Азаматтық-құқықтық шарт. Сатып алу келісімшарты.
Азаматтық-құқықтық шарт. Сатып алу келісімшарты.

#1 слайд
§29-30 Азаматтық-құқықтық шарт.
Сатып алу келісімшарты.
Оқу мақсаты:
11.3.1.1 - келісімшарттың ерекше белгілерін
айқындай отырып мазмұнын түсіндіру;
11.3.1.2 - келісімшарттың негізгі шарттарын
нақты мысалдар арқылы түсіндіру
1 слайд
§29-30 Азаматтық-құқықтық шарт. Сатып алу келісімшарты. Оқу мақсаты: 11.3.1.1 - келісімшарттың ерекше белгілерін айқындай отырып мазмұнын түсіндіру; 11.3.1.2 - келісімшарттың негізгі шарттарын нақты мысалдар арқылы түсіндіру
#2 слайд
Глоссарий
Шарт – екі немесе одан да көп адамның азаматтық құқықтар мен
міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі.
Мәміле – азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен
міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған
әрекеттері.
Акцепт – оферта жолданған жақтың оны қабылдағаны туралы жауабы.
Оферта – тиімді ұсыныстар туралы клиенттерді ауызша немесе
жазбаша түрде хабардар ету.
Сатып алушы – тауарды немесе көрсетілетін қызметті алушы болып
табылатын және ақшалай төлем жасайтын жеке немесе заңды тұлға.
Сатушы – тауарды не көрсетілетін қызметті сататын азамат немесе
ұйым.
2 слайд
Глоссарий Шарт – екі немесе одан да көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі. Мәміле – азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері. Акцепт – оферта жолданған жақтың оны қабылдағаны туралы жауабы. Оферта – тиімді ұсыныстар туралы клиенттерді ауызша немесе жазбаша түрде хабардар ету. Сатып алушы – тауарды немесе көрсетілетін қызметті алушы болып табылатын және ақшалай төлем жасайтын жеке немесе заңды тұлға. Сатушы – тауарды не көрсетілетін қызметті сататын азамат немесе ұйым.
#3 слайд
Азаматтық-құқықтық шарт
Азаматтық-құқықтық шарт – бұл азаматтық
құқық субъектілері арасындағы белгілі бір
міндеттемелерді орындау үшін жасалатын келісім.
Шарттың мақсаты – тараптардың құқықтары
мен міндеттерін реттеу және олардың заңды
мүдделерін қорғау.
3 слайд
Азаматтық-құқықтық шарт Азаматтық-құқықтық шарт – бұл азаматтық құқық субъектілері арасындағы белгілі бір міндеттемелерді орындау үшін жасалатын келісім. Шарттың мақсаты – тараптардың құқықтары мен міндеттерін реттеу және олардың заңды мүдделерін қорғау.
#4 слайд
Азаматтық-құқықтық шарттың негізгі белгілері:
1.Екіжақтылық немесе көпжақтылық:
1.Шарт ең кемінде екі тараптың келісімінен туындайды.
2.Әрбір тарап белгілі бір міндеттерді орындайды және құқықтарға ие болады.
2.Келісімділік:
1.Тараптар шартты өз еркімен, өзара келісім арқылы жасайды.
2.Ешкімді шарт жасасуға мәжбүрлеуге болмайды (егер бұл заңмен міндеттелмесе).
3.Заңдылық:
1.Шарт азаматтық заңнаманың нормаларына сәйкес жасалуы тиіс.
2.Егер шарт заңнамаға қайшы болса, ол жарамсыз деп танылады.
4.Нысанасы (объектісі):
1.Шарт белгілі бір мүліктік немесе мүліктік емес құқықтарды, қызметтерді, жұмыстарды қамтиды.
5.Шарттың нысаны:
1.Жазбаша (қарапайым немесе нотариалды) немесе ауызша түрде жасалуы мүмкін.
2.Жазбаша түрде жасалуы міндетті шарттар: жылжымайтын мүлікке қатысты шарттар, қарыз шарты (ірі
сомаларда), кәсіпкерлік қызметке байланысты шарттар.
4 слайд
Азаматтық-құқықтық шарттың негізгі белгілері: 1.Екіжақтылық немесе көпжақтылық: 1.Шарт ең кемінде екі тараптың келісімінен туындайды. 2.Әрбір тарап белгілі бір міндеттерді орындайды және құқықтарға ие болады. 2.Келісімділік: 1.Тараптар шартты өз еркімен, өзара келісім арқылы жасайды. 2.Ешкімді шарт жасасуға мәжбүрлеуге болмайды (егер бұл заңмен міндеттелмесе). 3.Заңдылық: 1.Шарт азаматтық заңнаманың нормаларына сәйкес жасалуы тиіс. 2.Егер шарт заңнамаға қайшы болса, ол жарамсыз деп танылады. 4.Нысанасы (объектісі): 1.Шарт белгілі бір мүліктік немесе мүліктік емес құқықтарды, қызметтерді, жұмыстарды қамтиды. 5.Шарттың нысаны: 1.Жазбаша (қарапайым немесе нотариалды) немесе ауызша түрде жасалуы мүмкін. 2.Жазбаша түрде жасалуы міндетті шарттар: жылжымайтын мүлікке қатысты шарттар, қарыз шарты (ірі сомаларда), кәсіпкерлік қызметке байланысты шарттар.
#5 слайд
Азаматтық-құқықтық шарттың түрлері:
Азаматтық кодекс шарттардың әртүрлі түрлерін қарастырады.
1. Сатып алу-сату шарты
•Бір тарап мүлікті (тауарды) сатып алушыға беру міндетін алады, ал екінші тарап оны қабылдап, төлеуге міндетті. Мысалы:
автокөлік, пәтер, техника сатып алу.
2. Мүлікті жалдау шарты (аренда)
•Бір тарап (жалдау беруші) мүлікті уақытша пайдалану құқығын береді, ал екінші тарап (жалдаушы) ақы төлейді. Мысалы:
тұрғын үйді, кеңсені жалға алу.
3. Қызмет көрсету шарты
•Бір тарап екінші тарапқа белгілі бір қызмет көрсетуге міндеттеледі. Мысалы: оқу, медициналық көмек, техникалық қызмет
көрсету.
4. Құрылыс (мердігерлік) шарты
•Бір тарап (мердігер) белгілі бір жұмыс атқарады, ал екінші тарап (тапсырыс беруші) оған ақы төлеуге міндетті. Мысалы: үй
салу, жөндеу жұмыстары.
5. Қарыз шарты
•Қарыз беруші қарыз алушыға ақша немесе мүлік береді, ал қарыз алушы оны белгілі бір мерзімде қайтаруға міндетті.
6. Сақтандыру шарты
•Сақтанушы сақтандырушыға жарна төлейді, ал сақтандырушы сақтандыру жағдайы туындаса, шығындарды өтейді.
Мысалы: автокөлікті сақтандыру, денсаулықты сақтандыру.
7. Тарту шарты (сыйға тарту)
•Бір тарап мүлікті немесе құқықты екінші тарапқа тегін береді. Мысалы: мүлікті сыйға тарту.
5 слайд
Азаматтық-құқықтық шарттың түрлері: Азаматтық кодекс шарттардың әртүрлі түрлерін қарастырады. 1. Сатып алу-сату шарты •Бір тарап мүлікті (тауарды) сатып алушыға беру міндетін алады, ал екінші тарап оны қабылдап, төлеуге міндетті. Мысалы: автокөлік, пәтер, техника сатып алу. 2. Мүлікті жалдау шарты (аренда) •Бір тарап (жалдау беруші) мүлікті уақытша пайдалану құқығын береді, ал екінші тарап (жалдаушы) ақы төлейді. Мысалы: тұрғын үйді, кеңсені жалға алу. 3. Қызмет көрсету шарты •Бір тарап екінші тарапқа белгілі бір қызмет көрсетуге міндеттеледі. Мысалы: оқу, медициналық көмек, техникалық қызмет көрсету. 4. Құрылыс (мердігерлік) шарты •Бір тарап (мердігер) белгілі бір жұмыс атқарады, ал екінші тарап (тапсырыс беруші) оған ақы төлеуге міндетті. Мысалы: үй салу, жөндеу жұмыстары. 5. Қарыз шарты •Қарыз беруші қарыз алушыға ақша немесе мүлік береді, ал қарыз алушы оны белгілі бір мерзімде қайтаруға міндетті. 6. Сақтандыру шарты •Сақтанушы сақтандырушыға жарна төлейді, ал сақтандырушы сақтандыру жағдайы туындаса, шығындарды өтейді. Мысалы: автокөлікті сақтандыру, денсаулықты сақтандыру. 7. Тарту шарты (сыйға тарту) •Бір тарап мүлікті немесе құқықты екінші тарапқа тегін береді. Мысалы: мүлікті сыйға тарту.
#6 слайд
Азаматтық-құқықтық шарттың элементтері:
Тараптар:
•Шарттың қатысушылары (азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет).
•Олардың әрекет қабілеттілігі мен құқық қабілеттілігі болуы қажет.
Нысанасы:
•Шарт бойынша орындалатын міндеттемелер немесе объектілер. Мысалы: мүлік, қызмет,
жұмыс, құқық.
Мазмұны:
•Шартта тараптардың құқықтары мен міндеттері, шарттың шарттары (баға, мерзім, сапа)
жазылады.
Шарттың мерзімі:
•Шарттың әрекет ету уақыты, міндеттемелерді орындау мерзімі.
Шарттың бағасы:
•Тауардың немесе қызметтің құны (егер ол ақылы шарт болса).
6 слайд
Азаматтық-құқықтық шарттың элементтері: Тараптар: •Шарттың қатысушылары (азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет). •Олардың әрекет қабілеттілігі мен құқық қабілеттілігі болуы қажет. Нысанасы: •Шарт бойынша орындалатын міндеттемелер немесе объектілер. Мысалы: мүлік, қызмет, жұмыс, құқық. Мазмұны: •Шартта тараптардың құқықтары мен міндеттері, шарттың шарттары (баға, мерзім, сапа) жазылады. Шарттың мерзімі: •Шарттың әрекет ету уақыты, міндеттемелерді орындау мерзімі. Шарттың бағасы: •Тауардың немесе қызметтің құны (егер ол ақылы шарт болса).
#7 слайд
Азаматтық-құқықтық шарттың жасалу тәртібі:
Ұсыныс (оферта):
•Бір тарап екінші тарапқа шарт жасау туралы ұсыныс жасайды.
Келісім (акцепт):
•Екінші тарап ұсынысты қабылдаған жағдайда шарт жасалған болып
саналады.
Нысанды сақтау:
•Шарттың жазбаша немесе ауызша түрі заңмен белгіленген болуы керек.
Шартты орындау:
•Тараптар шарт бойынша өз міндеттерін уақытында және дұрыс орындауы
тиіс.
7 слайд
Азаматтық-құқықтық шарттың жасалу тәртібі: Ұсыныс (оферта): •Бір тарап екінші тарапқа шарт жасау туралы ұсыныс жасайды. Келісім (акцепт): •Екінші тарап ұсынысты қабылдаған жағдайда шарт жасалған болып саналады. Нысанды сақтау: •Шарттың жазбаша немесе ауызша түрі заңмен белгіленген болуы керек. Шартты орындау: •Тараптар шарт бойынша өз міндеттерін уақытында және дұрыс орындауы тиіс.
#8 слайд
Шарттың бұзылуы және жауапкершілік
•Егер тараптардың бірі шартты орындамаса
немесе дұрыс орындамаса, ол
жауапкершілікке тартылады.
•Жауапкершілік түрлері: Шығындарды өтеу.
•Айыппұл немесе өсімпұл төлеу.
•Келісімшартты бұзу.
8 слайд
Шарттың бұзылуы және жауапкершілік •Егер тараптардың бірі шартты орындамаса немесе дұрыс орындамаса, ол жауапкершілікке тартылады. •Жауапкершілік түрлері: Шығындарды өтеу. •Айыппұл немесе өсімпұл төлеу. •Келісімшартты бұзу.
#9 слайд
Сатып алу-сату келісімшарты
Сатып алу-сату келісімшарты бір тарап (сатушы) өзіне тиесілі мүлікті екінші тарапқа (сатып
алушыға) белгілі бір бағамен беру міндеттемесін алады. Бұл – азаматтық құқықтағы ең көп
таралған келісімшарттардың бірі.
Негізгі ерекшеліктері:
•Тараптар: сатушы мен сатып алушы.
•Мәміленің объектісі: жылжымайтын мүлік (мысалы, тұрғын үй, жер), жылжымалы мүлік
(мысалы, автомобиль, техника).
•Төлем: келісілген баға төленуі тиіс (бір реттік немесе бөліп төлеу арқылы).
•Құқықтар мен міндеттер: сатушы – мүлікті беру, сатып алушы – мүлікті қабылдау және төлеу.
•Жылжымайтын мүлікке қатысты келісімшарттар арнайы тіркеуді талап етеді.
Мысалы:
Үйді, пәтерді, автокөлікті немесе басқа да мүлікті сатып алу-сату кезінде қолданылады.
9 слайд
Сатып алу-сату келісімшарты Сатып алу-сату келісімшарты бір тарап (сатушы) өзіне тиесілі мүлікті екінші тарапқа (сатып алушыға) белгілі бір бағамен беру міндеттемесін алады. Бұл – азаматтық құқықтағы ең көп таралған келісімшарттардың бірі. Негізгі ерекшеліктері: •Тараптар: сатушы мен сатып алушы. •Мәміленің объектісі: жылжымайтын мүлік (мысалы, тұрғын үй, жер), жылжымалы мүлік (мысалы, автомобиль, техника). •Төлем: келісілген баға төленуі тиіс (бір реттік немесе бөліп төлеу арқылы). •Құқықтар мен міндеттер: сатушы – мүлікті беру, сатып алушы – мүлікті қабылдау және төлеу. •Жылжымайтын мүлікке қатысты келісімшарттар арнайы тіркеуді талап етеді. Мысалы: Үйді, пәтерді, автокөлікті немесе басқа да мүлікті сатып алу-сату кезінде қолданылады.
#10 слайд
1-тапсырма.
Азаматтық-құқықтық шарт пен
сатып алу келісімшартының өзіндік ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын анықтаңыз!
Азаматтық-құқықтық шарт Сатып алу келісімшарты
10 слайд
1-тапсырма. Азаматтық-құқықтық шарт пен сатып алу келісімшартының өзіндік ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаңыз! Азаматтық-құқықтық шарт Сатып алу келісімшарты
шағым қалдыра аласыз













