1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Рухани жаңғыру" 4 сынып

#1 слайд
Тақырыбы:
Рухани жаңғыру
жолымен
1 слайд
Тақырыбы: Рухани жаңғыру жолымен
#2 слайд
Рухани жаңғыруды сипаттау және
патриоттық сананы ынталандыратын
ұлттық құндылықтарды жаңғырту;
Оқушылардың бойында ұлттық сананы
ояту, жас ұрпақ санасына, туған
халқына деген құрмет, сүйіспеншілік,
мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық
рухты сіңіру.
Мақсаты:
2 слайд
Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту; Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру. Мақсаты:
#3 слайд
3 слайд
#4 слайд
Рухани жаңғыруда өркениеттің өрге жүзуімен
байланыстырамыз. Тарих сахнасына көз
жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне осы
«рухани жаңғыру дәлел». Көне замандағы көрікті
қалаларымыз, сән салтанатты таласқан озық
ескерткіштеріміз, мәдени мұраларымыз
бұртартпас айғақ болып табылады. Елбасымыз
рухани жаңғырудың бірнеше принциптерін
ұсынды:
Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі.
4 слайд
Рухани жаңғыруда өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз. Тарих сахнасына көз жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне осы «рухани жаңғыру дәлел». Көне замандағы көрікті қалаларымыз, сән салтанатты таласқан озық ескерткіштеріміз, мәдени мұраларымыз бұртартпас айғақ болып табылады. Елбасымыз рухани жаңғырудың бірнеше принциптерін ұсынды: Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі.
#5 слайд
5 слайд
#6 слайд
Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халық
тың өзі бәсекелік қабілетін
арттырса ғана та
бысқа жетуге мүмкіндік алады.
Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта
бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсы
на алуы.
Бұл материалдық өнім ғана емес, соны
мен бірге, білім, қызмет, зияткерлік
өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін.
Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес,
адамдарының бәсекелік қа
білетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақ
стандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие
болуы керек. Мысалы, ком
пьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мә
дени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті
алғышарттардың сана
тында.
Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және
конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни
барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы.
Бәсекелестік қабілет
6 слайд
Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халық тың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана та бысқа жетуге мүмкіндік алады. Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсы на алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, соны мен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қа білетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақ стандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, ком пьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мә дени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың сана тында. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы. Бәсекелестік қабілет
#7 слайд
7 слайд
#8 слайд
Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді
пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен
астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамда
шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық,
қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті
көрсетеді. Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға,
кәсіби тұрғыданжетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды
пайдалану – мінез-құлықтың прагматизмі деген осы.
Бұл – заманауи әлемдегі бірден-бір табысты үлгі. Ұлт немесе жеке адам нақты бір межеге
бет түзеп, соған мақсатты түрде ұмтылмаса, ертең іске аспақ түгілі, елді құрдымға
бастайтын популистік идеологиялар пайда болады.
Өкінішке қарай, тарихта тұтас ұлттардың ешқашан орындалмайтын елес
идеологияларға шырмалып, ақыры су түбіне кеткені туралы мысалдар аз емес. Өткен
ғасырдың басты үш идеологиясы – коммунизм, фашизм және либерализм біздің көз
алдымызда күйреді.
Бүгінде радикалды идеологиялар ғасыры келмеске кетті. Енді айқын, түсінікті және
болашаққа жіті көз тіккен бағдарлар керек. Адамның да, тұтас ұлттың да нақты
мақсатқа жетуін көздейтін осындай бағдарлар ғана дамудың көгіне темірқазық бола
алады. Ең бастысы, олар елдің мүмкіндіктері мен шама-шарқын мұқият ескеруге тиіс.
Яғни, реализм мен прагматизм ғана таяу онжылдықтардың ұраны болуға жарайды.
Прагматизм
8 слайд
Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді. Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыданжетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану – мінез-құлықтың прагматизмі деген осы. Бұл – заманауи әлемдегі бірден-бір табысты үлгі. Ұлт немесе жеке адам нақты бір межеге бет түзеп, соған мақсатты түрде ұмтылмаса, ертең іске аспақ түгілі, елді құрдымға бастайтын популистік идеологиялар пайда болады. Өкінішке қарай, тарихта тұтас ұлттардың ешқашан орындалмайтын елес идеологияларға шырмалып, ақыры су түбіне кеткені туралы мысалдар аз емес. Өткен ғасырдың басты үш идеологиясы – коммунизм, фашизм және либерализм біздің көз алдымызда күйреді. Бүгінде радикалды идеологиялар ғасыры келмеске кетті. Енді айқын, түсінікті және болашаққа жіті көз тіккен бағдарлар керек. Адамның да, тұтас ұлттың да нақты мақсатқа жетуін көздейтін осындай бағдарлар ғана дамудың көгіне темірқазық бола алады. Ең бастысы, олар елдің мүмкіндіктері мен шама-шарқын мұқият ескеруге тиіс. Яғни, реализм мен прагматизм ғана таяу онжылдықтардың ұраны болуға жарайды. Прагматизм
#9 слайд
9 слайд
#10 слайд
Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Оның
екі қыры бар.
◦Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту.
◦Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын
өзгерту.
◦Іс жүзінде әрбір өңір мен әрбір мемлекет өзінің дербес даму үлгісін қалыптастыруда.
Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір
сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Абайдың даналығы,
Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар
қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана.
Сонымен бірге, жаңғыру ұғымының өзі мейлінше көнерген, жаһандық әлеммен
қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттерден арылу дегенді білдіреді. Біз әркім жеке
басының қандай да бір іске қосқан үлесі мен кәсіби біліктілігіне қарап баға
ланатын
меритократиялық қоғам құрып жатырмыз. Бұл жүйе мең ұшынан жалғасқан тамыр-
таныстықты көтермейді. Осының бәрін егжей-тегжейлі айтып отырғандағы мақсатым
– бойымыздағы жақсы мен жаманды санамалап, теру емес. Мен қазақстандықтардың
ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын.
Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру
болмайды.
Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа
тұстарынан бас тарту керек.
Ұлттық бірегейлікті сақтау
10 слайд
Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Оның екі қыры бар. ◦Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. ◦Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. ◦Іс жүзінде әрбір өңір мен әрбір мемлекет өзінің дербес даму үлгісін қалыптастыруда. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана. Сонымен бірге, жаңғыру ұғымының өзі мейлінше көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттерден арылу дегенді білдіреді. Біз әркім жеке басының қандай да бір іске қосқан үлесі мен кәсіби біліктілігіне қарап баға ланатын меритократиялық қоғам құрып жатырмыз. Бұл жүйе мең ұшынан жалғасқан тамыр- таныстықты көтермейді. Осының бәрін егжей-тегжейлі айтып отырғандағы мақсатым – бойымыздағы жақсы мен жаманды санамалап, теру емес. Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек. Ұлттық бірегейлікті сақтау
#11 слайд
11 слайд
#12 слайд
Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет.
Тәуелсіздік жылдарында қыруар жұмыс жасалды. Біз он мыңдаған жасты
әлемнің маңдайалды университеттерінде оқытып, дайындадық. Бұл жұмыс
өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында қолға алынған «Болашақ»
бағдарламасынан басталды. Елімізде өте жоғары деңгейдегі бірқатар
университеттер ашылды, зияткерлік мектептер жүйесі қалыптасты. Басқа
да көптеген іс тындырылды. Дегенмен, білімнің салтанаты жалпыға ортақ
болуға тиіс. Оның айқын да, бұлтартпас себептері бар. Технологиялық
революцияның беталысына қарасақ, таяу онжылдық уақытта қазіргі
кәсіптердің жартысы жойылып кетеді. Экономиканың кәсіптік сипаты
бұрын соңды ешбір дәуірде мұншама жедел өзгермеген. Біз бүгінгі жаңа атаулы
ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағдайда
кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, аса білімдар адамдар
ғана табысқа жетеді. Осыны бек түсінгендіктен, біз білімге бөлінетін
бюджет шығыстарының үлесі жөнінен әлемдегі ең алдыңғы қатарлы елдердің
санатына қосылып отырмыз. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы
білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін
межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі,
құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа
жетеді.
Білімнің салтанат құруы
12 слайд
Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Тәуелсіздік жылдарында қыруар жұмыс жасалды. Біз он мыңдаған жасты әлемнің маңдайалды университеттерінде оқытып, дайындадық. Бұл жұмыс өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында қолға алынған «Болашақ» бағдарламасынан басталды. Елімізде өте жоғары деңгейдегі бірқатар университеттер ашылды, зияткерлік мектептер жүйесі қалыптасты. Басқа да көптеген іс тындырылды. Дегенмен, білімнің салтанаты жалпыға ортақ болуға тиіс. Оның айқын да, бұлтартпас себептері бар. Технологиялық революцияның беталысына қарасақ, таяу онжылдық уақытта қазіргі кәсіптердің жартысы жойылып кетеді. Экономиканың кәсіптік сипаты бұрын соңды ешбір дәуірде мұншама жедел өзгермеген. Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағдайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді. Осыны бек түсінгендіктен, біз білімге бөлінетін бюджет шығыстарының үлесі жөнінен әлемдегі ең алдыңғы қатарлы елдердің санатына қосылып отырмыз. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді. Білімнің салтанат құруы
#13 слайд
13 слайд
#14 слайд
Революциялар дәуірі әлі біткен жоқ. Тек оның формасы мен мазмұны
түбегейлі өзгерді. Біздің кешегі тарихымыз бұлтартпас бір ақиқатқа –
эволюциялық даму ғана ұлттың өркендеуіне мүмкіндік беретініне
көзімізді жеткізді. Бұдан сабақ ала білмесек, тағы да тарихтың темір
қақпанына түсеміз. Ендеше, эволюциялық даму қағидасы әрбір
қазақстандықтың жеке басының дербес бағдарына айналуға тиіс.
Бірақ, қоғамның эволюциялық дамуы қағида ретінде мәңгі
тұмшаланудың синонимі емес. Сол себепті, тарихтың ащы сабағын
түсініп қана қоймай, өзіміз күнде көріп жүрген қазіргі құбылыстардан
ой түйіп, болашақтың беталысына қарап, пайым жасай білу де
айрықша маңызды. Бүгінде революциялар өңін өзгертіп, ұлттық, діни,
мәдени, сепаратистік перде жамылды. Бірақ, бәрі де, түптеп келгенде,
қантөгіспен, экономикалық күйреумен аяқталатынын көріп отырмыз.
Сондықтан, әлемдегі оқиғаларды ой елегінен өткізіп, қорытынды
жасау – қоғамның да, саяси партиялар мен қозғалыстардың да, білім
беру жүйе
сінің де ауқымды дүниетанымдық, рухани жұмысының бір
бөлігі.
Қазақстанның революциялық емес,
эволюциялық дамуы
14 слайд
Революциялар дәуірі әлі біткен жоқ. Тек оның формасы мен мазмұны түбегейлі өзгерді. Біздің кешегі тарихымыз бұлтартпас бір ақиқатқа – эволюциялық даму ғана ұлттың өркендеуіне мүмкіндік беретініне көзімізді жеткізді. Бұдан сабақ ала білмесек, тағы да тарихтың темір қақпанына түсеміз. Ендеше, эволюциялық даму қағидасы әрбір қазақстандықтың жеке басының дербес бағдарына айналуға тиіс. Бірақ, қоғамның эволюциялық дамуы қағида ретінде мәңгі тұмшаланудың синонимі емес. Сол себепті, тарихтың ащы сабағын түсініп қана қоймай, өзіміз күнде көріп жүрген қазіргі құбылыстардан ой түйіп, болашақтың беталысына қарап, пайым жасай білу де айрықша маңызды. Бүгінде революциялар өңін өзгертіп, ұлттық, діни, мәдени, сепаратистік перде жамылды. Бірақ, бәрі де, түптеп келгенде, қантөгіспен, экономикалық күйреумен аяқталатынын көріп отырмыз. Сондықтан, әлемдегі оқиғаларды ой елегінен өткізіп, қорытынды жасау – қоғамның да, саяси партиялар мен қозғалыстардың да, білім беру жүйе сінің де ауқымды дүниетанымдық, рухани жұмысының бір бөлігі. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы
#15 слайд
15 слайд
#16 слайд
Көптеген проблема әлемнің қарқынды өзгеріп
жатқанына қарамастан, бұқаралық сана-сезімнің «от
басы, ошақ қасы» аясында қалуынан туындайды. Бір
қарағанда, жер жүзіндегі миллиардтан астам адам
өзінің туған тілімен қатар, кәсіби байланыс құралы
ретінде жапатармағай оқып жатқан ағылшын тілін
біздің де жаппай және жедел үйренуіміз керектігі еш
дәлелдеуді қажет етпей
тіндей. Еуропалық Одақтың 400
миллионнан астам тұрғыны ана тілдері – неміс,
француз, испан, итальян немесе басқа да тілдерді
сыйламай ма? Әлде 100 миллиондаған қытай мен
индонезиялықтар, малайлар ағылшын тілін еріккеннен
үйреніп жатыр ма? Бұл – бәзбіреулердің әншейін қалауы
емес, жаһандық әлемге еркін кірігіп, жұмыс істеудің
басты шарты.
Сананың ашықтығы
16 слайд
Көптеген проблема әлемнің қарқынды өзгеріп жатқанына қарамастан, бұқаралық сана-сезімнің «от басы, ошақ қасы» аясында қалуынан туындайды. Бір қарағанда, жер жүзіндегі миллиардтан астам адам өзінің туған тілімен қатар, кәсіби байланыс құралы ретінде жапатармағай оқып жатқан ағылшын тілін біздің де жаппай және жедел үйренуіміз керектігі еш дәлелдеуді қажет етпей тіндей. Еуропалық Одақтың 400 миллионнан астам тұрғыны ана тілдері – неміс, француз, испан, итальян немесе басқа да тілдерді сыйламай ма? Әлде 100 миллиондаған қытай мен индонезиялықтар, малайлар ағылшын тілін еріккеннен үйреніп жатыр ма? Бұл – бәзбіреулердің әншейін қалауы емес, жаһандық әлемге еркін кірігіп, жұмыс істеудің басты шарты. Сананың ашықтығы
#17 слайд
17 слайд
#18 слайд
Мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып, қатып қалған дүние
емес, үнемі дамып отыратын тірі ағза іспетті. Ол өмір сүру
үшін заман ағымына саналы түрде бейімделуге қабілетті болуы
керек. Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай, есік
қақпастан бірден төрге озды. Сондықтан, заманға сәйкес
жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында тұр.
Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру
да тарихтың өзі сияқты жал
ғаса беретін процесс.
Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі
жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете
түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр. Мен барша
қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі
осынау ұсыныстардың маңы
зын терең түсінеді деп сенемін.
Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің
дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу
керек. Оған көнбегендер тарих
тың шаңына көміліп қала береді.
18 слайд
Мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып, қатып қалған дүние емес, үнемі дамып отыратын тірі ағза іспетті. Ол өмір сүру үшін заман ағымына саналы түрде бейімделуге қабілетті болуы керек. Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озды. Сондықтан, заманға сәйкес жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында тұр. Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жал ғаса беретін процесс. Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр. Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңы зын терең түсінеді деп сенемін. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарих тың шаңына көміліп қала береді.
#19 слайд
19 слайд
#20 слайд
20 слайд
#21 слайд
ТАЯУ ЖЫЛДАРДАҒЫ МІНДЕТТЕР
Ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін іріктеп алғаннан кейін
шетелдерде оларды таныстыру рәсімдерін өткіземіз.
Тапсырма:
1 - Қазақстан - Еуразия жүрегінде
2 - Қазақ халқының салт – дәстүрі
3 - Қазақ халқының мәдени құндылықтары және өнері
4 - Қазақ халқының ұлттық тағамдары және ойындары туралы
айту. Оқушылар қазақ халқының рухани мәдениетін шет елге
таныстырады.
Қадыр Мырза Әлінің «Қазақтарды шетелдік қонақтарға
таныстыру» бейне ролик қарап, мазмұнын түсіну, өз ойларын
жеткізу. Аяқталмаған сөйлем «Рухани жаңғыру - ........» «Рухани
жаңғыру - дәуір талабына сай жаңғыру» «Рухани жаңғыру -
әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу" «Рухани
жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі» «Рухани жаңғыру –
ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту»
21 слайд
ТАЯУ ЖЫЛДАРДАҒЫ МІНДЕТТЕР Ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін іріктеп алғаннан кейін шетелдерде оларды таныстыру рәсімдерін өткіземіз. Тапсырма: 1 - Қазақстан - Еуразия жүрегінде 2 - Қазақ халқының салт – дәстүрі 3 - Қазақ халқының мәдени құндылықтары және өнері 4 - Қазақ халқының ұлттық тағамдары және ойындары туралы айту. Оқушылар қазақ халқының рухани мәдениетін шет елге таныстырады. Қадыр Мырза Әлінің «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» бейне ролик қарап, мазмұнын түсіну, өз ойларын жеткізу. Аяқталмаған сөйлем «Рухани жаңғыру - ........» «Рухани жаңғыру - дәуір талабына сай жаңғыру» «Рухани жаңғыру - әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу" «Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі» «Рухани жаңғыру – ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту»
#22 слайд
Назарларыңызға
Рахмет!
22 слайд
Назарларыңызға Рахмет!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген