Ата-аналарға психологиялық кеңестер

#1 слайд
Мұғалімдер мектеп оқушыларының
оқуға деген ынтасын қалай
арттыруына болады
1. Жартылай таңдау жасауға ерік беру.
2. Қызығу және қуану мектеп
оқушысының оқу процесіндегі негізгі
көңіл-күйі болуы тиіс.
3. Оқыту барысында балалардың
қажеттіліктерін, қызығушылықтары
мен ұмтылыстарын ескеру керек.
4. Оқытудағы ең мықты ынталандыру –
«Қолыңнан келді!!!». Бұлайша
ынталандыру болмаса, оқытуда мән де
жоқ. Баланы өзіне не түсініксіз екенін
аздан бастап түсінуге үйрету керек.
Бір үлкен тапсырманы бала өзі
орындай алатын бірнеше кішкентай
тапсырмаға бөліп тастау керек. Бала
қандай да бір іс-әрекетте шеберлікке
жетсе, оның ішкі ынтасы арта түседі.
1 слайд
Мұғалімдер мектеп оқушыларының оқуға деген ынтасын қалай арттыруына болады 1. Жартылай таңдау жасауға ерік беру. 2. Қызығу және қуану мектеп оқушысының оқу процесіндегі негізгі көңіл-күйі болуы тиіс. 3. Оқыту барысында балалардың қажеттіліктерін, қызығушылықтары мен ұмтылыстарын ескеру керек. 4. Оқытудағы ең мықты ынталандыру – «Қолыңнан келді!!!». Бұлайша ынталандыру болмаса, оқытуда мән де жоқ. Баланы өзіне не түсініксіз екенін аздан бастап түсінуге үйрету керек. Бір үлкен тапсырманы бала өзі орындай алатын бірнеше кішкентай тапсырмаға бөліп тастау керек. Бала қандай да бір іс-әрекетте шеберлікке жетсе, оның ішкі ынтасы арта түседі.
#2 слайд
Ата-аналар мектеп оқушыларының
оқуға деген ынтасын қалай арттыруына
болады
1. Балаңызбен мектеп және білім алу
қаншалықты маңызды екені туралы
сөйлесіңіз. Бұл өте маңызды.
2. Балаңыздан күнде мектептегі әр күні
қалай өткенін сұрап отырыңыз. Ол сізге
бәрін егжей-тегжейлі айтып беретініне көз
жеткізіңіз.
3. Балаңызға мұғалімдері үй тапсырмасын
бере ме немесе сыныпта өзі жасауы тиіс
қандай да бір жоба тапсыра ма – соны
біліңіз.
4. Балаңыздың үйде орындайтын ешқандай
тапсырмасы болмаса, сабақтарын
пысықтап, қайта қарап шығуға кем дегенде
30 минут жұмсауын қадағалаңыз
2 слайд
Ата-аналар мектеп оқушыларының оқуға деген ынтасын қалай арттыруына болады 1. Балаңызбен мектеп және білім алу қаншалықты маңызды екені туралы сөйлесіңіз. Бұл өте маңызды. 2. Балаңыздан күнде мектептегі әр күні қалай өткенін сұрап отырыңыз. Ол сізге бәрін егжей-тегжейлі айтып беретініне көз жеткізіңіз. 3. Балаңызға мұғалімдері үй тапсырмасын бере ме немесе сыныпта өзі жасауы тиіс қандай да бір жоба тапсыра ма – соны біліңіз. 4. Балаңыздың үйде орындайтын ешқандай тапсырмасы болмаса, сабақтарын пысықтап, қайта қарап шығуға кем дегенде 30 минут жұмсауын қадағалаңыз
#3 слайд
ҰБТ тапсыруға қалай дайындалу
керек?
Ең алдымен, бір рет оқып қоя
салғаннан материалдың ұмытылып
қалатынын білу керек! Материалды
бір рет оқып алған соң, 10-20
минуттан кейін оны тағы бір рет
оқып шығу керек. Одан кейін, 4-5
сағаттан соң есте қалғанды жазып,
сызып, бейнелеу керек. Тағы бір
рет бір-екі сөткеден кейін оқып
шығу керек. Сонда әр материалды
үш реттен қарастыру ұзақ мерзімді
еске сақтауға мүмкіндік береді.
ҰБТ кезінде тест тапсырмаларын бір қарап
шығып, өте жақсы білетіндерді бірінші
орындаған дұрыс. Қиындық туғызған тест
тапсырмаларының жауаптарын соңына дейін
мұқият оқу керек. Бірақ олардың арасынан
бірінші кезекте дұрыс жауапты іздемеу керек.
Алдымен, дұрыс емес жауаптарды анықтап алу
керек, соңында дұрыс-ау дегені қалады. Сонда
дұрыс жауап беруге мүмкіндік артады.
3 слайд
ҰБТ тапсыруға қалай дайындалу керек? Ең алдымен, бір рет оқып қоя салғаннан материалдың ұмытылып қалатынын білу керек! Материалды бір рет оқып алған соң, 10-20 минуттан кейін оны тағы бір рет оқып шығу керек. Одан кейін, 4-5 сағаттан соң есте қалғанды жазып, сызып, бейнелеу керек. Тағы бір рет бір-екі сөткеден кейін оқып шығу керек. Сонда әр материалды үш реттен қарастыру ұзақ мерзімді еске сақтауға мүмкіндік береді. ҰБТ кезінде тест тапсырмаларын бір қарап шығып, өте жақсы білетіндерді бірінші орындаған дұрыс. Қиындық туғызған тест тапсырмаларының жауаптарын соңына дейін мұқият оқу керек. Бірақ олардың арасынан бірінші кезекте дұрыс жауапты іздемеу керек. Алдымен, дұрыс емес жауаптарды анықтап алу керек, соңында дұрыс-ау дегені қалады. Сонда дұрыс жауап беруге мүмкіндік артады.
#4 слайд
Таңда тәтті ұйқыны қимай, көңіл-күйіміз
түсетін сәттер болып тұратыны рас. Жұмысқа
немесе сабаққа баруға зауқың соқпайды. Тіпті
тамақ ішу мен далаға шығуға да құлқың
болмайды. Ондайда өз көңіл-күйіңді өзің көтеруің
керек. Ол үшін не істеу керек?Таңғы көңіл-күй
тамаша болуына бірден-бір себепкер жандар –
балалар. «Балалы үй – базар» демекші, таң
атысымен үйдегі бүлдіршінді еркелетсеңіз көңіл-
күйіңіз көтеріліп, ұйқыңыз қалай ашылғанын да
сезбей қаласыз. Әсіресе, жұмысбасты ата-ана
үшін таң алдында балаларымен ойнау – күні бойы
көңілді жүрудің кепілі. Сонымен бірге таңғы асты
отбасы мүшелерінің барлығы бірге ішу де көңілге
қуаныш сыйлайды.Таңертең ерте тұрып жаттығу
жасаңыз. Бұл сіздің күні бойы сергек жүруіңізге
септігін тигізеді. Таза ауамен тыныстап жүгірудің
де пайдасы зор.Тәтті тағамдардан бас тартпаңыз.
Таңертең тәтті тағамдармен шай ішу де көңіл-
күйге әсерін тигізеді. Жаныңыз жадырап, көңіл
шуағы жарқырайды. Дастарқандағы түрлі
тағамдардың иісі де көңіл-күйді көтереді. «Таңғы
ас – тәңірден» демекші, тоя жеуден
қашпаңыз.Сүйікті әуеніңізді тыңдаңыз. Таңертең
тұрғанда жаныңызға жақын әуенді тыңдаған да,
көңіл-күйге әсер етеді. Күні бойы сол әуеннің
ырғағымен тербеліп, құлазуға жол бермейсіз. Таңғы көңіл-күйді көтерудің
тәсілдері
4 слайд
Таңда тәтті ұйқыны қимай, көңіл-күйіміз түсетін сәттер болып тұратыны рас. Жұмысқа немесе сабаққа баруға зауқың соқпайды. Тіпті тамақ ішу мен далаға шығуға да құлқың болмайды. Ондайда өз көңіл-күйіңді өзің көтеруің керек. Ол үшін не істеу керек?Таңғы көңіл-күй тамаша болуына бірден-бір себепкер жандар – балалар. «Балалы үй – базар» демекші, таң атысымен үйдегі бүлдіршінді еркелетсеңіз көңіл- күйіңіз көтеріліп, ұйқыңыз қалай ашылғанын да сезбей қаласыз. Әсіресе, жұмысбасты ата-ана үшін таң алдында балаларымен ойнау – күні бойы көңілді жүрудің кепілі. Сонымен бірге таңғы асты отбасы мүшелерінің барлығы бірге ішу де көңілге қуаныш сыйлайды.Таңертең ерте тұрып жаттығу жасаңыз. Бұл сіздің күні бойы сергек жүруіңізге септігін тигізеді. Таза ауамен тыныстап жүгірудің де пайдасы зор.Тәтті тағамдардан бас тартпаңыз. Таңертең тәтті тағамдармен шай ішу де көңіл- күйге әсерін тигізеді. Жаныңыз жадырап, көңіл шуағы жарқырайды. Дастарқандағы түрлі тағамдардың иісі де көңіл-күйді көтереді. «Таңғы ас – тәңірден» демекші, тоя жеуден қашпаңыз.Сүйікті әуеніңізді тыңдаңыз. Таңертең тұрғанда жаныңызға жақын әуенді тыңдаған да, көңіл-күйге әсер етеді. Күні бойы сол әуеннің ырғағымен тербеліп, құлазуға жол бермейсіз. Таңғы көңіл-күйді көтерудің тәсілдері
#5 слайд
Өмірге риза адамдарға ғана өмір
қызық.
Сіз тыныс алғанда - тек демаласыз, ал
жақсы көргенде - өмір сүресіз.
Егер әрдайым асығып жүрсеңіз, бір
кереметті өткізіп алуыңыз мүмкін.
Ештеңені жүрекке жақын
қабылдамаңыз, жақын қабылдасаңыз
ауыр тиеді.
Өмірдегі әр күніңізді шаттық, ләззат,
бақыт деп біліңіз.
Өмірдің мәні - айналаңызға қызмет
етіп, көмек көрсету.
5 слайд
Өмірге риза адамдарға ғана өмір қызық. Сіз тыныс алғанда - тек демаласыз, ал жақсы көргенде - өмір сүресіз. Егер әрдайым асығып жүрсеңіз, бір кереметті өткізіп алуыңыз мүмкін. Ештеңені жүрекке жақын қабылдамаңыз, жақын қабылдасаңыз ауыр тиеді. Өмірдегі әр күніңізді шаттық, ләззат, бақыт деп біліңіз. Өмірдің мәні - айналаңызға қызмет етіп, көмек көрсету.
#6 слайд
Күйзелістен құтылудың оңай әрі тиімді
Күні бойы монитордың алдында отырсаңыз, бұлшық
етіңіздің бәрі шаршап, басыңыз ауыра бастайды.
Мұндай кезде 10-15 минут шашыңызды тарағаныңыз
дұрыс. Себебі шашыңызды тарау арқылы денеңізге
қан таратып, бұлшық етіңізді.
Киімдеріңізді орын-орнына салу арқылы өз-өзіңізді де
реттеп аласыз. Себебі тап-таза бөлме, тиянақты
жинаулы шкаф, сөре сіздің психологияңызға мол әсер
етеді.
Бұл да күйзелістен құтылудың қарапайым жолы.
Әбден ыстық болғанша бар күшіңізбен алақаныңызды
бір-біріне үйкеңіз. Сонымен қатар құлағыңызды да
ысқылаған пайдалы. Сонда сіз есіңізді жиып,
жұмысқа кірісе аласыз.
Міндетті түрде бөлмеңізді басыңызға көтеріп билеңіз.
Себебі көңіліңіз қалаған әуезді әндер мен ырғақты
қимылдар күйзелістен арылуға көмектеседі. Фитнес-
клубтардағы жаттығуларға қарағанда би билеу оңай
әрі тиімді.
6 слайд
Күйзелістен құтылудың оңай әрі тиімді Күні бойы монитордың алдында отырсаңыз, бұлшық етіңіздің бәрі шаршап, басыңыз ауыра бастайды. Мұндай кезде 10-15 минут шашыңызды тарағаныңыз дұрыс. Себебі шашыңызды тарау арқылы денеңізге қан таратып, бұлшық етіңізді. Киімдеріңізді орын-орнына салу арқылы өз-өзіңізді де реттеп аласыз. Себебі тап-таза бөлме, тиянақты жинаулы шкаф, сөре сіздің психологияңызға мол әсер етеді. Бұл да күйзелістен құтылудың қарапайым жолы. Әбден ыстық болғанша бар күшіңізбен алақаныңызды бір-біріне үйкеңіз. Сонымен қатар құлағыңызды да ысқылаған пайдалы. Сонда сіз есіңізді жиып, жұмысқа кірісе аласыз. Міндетті түрде бөлмеңізді басыңызға көтеріп билеңіз. Себебі көңіліңіз қалаған әуезді әндер мен ырғақты қимылдар күйзелістен арылуға көмектеседі. Фитнес- клубтардағы жаттығуларға қарағанда би билеу оңай әрі тиімді.
#7 слайд
1. Жұмыс тізімін құрыңыз. Оған ең қажетті
істейтін нәрселеріңізді белгілеңіз. Сіз
қаншалықты алға жылжыдыңыз, бұл
таңдануға жағымды әсер болатынын мұқият
белгілеңіз.
2. Барлық жұмыстарды сапасы бойынша
іріктеңіз: ең бастысы – бірінші кезекте нені
істеу керек, шағын бағдарды тезірек, нақты,
соңына дейін бос уақытта орындау қажет.
Келесі схема бойынша уақытты қалай
үнемдеу керектігін көресіз.
3. Артық уәде беруден аулақ болыңыз.
Өзіңідің істей алу мүмкіндігіңізге
байланысты бос уақытты қалай тиімді
өткізуге болады, бір жағынан қарапайым істі
орындауға қанша уақыт жұмсайсыз.
4. Белсенді және өнімді іс-әрекетіңіз
арасындағы айырмашылықтарды айыра
біліңіз.
7 слайд
1. Жұмыс тізімін құрыңыз. Оған ең қажетті істейтін нәрселеріңізді белгілеңіз. Сіз қаншалықты алға жылжыдыңыз, бұл таңдануға жағымды әсер болатынын мұқият белгілеңіз. 2. Барлық жұмыстарды сапасы бойынша іріктеңіз: ең бастысы – бірінші кезекте нені істеу керек, шағын бағдарды тезірек, нақты, соңына дейін бос уақытта орындау қажет. Келесі схема бойынша уақытты қалай үнемдеу керектігін көресіз. 3. Артық уәде беруден аулақ болыңыз. Өзіңідің істей алу мүмкіндігіңізге байланысты бос уақытты қалай тиімді өткізуге болады, бір жағынан қарапайым істі орындауға қанша уақыт жұмсайсыз. 4. Белсенді және өнімді іс-әрекетіңіз арасындағы айырмашылықтарды айыра біліңіз.
#8 слайд
Сіз шаршағандықтан өзіңіздің жұмыстарыңызға
қатыссыз жиналысқа қатыстыңыз, жиналыста сізге өз
қарсылығын білдірген болдып, жиналыстан кейін
қиналғандықтан уақытыңыз да және белсенділігіңіз де
төмендеді: жағдайға байланысты уақытты
жоғалтқаныңызды талдаңыз. Сіздің ұтымды ісіңіздің
және уақытыңыздың төмендеуі қиналғандықтан болды
деп есептеңіз. Бұндай уақытты жоғалтудан кейін
болашақта бұндай жоғалтудан қашуды ойлаңыз.
Өзіңіздің бос уақытыңызға сәйкестендіріп,
жұмысыңызды жоспарлаңыз. Сіз өзіңізді демалдыруға
және клиенттерді өабылдауға уақытты ұтымды бөліңіз.
Есікті жауып, телефонды өшіріп, өз мүмкіндігіңізге
байланысты жұмыстарды орындаңыз.
Басқа адамдар сияқты өзіңіздің жұмысыңызды бір
күн ішінде өнімді орындаңыз. Қиын жағдайда
жұмысыңызды, уақытты үнемдей отырып
жоспарлаңыз.
Өзіңіздің жұмыстарыңыздың аяқталмағанына сеніңіз.
Кез келген жұмысты орындауға тырысу қажет. Сіз
жұмыстың бір адамға мінсіз орындау керек еместігін
түсініңіз. Егер сіз жұмыстың әрбір бөлшектеріне
уақытты көп бөлсеңіз, екінші жұмысты орындауға аз
уақыт жұмсайсыз. Жұмыс бағыттарыңызды есіңізде
ұстаңыз.
8 слайд
Сіз шаршағандықтан өзіңіздің жұмыстарыңызға қатыссыз жиналысқа қатыстыңыз, жиналыста сізге өз қарсылығын білдірген болдып, жиналыстан кейін қиналғандықтан уақытыңыз да және белсенділігіңіз де төмендеді: жағдайға байланысты уақытты жоғалтқаныңызды талдаңыз. Сіздің ұтымды ісіңіздің және уақытыңыздың төмендеуі қиналғандықтан болды деп есептеңіз. Бұндай уақытты жоғалтудан кейін болашақта бұндай жоғалтудан қашуды ойлаңыз. Өзіңіздің бос уақытыңызға сәйкестендіріп, жұмысыңызды жоспарлаңыз. Сіз өзіңізді демалдыруға және клиенттерді өабылдауға уақытты ұтымды бөліңіз. Есікті жауып, телефонды өшіріп, өз мүмкіндігіңізге байланысты жұмыстарды орындаңыз. Басқа адамдар сияқты өзіңіздің жұмысыңызды бір күн ішінде өнімді орындаңыз. Қиын жағдайда жұмысыңызды, уақытты үнемдей отырып жоспарлаңыз. Өзіңіздің жұмыстарыңыздың аяқталмағанына сеніңіз. Кез келген жұмысты орындауға тырысу қажет. Сіз жұмыстың бір адамға мінсіз орындау керек еместігін түсініңіз. Егер сіз жұмыстың әрбір бөлшектеріне уақытты көп бөлсеңіз, екінші жұмысты орындауға аз уақыт жұмсайсыз. Жұмыс бағыттарыңызды есіңізде ұстаңыз.
#9 слайд
9 слайд
#10 слайд
Балаларға қауіпсіз интернет
Ғаламторға кірудің үй жағдайындағы ережелер тізімін
жасаңыз және оның орындалуын талап етіңіз.
Балаңыздан компьютер алдында отырғанда уақыт
режимін сақтауын талап етіңіз. Сіз оны бақылағыңыз
келгендіктен емес, оның қауіпсіздігі үшін
уайымдайтындықтан қадағалайтындығыңызды және оған
қашан да көмектесуге әзір екендігіңізді көрсетіңіз.
Ғаламтор желісіне қосылған компьютер отбасы
мүшелеріне ортақ бөлмеде, ата-ананың бақылауында
болуы керек.
Балаңыздың өзінің жеке электронды поштасы болмас
үшін, отбасылық электронды пошта ашып қойыңыз.
Балаңызға Сіздердің рұқсаттарыңызсыз музыка немесе
басқа да бағдарламаларды жүктеп алуға рұқсат етпеңіз.
Балаңызға әлеуметтік желілерде хабарлама алмасу
функциясын қолдануға рұқсат етпеңіз.
Балаңыз шынайы өмірдегі достары туралы айта бастаса,
одан ғаламтордағы достары туралы да сұрап, хабардар
болып отырыңыз.
Балаңыз үлкендерге қатысты сұрақ қойса, жауап беруден
жалтармаңыз. Өйткені ол Сіз бере алмаған жауапты
ғаламтор желісінен іздеуі мүмкін және іздеу барысында
«үлкендерге арналған» сайтқа тап болуы да ғажап емес.
10 слайд
Балаларға қауіпсіз интернет Ғаламторға кірудің үй жағдайындағы ережелер тізімін жасаңыз және оның орындалуын талап етіңіз. Балаңыздан компьютер алдында отырғанда уақыт режимін сақтауын талап етіңіз. Сіз оны бақылағыңыз келгендіктен емес, оның қауіпсіздігі үшін уайымдайтындықтан қадағалайтындығыңызды және оған қашан да көмектесуге әзір екендігіңізді көрсетіңіз. Ғаламтор желісіне қосылған компьютер отбасы мүшелеріне ортақ бөлмеде, ата-ананың бақылауында болуы керек. Балаңыздың өзінің жеке электронды поштасы болмас үшін, отбасылық электронды пошта ашып қойыңыз. Балаңызға Сіздердің рұқсаттарыңызсыз музыка немесе басқа да бағдарламаларды жүктеп алуға рұқсат етпеңіз. Балаңызға әлеуметтік желілерде хабарлама алмасу функциясын қолдануға рұқсат етпеңіз. Балаңыз шынайы өмірдегі достары туралы айта бастаса, одан ғаламтордағы достары туралы да сұрап, хабардар болып отырыңыз. Балаңыз үлкендерге қатысты сұрақ қойса, жауап беруден жалтармаңыз. Өйткені ол Сіз бере алмаған жауапты ғаламтор желісінен іздеуі мүмкін және іздеу барысында «үлкендерге арналған» сайтқа тап болуы да ғажап емес.
#11 слайд
Сені мазақ ететін,
Мақсатына жететін,
«Трольдер» бар өзіңді,
«Жынды» қылып кететін.
Көрінеді икемді,
Жұқартады жүйкеңді.
Мән бермегін оларға,
Мені тыңда, сөйт енді.
Отырса да шалғайда,
Сені сөзбен арбай ма?
Ұрсысам деп олармен,
Өзің трольге айналма!
Ойын ойнап отырып,
Терең ойға батырып,
Шыға келуі бек мүмкін,
Сен үшін мүлде жат тақырып!
Ғаламтор онсыз бола ма?
Дақ түсірме санаңа.
Сайтан сайттар кездессе,
Аулақ болғын, жолама!
Ақпаратты сұрыпта,
Жаман сайтқа құнықпа.
Компьютерге сүзгіні (фильтр)
Орнатуды ұмытпа!
Ынтықсаң бәрін көруге,
Өзгеріс енгіз көңілге.
Шынайы қызық дегенің
Ғаламтор емес, ӨМІРде!
11 слайд
Сені мазақ ететін, Мақсатына жететін, «Трольдер» бар өзіңді, «Жынды» қылып кететін. Көрінеді икемді, Жұқартады жүйкеңді. Мән бермегін оларға, Мені тыңда, сөйт енді. Отырса да шалғайда, Сені сөзбен арбай ма? Ұрсысам деп олармен, Өзің трольге айналма! Ойын ойнап отырып, Терең ойға батырып, Шыға келуі бек мүмкін, Сен үшін мүлде жат тақырып! Ғаламтор онсыз бола ма? Дақ түсірме санаңа. Сайтан сайттар кездессе, Аулақ болғын, жолама! Ақпаратты сұрыпта, Жаман сайтқа құнықпа. Компьютерге сүзгіні (фильтр) Орнатуды ұмытпа! Ынтықсаң бәрін көруге, Өзгеріс енгіз көңілге. Шынайы қызық дегенің Ғаламтор емес, ӨМІРде!
#12 слайд
Ғаламтор – күнделікті ішетін ас
секілді санамызға еніп барады. Қазақстан
интернеттен бас тарта алмайды. Егер біз
ғаламтордан жапа шегеміз деп әлемдік
өркениеттен, тез мағлұмат алу мен
байланыс құралынан бас тартатын болсақ
біртіндеп құлдырай бермекпіз. «Ауырып
ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде»,-деп
қазақ халқы айтпақшы, ауырмайтын
жолдарды жасап, монитор алдында күлгін
сәулелерден қорғайтын қауіпсіздік
ережелерін сақталық.
Мектеп – білім айдынындағы үлкен
кеме. Осы кемеде әрбір бала он бір жыл
уақыттын өткізеді. Киелі ордада әрдайым
жұмыс қайнап жатады. Мұғалім қандай
қиыншылықпен бетпе бет келсе де,
шешімін әрдайым таба алады. «Қауіпсіз
интернет» тақырыбындағы ақпараттық
науқаны жоғары дәрежеде
ұйымдастырылып, іске асырылды. Осы
шаралардан соң мектеп оқушылары
интернет желісін пайдалану қағидаларын
жетік меңгерді деген үміттемін.
12 слайд
Ғаламтор – күнделікті ішетін ас секілді санамызға еніп барады. Қазақстан интернеттен бас тарта алмайды. Егер біз ғаламтордан жапа шегеміз деп әлемдік өркениеттен, тез мағлұмат алу мен байланыс құралынан бас тартатын болсақ біртіндеп құлдырай бермекпіз. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде»,-деп қазақ халқы айтпақшы, ауырмайтын жолдарды жасап, монитор алдында күлгін сәулелерден қорғайтын қауіпсіздік ережелерін сақталық. Мектеп – білім айдынындағы үлкен кеме. Осы кемеде әрбір бала он бір жыл уақыттын өткізеді. Киелі ордада әрдайым жұмыс қайнап жатады. Мұғалім қандай қиыншылықпен бетпе бет келсе де, шешімін әрдайым таба алады. «Қауіпсіз интернет» тақырыбындағы ақпараттық науқаны жоғары дәрежеде ұйымдастырылып, іске асырылды. Осы шаралардан соң мектеп оқушылары интернет желісін пайдалану қағидаларын жетік меңгерді деген үміттемін.
#13 слайд
ӨЗІНДІК БАҒАНЫ ЖОҒАРЫЛАТУДЫҢ
ТӘСІЛІ
1. Өзіңізді – өзгелермен салыстыруды
доғарыңыз. Сізден жоғары және төмен тұратын
адамдар әрқашан бар. Егер салыстыруды әрі
қарай жалғастырсаңыз бәрі сізге қарсылас
тәрізді көрінеді және сіз оларды жеңе алмайсыз.
2. Өзіңізге ұрсуды тоқтатыңыз. Өз қабілетіңізді
және өз әрекетіңізді жеткіліксіз, жағымсыз деп
санасаңыз өзіндік бағаңыздың жоғарғы деңгейге
көтерілуіне жете алмайсыз.
3. Барлық қолпаштау және құттықтауларды «ия»
деп, алғыспен қабылдаңыз. «Ия», «ештеңе
етпейді» деп өзіңізді төмендетпеңіз. Сондықтан
өзіңізді бар жақсыға лайық деп санаңыз.
4. Өзіндік бағаны жоғарылатуда аффирмация
қолданыңыз. Мен өзімді жақсы көремін, ең
жақсыға лайықтымын деп, ұйқыға жатар
алдында қайталап отырыңыздар. Жағымды
көңіл-күй орнатыңыз. Осылай әрекет ету
арқылы өз сеніміңді, бағаңызды жоғарылатуға
болады.
13 слайд
ӨЗІНДІК БАҒАНЫ ЖОҒАРЫЛАТУДЫҢ ТӘСІЛІ 1. Өзіңізді – өзгелермен салыстыруды доғарыңыз. Сізден жоғары және төмен тұратын адамдар әрқашан бар. Егер салыстыруды әрі қарай жалғастырсаңыз бәрі сізге қарсылас тәрізді көрінеді және сіз оларды жеңе алмайсыз. 2. Өзіңізге ұрсуды тоқтатыңыз. Өз қабілетіңізді және өз әрекетіңізді жеткіліксіз, жағымсыз деп санасаңыз өзіндік бағаңыздың жоғарғы деңгейге көтерілуіне жете алмайсыз. 3. Барлық қолпаштау және құттықтауларды «ия» деп, алғыспен қабылдаңыз. «Ия», «ештеңе етпейді» деп өзіңізді төмендетпеңіз. Сондықтан өзіңізді бар жақсыға лайық деп санаңыз. 4. Өзіндік бағаны жоғарылатуда аффирмация қолданыңыз. Мен өзімді жақсы көремін, ең жақсыға лайықтымын деп, ұйқыға жатар алдында қайталап отырыңыздар. Жағымды көңіл-күй орнатыңыз. Осылай әрекет ету арқылы өз сеніміңді, бағаңызды жоғарылатуға болады.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген