Бағдарламалау тілдері

#1 слайд
БАҒДАРЛАМАЛАУ ТІЛДЕРІМЕН
ТАНЫСУ
I. Бағдарламалау тілдері
1) Бағдарламалау тілдеріне шолу.
2) Бағдарламалаудың негізгі құрылысы.
II. Бағдарламалау тілдерімен танысу
1) Процедуралық бағдарламалау.
2) Модульдік және құрылымдық бағдарламалау.
3) Объектіге-бағытталған бағдарламалау .
1 слайд
БАҒДАРЛАМАЛАУ ТІЛДЕРІМЕН ТАНЫСУ I. Бағдарламалау тілдері 1) Бағдарламалау тілдеріне шолу. 2) Бағдарламалаудың негізгі құрылысы. II. Бағдарламалау тілдерімен танысу 1) Процедуралық бағдарламалау. 2) Модульдік және құрылымдық бағдарламалау. 3) Объектіге-бағытталған бағдарламалау .
#2 слайд
➢
Компьютерге түсінікті командалар тізбегі
арқылы жазылған алгоритм – бағдарлама
(программа) деп, ал бағдарлама құру
процесі бағдарламалау (программалау) деп
аталады.
➢
Бағдарламалау тілі – ЭЕМ-де шешілетін
әртүрлі есептердің бағдарламасын
компьютерге түсінікті үлгіде жазу тәсілі
болып табылады.
➢
Бағдарламалау тілдері екі үлкен топқа
бөлінеді:
1) төменгі деңгейлі;
2) жоғарғы деңгейлі.
2 слайд
➢ Компьютерге түсінікті командалар тізбегі арқылы жазылған алгоритм – бағдарлама (программа) деп, ал бағдарлама құру процесі бағдарламалау (программалау) деп аталады. ➢ Бағдарламалау тілі – ЭЕМ-де шешілетін әртүрлі есептердің бағдарламасын компьютерге түсінікті үлгіде жазу тәсілі болып табылады. ➢ Бағдарламалау тілдері екі үлкен топқа бөлінеді: 1) төменгі деңгейлі; 2) жоғарғы деңгейлі.
#3 слайд
•
Төменгі деңгейлі бағдарламалау тілі –
машиналық тілге жақын бағдарламалау
тілі. Машиналық командаларды жазу
үшін жадыда сақтап белгілеу
қолданылады.
•
Машиналық код дегеніміз - процессор
жұмыс жасайтын сандар тізбегі.
•
"Төменгі" деңгейдегі бағдарламалау
тіліне “Ассемблер” тілі жатады.
3 слайд
• Төменгі деңгейлі бағдарламалау тілі – машиналық тілге жақын бағдарламалау тілі. Машиналық командаларды жазу үшін жадыда сақтап белгілеу қолданылады. • Машиналық код дегеніміз - процессор жұмыс жасайтын сандар тізбегі. • "Төменгі" деңгейдегі бағдарламалау тіліне “Ассемблер” тілі жатады.
#4 слайд
Жоғарғы деңгейлі бағдарламалау тілі
қолданбалы мазмұнды есептерді шешуге
бағытталған, командалардың жиынтығынан
тұратын табиғи тілге ұқсас тіл.
Жоғарғы деңгейлі бағдарламалау тілдерін
негізгі 2 топқа бөледі:
1) фукционалдық мәніне (қызметіне)
байланысты;
2) қолданылатын бағдарламалау
технологиясына байланысты.
4 слайд
Жоғарғы деңгейлі бағдарламалау тілі қолданбалы мазмұнды есептерді шешуге бағытталған, командалардың жиынтығынан тұратын табиғи тілге ұқсас тіл. Жоғарғы деңгейлі бағдарламалау тілдерін негізгі 2 топқа бөледі: 1) фукционалдық мәніне (қызметіне) байланысты; 2) қолданылатын бағдарламалау технологиясына байланысты.
#5 слайд
І. Фукнционалдық мәніне байланысты 4
үлкен классқа бөлінеді:
1. бағдарламалауға үйретуші;
2. жалпы мәнді;
3. проблемалық-бағытталған;
4. параллель бағдарламалаушы.
5 слайд
І. Фукнционалдық мәніне байланысты 4 үлкен классқа бөлінеді: 1. бағдарламалауға үйретуші; 2. жалпы мәнді; 3. проблемалық-бағытталған; 4. параллель бағдарламалаушы.
#6 слайд
1 . Бағдарламалауға үйретуші тілдер:
➢
Logo тілі, 60-шы жылдардың аяғында
С.Пейперттің басшылығымен құрылған.
➢
Basic тілі, 1965 жылы Д.Кемени мен Т.Курц
құрған.
➢
Pascal тілі, 1971 жылы Н.Вирт құрылымдық
технологияға үйретуші Pascal тілін құрған.
6 слайд
1 . Бағдарламалауға үйретуші тілдер: ➢ Logo тілі, 60-шы жылдардың аяғында С.Пейперттің басшылығымен құрылған. ➢ Basic тілі, 1965 жылы Д.Кемени мен Т.Курц құрған. ➢ Pascal тілі, 1971 жылы Н.Вирт құрылымдық технологияға үйретуші Pascal тілін құрған.
#7 слайд
2. Жалпы мәнді жоғары деңгейлі тілдер:
•
C тілі, 1972 жылы Д.Ритчи құрды және Unix
операциялық жүйесі осы тілде жазылды.
•
Ada тілі. 1978 жылы бағдарламалау
тілдерін
үйлестіру үшін жасалды.
7 слайд
2. Жалпы мәнді жоғары деңгейлі тілдер: • C тілі, 1972 жылы Д.Ритчи құрды және Unix операциялық жүйесі осы тілде жазылды. • Ada тілі. 1978 жылы бағдарламалау тілдерін үйлестіру үшін жасалды.
#8 слайд
3. Проблемалық-бағытталған тілдер:
•
Fortran тілі, 1956 жылы бірінші
компиляцияланған тіл, IBM фирмасы құрды
және ғылыми-техникалық есептерді шешуге
арналған.
•
Lisp тілі, логикалық бағдарлама құру үшін 50-
жылдары Д.Макартни құрды.
•
Prolog тілі, функционалдық бағдарлама құру
үшін құрастырылған тіл.
8 слайд
3. Проблемалық-бағытталған тілдер: • Fortran тілі, 1956 жылы бірінші компиляцияланған тіл, IBM фирмасы құрды және ғылыми-техникалық есептерді шешуге арналған. • Lisp тілі, логикалық бағдарлама құру үшін 50- жылдары Д.Макартни құрды. • Prolog тілі, функционалдық бағдарлама құру үшін құрастырылған тіл.
#9 слайд
ІІ. Бағдарламалау технологиялары
Құрылымдық бағдарламалау
•
Бағдарламалау процесін жақсартатын
және кең қолданылатын әдістердің бірі –
құрылымдық бағдарламалау . Оның 3
бөлігі бар:
1. Модульдік бағдарламалау;
2.
Құрылымдық кодтау;
3.
Жоғарыдан төменге қарай жобалау;
9 слайд
ІІ. Бағдарламалау технологиялары Құрылымдық бағдарламалау • Бағдарламалау процесін жақсартатын және кең қолданылатын әдістердің бірі – құрылымдық бағдарламалау . Оның 3 бөлігі бар: 1. Модульдік бағдарламалау; 2. Құрылымдық кодтау; 3. Жоғарыдан төменге қарай жобалау;
#10 слайд
Модульдік бағдарламалау дегеніміз –
бағдарламаны логикалық бөліктерге бөлу
процесі.
•
Бағдарлама бірнеше модульдерге бөлінеді.
Модуль өлшемі 60 жолдан аспауы керек
және модульдер өзара тәуелсіз болуы
керек.
•
Модульдерді қолдана отырып бағдарлама
күрделілігін төмендетуге болады.
10 слайд
Модульдік бағдарламалау дегеніміз – бағдарламаны логикалық бөліктерге бөлу процесі. • Бағдарлама бірнеше модульдерге бөлінеді. Модуль өлшемі 60 жолдан аспауы керек және модульдер өзара тәуелсіз болуы керек. • Модульдерді қолдана отырып бағдарлама күрделілігін төмендетуге болады.
#11 слайд
Құрылымдық кодтау деп бағдарламада
басқарушы құрылымдардың – шартты және
қайталану операторларының қолданылуын
айтады.
Бағдарламаны жоғарыдан төменге қарай
жобалаудың өз иерархиялық құрылымы бар.
•
Ол қысқа есептің қойылуынан басталады;
•
Одан кейін есеп бірнеше ұсақ ішкі есептерге
бөлінеді;
•
Әр қадамда ішкі есептің орындайтын негізгі
функциялары анықталуы керек.
11 слайд
Құрылымдық кодтау деп бағдарламада басқарушы құрылымдардың – шартты және қайталану операторларының қолданылуын айтады. Бағдарламаны жоғарыдан төменге қарай жобалаудың өз иерархиялық құрылымы бар. • Ол қысқа есептің қойылуынан басталады; • Одан кейін есеп бірнеше ұсақ ішкі есептерге бөлінеді; • Әр қадамда ішкі есептің орындайтын негізгі функциялары анықталуы керек.
#12 слайд
Объектіге-бағытталған бағдарламалау
Объекті-бағытталған бағдарламалау тілдерінің
негізі – құрылатын қосымша өзара
байланысқан негізгі объектілерден тұрады.
Объектіге-бағытталған технологияда
қолданушы үш базалық элементпен жұмыс
істейді
•
Объектілер;
•
Хабарлар;
•
Класстар.
12 слайд
Объектіге-бағытталған бағдарламалау Объекті-бағытталған бағдарламалау тілдерінің негізі – құрылатын қосымша өзара байланысқан негізгі объектілерден тұрады. Объектіге-бағытталған технологияда қолданушы үш базалық элементпен жұмыс істейді • Объектілер; • Хабарлар; • Класстар.
#13 слайд
Негізгі анықтамалар
•
Бағдарламалау тілі –таңбалар тізбегінен
құрылатын бағдарламаны жазуға қажет
ережелер жиыны.
•
Бағдарламалау ортасы - таңбаларды
орындалатын есептеулерге түрлендіруге
қажет құралдар жиынтығы.
•
Редактор - бұл бағдарламалау тілінде
жазылған бағдарламадан құрылған
таңбалық файл болатын алғашқы файлды
құру және өзгерту үшін қажет құрал.
13 слайд
Негізгі анықтамалар • Бағдарламалау тілі –таңбалар тізбегінен құрылатын бағдарламаны жазуға қажет ережелер жиыны. • Бағдарламалау ортасы - таңбаларды орындалатын есептеулерге түрлендіруге қажет құралдар жиынтығы. • Редактор - бұл бағдарламалау тілінде жазылған бағдарламадан құрылған таңбалық файл болатын алғашқы файлды құру және өзгерту үшін қажет құрал.
#14 слайд
•
Компилятор - алғашқы файлдағы таңбаларды
компьютер үшін машиналық кодтағы
командалардан тұратын объектілі модульге
аударады.
•
Тестілеу – бағдарламадағы қателерді іздеу
процесі.
•
Тестілеу құралдары - бағдарламаны тестілеу
процесінде тестілеу нәтижесін құруды және
орындауды автоматты түрде орындайды.
•
Бағдарламаны өңдеу - бағдарламадағы
қателерді жою процесі.
14 слайд
• Компилятор - алғашқы файлдағы таңбаларды компьютер үшін машиналық кодтағы командалардан тұратын объектілі модульге аударады. • Тестілеу – бағдарламадағы қателерді іздеу процесі. • Тестілеу құралдары - бағдарламаны тестілеу процесінде тестілеу нәтижесін құруды және орындауды автоматты түрде орындайды. • Бағдарламаны өңдеу - бағдарламадағы қателерді жою процесі.
#15 слайд
•
Конфигурациялау құралдары -
бағдарлама жасауды және файлдың
бастапқы деңгейіне дейінгі өзгерістерді
қадағалауды автоматтандырады.
•
Интерпретатор - тіл командаларын
орындайтын, бағдарламаның бастапқы
кодын тікелей орындайтын құрал.
15 слайд
• Конфигурациялау құралдары - бағдарлама жасауды және файлдың бастапқы деңгейіне дейінгі өзгерістерді қадағалауды автоматтандырады. • Интерпретатор - тіл командаларын орындайтын, бағдарламаның бастапқы кодын тікелей орындайтын құрал.
#16 слайд
Объектілер дегеніміз - бірнеше рет
қолданылатын бағдарламалық
модульдерден, яғни байланысқан
мәліметтер мен процедуралардан
тұрады.
Объект құрылымы екі бөліктен тұрады: 1)
айнымалылар; 2)әдістер.
Әдістер объект функциясының алгоритмін
анықтайтын процедуралар мен
функциялар жиынынан тұрады.
Айнымалылар қарапайым мәліметтерден
(сан, массив, текст) және күрделі
ақпараттардан (график, дыбыс т.б.)
тұрады.
16 слайд
Объектілер дегеніміз - бірнеше рет қолданылатын бағдарламалық модульдерден, яғни байланысқан мәліметтер мен процедуралардан тұрады. Объект құрылымы екі бөліктен тұрады: 1) айнымалылар; 2)әдістер. Әдістер объект функциясының алгоритмін анықтайтын процедуралар мен функциялар жиынынан тұрады. Айнымалылар қарапайым мәліметтерден (сан, массив, текст) және күрделі ақпараттардан (график, дыбыс т.б.) тұрады.
#17 слайд
Хабарлар объектілердің өзара байланысуы
үшін қолданылады және үш бөлімнен тұрады:
1) объект идентификаторынан;
2) ағымдағы объектіде қолданылатын әдіс
аттарынан;
3) таңдалған әдіс режимін қалпына
келтіретін қосымша ақпараттардан.
Класс дегеніміз – бір типті объектілерге
арналған үлгі және ол объектілі айнымалылар
типтері мен әдістерін анықтайтын
ақпараттардан тұрады.
17 слайд
Хабарлар объектілердің өзара байланысуы үшін қолданылады және үш бөлімнен тұрады: 1) объект идентификаторынан; 2) ағымдағы объектіде қолданылатын әдіс аттарынан; 3) таңдалған әдіс режимін қалпына келтіретін қосымша ақпараттардан. Класс дегеніміз – бір типті объектілерге арналған үлгі және ол объектілі айнымалылар типтері мен әдістерін анықтайтын ақпараттардан тұрады.
#18 слайд
•
Бағдарламалау тілінің синтаксисі бұл
бағдарламалау тілінің мүмкін
конструкцияларын айқындайтын
ережелер жүйесі
•
Тілдің семантикасы – бұл бағдарламалау
тіліндегі бағдарлама тұжырымының
мағынасы
•
Бағдарламалаудың орталық концепциясы
– тип: бұл мәндер жиыны және сол
мәндермен орындалатын әрекеттер
көпшесі
18 слайд
• Бағдарламалау тілінің синтаксисі бұл бағдарламалау тілінің мүмкін конструкцияларын айқындайтын ережелер жүйесі • Тілдің семантикасы – бұл бағдарламалау тіліндегі бағдарлама тұжырымының мағынасы • Бағдарламалаудың орталық концепциясы – тип: бұл мәндер жиыны және сол мәндермен орындалатын әрекеттер көпшесі
#19 слайд
Деректердің түрлері:
•
Тип - бұл шамалардың жиыны және оларға
жасалатын көптеген операциялар. Типті
анықтау тілге байланысты. Деректерді талдау
үшін кейбір анықтамалар қажет.
•
Шама. Қарапайым анықталмаған түсінік.
•
Литерал. Бағдарламада таңбалар тізбегі
түрінде берілген нақты мән. Мысалы: 154,
FALSE, «бағдарламалау».
•
Көрсеткіш (представление). Компьютер ішінде
нақты биттер жолымен көрсетілген мән.
Мысалы: символдық мән ' х ' 01 11 10 00 сегіз
бит жолымен көрсетілуі мүмкін.
19 слайд
Деректердің түрлері: • Тип - бұл шамалардың жиыны және оларға жасалатын көптеген операциялар. Типті анықтау тілге байланысты. Деректерді талдау үшін кейбір анықтамалар қажет. • Шама. Қарапайым анықталмаған түсінік. • Литерал. Бағдарламада таңбалар тізбегі түрінде берілген нақты мән. Мысалы: 154, FALSE, «бағдарламалау». • Көрсеткіш (представление). Компьютер ішінде нақты биттер жолымен көрсетілген мән. Мысалы: символдық мән ' х ' 01 11 10 00 сегіз бит жолымен көрсетілуі мүмкін.
#20 слайд
•
Айнымалы. Нақты типтегі мән
көрсетілімінен тұратын жад ұяшығына
немесе ұяшықтарына берілген ат. Мәні
бағдарлама жұмысы үрдісінде өзгере
алады.
•
Тұрақты. Нақты типтегі мән
көрсетілімінен тұратын ұяшық немесе
ұяшықтар аты. Программа орындалу
барысында мәні өзгермейді.
•
Обьект- бұл айнымалы немесе тұрақты.
20 слайд
• Айнымалы. Нақты типтегі мән көрсетілімінен тұратын жад ұяшығына немесе ұяшықтарына берілген ат. Мәні бағдарлама жұмысы үрдісінде өзгере алады. • Тұрақты. Нақты типтегі мән көрсетілімінен тұратын ұяшық немесе ұяшықтар аты. Программа орындалу барысында мәні өзгермейді. • Обьект- бұл айнымалы немесе тұрақты.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген