді іштей айтайық. Көзімізді ашайық. Отбасыларыңды елестеткен сәтте қандай жағдайда болдыңдар? Отбасыларыңа қандай жақсы тілек тіледіңдер? Тыныштық сәті
#5 слайд
А.Асылбеков. «Сүйіспеншілік»
1-2-3 абзацты әңгімелеу.Содан соң
сыныпқа сұрақ қою
-Сендер болсаңдар қайсысын
шақырар едіңдер?Неге?
Балалар жауаптары.
Әңгімені аяғына дейін
әңгімелеу.Сыныпқа сұрақ:
«Сүйіспеншілік бар жерде-байлық пен
сәттілік бар»-дегенді қалай
түсінесіңдер?
Балалар жауаптары
МӘТІНМЕН ЖҰМЫС.
5 слайд
А.Асылбеков. «Сүйіспеншілік» 1-2-3 абзацты әңгімелеу.Содан соң сыныпқа сұрақ қою -Сендер болсаңдар қайсысын шақырар едіңдер?Неге? Балалар жауаптары. Әңгімені аяғына дейін әңгімелеу.Сыныпқа сұрақ: «Сүйіспеншілік бар жерде-байлық пен сәттілік бар»-дегенді қалай түсінесіңдер? Балалар жауаптары МӘТІНМЕН ЖҰМЫС.
#6 слайд
Сергіту сәті
Кешірімді боламыз
Жұлдыздай боп ағамыз
Кішіпейіл боламыз
Құстай қанат қағамыз
6 слайд
Сергіту сәті Кешірімді боламыз Жұлдыздай боп ағамыз Кішіпейіл боламыз Құстай қанат қағамыз
#7 слайд
Тапсырма. Өлеңді оқып отбасыдағы өз
көмектерің туралы әңгімелеңдер.
Көмек (Е.Ашықбаев)
Таза ұстаймын үйімді
Менен жұмыс қала ма?
Ілгішке іліп киімді
Көмектесем мамама
Елгезекпін – бұл анық
Анамды мен сыйлаймын
7 слайд
Тапсырма. Өлеңді оқып отбасыдағы өз көмектерің туралы әңгімелеңдер. Көмек (Е.Ашықбаев) Таза ұстаймын үйімді Менен жұмыс қала ма? Ілгішке іліп киімді Көмектесем мамама Елгезекпін – бұл анық Анамды мен сыйлаймын
#8 слайд
«Ұяда не көрсең – ұшқанда
соны ілесің»
Отбасында баланы жақсы
тәрбиелесе ол әдепті, ақылды
азамат болып шығады.
8 слайд
«Ұяда не көрсең – ұшқанда соны ілесің» Отбасында баланы жақсы тәрбиелесе ол әдепті, ақылды азамат болып шығады.
#9 слайд
1.Қой дегенде бар, лақ дегенде жоқ,
Ойда бар, бақта жоқ
2.Рәміздің бірі
3.Еңбек құралы
4.Ең жақын адам
5.Уақытты немен білеміз?
6.Ырыс алды
ынтымақ
9 слайд
1.Қой дегенде бар, лақ дегенде жоқ, Ойда бар, бақта жоқ 2.Рәміздің бірі 3.Еңбек құралы 4.Ең жақын адам 5.Уақытты немен білеміз? 6.Ырыс алды ынтымақ
#10 слайд
Отбасы – сүйіспеншілікті
сезіне білуге үйретеді
- жақсылыққа
жетелейді
- үлкендерді
құрметтеуге , кішілерге
қамқор болуға тәрбиелейді
10 слайд
Отбасы – сүйіспеншілікті сезіне білуге үйретеді - жақсылыққа жетелейді - үлкендерді құрметтеуге , кішілерге қамқор болуға тәрбиелейді
#11 слайд
11 слайд
#12 слайд
Адамға ең қымбаты-отбасы. Отбасында сүйіспеншілік,
сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда ғана бірлік
болады. Ата-ана отбасының ұйытқысы десек, бала
отбасын берік ұстауға қажетті алтын діңгек.
Әрбір бала өз ата-анасын қадірлеп,
Отанына, туған жеріне деген
сүйіспеншілікпен қараса, болашақта
өз-өзін танумен қатар, өміріне нық
сеніммен қадам басады.
12 слайд
Адамға ең қымбаты-отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда ғана бірлік болады. Ата-ана отбасының ұйытқысы десек, бала отбасын берік ұстауға қажетті алтын діңгек. Әрбір бала өз ата-анасын қадірлеп, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілікпен қараса, болашақта өз-өзін танумен қатар, өміріне нық сеніммен қадам басады.
#13 слайд
1.Анаңа ауыр сөз айтпа,
Атаңа ауыр жүк артпа.
2.Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.
Ағайынның қыдірін жалалы болғанда білерсің.
Берілген мақалдардың жалғасын тап.
Ата – асқар ...,
Ана – бауырындағы ...
Бала- жағасындағы ...
Ата – ...
Бала- ...
Анаңды Меккеге үш арқалап барсаңда,
... құтыла алмайсың.
13 слайд
1.Анаңа ауыр сөз айтпа, Атаңа ауыр жүк артпа. 2.Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің. Ағайынның қыдірін жалалы болғанда білерсің. Берілген мақалдардың жалғасын тап. Ата – асқар ..., Ана – бауырындағы ... Бала- жағасындағы ... Ата – ... Бала- ... Анаңды Меккеге үш арқалап барсаңда, ... құтыла алмайсың.
#14 слайд
Маған да,саған да
Жақын туыс бес адам.
Үш әріптен тұратын
Оңға оқы,солға оқы
Өзгермейді еш одан
Бәріде өз жұртың,
Айтады кәне кім атын?
14 слайд
Маған да,саған да Жақын туыс бес адам. Үш әріптен тұратын Оңға оқы,солға оқы Өзгермейді еш одан Бәріде өз жұртың, Айтады кәне кім атын?
#15 слайд
Ұл-қыз ата-анасын, үлкендерді
қуанышқа бөлеп, бақытқа
кенелтсем десе, алдымен әдепті
болулары керек. Өз жұмыстарын
адал да тыңғылықты атқарса,
ата-ананың ұл-қызы болып өседі
Адал жеміске, ата-ана жеміс
ағашына ұқсайды. Жеміс
ағашын жақсы қарап
күткендей, ата-анаңды аялап
бақсаң, армандарың
орындалады.Сәби шағында олар
өзіңді қалай бағып-
қақса, қартайғанда
оларды да солай
алақанға салып, аялап
күту керек.
Ата-ананың көңілін еш
ренжітуші болма, олардың
жүрегіне қайғы түсіруші
болма.
Ата-ананың қадірін
білмеген халық
қадірін білмейді.
Ата-анасын ұмытқан
бала опасызы,
рахымсыздың
рахымсызы
Түн ұйқысын төрт
бөлген, түнде бесік
таянып, түнде шошып
оянған ананың ақ
мейірімін ерекше
бағаламасаңдар, ол-
қорлық
Кейбір тәрбиесіз, арсыз балалар ата-
анасына қарсы сөйлеп, тыңдамай
жатады. Ондай Қылықтардан аулақ
болып ана, әке, апа, қарындас
туыстарыңды сыйлап жүріңдер. Әке-
тірегің, қамқоршың, асқар тауың. Ана-
жарық дүниеге әкелуші.
15 слайд
Ұл-қыз ата-анасын, үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелтсем десе, алдымен әдепті болулары керек. Өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарса, ата-ананың ұл-қызы болып өседі Адал жеміске, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы қарап күткендей, ата-анаңды аялап бақсаң, армандарың орындалады.Сәби шағында олар өзіңді қалай бағып- қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып, аялап күту керек. Ата-ананың көңілін еш ренжітуші болма, олардың жүрегіне қайғы түсіруші болма. Ата-ананың қадірін білмеген халық қадірін білмейді. Ата-анасын ұмытқан бала опасызы, рахымсыздың рахымсызы Түн ұйқысын төрт бөлген, түнде бесік таянып, түнде шошып оянған ананың ақ мейірімін ерекше бағаламасаңдар, ол- қорлық Кейбір тәрбиесіз, арсыз балалар ата- анасына қарсы сөйлеп, тыңдамай жатады. Ондай Қылықтардан аулақ болып ана, әке, апа, қарындас туыстарыңды сыйлап жүріңдер. Әке- тірегің, қамқоршың, асқар тауың. Ана- жарық дүниеге әкелуші.
#16 слайд
1.Атаға қарап-...
Анаға қарап-...
2.Ананың көңілі балада,...
3.Ата-ананың қадірін ...
4.Атаның баласы болма ...
5.Баланың жақсысы қызық ...
6.Ұядан не көрсе,...
7.Қарағайға қарап.....
Отбасына қарап ....
Жарайсың!
16 слайд
1.Атаға қарап-... Анаға қарап-... 2.Ананың көңілі балада,... 3.Ата-ананың қадірін ... 4.Атаның баласы болма ... 5.Баланың жақсысы қызық ... 6.Ұядан не көрсе,... 7.Қарағайға қарап..... Отбасына қарап .... Жарайсың!
#17 слайд
Әлпештеп өзіңдей өсірген
Нағашы әжеңнің баласы
Төріндежалпиып көсілген
Бұл күнде жиеннің анасы Ол кім?
Аймалайды күнім деп
Мейірімді жүзі күлімдеп
Тәтті-ақ дейді немере
Бал шырындай үнің деп Ол кім?
Айтары мол ғұлама
Көп жасаған бұл адам
Әкесі ол әкеңнің
Білер оны сұраған Ол кім?
Атаңның баласы
Кей кезде таласып
Қаласың әжеге
Білгенің асады кәдеге Ол кім?
17 слайд
Әлпештеп өзіңдей өсірген Нағашы әжеңнің баласы Төріндежалпиып көсілген Бұл күнде жиеннің анасы Ол кім? Аймалайды күнім деп Мейірімді жүзі күлімдеп Тәтті-ақ дейді немере Бал шырындай үнің деп Ол кім? Айтары мол ғұлама Көп жасаған бұл адам Әкесі ол әкеңнің Білер оны сұраған Ол кім? Атаңның баласы Кей кезде таласып Қаласың әжеге Білгенің асады кәдеге Ол кім?
#18 слайд
ҚҰРМЕТ АҒАШЫ
ІЗЕТ АҒАШЫ
18 слайд
ҚҰРМЕТ АҒАШЫ ІЗЕТ АҒАШЫ
#19 слайд
Құрметтеп ата-анамды, Бәрін де жақсы көремін,
Ардақтап әпке, ағамды, Үнемі көмек беремін.
Қамқор боп сіңлі-ініме, Үлкенді сыйлау - кішілік,
Сыйлымын үлкен-кішіге. Үлгілі мінез - кісілік.
19 слайд
Құрметтеп ата-анамды, Бәрін де жақсы көремін, Ардақтап әпке, ағамды, Үнемі көмек беремін. Қамқор боп сіңлі-ініме, Үлкенді сыйлау - кішілік, Сыйлымын үлкен-кішіге. Үлгілі мінез - кісілік.
#20 слайд
20 слайд

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген