1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық тәрбие сағаты 5 сынып

#1 слайд
Сабақтың тақырыбы:
“Өмірді тану өзіңді
тану”
1 слайд
Сабақтың тақырыбы: “Өмірді тану өзіңді тану”
#2 слайд
Құндылық: Cүйіспеншілік Қасиеттер: адамгершілік
Қасиеттері: мейірімділік, кішіпейілділік, сабырлылық,
сыйластық
Сабақтың мақсаты: оқушылардың өмірдің мәні туралы
түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері: Білімділік: - өмірдің адам үшін
маңыздылығын жан – жақты ашу;
дамытушылық: - өмірді мәнді де мазмұнды сүруіне ықпал ету:
Тәрбиелік: - өмірді бағалауға тәрбиелеу.
2 слайд
Құндылық: Cүйіспеншілік Қасиеттер: адамгершілік Қасиеттері: мейірімділік, кішіпейілділік, сабырлылық, сыйластық Сабақтың мақсаты: оқушылардың өмірдің мәні туралы түсініктерін кеңейту. Сабақтың міндеттері: Білімділік: - өмірдің адам үшін маңыздылығын жан – жақты ашу; дамытушылық: - өмірді мәнді де мазмұнды сүруіне ықпал ету: Тәрбиелік: - өмірді бағалауға тәрбиелеу.
#3 слайд
Жоспар:
1. Нұрға бөлену
2. Мұғалім сөзі
3. Дәйексөз
4. Аңыз әңгіме
5. Топпен ән айту
3 слайд
Жоспар: 1. Нұрға бөлену 2. Мұғалім сөзі 3. Дәйексөз 4. Аңыз әңгіме 5. Топпен ән айту
#4 слайд
Дәйексөз
« Алдымен өзіңді – өзің үйрет,
сонда ғана басқалардан үйрене
аласың».
В. Гете
4 слайд
Дәйексөз « Алдымен өзіңді – өзің үйрет, сонда ғана басқалардан үйрене аласың». В. Гете
#5 слайд
Өзін-өзі тану өмірдің мәнін түсінуге,
қарым қатынас жасау кезінде
жақсы мен жаманды ажыратуға
көмектеседі. Өзін-өзі тануды үйрене
отырып, адам өзімен және қоршаған
ортамен үйлесімді жарастықта өмір
сүруге талпынады. Ол адамдардың
өз мүмкіндіктерін дұрыс
пайдалануға, өз қабілеттерін
шыңдауға көмектеседі.
5 слайд
Өзін-өзі тану өмірдің мәнін түсінуге, қарым қатынас жасау кезінде жақсы мен жаманды ажыратуға көмектеседі. Өзін-өзі тануды үйрене отырып, адам өзімен және қоршаған ортамен үйлесімді жарастықта өмір сүруге талпынады. Ол адамдардың өз мүмкіндіктерін дұрыс пайдалануға, өз қабілеттерін шыңдауға көмектеседі.
#6 слайд
4.Әңгiмелеу, сұхбат (мұғалім сыйы)
Бүркіт пен оның балапандары (аңыз)
Баяғыда таудың қиясын мекендеген бір ерекше қасиетті қыран
өмір сүріпті. Өзгелерге өрлігімен өнеге болған әлгі бүркіт бір
жылы өмірінде бірінші рет үш балапан басып шығарыпты.
Балапандардың қанаттары қатайып, ұясынан ұшып шығуына
аз уақыт қалғанда бүркіт үш балапанын уысына қысып, теңіз
төсіне алып шығыпты. Ұшып келе жатып ол, өзіндік өмірге
қанат қаққалы тұрған балапандарынан соңғы рет сынақ алып,
былай деп сұрапты: -Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға
шоқыттырмай, мәпелеп бағып-қаққанымды жақсы білесіңдер.
Ертең өскесін, осының өтеуі ретінде маған қандай жақсылық
жасайсыңдар?
6 слайд
4.Әңгiмелеу, сұхбат (мұғалім сыйы) Бүркіт пен оның балапандары (аңыз) Баяғыда таудың қиясын мекендеген бір ерекше қасиетті қыран өмір сүріпті. Өзгелерге өрлігімен өнеге болған әлгі бүркіт бір жылы өмірінде бірінші рет үш балапан басып шығарыпты. Балапандардың қанаттары қатайып, ұясынан ұшып шығуына аз уақыт қалғанда бүркіт үш балапанын уысына қысып, теңіз төсіне алып шығыпты. Ұшып келе жатып ол, өзіндік өмірге қанат қаққалы тұрған балапандарынан соңғы рет сынақ алып, былай деп сұрапты: -Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, мәпелеп бағып-қаққанымды жақсы білесіңдер. Ертең өскесін, осының өтеуі ретінде маған қандай жақсылық жасайсыңдар?
#7 слайд
Біріншісі айтыпты: -Анашым, сенің ақ сүтіңді ақтау үшін қолымнан келгеннің бәрін
жасаймын. Мен сені өмір бойы қанатыма мінгізіп алып жүрем. Дүниенің төрт
бұрышын түгел аралатам, таңғажайып тамашаларды көзіңмен көретін боласың.
Бүркіт басын шайқап, уысындағы балапанын теңізге тастап жіберіпті. Бірінші
балапан теңіз тұңғиығына батып кете барыпты. Сосын екіншісіне бұрылып: -Ал сен
не айтасың,-депті.
Екіншісі айтыпты: -Анашым, мен сені ел аралатып, босқа әуре қылмаймын.
Ғаламның барлық кереметтері мен қызықтарын алдыңа әкеліп берем, ішкенің
алдыңда, ішпегенің артыңда болады.
Бүркіт тағы да басын шайқап, уысын жазып жібергенде, екінші балапан да
біріншінің соңынан кете барыпты. Бүркіт үшінші балапанына бұрылып, жарықшақ
толы дауыспен былай депті: -Ал, сен мені қалай жарылқамақсың?
Сонда үшінші балапан былай деп үн қатыпты:
-Анашым, өтірік қанша тәтті болса да, саған ащы ақиқатты ақтармасқа амалым жоқ.
Маған жасаған жақсылықтарыңның шеті де, шегі жоқ екенін, оны өтеуге менің
барлық ғұмырым жетпейтінін жақсы білемін. Дегенмен, менің өмірім сені әлемді
аралатуға да, сан түрлі ғаламаттарды алдыңа алып келуге де арналмайтынын
айтқым келеді. Мен, сенің маған жасаған жақсылықтарыңның барлығын өз
балапандарыма жасау үшін өмір сүретін боламын.
Кәрі бүркіт сонда ғана көкірек кере терең дем алып: -Біздің әулет аманатын алға
апарар, қыран деген атқа лайық бола алар ұрпақ туылғанына көзім енді жетті,- деген
екен.
7 слайд
Біріншісі айтыпты: -Анашым, сенің ақ сүтіңді ақтау үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Мен сені өмір бойы қанатыма мінгізіп алып жүрем. Дүниенің төрт бұрышын түгел аралатам, таңғажайып тамашаларды көзіңмен көретін боласың. Бүркіт басын шайқап, уысындағы балапанын теңізге тастап жіберіпті. Бірінші балапан теңіз тұңғиығына батып кете барыпты. Сосын екіншісіне бұрылып: -Ал сен не айтасың,-депті. Екіншісі айтыпты: -Анашым, мен сені ел аралатып, босқа әуре қылмаймын. Ғаламның барлық кереметтері мен қызықтарын алдыңа әкеліп берем, ішкенің алдыңда, ішпегенің артыңда болады. Бүркіт тағы да басын шайқап, уысын жазып жібергенде, екінші балапан да біріншінің соңынан кете барыпты. Бүркіт үшінші балапанына бұрылып, жарықшақ толы дауыспен былай депті: -Ал, сен мені қалай жарылқамақсың? Сонда үшінші балапан былай деп үн қатыпты: -Анашым, өтірік қанша тәтті болса да, саған ащы ақиқатты ақтармасқа амалым жоқ. Маған жасаған жақсылықтарыңның шеті де, шегі жоқ екенін, оны өтеуге менің барлық ғұмырым жетпейтінін жақсы білемін. Дегенмен, менің өмірім сені әлемді аралатуға да, сан түрлі ғаламаттарды алдыңа алып келуге де арналмайтынын айтқым келеді. Мен, сенің маған жасаған жақсылықтарыңның барлығын өз балапандарыма жасау үшін өмір сүретін боламын. Кәрі бүркіт сонда ғана көкірек кере терең дем алып: -Біздің әулет аманатын алға апарар, қыран деген атқа лайық бола алар ұрпақ туылғанына көзім енді жетті,- деген екен.
#8 слайд
Сұрақтар:
5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Сұрақ - жауап.
Өмірдің мәні неде деп ойлайсыңдар?
Мәнді өмір сүру үшін адамға не қажет?
8 слайд
Сұрақтар: 5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Сұрақ - жауап. Өмірдің мәні неде деп ойлайсыңдар? Мәнді өмір сүру үшін адамға не қажет?
#9 слайд
Томас Манн
Адам өзін, өзгені танып, ұғынудан, өзгенің
жаратылысын түсінуден, өзін-өзі жетілдіруден өмірдің
мәні туралы сұрақтарға жауап іздейді.
Атақты психиатр, профессор Е.Хумберт, «Адамдарға
бақытты ғұмыр кешудің кілтін тармақта
қарастыратын болсақ, қандай сөздерді таңдар едім»
деген тақырыпта біраз зерттеу жұмыстарын жүргізіп
мынадай қорытындыға келген екен:
9 слайд
Томас Манн Адам өзін, өзгені танып, ұғынудан, өзгенің жаратылысын түсінуден, өзін-өзі жетілдіруден өмірдің мәні туралы сұрақтарға жауап іздейді. Атақты психиатр, профессор Е.Хумберт, «Адамдарға бақытты ғұмыр кешудің кілтін тармақта қарастыратын болсақ, қандай сөздерді таңдар едім» деген тақырыпта біраз зерттеу жұмыстарын жүргізіп мынадай қорытындыға келген екен:
#10 слайд
Қанатты сөздер
Адам өз өмірінің мәні туралы ойлана келіп, өмірден
өз жолын табуға ұмтылады. Әр адам өз өмірін ақ
ниетпен адал істерге бағыттап, рухани адамгершілік
құндылқтарды өзіне мұрат еткенде ғана оның өмірі
үлкен мәнге ие болады
10 слайд
Қанатты сөздер Адам өз өмірінің мәні туралы ойлана келіп, өмірден өз жолын табуға ұмтылады. Әр адам өз өмірін ақ ниетпен адал істерге бағыттап, рухани адамгершілік құндылқтарды өзіне мұрат еткенде ғана оның өмірі үлкен мәнге ие болады
#11 слайд
Рухани байлық-ішкі тыныштық
Ішкі тыныштық – ақылдың толықтай тынышталуы,
адамның терең табиғаты, Ақиқат пен Дұрыс әрекеттің
сәулесі. Ал Ақиқат пен Дұрыс әрекет жолындағы адам- ішкі
тыныштықта болады. Тыныштық - кез-келген сыртқы
жағдайда ақыл-ойдың тазалығын сақтау болса, жан
тыныштығы- ол адамға кез-келген жағдайдан шығуға жол
табатын күш. Жан тыныштығы - тек таза жұректе
орнайды, жақсы ақыл-ой туғызады. Сезім (эмоция) денені
басқарады, ақылдың міндеті –сезімді бақылау Тыныштық
не үшін керек? Тыныштық- сыртқы кедергілер мен ішкі-
келіспеушілікті женуге күш береді (өз күшіне сенімі, ой мен
әрекеттің дұрыстығы, айналадағы адамдардың құрметіне
бөленуі т.б.)
11 слайд
Рухани байлық-ішкі тыныштық Ішкі тыныштық – ақылдың толықтай тынышталуы, адамның терең табиғаты, Ақиқат пен Дұрыс әрекеттің сәулесі. Ал Ақиқат пен Дұрыс әрекет жолындағы адам- ішкі тыныштықта болады. Тыныштық - кез-келген сыртқы жағдайда ақыл-ойдың тазалығын сақтау болса, жан тыныштығы- ол адамға кез-келген жағдайдан шығуға жол табатын күш. Жан тыныштығы - тек таза жұректе орнайды, жақсы ақыл-ой туғызады. Сезім (эмоция) денені басқарады, ақылдың міндеті –сезімді бақылау Тыныштық не үшін керек? Тыныштық- сыртқы кедергілер мен ішкі- келіспеушілікті женуге күш береді (өз күшіне сенімі, ой мен әрекеттің дұрыстығы, айналадағы адамдардың құрметіне бөленуі т.б.)
#12 слайд
Өмір деген-мәңгі гүлдеп жататын,
Құштарлықтың толғағы мен көктемі.
Ешкім оған қоя алмайды нүктені,
Өмір деген сөйлем емес өйткені.
Т.Айбергенов.
12 слайд
Өмір деген-мәңгі гүлдеп жататын, Құштарлықтың толғағы мен көктемі. Ешкім оған қоя алмайды нүктені, Өмір деген сөйлем емес өйткені. Т.Айбергенов.
#13 слайд
“ ”
13 слайд
“ ”
#14 слайд
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ !
Сіздерге жүректің
жылулығын, жанның
сұлулығын тілейміз
14 слайд
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ ! Сіздерге жүректің жылулығын, жанның сұлулығын тілейміз

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген