1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Әуезді "Әнші құмға" саяхат жобасы

#1 слайд
ƏУЕЗДІ «ƏНШІ
ҚҰМҒА» САЯХАТ
1 слайд
ƏУЕЗДІ «ƏНШІ ҚҰМҒА» САЯХАТ
#2 слайд
ЭКСКУРСИЯ МАРШРУТЫ
2 слайд
ЭКСКУРСИЯ МАРШРУТЫ
#3 слайд
ШОҚАН УƏЛИХАНОВ
БАСТАУЫ
•Кіші Қалқан тауының етегінде Ш.Уәли
ха
нов бастауы бар. 1856 жылы ұлы
саяхатшы Ресейден Қашғарға жасаған
саяхатында қазіргі парк аумағын басып
өткен. Ол күнделі
гінде бастауға
тоқтағаны және су ішкені туралы жазып
қалдырған. Содан болар, жергілікті халық
бұл бастауды қастерлі деп кие тұтады
және суын көп ауруларға шипа болады
деп есептейді. Сонымен қатар, Ш.
Уәлиханов құрметіне ашылған мұражай
парк аумағына жақын Шоқан ауылында
орналасқан.
3 слайд
ШОҚАН УƏЛИХАНОВ БАСТАУЫ •Кіші Қалқан тауының етегінде Ш.Уәли ха нов бастауы бар. 1856 жылы ұлы саяхатшы Ресейден Қашғарға жасаған саяхатында қазіргі парк аумағын басып өткен. Ол күнделі гінде бастауға тоқтағаны және су ішкені туралы жазып қалдырған. Содан болар, жергілікті халық бұл бастауды қастерлі деп кие тұтады және суын көп ауруларға шипа болады деп есептейді. Сонымен қатар, Ш. Уәлиханов құрметіне ашылған мұражай парк аумағына жақын Шоқан ауылында орналасқан.
#4 слайд
ОШАҚТАС ЕСКЕРТКІШІ
•Ошақтас ескерткіші Қалқан тауының жазы
ғында
орналасқан. Ошақтас шамамен бірнеше, биіктігі 2 м.
болатын тастардан тұрғызылған. Қазіргі таңда біраз
тастары мүжіліп, құлап, тек үшеуі ғана қалған. Аңызға
сенер болсақ, 1219 жылы Шыңғыс хан өзінің орта Азияны
жаулап алу жо
рығында осында болған деседі. Сол кезде ол
өзінің қалың қолын тамақ
тандыру үшін үлкен тастарды қо
йып, үстіне қазан орнатқан. Екінші болжам – ертедегі
адамдар соғыс кезінде Ошақтастың ішіне от жа
ғып, белгі
беру мақсатында орнат
қан деген болжам бар.
4 слайд
ОШАҚТАС ЕСКЕРТКІШІ •Ошақтас ескерткіші Қалқан тауының жазы ғында орналасқан. Ошақтас шамамен бірнеше, биіктігі 2 м. болатын тастардан тұрғызылған. Қазіргі таңда біраз тастары мүжіліп, құлап, тек үшеуі ғана қалған. Аңызға сенер болсақ, 1219 жылы Шыңғыс хан өзінің орта Азияны жаулап алу жо рығында осында болған деседі. Сол кезде ол өзінің қалың қолын тамақ тандыру үшін үлкен тастарды қо йып, үстіне қазан орнатқан. Екінші болжам – ертедегі адамдар соғыс кезінде Ошақтастың ішіне от жа ғып, белгі беру мақсатында орнат қан деген болжам бар.
#5 слайд
5 слайд
#6 слайд
•Бұл – табиғат өз «қолымен» жасаған таңғажайып ескерткіш. Әнші құмның
биіктігі 150 метр. Ұзындығы екі шақырымға жуық. Іле өзені мен Қалқан тауы
аралығында. Ел аузында «Айғай құм» аталады. Айналасында құм жоқ, солай
бола тұра, әлдебіреу әдейі алып келіп, қолмен төккендей. Ұзына бойы
созылып жатқан құмтаулардың қыры пышақ жүзіндей. Жел тұрса құм сусып,
өзінше дыбыс шығарады. Бейне пароходтың даусына ұқсайтындай. Құмтау
«әніне» басқанда, төңірегіндегі адамдар мен жануарларды әлдебір үрей,
қорқыныш билейді екен. Осыдан кейін табиғатты шебер демей көрші!..
Ғалымдар әлі күнге зерттеп, құмның сыңсу себебін таба алмай келеді.
6 слайд
•Бұл – табиғат өз «қолымен» жасаған таңғажайып ескерткіш. Әнші құмның биіктігі 150 метр. Ұзындығы екі шақырымға жуық. Іле өзені мен Қалқан тауы аралығында. Ел аузында «Айғай құм» аталады. Айналасында құм жоқ, солай бола тұра, әлдебіреу әдейі алып келіп, қолмен төккендей. Ұзына бойы созылып жатқан құмтаулардың қыры пышақ жүзіндей. Жел тұрса құм сусып, өзінше дыбыс шығарады. Бейне пароходтың даусына ұқсайтындай. Құмтау «әніне» басқанда, төңірегіндегі адамдар мен жануарларды әлдебір үрей, қорқыныш билейді екен. Осыдан кейін табиғатты шебер демей көрші!.. Ғалымдар әлі күнге зерттеп, құмның сыңсу себебін таба алмай келеді.
#7 слайд
7 слайд
#8 слайд
ƏНШІ ҚҰМНЫҢ АҢЫЗЫ
•Қазіргі Айғайқұмның орнында сол кезде сортаң сулы көлшік бар екен. Бір күні Қарабайдың жер
қайысқан жылқысын айдап келе жатқанда, шөлдеген көп жылқы шұрқырап кеп суға бас қояды. Бір
демде сор су ішкен алдыңғы жылқылар қырылып, тау-төбе жемтік пайда болады. Мұны көріп
Қарабайдың өзін жазғырып, қызын бермей кетуінен қорыққан Қодар ақыл таба алмай қол
астындағы тоқсан серісіне жалынып жылайды. Осы кезде Қодарға өзінің киелі өнерін көрсетпек
болған Қозы көрпеш қолындағы құрығымен көкті осқылайды. Шыр көбелек айналып, ақырып
айғайлағанда алай-дүлей боран соғып, зілзала құм құйын тұрады да, әлгі қалың жылқының
жемтігінің үстіне лезде заңғар құм төбе орнайды. Сөйтіп, Қарабай жылқының шығынға
ұшырағанын сезбей қалады, алайда әлгі құмға жан баласы жуыса болды жылқылардың қым-қуыт
шұрқыраған дауысы, Қозы Көрпештің құрығының көкті осқыларындағы гуілдеген үні және Қозының
ақырып айғайлағаны сияқты хикметті бір тылсым әуен үзілмей қойыпты. Міне осылайша бұл құм
«Айғайқұм» аталып кетіпті.
8 слайд
ƏНШІ ҚҰМНЫҢ АҢЫЗЫ •Қазіргі Айғайқұмның орнында сол кезде сортаң сулы көлшік бар екен. Бір күні Қарабайдың жер қайысқан жылқысын айдап келе жатқанда, шөлдеген көп жылқы шұрқырап кеп суға бас қояды. Бір демде сор су ішкен алдыңғы жылқылар қырылып, тау-төбе жемтік пайда болады. Мұны көріп Қарабайдың өзін жазғырып, қызын бермей кетуінен қорыққан Қодар ақыл таба алмай қол астындағы тоқсан серісіне жалынып жылайды. Осы кезде Қодарға өзінің киелі өнерін көрсетпек болған Қозы көрпеш қолындағы құрығымен көкті осқылайды. Шыр көбелек айналып, ақырып айғайлағанда алай-дүлей боран соғып, зілзала құм құйын тұрады да, әлгі қалың жылқының жемтігінің үстіне лезде заңғар құм төбе орнайды. Сөйтіп, Қарабай жылқының шығынға ұшырағанын сезбей қалады, алайда әлгі құмға жан баласы жуыса болды жылқылардың қым-қуыт шұрқыраған дауысы, Қозы Көрпештің құрығының көкті осқыларындағы гуілдеген үні және Қозының ақырып айғайлағаны сияқты хикметті бір тылсым әуен үзілмей қойыпты. Міне осылайша бұл құм «Айғайқұм» аталып кетіпті.
#9 слайд
АҚТАУ ТАУЫ
•Ақ
тау тауы – ұлттық парктің тамаша табиғи
жерлерінің бірі. Ақтау таула
ры ежелгі теңіздің
тартылу әсерінен пайда болған жерлер. Те
ңіздің
тартылу нәти
жесінде көптеген әдемі сайлар, шат
қалдар пай
да болған. Әсіресе, түрлі-түске боялған
тау кө
рінісі көрген адамды басқа әлемге тап
болғандай әсерде қалдырады. Тау әр түрлі
бояуларға боялған, атап айтқанда, үсті – қы
зыл,
ортасы – қыз
ғылт, етек жағы – сары түсті болып
келеді.
9 слайд
АҚТАУ ТАУЫ •Ақ тау тауы – ұлттық парктің тамаша табиғи жерлерінің бірі. Ақтау таула ры ежелгі теңіздің тартылу әсерінен пайда болған жерлер. Те ңіздің тартылу нәти жесінде көптеген әдемі сайлар, шат қалдар пай да болған. Әсіресе, түрлі-түске боялған тау кө рінісі көрген адамды басқа әлемге тап болғандай әсерде қалдырады. Тау әр түрлі бояуларға боялған, атап айтқанда, үсті – қы зыл, ортасы – қыз ғылт, етек жағы – сары түсті болып келеді.
#10 слайд
ЕСІК
ҚОРҒАНЫНА
САЯХАТ
10 слайд
ЕСІК ҚОРҒАНЫНА САЯХАТ
#11 слайд
ЭКСКУРСИЯ МАРШРУТЫ
11 слайд
ЭКСКУРСИЯ МАРШРУТЫ
#12 слайд
12 слайд
#13 слайд
АЛТЫН АДАМ АҢЫЗЫ
•Алтын адам жайлы аңыз әлі күнге ел аузында сақталған: Қасқалдақ есімді
адамның 10 ұлы болған екен. Кенжесі – Суней. Есік, Іле аңғарларына көз тіккен
жау шапқанда, Қасқалдақтың жауынгерлері қарсы тұрған. Ішінде батыр Суней
де болыпты. Сунейдің астында алтын түсті арғымақ, үстінде алтыннан
жасалған сауыт болады. Алтын түсті киім шапқыншылардың көзін
қарықтырады. Ақыры сақ әскерлері жеңіске жетіп, елін, жерін қорғап қалады.
Осы шайқаста Қасқалдақ ерлікпен қаза табады. Көз жұмарда өзін Есік өзенінің
таудан асып ағар тұсына жерлеуді аманат етеді.
13 слайд
АЛТЫН АДАМ АҢЫЗЫ •Алтын адам жайлы аңыз әлі күнге ел аузында сақталған: Қасқалдақ есімді адамның 10 ұлы болған екен. Кенжесі – Суней. Есік, Іле аңғарларына көз тіккен жау шапқанда, Қасқалдақтың жауынгерлері қарсы тұрған. Ішінде батыр Суней де болыпты. Сунейдің астында алтын түсті арғымақ, үстінде алтыннан жасалған сауыт болады. Алтын түсті киім шапқыншылардың көзін қарықтырады. Ақыры сақ әскерлері жеңіске жетіп, елін, жерін қорғап қалады. Осы шайқаста Қасқалдақ ерлікпен қаза табады. Көз жұмарда өзін Есік өзенінің таудан асып ағар тұсына жерлеуді аманат етеді.
#14 слайд
•Сақ жауынгерлерінің ендігі қолбасшысы Сунейден жеңілген мық тайпасы
соғыспайтынын айтып, өздерін батыс өңірге өткізіп жіберуін өтінеді.
Суней кепілдікке 40 бозбаласы мен 40 бойжеткенін алыпты. Мық тайпасы
батысқа өткен соң оларды қайтарады. Сонда бір бойжеткен Сунейге жар
болғысы келетінін айтады. Батыр келіспеген соң күң болғысы келетін
ниетін білдіреді. Көп ұзамай ретін тапқан күң Сунейге у беріп өлтіріпті.
Бұл қайғыны естіген алып жартас қақ айырылып, Есік өзенін арнасынан
бөгеп тастапты. Содан бергі бүкіл сақ тайпасының көз жасы биік тау
басында Есік көлін жасаған екен дейді.
14 слайд
•Сақ жауынгерлерінің ендігі қолбасшысы Сунейден жеңілген мық тайпасы соғыспайтынын айтып, өздерін батыс өңірге өткізіп жіберуін өтінеді. Суней кепілдікке 40 бозбаласы мен 40 бойжеткенін алыпты. Мық тайпасы батысқа өткен соң оларды қайтарады. Сонда бір бойжеткен Сунейге жар болғысы келетінін айтады. Батыр келіспеген соң күң болғысы келетін ниетін білдіреді. Көп ұзамай ретін тапқан күң Сунейге у беріп өлтіріпті. Бұл қайғыны естіген алып жартас қақ айырылып, Есік өзенін арнасынан бөгеп тастапты. Содан бергі бүкіл сақ тайпасының көз жасы биік тау басында Есік көлін жасаған екен дейді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген