Материалдар / Ашық тәрбие сабақ "Қуғын сүргін жылдары" 9 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық тәрбие сабақ "Қуғын сүргін жылдары" 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдер үшін қосымша слаид және тапсырмалар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2018
955
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Сабақтың тақырыбы: Саяси қуғын-сүргіннің негізгі кезеңдері Сабақтың мақсаты: XXғасырда біздің қазақтай көп қырылып,жаппай қу

1 слайд
Сабақтың тақырыбы: Саяси қуғын-сүргіннің негізгі кезеңдері Сабақтың мақсаты:   XXғасырда біздің қазақтай көп қырылып,жаппай қуғындалып, көп атылған халық жер бетінде кемде-кем.Еліміздің талай қырылып, талай қиыншылықты басынан өткеріп жеткенін түсіндіру.

Сабақтың жоспары 1. Сталин және тоталитарлық режім . 2. Саяси қуғын – сүргіннің негізгі кезеңдері, себептері, барысы. Қазақстан

2 слайд
Сабақтың жоспары 1. Сталин және тоталитарлық режім . 2. Саяси қуғын – сүргіннің негізгі кезеңдері, себептері, барысы. Қазақстанның “лагерлік өлкеге ” айналуы. Саяси қуғын -сүргіннің құрбан болған қоғам қайраткерлері Саяси қуғын – сүргіннің нәтижесі

Сталин шын аты Джугашвили Иосиф Виссарионович , 1879 жылы 12 желтоқсанда Тифлис маңындағы ауылда етікші Виссарионның отбасынд

3 слайд
Сталин шын аты Джугашвили Иосиф Виссарионович , 1879 жылы 12 желтоқсанда Тифлис маңындағы ауылда етікші Виссарионның отбасында дүниеге келген. Саяси қайраткер, Кеңестер Одағының батыры, генералиссимусы, маршалы, Лениннің үміт артқан үзеңгілестерінің бірі . Сталин 3 рет Ленин орденімен , 2 рет “жеңіс орденімен”, Социалистік Еңбек Ері және Кеңес Одағының Батыры тағымен марапатталған.Астыртын қызмет барысында бірнеше рет тұтқынға алынып, , Шығыс Сібірге жер аударылды. Айдаудан 1917ж Ақпан революциясынан кейін оралып, РСДЖП – ның ОК бюросының құрамына Және “Правда” редакциясына енді.

Мақсаты: отаршылдық салдарын жою саяси зұлматтан зардап шеккен жандардың құқығын қалпына келтіру тоталитарлық режімнің акциялары

4 слайд
Мақсаты: отаршылдық салдарын жою саяси зұлматтан зардап шеккен жандардың құқығын қалпына келтіру тоталитарлық режімнің акциялары мен актілерге саяси құқықтық баға беру Статистикалық мәлімет Ресми деректер бойынша КСРО –да 3,77 млн адам сталиндік репрессия құрбаны болған. Олардың 500 мыңы атылса , қалғандары 25 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылған. Бүгінгі таңда 1921-1954 ж аралығында 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшырап, олардың 25 мыңнан астамы атылған. Елімізде бүгінгі таңда 345 мың заңсыз қуғындалған адам ақталды. Олардыңішінде қазақстанға жер аударылғандар бар.

Саяси қуғын-сүргіннің себебі, сипаты, салдары: Қазақстанда саяси қуғын –сүргін құрбандарын еске алу күні 1997 жылдан бері 31 ма

5 слайд
Саяси қуғын-сүргіннің себебі, сипаты, салдары: Қазақстанда саяси қуғын –сүргін құрбандарын еске алу күні 1997 жылдан бері 31 мамырда атап өтіледі. 1993 жылы республикада саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы заң қабылдады. Айып түрлері : халық жауы Отанына опасыздық жасағандар шпиондар сатқын буржуазияшыл -ұлтшыл Жаза түрлері Жаппай өлім жазасына кесу Түрмеге қамау Тұтас жер аудару Қылмыстық істерді қолдану Адамдардың қадір- қасиеттері мен жанын жаралау

Сонымен, Қарағанды еңбекпен түзеу лагері 1931 жылы 19 желтоқсанда құрылды, лагерьдің орталығы Қарағанды қаласынан 45 шақырым

6 слайд
Сонымен,  Қарағанды  еңбекпен түзеу лагері 1931 жылы 19 желтоқсанда құрылды, лагерьдің орталығы Қарағанды қаласынан 45 шақырым жердегі Долинка ауылы болды, оған 120 000 гектар егістікке жарамды жер, 41 мың гектар шабындық жер бөлініп берілді. Карлаг аумағы солтүстіктен оңтүстікке дейінгі 300 шақырым, шығыстан батысқа дейінгі 200 шақырым жерді алып жатты. Оған қоса осы аумақтан сыртқары лагерьден 350 шақырым жерде  Ақмола  және 650 шақырым жерде  Балқаш  бөлімшелері құрылды. Карлагты құрудағы басты мақсаттардың бірі – сол кезде қарқыныды дами бастаған  Орталық Қазақстандағы Қарағанды көмір бассейініне ,  Жезқазған  және  Балқаш  мыс  қорыту комбинаттарына  аса ірі азық-түлік базасын жасау болды. Оған осы өнеркәсіп салаларын құрып, дамытуға жұмыс күші де қажет болатын. Қарлаг 32 мың тұтқынға арналған, ал шын мәнінде, мұнда 75 мыңға жуық адам отырды .

7 слайд

СТЕПЛАГ — «халық жауларына» арналған ерекше лагерь. 1940 жылы Кеңгір өзенінің жағасында бұрынғы пионер лагерінің орнынан КСРО і

8 слайд
СТЕПЛАГ — «халық жауларына» арналған ерекше лагерь. 1940 жылы Кеңгір өзенінің жағасында бұрынғы пионер лагерінің орнынан КСРО ішкі істер халық комиссариатының (НКВД) ірі лагерь «Жезқазған лагері және КСРО НКВД ГУЛАГ-ның комбинаты» құрылды. 1943 жылы Үлкен Жезқазғанның іске қосылған және салынып жатқан бөлімдерінің бәрі НКВД-ның қарауына беріліп, ол «НКВД Жезқазған еңбекпен түзеу лагерь- комбинаты» деп аталды.1947 жылы №4 Ерекше лагерь немесе СТЕПЛАГ деп аталды. СТЕПЛАГ-тың басты міндеті — Жезқазған мыс комбинатын тез арада салып бітіру. Лагер 1940 жылдың 1 сәуірінен бастап жұмыс істеді.1942 жылдың 1 қаңтарында лагерьде 120–140 тұтқын ұсталды. Бұлардың ішінде 1830-ы төңкеріске қарсы қылмыстылар, 548-і бандитизм және кісі өлтіргені, 108-і шекараны рұқсатсыз өткені, армиядан қашқан және әскери қылмыстары, 9050-і өзге де қылмыстары үшін сотталғандар. Сотталғандар негізінен кінәсіз жұмысшылар, колхозшылар, инженерлер, дәрігерлер және НКВД тізімі мен құрылысқа, шахталарға еңбек күші керек болғандықтан қамалған адамдар болды. Соғыстан кейін лагерьге 12 мың Кеңес тұтқындарына 8 мыңға жуық соғыста қолға түскен немістер мен жапондықтар келіп қосылды. Лагерь үш негізгі бөлімшеден тұрды: Кеңгір, Жезқазған және Қарсақбай бөлімшесі .

Алжир . Лагерьде 22 болімше болған онда. 22 мыннаң астан жазықсыз жазаланған «Отаның сатқандардың әйелдері азап шекті. Сотта

9 слайд
Алжир .  Лагерьде 22 болімше болған онда. 22 мыннаң астан жазықсыз жазаланған «Отаның  сатқандардың әйелдері азап шекті. Сотталған аналар орналасқан лагерьді көпшілік «Алжир -cонау 1937-ші жылы ІІХК- ның арнайы бұйрығымен салынған Ақмола халық жаулары әйелдерінің лагері, кейін баршаның аузында АЛЖИР аталып кеткен азап орталығында 20 мыңға дейін нәзік жандар қамауда болған. Қарағанды лагерінің 17-ші бөлімшесінің артынан 26-шы нүкте болып құрылған осынау тозақ орталығында небір ел жайсаңдарының зайыптары, қыздары мен қарындастары жазықсыздан-жазықсыз жапа шекті.

. Сәкен (Сәдуақас,1894-1938) Сейфуллин – Қазақстан мәдениетінің өсуіне, оқу-білімге, халық ағарту жұмыстарына белсене араласып,

10 слайд
. Сәкен (Сәдуақас,1894-1938) Сейфуллин – Қазақстан мәдениетінің өсуіне, оқу-білімге, халық ағарту жұмыстарына белсене араласып, үлкен үлес қосқан педагог-қайраткер. С.Сейфуллин 1938 жылдыңы 25 ақпанында КСРО Жоғары 48 сотының үкімімен атылып кетті. 1957 жылы КСРО Жоғары сотының әскери коллегиясымен ақталды. Ілияс Жансүгіров(1894-1938) 1894 жылы қазіргі Талдықорған облысы, Ақсу ауданында дүниеге келген. 1938 жылы жазықсыз атылды. Ақын І.Жансүгіров ел есінде сақталып келеді. Еліміздің көптеген жері І.Жансүгіров есімі мен еңбегіне байланысты аталды. Талдықорған қаласында І.Жансүгірұлы атында университет бар. Мәдениет сарайы мен әдеби мұражайы, көпшілік кітапхана жұмыс істейді. Ақсу, қапал аудандарындағы орта мектептерге ақын есімі берілген. Бейімбет (Бимағамбет) Жармағамбетұлы Майлин (1894-1938) қазіргі қостанай облысы Таран ауданында 1894 жылы кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. Сонымен қатар «Отанына опасыздық жасағандардың жарларының Акмола лагерінде» (АЛЖИР) С. Сейфуллин, Б. Майлин, Ж. Шанин, С. Асфендияров, М. Тәтімов, Т. Жүргенов, Н. Нұрмақов, С. Сармолдаев, С. Есқараев және басқа белгілі қайраткерлердің жарлары қамауда ұсталды. 1938 жылы 6 қаңтарда, мәселен, мұнда 1-3 жас аралығында балалары бар 50 әйелден тұратын алғашқы этап келіп түседі. Олар ерлері саяси айыпкер ретінде сотталған, өздері жас сәбилерімен тұтқынға алынған аналар болатын.