Балабақшада балаларға қазақ оюларымен таныстыру

#1 слайд
«Халық өнері - асыл қазына»
Тәрбиешілер: Калиева Э.А.
Касымжанова Д.Н.
«Болашақ» жеке меншік балабақшасы
1 слайд
«Халық өнері - асыл қазына» Тәрбиешілер: Калиева Э.А. Касымжанова Д.Н. «Болашақ» жеке меншік балабақшасы
#2 слайд
Оюшы
Оюшы - әртүрлі өрнек үлгілерін
жасаушы, қазақ ою-өрнегінің
шебері.
2 слайд
Оюшы Оюшы - әртүрлі өрнек үлгілерін жасаушы, қазақ ою-өрнегінің шебері.
#3 слайд
Қазақ қолөнерінде ғасырлар бойы қолданылып келе жатқан дәстүрлі бояу түрлері бар.
Олар: қызыл, көк, жасыл, сары, ақ, қара. Бұл бояулардың сол сияқты символдық мәні де
бар. Көк түс – аспанның, ақ түс – ақиқаттың, қуаныштың, сары түс – ақыл парасаттың,
қайғы мұңның, жасыл түс – жастықтың, көктемнің символы. «Су өрнегі» деп әрбір
өрнекті бөліп тұрған жолақты айтады. Су өрнегі екі қатар сызық аралығында ирек сызық
жасай отырып, дөңгелек, төртбұрыш бейнелер жасайды. Арпабас, көбелек, су өрнегі
3 слайд
Қазақ қолөнерінде ғасырлар бойы қолданылып келе жатқан дәстүрлі бояу түрлері бар. Олар: қызыл, көк, жасыл, сары, ақ, қара. Бұл бояулардың сол сияқты символдық мәні де бар. Көк түс – аспанның, ақ түс – ақиқаттың, қуаныштың, сары түс – ақыл парасаттың, қайғы мұңның, жасыл түс – жастықтың, көктемнің символы. «Су өрнегі» деп әрбір өрнекті бөліп тұрған жолақты айтады. Су өрнегі екі қатар сызық аралығында ирек сызық жасай отырып, дөңгелек, төртбұрыш бейнелер жасайды. Арпабас, көбелек, су өрнегі
#4 слайд
Қошқармүйіз, ашатұяқ
«Қошқармүйіз» - ою-өрнегі қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен
мүйіз бейнесінде келіп, оның қолтық тұсынан қойдың құлағын
долбарлайтын тағы бір шолақ мүйіз тәрізді екі буын шығып тұрады.
Одан байқаған адамға қошқардың тұмсық пішіні аңғарылады.
Текеметте, сырмақта, басқұрда, алашада, кілемде, былғары, сүйек,
ағаш, зергерлік бұйымдардың барлық түрінде кездеседі. «Ашатұяқ»
өрнегі кейде «айыр» өрнегі деп те аталады. Пішен ашалайтын айырға
ұқсас келеді.
4 слайд
Қошқармүйіз, ашатұяқ «Қошқармүйіз» - ою-өрнегі қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз бейнесінде келіп, оның қолтық тұсынан қойдың құлағын долбарлайтын тағы бір шолақ мүйіз тәрізді екі буын шығып тұрады. Одан байқаған адамға қошқардың тұмсық пішіні аңғарылады. Текеметте, сырмақта, басқұрда, алашада, кілемде, былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдардың барлық түрінде кездеседі. «Ашатұяқ» өрнегі кейде «айыр» өрнегі деп те аталады. Пішен ашалайтын айырға ұқсас келеді.
#5 слайд
Гүл, дөңгелек, мүйіз, таңба
Ою-өрнек түрлері: Қазақтың ою-өрнектері
төрт түрге бөлінеді: өсімдік тектес, жануарлар,
геометриялық формада, космогендік
(астрологиялық).Бұлардың әрқайсысының
өзінің белгілі бір мағынасы бар. Мүйіз – қазақ
оюының негізі және ең көне мәнері. Ою-
өрнектің бұл элементі мүйізді мегзеуден
шыққан. «Мүйіз» ою-өрнегі кейде ұсақ, кейде
ірі болып келеді. Ұсақ түрлері ағаш, сүйек,
мүйіз сияқты нәзік қолөнер саласында
пайдаланылады. Ірі түрлері сырмақ, текемет,
алаша, кілем, сәулет өнерінде сан түрлі
мәнерде қолданады. «Гүл» ою-өрнегі барлық
гүл түрін тұспалдайды. Бұл өрнектің түрі
қолөнер бұйымдарында үш жапырақтан
басталып, он екі жапырақты ою-өрнекке дейін
кездеседі Кесте тіккенде және киім-
кешектердің жағасына, қалтасына, жиектеріне
салады.
5 слайд
Гүл, дөңгелек, мүйіз, таңба Ою-өрнек түрлері: Қазақтың ою-өрнектері төрт түрге бөлінеді: өсімдік тектес, жануарлар, геометриялық формада, космогендік (астрологиялық).Бұлардың әрқайсысының өзінің белгілі бір мағынасы бар. Мүйіз – қазақ оюының негізі және ең көне мәнері. Ою- өрнектің бұл элементі мүйізді мегзеуден шыққан. «Мүйіз» ою-өрнегі кейде ұсақ, кейде ірі болып келеді. Ұсақ түрлері ағаш, сүйек, мүйіз сияқты нәзік қолөнер саласында пайдаланылады. Ірі түрлері сырмақ, текемет, алаша, кілем, сәулет өнерінде сан түрлі мәнерде қолданады. «Гүл» ою-өрнегі барлық гүл түрін тұспалдайды. Бұл өрнектің түрі қолөнер бұйымдарында үш жапырақтан басталып, он екі жапырақты ою-өрнекке дейін кездеседі Кесте тіккенде және киім- кешектердің жағасына, қалтасына, жиектеріне салады.
#6 слайд
Құсқанаты
«Құсқанаты» ою-өрнегі мүйіз оюымен не шахмат
шақпақтарының ізімен бейнеленген құстың қанаты
тәріздес ою-өрнек. Бұйымдарда көп қолданылатын
бұл ою қанатын жайып ұшып келе жатқан құсты
тұспалдайды.
6 слайд
Құсқанаты «Құсқанаты» ою-өрнегі мүйіз оюымен не шахмат шақпақтарының ізімен бейнеленген құстың қанаты тәріздес ою-өрнек. Бұйымдарда көп қолданылатын бұл ою қанатын жайып ұшып келе жатқан құсты тұспалдайды.
#7 слайд
Өркеш
«Өркеш» ою-өрнегі түйенің қос өркешін
бейнелейді. Сырмақ, текемет, тұскиіздерге
салынатын ою-өрнек композициясында көбірек
кездесетін элемент. Қазақ оюында мал мен
аңның қос мүйізін, түйенің қос өркешін, биенің
қос емшегін бейнелеу береке-бірліктің,
көбеюдің символын білдіреді.
7 слайд
Өркеш «Өркеш» ою-өрнегі түйенің қос өркешін бейнелейді. Сырмақ, текемет, тұскиіздерге салынатын ою-өрнек композициясында көбірек кездесетін элемент. Қазақ оюында мал мен аңның қос мүйізін, түйенің қос өркешін, биенің қос емшегін бейнелеу береке-бірліктің, көбеюдің символын білдіреді.
#8 слайд
Ж ұ лдызгүл
8 слайд
Ж ұ лдызгүл
#9 слайд
Үшқұлақ , үшжапырақ
9 слайд
Үшқұлақ , үшжапырақ
#10 слайд
тандай
10 слайд
тандай
#11 слайд
Құстұмсық
«Құстұмсық» - бұл өрнек құстың тұмсығын
тұспалдаудан туған. «Құстұмсық» тармақты
мүйіздер мен сызықтардан құралады. Ою-
өрнекті қиғанда ою ортасындағы сызық
ұшы құстың тұмсығына ұқсас етіп қиылады.
«Құстұмсық» жүзік немесе «топсалы» жүзік
сәлемдеме ретінде туыстар арасында
дәнекер қызметін атқарған. Құс бейнесі
халық түсінігінде азаттықтың белгісі.
11 слайд
Құстұмсық «Құстұмсық» - бұл өрнек құстың тұмсығын тұспалдаудан туған. «Құстұмсық» тармақты мүйіздер мен сызықтардан құралады. Ою- өрнекті қиғанда ою ортасындағы сызық ұшы құстың тұмсығына ұқсас етіп қиылады. «Құстұмсық» жүзік немесе «топсалы» жүзік сәлемдеме ретінде туыстар арасында дәнекер қызметін атқарған. Құс бейнесі халық түсінігінде азаттықтың белгісі.
#12 слайд
Кемпірқосақ
«Кемпірқосақ» ою-өрнегі бірнеше түстерден
жолақтар жасап алма-кезек орналасады. Қазақтарда
кейбір түстердің символдық мәні бар. Көк түс –
аспанның, ақ түс – ақиқаттың, қуаныштың, сары түс –
ақыл парасаттың, қайғы мұңның, жасыл түс –
жастықтың, көктемнің символы. Қолөнер
бұйымдарын жасауда әрбір түсті белгілі тәртіппен
кемпірқосақ көркіне лайықтап орналастырылады.
Бұл өрнектер алаша, қоржын, басқұр тоқуда жиі
пайдаланылады.
12 слайд
Кемпірқосақ «Кемпірқосақ» ою-өрнегі бірнеше түстерден жолақтар жасап алма-кезек орналасады. Қазақтарда кейбір түстердің символдық мәні бар. Көк түс – аспанның, ақ түс – ақиқаттың, қуаныштың, сары түс – ақыл парасаттың, қайғы мұңның, жасыл түс – жастықтың, көктемнің символы. Қолөнер бұйымдарын жасауда әрбір түсті белгілі тәртіппен кемпірқосақ көркіне лайықтап орналастырылады. Бұл өрнектер алаша, қоржын, басқұр тоқуда жиі пайдаланылады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген