Материалдар / Атом физикасы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Атом физикасы

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қаңтар 2020
511
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Атом физикасы Конференция-сабақ9 класс

1 слайд
Атом физикасы Конференция-сабақ9 класс

Оқушы бiлiмiн жан-жақты тексеру  Атом ядросы туралы ұғымды енгізген кім, қай жылы?  Радиоактивтілік дегеніміз не?  Радиоак

2 слайд
Оқушы бiлiмiн жан-жақты тексеру  Атом ядросы туралы ұғымды енгізген кім, қай жылы?  Радиоактивтілік дегеніміз не?  Радиоактивтілікті ашқан кім?  Изотоптар дегеніміз не?  Нейтронды ашқан кім және қай жылы?  Атом ядросының құрлысы неден тұрады?  Уран ядроларының бөлінетіндігін кімдер ашқан?  Тұңғыш ядролық реактор қай жылы іске қосылды?

Мұғалім: Бүгінгі баспасөз конференциясына қатысушы жас физиктер! Бүгінгі конференцияға тарихшы, физик, медик, эколог, корреспонд

3 слайд
Мұғалім: Бүгінгі баспасөз конференциясына қатысушы жас физиктер! Бүгінгі конференцияға тарихшы, физик, медик, эколог, корреспонденттер қатысқалы отыр.

Тарихшы – физик: 1942 жылы тұңғыш ядролық реактор АҚШ – та Энрико Фермидің басшылығымен іске қосылды.

4 слайд
Тарихшы – физик: 1942 жылы тұңғыш ядролық реактор АҚШ – та Энрико Фермидің басшылығымен іске қосылды.

1945 жылы АҚШ – та алғашқы атомдық бомбалар жасалып, сол жылы Жапонияның (6 – тамызда) Хиросима мен (9 – т

5 слайд
1945 жылы АҚШ – та алғашқы атомдық бомбалар жасалып, сол жылы Жапонияның (6 – тамызда) Хиросима мен (9 – тамызда) Нагасаки қалаларына тасталған. 200000 адамның өмірі қиылды. Реакция кезінде бөлінген энергия 20000 тонна тринитротолуол жарылғандағы энергияға тең. 1945 жылы 1 – ші совет плутониі алынды.

1946 жылы КСРО – да Обнинск қаласында қуаты 5000 кВт болатын тұңғыш АЭС іске қосылды.

6 слайд
1946 жылы КСРО – да Обнинск қаласында қуаты 5000 кВт болатын тұңғыш АЭС іске қосылды.

1971 жылы Қазақстанда Ақтау қаласында шапшаң Нейтронды реакторы бар АЭС және теңіз суын тұщыту қондырғысы жұмыс істей бастады.

7 слайд
1971 жылы Қазақстанда Ақтау қаласында шапшаң Нейтронды реакторы бар АЭС және теңіз суын тұщыту қондырғысы жұмыс істей бастады.

1986 жылы Чернобыль АЭС - сында апат болды.

8 слайд
1986 жылы Чернобыль АЭС - сында апат болды.

1987 жылы қазан айының 3 – күні Ақтөбе облысында 1 – ші болып әлем тізіміне іліккен Байғанин ауданын дүр сілкінткен "Ақжа

9 слайд
1987 жылы қазан айының 3 – күні Ақтөбе облысында 1 – ші болып әлем тізіміне іліккен Байғанин ауданын дүр сілкінткен "Ақжар" совхозы тұрғындарының жанарына кірбің туғызған ядролық жарылыс болды.

Физик – инженер: Жарылыс болған аймаққа жақын орналасқан Жарқамыс, Қаражар, Қалдайбек елді мекендерінде радиациялық гамма-

10 слайд
Физик – инженер: Жарылыс болған аймаққа жақын орналасқан Жарқамыс, Қаражар, Қалдайбек елді мекендерінде радиациялық гамма-фон әсері 65 микро – сағатқа дейін болған және ядролық жарылыс 1020 метр тереңдікте жүргізілген.

Жергілікті "Жем - Сағыз" газетінің тілшісі: "2001 жылы 29 – 30 тамызда Алматы қаласында өткен ХХІ ғасыр – ядролық қарудан аз

11 слайд
Жергілікті "Жем - Сағыз" газетінің тілшісі: "2001 жылы 29 – 30 тамызда Алматы қаласында өткен ХХІ ғасыр – ядролық қарудан азат әлемге бет алу" атты халықаралық конференцияда жинақталған дерекке сүйенсек, сынақтар түрлерін оның залал- дарын айтпағанда, бұлардың күре тамыры, орталық отауы болған "Эмба - 5" полигонының өзі айналаны, суды, ортаны ластауы атмосфера мен ауаға араласқан зиянды қалдықтар қаншама зардап шектіріп отыр.

ТАСС хабары "Егеменді Қазақстан" газетінің тілшісі: 3 қазанда Мәскеу уақыты бойынша 18 сағат 15 минутта Совет Одағында, Қа

12 слайд
ТАСС хабары "Егеменді Қазақстан" газетінің тілшісі: 3 қазанда Мәскеу уақыты бойынша 18 сағат 15 минутта Совет Одағында, Қазақ ССР-інің Ақтөбе облысында жер асты қуаты 20 килотоннаға дейін ядролық жарылыс жасалды. "Социалистік Қазақстан" 6 қазан 1987 жыл

Физик – медик: Ядролық жарылыстан кейінгі кезеңдерде бұл өңірде аналар мен балалардың жағдайы қиындай бастады. Қанның

13 слайд
Физик – медик: Ядролық жарылыстан кейінгі кезеңдерде бұл өңірде аналар мен балалардың жағдайы қиындай бастады. Қанның қызыл түйіршіктерінің азаюы көбейе түсуде, қан тасуы жиіленді, ауруды анықтау күрделенді, дәрімен емдеу аз нәтиже беруде рактың бұрын кездеспеген түрлері байқалуда. Соңғы кезде ядролық медицина кеңінен құлаш жаюда. Радиацияның көмегімен қазір алдын ала аурудың алдын алуға, диагноз қоюға болады. Әсіресе рак ауруларын емдеуге радиациалық әдіс кеңінен қолданылуда. Қазір сәулелі терапия кеңінен өріс алды. Рак ауруларының 50 – 60 % - і осы сәулелі терапия әдісімен емделеді.

Физик – эколог: Сұлулығы мен табиғи көркіне сай таза ауасы, кәусар бұлақтары мен өзен көлдері жарасқан қазақтың ұлы д

14 слайд
Физик – эколог: Сұлулығы мен табиғи көркіне сай таза ауасы, кәусар бұлақтары мен өзен көлдері жарасқан қазақтың ұлы даласы 1950 жылдан бастап атомдық және басқа жойқын қарулардың сынақ алаңына айналды. Мемлекет басшысының "Жасыл желек – жасыл ел" бастамасы да, белгілі қоғам қайраткерлері құрған "Семей – Невада","Табиғат " бірлестіктері де еліміздегі экологиялық жағдайды жаңартуға бағытталған. Экологиялық зардаптардың көзін тауып, себеп – салдарын ашып, оларды үнемі сауықтырып отыру – қазақстандықтардың алдында тұрған зор міндет.

Мұғалімнің қортынды сөзі Республикамыздың белгілі ақыны, жерлесіміз Есенбай Дүйсенбайұлының жыр жолдарынан: Ес жиып етек жапты

15 слайд
Мұғалімнің қортынды сөзі Республикамыздың белгілі ақыны, жерлесіміз Есенбай Дүйсенбайұлының жыр жолдарынан: Ес жиып етек жапты ау бірақ, бірақ, Көңілім қорқыныштан құрақ - құрақ. Қасына ядролық қатер келді, Жалп етіп сөнбесе игі шырақшы бақ.