Атамнан қалған алтын аманат!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
“ АТАМНАН ҚАЛҒАН АЛТЫН
АМАНАТ !!!!”
Ізгі ниетпен естелікті жазған – немересі :
Асылбекова Лаззат Абибуллақызы
1 слайд
“ АТАМНАН ҚАЛҒАН АЛТЫН АМАНАТ !!!!” Ізгі ниетпен естелікті жазған – немересі : Асылбекова Лаззат Абибуллақызы
2 слайд
Мен өзімнің, сұрапыл соғыс кезінде ерлік пен
мейірімділік көрсетте алған және өте қиын, бұралаң
кезеңге қарамай Алланы аузынан тастамай, аман
қалған атамыз жайындағы естелігімді баяндасам
деймін. .
Әкем, Асылбеков Абибулланың туған бауыры
Қатшагүл Асылбекова әпкеміздің жолдасы
Ибадулла Әліпбеков деген кісі, туысқандық жақтан
жездеміз ғой, бірақ біз ойын баласы болған соң, әрі
жаспыз ол кісіні «ата» деп айтатынбыз. Мен, Лаззат
Абибулла сол кісіден жас кезімде аузынан естігін
естіліктерін, алтын аманатын кейінгі ұрпаққа
жеткізсем деймін.
Лаззат Асылбекова
Әкем Асылбеков Абибулла
2 слайд
Мен өзімнің, сұрапыл соғыс кезінде ерлік пен мейірімділік көрсетте алған және өте қиын, бұралаң кезеңге қарамай Алланы аузынан тастамай, аман қалған атамыз жайындағы естелігімді баяндасам деймін. . Әкем, Асылбеков Абибулланың туған бауыры Қатшагүл Асылбекова әпкеміздің жолдасы Ибадулла Әліпбеков деген кісі, туысқандық жақтан жездеміз ғой, бірақ біз ойын баласы болған соң, әрі жаспыз ол кісіні «ата» деп айтатынбыз. Мен, Лаззат Абибулла сол кісіден жас кезімде аузынан естігін естіліктерін, алтын аманатын кейінгі ұрпаққа жеткізсем деймін. Лаззат Асылбекова Әкем Асылбеков Абибулла
3 слайд
Алибеков ИбадуллаАтамыз Ибадулла (жездеміз) қазіргі Түркістан
облысы, Отырар ауданы, Қарғалы савхозында
дүнеге келген,Тіней руынан тараған атамыз сол
ауылдың бетке тұтар беделді, Алланың жолына
түскен, имандылықты ұстаған, аяулы ұлы, зиялы
азаматы ретінде танылған. Бізде, жас кезімізде
Шәуілдір совхозында тұрамыз, әкеміз Абибулла
өте қонақжай кісі болғандықтан, ошақтан
қазанымыз түспеген, ауылдың атқамінерлі де
біздің үйге келіп тұратын үнемі үйден қонақ
үзілмейтін. Бір күні жаздың жайма шуақ күнінде
атамыз Ибадулла(жездеміз) қоржыны толған
қауын - қарбыз, құрт майы, талқан-тарысы тағы
бар, үйге қыдырып келді, атамыз келгенде қатты
қуанатынбыз, сағынып, алдына келіп мойнына
асылып, сағынышты басқан соң, біз сияқты
жастар соғыстағы көрген туралы оқиғаны
айтуға қолқа салатынбыз;
3 слайд
Алибеков ИбадуллаАтамыз Ибадулла (жездеміз) қазіргі Түркістан облысы, Отырар ауданы, Қарғалы савхозында дүнеге келген,Тіней руынан тараған атамыз сол ауылдың бетке тұтар беделді, Алланың жолына түскен, имандылықты ұстаған, аяулы ұлы, зиялы азаматы ретінде танылған. Бізде, жас кезімізде Шәуілдір совхозында тұрамыз, әкеміз Абибулла өте қонақжай кісі болғандықтан, ошақтан қазанымыз түспеген, ауылдың атқамінерлі де біздің үйге келіп тұратын үнемі үйден қонақ үзілмейтін. Бір күні жаздың жайма шуақ күнінде атамыз Ибадулла(жездеміз) қоржыны толған қауын - қарбыз, құрт майы, талқан-тарысы тағы бар, үйге қыдырып келді, атамыз келгенде қатты қуанатынбыз, сағынып, алдына келіп мойнына асылып, сағынышты басқан соң, біз сияқты жастар соғыстағы көрген туралы оқиғаны айтуға қолқа салатынбыз;
4 слайд
Сонда атам, біраз ойланып,
жанарында жалынды
отымен, мұңлы көзбен
қырға қарап тұрып, ол бір
сұрапыл балалық шағы өте
қиын, бұралаң кезеңге қайта
оралғандай, бәрін ой
жанарынан өткізіп, бізге
былай деп бастаған;
4 слайд
Сонда атам, біраз ойланып, жанарында жалынды отымен, мұңлы көзбен қырға қарап тұрып, ол бір сұрапыл балалық шағы өте қиын, бұралаң кезеңге қайта оралғандай, бәрін ой жанарынан өткізіп, бізге былай деп бастаған;
5 слайд
«1941 жылы мен, Ибадулла осы
Ұлы Отан соғысына әскер
қатарына шақырылып, соғысқа
аттандым. Біз соғысқа барғанан
жас-кәрі демеді, үнемі
тапсырмалар келетін, ертең қай
қырды аламыз, немесе
фашистердің қай жерде
жатқанын тыңшылап көріп
қайтатынбыз, сондай күні ертең
мына жерде немістермен
шайқасасыңдар десе, сол жердегі
жауынгерлерге 100-200грам арақ
беретін.
5 слайд
«1941 жылы мен, Ибадулла осы Ұлы Отан соғысына әскер қатарына шақырылып, соғысқа аттандым. Біз соғысқа барғанан жас-кәрі демеді, үнемі тапсырмалар келетін, ертең қай қырды аламыз, немесе фашистердің қай жерде жатқанын тыңшылап көріп қайтатынбыз, сондай күні ертең мына жерде немістермен шайқасасыңдар десе, сол жердегі жауынгерлерге 100-200грам арақ беретін.
6 слайд
Мен де өзіме тиесілі арақты
құтыға құйып алатынмын,
бірақ Алланың өзі куә аузыма
татып алмайтынмын, себебі
мен ол жақтада намазымды
үзбедім. Әлбетте, Алла берген
нығметке қанағат етіп, шамам
келгенше аллаға құлшылық
етіп,алладан
тіліп,дұғаларымммен мен
сүрелемді жатпай
тынбай,оқып жүрдім. Ал ана
жиналған арағымды сол
жауынгерлердің арасында
кезегі келгенде жейтін
тамаққа айырбастап, батыр
жасап жүрдім.
6 слайд
Мен де өзіме тиесілі арақты құтыға құйып алатынмын, бірақ Алланың өзі куә аузыма татып алмайтынмын, себебі мен ол жақтада намазымды үзбедім. Әлбетте, Алла берген нығметке қанағат етіп, шамам келгенше аллаға құлшылық етіп,алладан тіліп,дұғаларымммен мен сүрелемді жатпай тынбай,оқып жүрдім. Ал ана жиналған арағымды сол жауынгерлердің арасында кезегі келгенде жейтін тамаққа айырбастап, батыр жасап жүрдім.
7 слайд
Біз фашистердің жатқан жерін
аңдып, біреуін ұрлап әкетіп ол
фашисттерден жоспары туралы
ақпарат алатынбыз. Ол
жарықтықтардың түрін
көрсеңдер семіз-семіз ірі екен.
7 слайд
Біз фашистердің жатқан жерін аңдып, біреуін ұрлап әкетіп ол фашисттерден жоспары туралы ақпарат алатынбыз. Ол жарықтықтардың түрін көрсеңдер семіз-семіз ірі екен.
8 слайд
Бір алланың арқасы болу керек
бір күні барлық жауынгерлер
шайқаста болатынбыз,қайдан
келгенін қайдам біз жатқан
окопқа снаряттар бірінен соң
бірі келіп түсіп жатты, жан-
жағып қап қара түнек, дым
көрінбей жаландаған отқа
оранып, жердің бәрі қып қызыл
қанға боялған, е Алла көрер
күнім осымен біткен шығар деп,
тілімді тек кәлимаға келтірумен
болдым, құдайдың шапағаты
шексіз ғой, есімді жисам сонша
жауынгердің ішінен жалғыз өзім
аман қылдым
8 слайд
Бір алланың арқасы болу керек бір күні барлық жауынгерлер шайқаста болатынбыз,қайдан келгенін қайдам біз жатқан окопқа снаряттар бірінен соң бірі келіп түсіп жатты, жан- жағып қап қара түнек, дым көрінбей жаландаған отқа оранып, жердің бәрі қып қызыл қанға боялған, е Алла көрер күнім осымен біткен шығар деп, тілімді тек кәлимаға келтірумен болдым, құдайдың шапағаты шексіз ғой, есімді жисам сонша жауынгердің ішінен жалғыз өзім аман қылдым
9 слайд
. Содан не керек, мен артқа
штапқа қайта оралып,
командирге көргенімді
баяндадым. Мен осы күннен
бастап алғашқы медальды және
мақтауға ұсынылдым.
Фашистер ешкімді аямады,олар
бір күні біздің штапқа да бомба
тастаған екен ол жерде
қаншама қыршын жастар кетті,
тағыда айта кететіні сол штапта
қаншама біздің медаль туралы
құжаттарымызда жойылып, күл
талқаны шықты. Осындай
жағдайлар бірнеше рет
қайталғаны рас!
9 слайд
. Содан не керек, мен артқа штапқа қайта оралып, командирге көргенімді баяндадым. Мен осы күннен бастап алғашқы медальды және мақтауға ұсынылдым. Фашистер ешкімді аямады,олар бір күні біздің штапқа да бомба тастаған екен ол жерде қаншама қыршын жастар кетті, тағыда айта кететіні сол штапта қаншама біздің медаль туралы құжаттарымызда жойылып, күл талқаны шықты. Осындай жағдайлар бірнеше рет қайталғаны рас!
10 слайд
Өмір мен өлімнің арасында
арпалыса жүріп соғыста
Берлинге дейін бардым,Ол
күндерді елестетудің өзі мен
үшін өте ауыр, күз айларында
жеңіс жолдарымен жау
ордасына екпіндей жыл жы ған
Кеңес әскері фа
шистердің қатты
қарсы
лығына тап болады.
Құлағымыздың түбінде
құстардың дауысы емес, үнемі
атқылаған снаряттар
тұрсада,тастар көкке атылып,
тау құлап, орман шулап тұрса
да, біз шегінбедік тек алға деп,
жеңіске ұмтылдық
10 слайд
Өмір мен өлімнің арасында арпалыса жүріп соғыста Берлинге дейін бардым,Ол күндерді елестетудің өзі мен үшін өте ауыр, күз айларында жеңіс жолдарымен жау ордасына екпіндей жыл жы ған Кеңес әскері фа шистердің қатты қарсы лығына тап болады. Құлағымыздың түбінде құстардың дауысы емес, үнемі атқылаған снаряттар тұрсада,тастар көкке атылып, тау құлап, орман шулап тұрса да, біз шегінбедік тек алға деп, жеңіске ұмтылдық
11 слайд
Берлинге келгенде өрімдей жас балдар жас
шамасы 14-15 болуы керек, қолдарында
вентовка, автомат асылған, фашистердің
бала-шағасында көрдік. Берлинде жауды
қорып, неше күн, неше түн ұйықтамай
жүргенім, анық есімде жоқ, бір күні
Берленде тым –тырыс болып қалды, қатты
шаршаған болуым керек, бір талдың түбіне
автоматыма сүйеніп, тіземді құшақтап
отырсам, қатты ұйықтап кетіппін, бір мезетте
төбе тұсымнан тырс еткен дыбыстан шошып
ояндым (ол кезде соғыс болғандықтан сақ
жататынбыз) қарасам немістің бір 13-14
жасар баласы қолында автомат менің
басымнан дәлдеп тұр, сол мезетте басымды
көтеріп қалған едім, оның дәлдеген оғы
аяғыма тіземнің астына тиді, менде көзді
ашып –жұмғанша автоматтың шүрікпесін
басып қалғаным сол еді, әлгі бала жерге
жалып етіп құлады .
11 слайд
Берлинге келгенде өрімдей жас балдар жас шамасы 14-15 болуы керек, қолдарында вентовка, автомат асылған, фашистердің бала-шағасында көрдік. Берлинде жауды қорып, неше күн, неше түн ұйықтамай жүргенім, анық есімде жоқ, бір күні Берленде тым –тырыс болып қалды, қатты шаршаған болуым керек, бір талдың түбіне автоматыма сүйеніп, тіземді құшақтап отырсам, қатты ұйықтап кетіппін, бір мезетте төбе тұсымнан тырс еткен дыбыстан шошып ояндым (ол кезде соғыс болғандықтан сақ жататынбыз) қарасам немістің бір 13-14 жасар баласы қолында автомат менің басымнан дәлдеп тұр, сол мезетте басымды көтеріп қалған едім, оның дәлдеген оғы аяғыма тіземнің астына тиді, менде көзді ашып –жұмғанша автоматтың шүрікпесін басып қалғаным сол еді, әлгі бала жерге жалып етіп құлады .
12 слайд
Е, Алла мені кешіре көр, жап-
жас бала екен, бірақ соғыстың
аты-соғыс, құдай сақтасын
ешкім ешкімге қарап жатқан
жоқ, осы жолы тағыда мені
Алла сақтады. Сол жараланған
аяқпен мен әскери госпи
талінде
жатып, шыққан соң,
алапат ажалдың ордасынан
Аллаға деген дұғамның
арқасында аман қалып ауылға
еліме қайттым» -деп ерекше
тебіреніспен әңгімесін аяқтаған
болатын.
12 слайд
Е, Алла мені кешіре көр, жап- жас бала екен, бірақ соғыстың аты-соғыс, құдай сақтасын ешкім ешкімге қарап жатқан жоқ, осы жолы тағыда мені Алла сақтады. Сол жараланған аяқпен мен әскери госпи талінде жатып, шыққан соң, алапат ажалдың ордасынан Аллаға деген дұғамның арқасында аман қалып ауылға еліме қайттым» -деп ерекше тебіреніспен әңгімесін аяқтаған болатын.
13 слайд
Иә, Ибадулла Әліпбеков
атамыздың бұл күнде дүнеден
өткеніне 16 –ты жыл болыпты.
Есімде, атамның қайтыс
болғанша дұғасы аузынан бір
түспеген, Алладан дұға тілеп,
имандылық жайында және
Алла Тағалаға шексіз мақтаулар
мен мадақтаулар айтып
отыратын. Атамыз, «Ешқандай
соғыс болмасын, елде
бейбітшілік болсын, кейінгі
ұрпағымыз аты жаман соғысты
көрмесін»-деп тілек айтып,
батасын беріп отыратын..
13 слайд
Иә, Ибадулла Әліпбеков атамыздың бұл күнде дүнеден өткеніне 16 –ты жыл болыпты. Есімде, атамның қайтыс болғанша дұғасы аузынан бір түспеген, Алладан дұға тілеп, имандылық жайында және Алла Тағалаға шексіз мақтаулар мен мадақтаулар айтып отыратын. Атамыз, «Ешқандай соғыс болмасын, елде бейбітшілік болсын, кейінгі ұрпағымыз аты жаман соғысты көрмесін»-деп тілек айтып, батасын беріп отыратын..
14 слайд
Ибадулла атамыз, Қарғалыдан
Отырарды білетін кісілер болса,
Қарғалы деген жерден атына
отырып, әр жұма сайын
Арыстанбабқа келіп, жұма
намазын оқып, қысы-жазы
демей ауылына қайтатын. Міне,
бұл кісінің сондай тазалығы,
имандылығы. Сол кісінің Аллаға
деген сенімі соғыстан аман
алып келді деп ойлаймын
14 слайд
Ибадулла атамыз, Қарғалыдан Отырарды білетін кісілер болса, Қарғалы деген жерден атына отырып, әр жұма сайын Арыстанбабқа келіп, жұма намазын оқып, қысы-жазы демей ауылына қайтатын. Міне, бұл кісінің сондай тазалығы, имандылығы. Сол кісінің Аллаға деген сенімі соғыстан аман алып келді деп ойлаймын
15 слайд
Өкінішке орай Ибадулла атамызбен
Қатшагүл апамызда бала болмады.
Менің әкем, Абибулла өзімнен кіші
1968 жылғы сіңілім Райханды бір
жасқа келген кезде осы кісілерге
бауырларыңызға басыңыздар, бала
қылыңдар деп берген болатын. Атамыз
Райханды бауырына басқанда қатты
қуанған екен. Бүгінгі күнде сіңілім
Райхан тұрмысқа шыққан үлкен
отбасы, Райханның жолдасы
Отырардың Бауржан деген жігіті,
дүнеден өткен атамыз бен апамыздың
түтінін түзетіп отын өшірмей ата-
апамызға құран бағыштап отырады
Ибадулла атамыздың бауырына басқан қыз
Райхан және оның жолдасы Бауржан
15 слайд
Өкінішке орай Ибадулла атамызбен Қатшагүл апамызда бала болмады. Менің әкем, Абибулла өзімнен кіші 1968 жылғы сіңілім Райханды бір жасқа келген кезде осы кісілерге бауырларыңызға басыңыздар, бала қылыңдар деп берген болатын. Атамыз Райханды бауырына басқанда қатты қуанған екен. Бүгінгі күнде сіңілім Райхан тұрмысқа шыққан үлкен отбасы, Райханның жолдасы Отырардың Бауржан деген жігіті, дүнеден өткен атамыз бен апамыздың түтінін түзетіп отын өшірмей ата- апамызға құран бағыштап отырады Ибадулла атамыздың бауырына басқан қыз Райхан және оның жолдасы Бауржан
16 слайд
Керемет кісілер болған.Сондықтан,
барша мүмін-мұсылмандар Алланың
алдына барғанда жүзіміз жарқын
болсын десек, иманымыз бен
амалымыздың кәмілдігіне ерекше
мән беріп, қорғаштай білейік.
Дегенмен де, не нәрсенің де қадірін
білген дұрыс. Бұл тыныш өміріміз сол
ата-бабаларымыздың арқасында
орнағанын, солардың арқасында
ұйқымыз тыныш, көңіліміз тоқ екенін
ұмытпасақ екен деймін. Бізге осы
тұрғыдан көрген, білгенін айтып,
бейбіт күннің қадірін сезіндіретін
қадірлі ардагерлеріміз азаймаса ғой
шіркін!
Ізгі ниетпен естелікті жазған – немересі
Асылбекова Лаззат Абибуллақызы
16 слайд
Керемет кісілер болған.Сондықтан, барша мүмін-мұсылмандар Алланың алдына барғанда жүзіміз жарқын болсын десек, иманымыз бен амалымыздың кәмілдігіне ерекше мән беріп, қорғаштай білейік. Дегенмен де, не нәрсенің де қадірін білген дұрыс. Бұл тыныш өміріміз сол ата-бабаларымыздың арқасында орнағанын, солардың арқасында ұйқымыз тыныш, көңіліміз тоқ екенін ұмытпасақ екен деймін. Бізге осы тұрғыдан көрген, білгенін айтып, бейбіт күннің қадірін сезіндіретін қадірлі ардагерлеріміз азаймаса ғой шіркін! Ізгі ниетпен естелікті жазған – немересі Асылбекова Лаззат Абибуллақызы
17 слайд
17 слайд
18 слайд
18 слайд
19 слайд
19 слайд
20 слайд
Құрметті Ұлы Отан соғысының
қатысушылары мен тыл
еңбеккерлері! Ауыр күндердегі адал
еңбектеріңіз бен белсенді азаматтық
ұстанымдарыңыз үшін бас иіп
алғыс білдіреміз!
Ізгі ниетпен естелікті жазған –
немересі Асылбекова Лаззат
Абибуллақызы
20 слайд
Құрметті Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен тыл еңбеккерлері! Ауыр күндердегі адал еңбектеріңіз бен белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз үшін бас иіп алғыс білдіреміз! Ізгі ниетпен естелікті жазған – немересі Асылбекова Лаззат Абибуллақызы