Асық терапиясы.
Асық терапиясы.

#1 слайд
ТАҚЫРЫБЫ:
“Асық: тәрбие мен
терапия
Орындаған: Каржауова Марал
1 слайд
ТАҚЫРЫБЫ: “Асық: тәрбие мен терапия Орындаған: Каржауова Марал
#2 слайд
◦МАҚСАТЫ:
Ұмыт болып бара жатқан ұлттық
құндылықтарымызды,
ойындарымызды мектеп жасына
дейінгі балаларға таныстыра
отырып, оны жаңаша түрде құрал
ретінде оқу іс –әрекетінде
қолданысқа енгізіп, балалардың
ойлау қабілетін, дене қимылын
дамыту.
2 слайд
◦МАҚСАТЫ: Ұмыт болып бара жатқан ұлттық құндылықтарымызды, ойындарымызды мектеп жасына дейінгі балаларға таныстыра отырып, оны жаңаша түрде құрал ретінде оқу іс –әрекетінде қолданысқа енгізіп, балалардың ойлау қабілетін, дене қимылын дамыту.
#3 слайд
Мектепке дейінгі кезеңнен бастап ұлттық
тәрбиені қалыптастыру, баланың физикалық
және ой-өрісінің дамуын қамтамасыз ететін
жаңа технологияларды іздестіру өте өзекті.
Осы орайда Алматылық әріптестеріміз асық
технологиясын жаңалық етіп ашып
балабақшада қолдануды ойлап тапқан екен,
әріптестеріміздің бастамасын қолдап, біз де
осы оқу іс-әрекетінде пайдаланатын құралдар
жасап, оны өз тәжірибемізге қосуды жөн
көрдік.
3 слайд
Мектепке дейінгі кезеңнен бастап ұлттық тәрбиені қалыптастыру, баланың физикалық және ой-өрісінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа технологияларды іздестіру өте өзекті. Осы орайда Алматылық әріптестеріміз асық технологиясын жаңалық етіп ашып балабақшада қолдануды ойлап тапқан екен, әріптестеріміздің бастамасын қолдап, біз де осы оқу іс-әрекетінде пайдаланатын құралдар жасап, оны өз тәжірибемізге қосуды жөн көрдік.
#4 слайд
Қазақтың ұлттық ойындарының бірі – асық
ойыны. Бұл ойын ертеден мал
шаруашылығымен айналысқан ата-
бабаларымыздың қолданысында келе жатқан
көне ойын түрі. Асық терапиясы балалардың
қимыл-қозғалысын реттеуге, кеңістікті
бағдарлай білуге, сөздік –логикалық ойлауды
сатылай қалыптастыруға,шығармашылық
ойлауға,сабырға,бірлесе əрекет етуге
тəрбиелейді. Сондықтан мазмұнды
ойындар,жаттығулар құрастырып, оқыту
барысында қолданамыз .
4 слайд
Қазақтың ұлттық ойындарының бірі – асық ойыны. Бұл ойын ертеден мал шаруашылығымен айналысқан ата- бабаларымыздың қолданысында келе жатқан көне ойын түрі. Асық терапиясы балалардың қимыл-қозғалысын реттеуге, кеңістікті бағдарлай білуге, сөздік –логикалық ойлауды сатылай қалыптастыруға,шығармашылық ойлауға,сабырға,бірлесе əрекет етуге тəрбиелейді. Сондықтан мазмұнды ойындар,жаттығулар құрастырып, оқыту барысында қолданамыз .
#5 слайд
Асық неліктен терапияға жатады? Сөздіктерде
терапия – медицина ғылымында аурулардың
себептері, даму барысы, оларды анықтау, емдеу
жəне олардың алдын алып, сақтану əдістерін
зерттейтін сала. Педагогика ғылымындағы
теориялар мен т əжірибелерді негізге ала отырып,
балаларды т əрбиелеуде асық терапиясының
баланың денсаулығына тигізетін пайдасын көрсету
мақсаты көзделді.
5 слайд
Асық неліктен терапияға жатады? Сөздіктерде терапия – медицина ғылымында аурулардың себептері, даму барысы, оларды анықтау, емдеу жəне олардың алдын алып, сақтану əдістерін зерттейтін сала. Педагогика ғылымындағы теориялар мен т əжірибелерді негізге ала отырып, балаларды т əрбиелеуде асық терапиясының баланың денсаулығына тигізетін пайдасын көрсету мақсаты көзделді.
#6 слайд
Алшы –асықтың иірілгенде табаны
жерге тиіп, тұрық түсуі.Ойын
кезінде оған аса мән беріледі.Ол —
бірінші дәрежелі асық.
Тәйке— асықтың иірілгенде
табаны үстіне қарап,тұрық түсуі.Ол
— екінші дәрежелі асық.
Бүге ( Бүк ) -асықтың иірілгенде
дөңес жоны үстіне қарап, етпетінен
жатық түсуі. Ол үшінші дәрежелі
мәнге ие.
Шіге ( Шік ) — асықтың иірілгенде
шұңқыр құрсақ жағы үстіне қарап,
шалқасынан жатық түсуі.Ол
төртінші дәрежелі мәнге ие.
6 слайд
Алшы –асықтың иірілгенде табаны жерге тиіп, тұрық түсуі.Ойын кезінде оған аса мән беріледі.Ол — бірінші дәрежелі асық. Тәйке— асықтың иірілгенде табаны үстіне қарап,тұрық түсуі.Ол — екінші дәрежелі асық. Бүге ( Бүк ) -асықтың иірілгенде дөңес жоны үстіне қарап, етпетінен жатық түсуі. Ол үшінші дәрежелі мәнге ие. Шіге ( Шік ) — асықтың иірілгенде шұңқыр құрсақ жағы үстіне қарап, шалқасынан жатық түсуі.Ол төртінші дәрежелі мәнге ие.
#7 слайд
Асықпен ойын түрлері:
Асықты жіпке тізу (Асық
арқылы балалардың
сенсорлық
моторикасын дамытатын
жаттығулар) Балалар боялып,
тесілген асықтарды
жіпке бір түстен соң екінші
түске тізбектеп тізеді. Қолмен
жұмыс жасау барысында
баланың ұсақ моторикасы
дамиды. Саусақтарымен жұмыс
жасауда баланың саусақтары
иілгіш болып, жұмыс жасауға
жаттығады
7 слайд
Асықпен ойын түрлері: Асықты жіпке тізу (Асық арқылы балалардың сенсорлық моторикасын дамытатын жаттығулар) Балалар боялып, тесілген асықтарды жіпке бір түстен соң екінші түске тізбектеп тізеді. Қолмен жұмыс жасау барысында баланың ұсақ моторикасы дамиды. Саусақтарымен жұмыс жасауда баланың саусақтары иілгіш болып, жұмыс жасауға жаттығады
#8 слайд
Асықты тақтайшамен жүру.
Денсаулық білім беру саласында
да асық терапиясын пайдалануға
болады.Дене шынықтыру оқу іс-
әрекетінде тақтайшалармен жүру
арқылы балалардың аяқ, қол
еттері қатаяды, жұмысқа
қабілеттілігі артады. Қимыл-
қозғалыс координациясы артып,
қол мен аяқтың бірлескен қимылы
дамиды. Табандағы жүйке
нүктелері арқылы ойлау қабілеті
дамып, психикалық процестердің
дамуына әсерін тигізеді. Жалпақ
табанның алды алынып, ең
бастысы балалардың дұрыс жүру
дене бітімі артады.
8 слайд
Асықты тақтайшамен жүру. Денсаулық білім беру саласында да асық терапиясын пайдалануға болады.Дене шынықтыру оқу іс- әрекетінде тақтайшалармен жүру арқылы балалардың аяқ, қол еттері қатаяды, жұмысқа қабілеттілігі артады. Қимыл- қозғалыс координациясы артып, қол мен аяқтың бірлескен қимылы дамиды. Табандағы жүйке нүктелері арқылы ойлау қабілеті дамып, психикалық процестердің дамуына әсерін тигізеді. Жалпақ табанның алды алынып, ең бастысы балалардың дұрыс жүру дене бітімі артады.
#9 слайд
Асық терапиясын
таным білім беру
саласы бойынша
математика оқу іс-
әрекетінде
кеңістікті
бағдарлау
мақсатында
қолдануға
болады.
9 слайд
Асық терапиясын таным білім беру саласы бойынша математика оқу іс- әрекетінде кеңістікті бағдарлау мақсатында қолдануға болады.
#10 слайд
Асық ойындары:
◦Баланың ойлау қабілетін дамытады;
◦Адамдармен тез тіл табысып, топтасып ойнауға
үйретеді;
◦Денені шынықтырады;
◦Қан айналым мен тыныс алу мүшелерінің жұмысын
жақсартады;
◦Көздің қашықтан көруін жақсартады.
10 слайд
Асық ойындары: ◦Баланың ойлау қабілетін дамытады; ◦Адамдармен тез тіл табысып, топтасып ойнауға үйретеді; ◦Денені шынықтырады; ◦Қан айналым мен тыныс алу мүшелерінің жұмысын жақсартады; ◦Көздің қашықтан көруін жақсартады.
#11 слайд
Қорытынды:
Асық терапиясының мектепке дейінгі балалардың дене,
психологиялық және әлеуметтік дамуында орны ерекше,
сонымен қатар оның көп функционалдық рөл атқаратынына
көзіміз жетіп отыр.
Ойнай бiлген адамға асықтың пайдасы орасан зор. Асық
ойыны адамды мергенд iкке, ептiлiкке баулиды. Бұған қоса
аяқ-қолдың қимылын жақсартып, денсаулыққа көп пайдасын
тигiзедi.
Асық ойынына Бауыржан Момышұлы атамыз «Асық – үлкен
халықтық тәрбие» деп баға бер iп, жоғары билiкке хат та
жазған екен.
11 слайд
Қорытынды: Асық терапиясының мектепке дейінгі балалардың дене, психологиялық және әлеуметтік дамуында орны ерекше, сонымен қатар оның көп функционалдық рөл атқаратынына көзіміз жетіп отыр. Ойнай бiлген адамға асықтың пайдасы орасан зор. Асық ойыны адамды мергенд iкке, ептiлiкке баулиды. Бұған қоса аяқ-қолдың қимылын жақсартып, денсаулыққа көп пайдасын тигiзедi. Асық ойынына Бауыржан Момышұлы атамыз «Асық – үлкен халықтық тәрбие» деп баға бер iп, жоғары билiкке хат та жазған екен.
шағым қалдыра аласыз













