Ата-аналар жиналысы




1 слайд
Ата-аналар жиналысы
1 слайд
Ата-аналар жиналысы

2 слайд
Ата-аналар жиналысы
Тақырыбы : Баланың бас ұстазы - ата ана
Мақсаты:
1. Ата - ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту.
2. Ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға
шақыру.
3. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға
ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.
Міндеті:
1. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата -
ананың жауапкершілігі.
2. Мектепте ата - ананың оқу - тәрбие саласындағы
рөлі.
3. Алдағы уақытта оқушыларды тәрбиелеуде мұғалім
мен ата - ананың бірігіп жұмыс жасауы.
Керекті құралдар: Үлестірмелі қима қағаз,
Әдіс - тәсілдер: Пікірлесу, сұрақ - жауап, «Қызықты
сұрақтар», «Сіз қандай ата анасыз» тест
2 слайд
Ата-аналар жиналысы Тақырыбы : Баланың бас ұстазы - ата ана Мақсаты: 1. Ата - ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту. 2. Ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру. 3. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту. Міндеті: 1. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата - ананың жауапкершілігі. 2. Мектепте ата - ананың оқу - тәрбие саласындағы рөлі. 3. Алдағы уақытта оқушыларды тәрбиелеуде мұғалім мен ата - ананың бірігіп жұмыс жасауы. Керекті құралдар: Үлестірмелі қима қағаз, Әдіс - тәсілдер: Пікірлесу, сұрақ - жауап, «Қызықты сұрақтар», «Сіз қандай ата анасыз» тест

3 слайд
Жиналыс барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Парақшалар тарату
2. Кіріспе:
1. Жиналыс мақсатын айту
Кіріспе сөз. Мұғалім:
Ұлағатты ұстаздар, ардақты ата - аналар! Жел
бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі
тәрбиенің ұйытқысы ата - ана мен мектеп. Болашақ
десек те, келешек десе де бала - ұрпақ деген
мағынаны білдіреді.
Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы –
дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау,
адам етіп тәрбиелеу.
Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл
қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Міне,
осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже
берері ақиқат.
3 слайд
Жиналыс барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі: Парақшалар тарату 2. Кіріспе: 1. Жиналыс мақсатын айту Кіріспе сөз. Мұғалім: Ұлағатты ұстаздар, ардақты ата - аналар! Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата - ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десе де бала - ұрпақ деген мағынаны білдіреді. Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу. Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Міне, осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат.

4 слайд
3. Қызығушылығын ояту.
Ата - аналар бір біріне жүрекше сыйлау арқылы ыстық
лебізін білдіреді.
Сол жүрекшелерге өзінің атын және баласының атын
жазып, бір-біріне сыйлайды. Осылайша, ата-аналар
өзара танысуға мүмкіндік алады.
4 слайд
3. Қызығушылығын ояту. Ата - аналар бір біріне жүрекше сыйлау арқылы ыстық лебізін білдіреді. Сол жүрекшелерге өзінің атын және баласының атын жазып, бір-біріне сыйлайды. Осылайша, ата-аналар өзара танысуға мүмкіндік алады.

5 слайд
4. Баяндама.
Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы
ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы.
Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы –
бала. Бала – дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи
қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында,
мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланың бас
ұстазы – ата – анасы. Тәрбие үрдісінің бір тарауы
отбасымен жұмыс десек, отбасынан басталатын
тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Қазақтың
отбасында өмірге келген әр бала ес біліп, етек
жыйғанша, негізінен әке мен ананың тәрбиесінде
болады. Бүгінгі мақсат - әрбір бала түбегейлі біліммен
мәдениеттің негіздерін білу және олардың жан -
жақты дамуына ата - ана, мектеп жағдай жасауы
керек. Сондықтан сіздерге балаларыңыздың
мектептен барлық мүмкіндіктерді пайдаланып білім
алу мен тәрбие жұмыстарына қатыстырып өзін - өзі
басқаратын азамат болуына ат салысу қажет.
5 слайд
4. Баяндама. Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланың бас ұстазы – ата – анасы. Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек, отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп, етек жыйғанша, негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болады. Бүгінгі мақсат - әрбір бала түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және олардың жан - жақты дамуына ата - ана, мектеп жағдай жасауы керек. Сондықтан сіздерге балаларыңыздың мектептен барлық мүмкіндіктерді пайдаланып білім алу мен тәрбие жұмыстарына қатыстырып өзін - өзі басқаратын азамат болуына ат салысу қажет.

6 слайд
5.«Қызықты сұрақтар»
Таратылған парақтарға жауап жазу
1. Балаңыздың туылған күні?
2. Сынып жетекшісінің толық аты жөні?
3. Балаңыздың аяғының өлшемі?
4. Балаңыздың парталасы кім?
5. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
7. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?
8. Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер
пайдаланасыз?
9. Балаңызға ашуланғанда аузыңызға ең
алдымен қандай сөз түседі?
10. Балаңыздың ең жақын досы кім?
6 слайд
5.«Қызықты сұрақтар» Таратылған парақтарға жауап жазу 1. Балаңыздың туылған күні? 2. Сынып жетекшісінің толық аты жөні? 3. Балаңыздың аяғының өлшемі? 4. Балаңыздың парталасы кім? 5. Балаңыздың сүйікті асы қандай? 6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді? 7. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды? 8. Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер пайдаланасыз? 9. Балаңызға ашуланғанда аузыңызға ең алдымен қандай сөз түседі? 10. Балаңыздың ең жақын досы кім?

7 слайд
6. Ата - аналарға «Сіз қандай ата - анасыз?» тест.
Олар балалармен қарым - қатынас барысында
қолданатын сөздерді белгілеу қажет.
- Мен саған қанша рет айтамын?
- Маған кеңес бере қойшы, айналайын!
-Мен сенсіз не істер едім?!
-- Бұл не тағы?
- - Біз бәрін бірге ойласатын достармыз ғой?
- - Кімге тартқан бәлесің өзің?
-- Мен сендей кезімде..
-- Сен менің тірегімсің, қолқанатымсың!
-- Сенің жаныңдағы қандай достар осы?
- - Сен не ойлап отырсың?
- - Ұлым (қызым), сен қалай ойлайсың, жұрттың
баласы бала сияқты, ал сен болсаң…
-- Ақылдымсың ғой сен менің!
7 слайд
6. Ата - аналарға «Сіз қандай ата - анасыз?» тест. Олар балалармен қарым - қатынас барысында қолданатын сөздерді белгілеу қажет. - Мен саған қанша рет айтамын? - Маған кеңес бере қойшы, айналайын! -Мен сенсіз не істер едім?! -- Бұл не тағы? - - Біз бәрін бірге ойласатын достармыз ғой? - - Кімге тартқан бәлесің өзің? -- Мен сендей кезімде.. -- Сен менің тірегімсің, қолқанатымсың! -- Сенің жаныңдағы қандай достар осы? - - Сен не ойлап отырсың? - - Ұлым (қызым), сен қалай ойлайсың, жұрттың баласы бала сияқты, ал сен болсаң… -- Ақылдымсың ғой сен менің!

8 слайд
Жауаптары : 7 - 8 балл - Сіз өз балаңызбен
жүйелі түрде қарым - қатынас жасап
отырмасаңыз да, ол сізді құрметтейді. Сіздің
көзқарасыңыз оның тұлға болып қалыптасуына
көмектеседі.
9 - 10балл - Балаңыз сізді құрмет еткенімен
әрқашан ашық сөйлесе бермейді. Оның тұлғалық
дамуы кездейсоқ жағдаяттар ықпалынан
болмақ.
11 - 12 балл – Сіздің бала тәрбиесіне
мұқияттылау болғаныңыз жөн. Балаңыз сізді
құрметтейді, бірақ ол, ата - ананың аялы
алақанына, жылы сөздеріне зәру .
13 - 14балл - Сіздің бала тәрбиесіне байланысты
ұстанған жолыңыз дұрыс емес екенін өзіңіз де
білесіз. Балаңыз бен сіздің араңызда сенімсіздік
бар - оған көбірек көңіл бөлуге тырысыңыз, оның
сөздеріне құлақ асыңыз.
Мұғалім: Біздің тестіміз істің шын жағдайына қатысты
емеурін ғана, сіздің қандай ата - ана екеніңізді
өзіңізден басқа ешкім жақсы білмейді.
8 слайд
Жауаптары : 7 - 8 балл - Сіз өз балаңызбен жүйелі түрде қарым - қатынас жасап отырмасаңыз да, ол сізді құрметтейді. Сіздің көзқарасыңыз оның тұлға болып қалыптасуына көмектеседі. 9 - 10балл - Балаңыз сізді құрмет еткенімен әрқашан ашық сөйлесе бермейді. Оның тұлғалық дамуы кездейсоқ жағдаяттар ықпалынан болмақ. 11 - 12 балл – Сіздің бала тәрбиесіне мұқияттылау болғаныңыз жөн. Балаңыз сізді құрметтейді, бірақ ол, ата - ананың аялы алақанына, жылы сөздеріне зәру . 13 - 14балл - Сіздің бала тәрбиесіне байланысты ұстанған жолыңыз дұрыс емес екенін өзіңіз де білесіз. Балаңыз бен сіздің араңызда сенімсіздік бар - оған көбірек көңіл бөлуге тырысыңыз, оның сөздеріне құлақ асыңыз. Мұғалім: Біздің тестіміз істің шын жағдайына қатысты емеурін ғана, сіздің қандай ата - ана екеніңізді өзіңізден басқа ешкім жақсы білмейді.

9 слайд
7. Қорытынды сөз: Барлық өнеге жанұядан тарайды.
Халық жанұядағы тәрбиеге ерекше көңіл бөлген. Оны
«Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын», «Балақан өсіру -
балапан ұшыру емес» деген мақал - мәтелдерден
көруіңізге болады.
Құрметті ата - аналар ұлтымыздың қанындағы
ізеттілік – дөрекілікке, қайырымдылық - қатыгездікке,
жомарттық - тоғышарлыққа, адалдық - арамдыққа,
парасаттылық - парықсыздыққа ауыспасын деген
үлкен үміт тұр.
Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл - қыздарымыздың
саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш
салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен
адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін
мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет
деп бүгінгі жиналысымызды аяқтағалы отырмыз.
9 слайд
7. Қорытынды сөз: Барлық өнеге жанұядан тарайды. Халық жанұядағы тәрбиеге ерекше көңіл бөлген. Оны «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын», «Балақан өсіру - балапан ұшыру емес» деген мақал - мәтелдерден көруіңізге болады. Құрметті ата - аналар ұлтымыздың қанындағы ізеттілік – дөрекілікке, қайырымдылық - қатыгездікке, жомарттық - тоғышарлыққа, адалдық - арамдыққа, парасаттылық - парықсыздыққа ауыспасын деген үлкен үміт тұр. Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл - қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет деп бүгінгі жиналысымызды аяқтағалы отырмыз.

10 слайд
Ата-аналар жиналысының қаулысы
1. Ата - ананың өмірге деген көзқарасы
мен жауапкершілігі ескерілсін;
2. «Балалардың болашағы – бәрінен
қымбат» деген қағида ескерілсін;
3. Баланың бүгінгі істеген қадамы
ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына
үлкен әсер ететінін үнемі есте сақтау!
Қадамдарыңызға сәттілік тілеймін!
10 слайд
Ата-аналар жиналысының қаулысы 1. Ата - ананың өмірге деген көзқарасы мен жауапкершілігі ескерілсін; 2. «Балалардың болашағы – бәрінен қымбат» деген қағида ескерілсін; 3. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін үнемі есте сақтау! Қадамдарыңызға сәттілік тілеймін!