1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі: "Балдәурен" ортаңғы тобы

#1 слайд
№ 263 орта мектебі жанынан ашылған шағын орталық
«Балдәурен» ортаңғы тобы.
«Қыс қызығы»
Ойын сауық іс шарасы.
Дайындаған топ тәрбиешісі:
Мырзалиева. Айбану. Күнтуғанқызы.
1 слайд
№ 263 орта мектебі жанынан ашылған шағын орталық «Балдәурен» ортаңғы тобы. «Қыс қызығы» Ойын сауық іс шарасы. Дайындаған топ тәрбиешісі: Мырзалиева. Айбану. Күнтуғанқызы.
#2 слайд
Білім беру саласы: «Денсаулық»
Тақырыбы: «Көңілді қыс»
Мақсаты: балалардың қыс туралы түсініктерін кеңейтіп, қысқы
ойындар мазмұнын меңгерту. Бала денесін ойын арқылы қозғалысқа
келтіріп, таза ауада шынықтыру. Іс-әрекетке деген қызығушылығын
ойын арқылы қалыптастыру.
Методикалық әдіс: Ойын әдісі, ойын мазмұны, түсіндіру, үйрету.
Көрнекіліктер: Шана, аққала, қар, күрек, қар домалақтары , қар
кесетін ағаш құралдар.
2 слайд
Білім беру саласы: «Денсаулық» Тақырыбы: «Көңілді қыс» Мақсаты: балалардың қыс туралы түсініктерін кеңейтіп, қысқы ойындар мазмұнын меңгерту. Бала денесін ойын арқылы қозғалысқа келтіріп, таза ауада шынықтыру. Іс-әрекетке деген қызығушылығын ойын арқылы қалыптастыру. Методикалық әдіс: Ойын әдісі, ойын мазмұны, түсіндіру, үйрету. Көрнекіліктер: Шана, аққала, қар, күрек, қар домалақтары , қар кесетін ағаш құралдар.
#3 слайд
Ойынның жүру барысы :
Тілек шеңбері
Балалар алаңда дөңгеленіп шеңбер жасап тұрып,
бір-бірінің қолдарынан ұстап тілектер айтады.
1. Ауамыз таза болсын
2. Денсаулығымыз мықты болсын
3. Ойын қызықты болсын
4. Жарыс көңілді болсын
5. Жеңімпаздар көп болсын
3 слайд
Ойынның жүру барысы : Тілек шеңбері Балалар алаңда дөңгеленіп шеңбер жасап тұрып, бір-бірінің қолдарынан ұстап тілектер айтады. 1. Ауамыз таза болсын 2. Денсаулығымыз мықты болсын 3. Ойын қызықты болсын 4. Жарыс көңілді болсын 5. Жеңімпаздар көп болсын
#4 слайд
Балалар музыка ырғағымен аяқ-қол б ұл шықеттеріне арналған
сергіту жаттығуларын жаса й ды.
Қозғап барлық денеңді
Қолды қатты соқ енді.
Тақылдатпай таяқты
Ақырын бас аяқты.
Иықты артқа ысырып,
Басты төмен саламыз.
Жаттығу жасап осылай,
Біз шынығып аламыз.
4 слайд
Балалар музыка ырғағымен аяқ-қол б ұл шықеттеріне арналған сергіту жаттығуларын жаса й ды. Қозғап барлық денеңді Қолды қатты соқ енді. Тақылдатпай таяқты Ақырын бас аяқты. Иықты артқа ысырып, Басты төмен саламыз. Жаттығу жасап осылай, Біз шынығып аламыз.
#5 слайд
Ойын жарыс түрінде өтетін болған соң, балаларды
екі топқа бөлеміз.
5 слайд
Ойын жарыс түрінде өтетін болған соң, балаларды екі топқа бөлеміз.
#6 слайд
Ойын №1 «Жолды қардан тазарту».
Мазмұны: Балалар қолдарына күрек алып екі жақтан қарсы жүріп,
жолды қардан тазартады. Қай топтың балалары жолды ұзын етіп
тазартса сол топ жеңеді.
6 слайд
Ойын №1 «Жолды қардан тазарту». Мазмұны: Балалар қолдарына күрек алып екі жақтан қарсы жүріп, жолды қардан тазартады. Қай топтың балалары жолды ұзын етіп тазартса сол топ жеңеді.
#7 слайд
Ойын №2 «Үйшік жасау».
Ертегі кейіпкерлері қонақта. «Үйшік» ертегісінен Аю келіп
балалардан өзі сиятын үйшік жасап беруін өтінеді.
Мазмұны: Қар кесінділерінен кішкене үйшік тұрғызу. Қай топ
бұрын болса, сол топ жеңген болады.
7 слайд
Ойын №2 «Үйшік жасау». Ертегі кейіпкерлері қонақта. «Үйшік» ертегісінен Аю келіп балалардан өзі сиятын үйшік жасап беруін өтінеді. Мазмұны: Қар кесінділерінен кішкене үйшік тұрғызу. Қай топ бұрын болса, сол топ жеңген болады.
#8 слайд
Ойын №3 «Шанамен жарысу».
Мазмұны : балалар шанаға өздерінен кіші балаларды отырғызып сүйреп мәре сызығына
дейін жарысады. Ойынға балалар түгел қатысады. Қай топ бұрын жетеді, сол топ жеңеді.
Балалар, біз келесі ойынды ойнамас бұрын жұмбақ шешейік.сол жұмбақтың шешуі
арқылы келесі ойынымыздың атауын анықтаймыз.
•
Шелек қалпақ басында,
•
Сәбіз екен танауы.
•
Қыста қардан жасалар,
•
Тауып көрші сен оны.
(аққала)
8 слайд
Ойын №3 «Шанамен жарысу». Мазмұны : балалар шанаға өздерінен кіші балаларды отырғызып сүйреп мәре сызығына дейін жарысады. Ойынға балалар түгел қатысады. Қай топ бұрын жетеді, сол топ жеңеді. Балалар, біз келесі ойынды ойнамас бұрын жұмбақ шешейік.сол жұмбақтың шешуі арқылы келесі ойынымыздың атауын анықтаймыз. • Шелек қалпақ басында, • Сәбіз екен танауы. • Қыста қардан жасалар, • Тауып көрші сен оны. (аққала)
#9 слайд
Ойын №4 «Аққала».
Мазмұны: балалар дайын тұрған қардан аққала құрастырады.Оның
көзін, мұрнын, аузын жапсырады. Басына телпек кигізіп, қолына
сыпырғыш ұстатады. Қай топтың балалары бұрын болса, сол топ
жеңеді .
9 слайд
Ойын №4 «Аққала». Мазмұны: балалар дайын тұрған қардан аққала құрастырады.Оның көзін, мұрнын, аузын жапсырады. Басына телпек кигізіп, қолына сыпырғыш ұстатады. Қай топтың балалары бұрын болса, сол топ жеңеді .
#10 слайд
Ойын № 5 «Қар домалату»
Мазмұны: балалар дайын болып тұрған қар домалағын мәре
сызығына дейін кедергілер арасымен домалатып барады.Кім
бірінші барса сол топ жеңеді
10 слайд
Ойын № 5 «Қар домалату» Мазмұны: балалар дайын болып тұрған қар домалағын мәре сызығына дейін кедергілер арасымен домалатып барады.Кім бірінші барса сол топ жеңеді
#11 слайд
Қорытынды: Ойынды қорытындылап, балаларды
марапаттау үшін қыс кейіперлері келіп, сыйлықтар
таратып балаларды риза қылады.
(Аққала, Мұзханшасы,Ақшақар)
11 слайд
Қорытынды: Ойынды қорытындылап, балаларды марапаттау үшін қыс кейіперлері келіп, сыйлықтар таратып балаларды риза қылады. (Аққала, Мұзханшасы,Ақшақар)

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген