Материалдар / Ашық тәрбие сағаты. "Ынтымақ - достық кепілі" 3-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық тәрбие сағаты. "Ынтымақ - достық кепілі" 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Мамыр 2020
774
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материалдың қысқаша түсінігі
Тәрбие сағаты: «Ынтымақ –достық кепілі» 3-сынып жетекшісі: Самолдырова Н.К.

1 слайд

Сабақтың тақырыбы: «Ынтымақ-достық кепілі» 1 мамыр – Халықтар бірлігі күні Сабақтың мақсаты : Оқушыларға Қазақстан Респуб

2 слайд
Сабақтың тақырыбы:   «Ынтымақ-достық кепілі» 1 мамыр – Халықтар бірлігі күні Сабақтың мақсаты : Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету.

• Қазақ жері – қонақжай төрдің жері, Қазақ елі – қас сақтай ердің елі. Толқынында тарихтың қуғын көрген, Барша ұлтқа құт мекен

3 слайд
• Қазақ жері – қонақжай төрдің жері, Қазақ елі – қас сақтай ердің елі. Толқынында тарихтың қуғын көрген,  Барша ұлтқа құт мекен болған еді. Зобаланда көп шеккен қасіретті, Ұлт ұрпағы өнерлі, өсиетті. Риза көңілменен елге деген, Арнайды барша халқы ақ тілекті. • Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді. Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды. 

• Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт

4 слайд
• Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сығат түспесе екен. • 1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблиясы құрылды. Бұл – ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым

Қазақтар кавказдықтар www.ZHARAR.comӘзербайжан мен қытайлықтар

5 слайд

Орыстар, белорустар, башқұрт www.ZHARAR.comКәріс, өзбек және қырғыздар

6 слайд

Үш мың жыл бұрын ежелгі Италия тұрғындары Жердің қамқоршысы әйел-құдай – Майяға табынған. Соның құрметіне бүгінге

7 слайд
Үш мың жыл бұрын ежелгі Италия тұрғындары Жердің қамқоршысы әйел-құдай – Майяға табынған. Соның құрметіне бүгінге дейін мамыр айының алғашқы күні серуендеу мен салтанат мерекесі болып есептелді. 1890 жылы Парижде өткен ІІ интернационал конгресінің шешімімен 1886 жылы Чикагода болған америкалық еңбекшілердің 8 сағаттық жұмыс күнін талап етіп, капиталистер мен қанаушыларға қарсы жанқиярлық күресінің құрметіне Варшава қаласында сол жылдан бастап 1 Мамыр еңбекшілердің ынтымағы мерекесі ретінде аталып келеді. Алғаш айтулы мейрамды 1890 жылы Аустро-Мажарстан, Белгия, Алмания, Дания, Испания, Италия, АҚШ, Норвегия, Франсия, Швеция сияқты мемлекеттер атап өтті. Содан бері аумалы-төкпелі заман өтіп, саяси жүйелер жаңғырса да, қазіргі таңда 1 Мамыр мерекесін әртүрлі мазмұнда әлемнің 66 мемлекеті тойлайды.

Украинада 1 Мамыр күні халық алаңда мереке ұйымдастырып, орманда серуен құрып, кәуәп дайындайды. Оңтүстік

8 слайд
Украинада 1 Мамыр күні халық алаңда мереке ұйымдастырып, орманда серуен құрып, кәуәп дайындайды. Оңтүстік Африка республикасында халықтық өнер туындыларының көрмесін ұйымдастырып, төмен бағамен жалпы халыққа арналған тұрмыстық бұйымдар сатылады. Сицилияда жергілікті халықтың сенімі бойынша, бұл күні даладан түймедақ (ромашка) теру бақыт әкеледі-міс. Испанияда бұл күн гүлдер мерекесі болып саналады. Ал Берлин полицейлері үшін бұл күн ауыр да мазасыз күн, себебі елдегі партиялар мен қозғалыстардың шеруінің соңы бей-берекет тәртіпсіздіктерге ұласып жатады.

Ал америкалықтар болса, мейрам екен демейді, жұмыс істейді. Британияда 1 Мамыр – демалыс күні. 1977 жыл

9 слайд
Ал америкалықтар болса, мейрам екен демейді, жұмыс істейді. Британияда 1 Мамыр – демалыс күні. 1977 жылы лейбористер билік басында болғанда, бұл күн мемлекеттік мейрам ретінде аталып өтетін. Еуропаның көпшілік елдері бұл күнді атап өтуге соншалық ықыласты емес. Аустрия, Болгария, Бразилия, КХДР-да еңбек мейрамы ретінде мемлекеттік деңгейде аталып өтеді. Ресей империясында 1890 жылдан бастап 1 Мамыр мерекесі аталып келеді. Алайда 1897 жылы бұл мейрамды тойлаудың арты саяси сипат алып, бұқаралық бас көтеруге ұласады. Тек большевиктер 1917 жылдан бастап 1 Мамыр мерекесін тұрақты түрде атап өтуді дәстүрге айналдырған.

1 мамыр мейрамы КСРО құрсағындағы қырық құрау ұлыстарды бірыңғай кеңес халқына айналуына үлес қосқан-ды. 1 мам

10 слайд
1 мамыр мейрамы КСРО құрсағындағы қырық құрау ұлыстарды бірыңғай кеңес халқына айналуына үлес қосқан-ды. 1 мамыр қызыл төңкеріс пен таптық күрестің символы болды. Кеңестік идеологияның тегеуріні сондай, 1 мамыр күні Маяковскийдің «Бейбітшілік! Еңбек! Мамыр!» деген сөзімен ұран тастап, алқызыл жалау желбіретіп, алаңда төбе көрсетпегендерді ертесіне жұмыстан шығарып жіберетін. КСРО-ның орнын басқан Ресейде 1 Мамыр мерекесін 1997 жылдан бастап Көктем және еңбек мерекесі ретінде атап өтеді. ТМД елдері ішінде Ресей мен Молдавия бұл мейрамда қатарынан бес күн демалады. Ал Әзірбайжан, Грузия, Түрікменстан және Өзбекстанда 1 мамыр – жұмыс күні. Бірақ өзбек, түрікмен жұрты бұл күні ұлттық тағам дайындап, өзбекше, түрікменше тойлайды.

Талдау. «Достық,Бірлік,Ынтымақ» туралы мақал-мәтелдерді жалғастыру керек (3 мин) І. «Достық» тобы: 1. Досыңды мақтағаның -

11 слайд
Талдау. «Достық,Бірлік,Ынтымақ» туралы мақал-мәтелдерді жалғастыру керек (3 мин) І. «Достық» тобы: 1. Досыңды мақтағаның - ... 2. Досы көппен сыйлас, ... 3. Досы жоқ адам -... 4. Досы көптің жаны семіреді,... 5. Досы көпті жау алмайды,... ІІ. «Бірлік» тобы: 1.Бірлігі жоқ ел тозады, ... 2. Тірлік, тірлік түбі – ... 3. Саусақ бірікпей ... 4. Бірлік бар жерде ... 5. Кеңесіп пішкен тон ... ІІІ. «Ынтымақ» тобы: 1. Ынтымақ жүрген жерде, ... 2. Ырыс алды – ... 3. Ынтымақ болмай ... 4. Теңге тиыннан, ….. 5. Сырттан келген жаудан да...

«Достық,Бірлік,Ынтымақ» туралы мақал-мәтелдерді жалғасы (3 мин) І.«Достық» тобы: 1. Досыңды мақтағаның - ... (өзіңді жақтаға

12 слайд
«Достық,Бірлік,Ынтымақ» туралы мақал-мәтелдерді жалғасы (3 мин) І.«Достық» тобы: 1. Досыңды мақтағаның - ... (өзіңді жақтағаның) 2. Досы көппен сыйлас, ... (Досы азбен сырлас) 3. Досы жоқ адам -... (Тұзы жоқ тағам) 4. Досы көптің жаны семіреді,... (Асы көптің тәні семіреді) 5. Досы көпті жау алмайды,... (Ақылы көпті дау алмайды) ІІ. «Бірлік» тобы: 1. Бірлігі жоқ ел тозады, ... (Бірлігі күшті ел озады) 2. Тірлік, тірлік түбі – ... (бірлік) 3. Саусақ бірікпей ...(Ине ілікпейді) 4. Бірлік бар жерде ... (тірлік бар) 5. Кеңесіп пішкен тон ... (келте болмас) ІІІ. «Ынтымақ» тобы: 1. Ынтымақ жүрген жерде, ... (Ырыс бірге жүреді) 2. Ырыс алды – ... (ынтымақ) 3. Ынтымақ болмай ... (іс оңбас) 4. Теңге тиыннан, ... (Ынтымақ ұйымнан) 5. Сырттан келген жаудан да... (Іштен шыққан дау жаман) 

«Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға кер

13 слайд
«Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көргенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі. Осымен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Қош сау болыңыздыр!  