1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты

#1 слайд
«Білім берудің тиісті деңгейлерінің
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарттарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
2015 жылғы 25 сәуір № 327
Әзірлеген:
Қызылорда қаласындағы №23 Ж.Қизатов атындағы мектеп-лицей
директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Дина Зеиловна Жуматаева
1 слайд
«Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2015 жылғы 25 сәуір № 327 Әзірлеген: Қызылорда қаласындағы №23 Ж.Қизатов атындағы мектеп-лицей директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Дина Зеиловна Жуматаева
#2 слайд
2 слайд
#3 слайд
3 слайд
#4 слайд
Бастауыш білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарты
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2015 жылғы «25 » сәуірдегі № 327 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен
бекітілген
4 слайд
Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «25 » сәуірдегі № 327 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген
#5 слайд
1. Жалпы ережелер
1. Осы Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
(бұдан әрі – Стандарт) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан
Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 56-бабына сәйкес әзірленді және білім
алушылардың дайындық деңгейіне, бастауыш білім беру мазмұнына, оқу
жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне қойылатын талаптарды айқындайды.
2. Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін бағдарламаларын іске
асыратын білім беру ұйымдары (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) меншік
нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына, сондай-ақ оқыту тіліне
қарамастан білім беру қызметін:
1) осы Стандартқа;
2) оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларына;
3) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті органы
белгіленген тәртіппен бекіткен басқа да нормативтік құқықтық және
құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
5 слайд
1. Жалпы ережелер 1. Осы Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 56-бабына сәйкес әзірленді және білім алушылардың дайындық деңгейіне, бастауыш білім беру мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне қойылатын талаптарды айқындайды. 2. Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан білім беру қызметін: 1) осы Стандартқа; 2) оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларына; 3) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті органы белгіленген тәртіппен бекіткен басқа да нормативтік құқықтық және құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
#6 слайд
3. Стандартты қолдану:
1) оқытудың күтілетін нәтижелері түрінде көрсетілген бастауыш білім берудің
мақсаттары жүйесіне қол жеткізу есебінен оқыту мен тәрбиелеудің сапасын арттыруға;
2) мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде білім беру процесін ұйымдастыру үшін
қажетті жағдайлар жасау арқылы үштілді білім беру саясатын іске асыруға;
3) қолданбалы сипаттағы міндеттерді шешу үшін білім алушылардың теориялық білім
негіздерін меңгеруі мен алған білімдерін қолдана білуін дамытуды көздейтін бастауыш
білім берудің академиялық және практикалық бағыттылығының үйлесімділігіне;
4) білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу пәндері мазмұнының
тереңдігі мен күрделілігін қамтамасыз ететін пәндік білім мен дағдыларды кезең-
кезеңмен толықтырып отыруға;
5) күнделікті білім беру процесінің мазмұндық негізін айқындайтын білім берудің
құндылықтары мен оқытудан күтілетін нәтижелер жүйесінің өзара байланыстылығы
мен өзара шарттылығына негізделген оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі қағидатын іске
асыруға;
6) балалардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ білім
алушылардың ерекше білімге деген қажеттіліктері мен қосымша білім беру
қызметтерін алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға қолайлы жағдайлар жасауға;
7) орта білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерінің әртүрлілігі жағдайында
бастауыш білім берудің баламалылығын қамтамасыз етуге;
8) білім беру ұйымдарындағы инновациялық практиканы қолдау мен дамытуға;
9) білім сапасын қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымдарының қызметін
объективті бағалауды ұйымдастыруға бағытталған.
6 слайд
3. Стандартты қолдану: 1) оқытудың күтілетін нәтижелері түрінде көрсетілген бастауыш білім берудің мақсаттары жүйесіне қол жеткізу есебінен оқыту мен тәрбиелеудің сапасын арттыруға; 2) мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде білім беру процесін ұйымдастыру үшін қажетті жағдайлар жасау арқылы үштілді білім беру саясатын іске асыруға; 3) қолданбалы сипаттағы міндеттерді шешу үшін білім алушылардың теориялық білім негіздерін меңгеруі мен алған білімдерін қолдана білуін дамытуды көздейтін бастауыш білім берудің академиялық және практикалық бағыттылығының үйлесімділігіне; 4) білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу пәндері мазмұнының тереңдігі мен күрделілігін қамтамасыз ететін пәндік білім мен дағдыларды кезең- кезеңмен толықтырып отыруға; 5) күнделікті білім беру процесінің мазмұндық негізін айқындайтын білім берудің құндылықтары мен оқытудан күтілетін нәтижелер жүйесінің өзара байланыстылығы мен өзара шарттылығына негізделген оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі қағидатын іске асыруға; 6) балалардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ білім алушылардың ерекше білімге деген қажеттіліктері мен қосымша білім беру қызметтерін алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға қолайлы жағдайлар жасауға; 7) орта білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерінің әртүрлілігі жағдайында бастауыш білім берудің баламалылығын қамтамасыз етуге; 8) білім беру ұйымдарындағы инновациялық практиканы қолдау мен дамытуға; 9) білім сапасын қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымдарының қызметін объективті бағалауды ұйымдастыруға бағытталған.
#7 слайд
4. Стандарт:
1) білім беру ұйымдарының әртүрлі типтері мен түрлері үшін бастауыш білім
берудің үлгілік оқу жоспарын;
2) бастауыш білім берудің пәндері бойынша оқу бағдарламаларын;
3) пәндер бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді;
4) пәндер бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау
критерийлерін;
5) білім беру ұйымдарында оқыту мен тәрбиелеуден күтілетін нәтижелерге
қол жеткізуді қамтамасыз ететін басқару жүйесін;
6) білім беру ұйымдарының білім беру процесін мониторингтеу жүйесін;
7) білім беру ұйымдарының білім беру процесін материалдық-техникалық,
ақпараттық қамтамасыз етуге қойылатын бірыңғай талаптарды;
8) білім сапасын қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымдарының қызметін
бағалау параметрлерін әзірлеу үшін негіз болып табылады.
5. Білім беру ұйымдары тәрбиелеудің, оқыту мен дамытудың әртүрлі әдістерін,
нысандарын және педагогикалық технологияларын қолдану арқылы білім
алушылардың Стандартта айқындалған оқытудан күтілетін нәтижелерге
қол жеткізуі үшін денсаулық сақтайтын ортаны қамтамасыз етеді.
7 слайд
4. Стандарт: 1) білім беру ұйымдарының әртүрлі типтері мен түрлері үшін бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарын; 2) бастауыш білім берудің пәндері бойынша оқу бағдарламаларын; 3) пәндер бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді; 4) пәндер бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін; 5) білім беру ұйымдарында оқыту мен тәрбиелеуден күтілетін нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін басқару жүйесін; 6) білім беру ұйымдарының білім беру процесін мониторингтеу жүйесін; 7) білім беру ұйымдарының білім беру процесін материалдық-техникалық, ақпараттық қамтамасыз етуге қойылатын бірыңғай талаптарды; 8) білім сапасын қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымдарының қызметін бағалау параметрлерін әзірлеу үшін негіз болып табылады. 5. Білім беру ұйымдары тәрбиелеудің, оқыту мен дамытудың әртүрлі әдістерін, нысандарын және педагогикалық технологияларын қолдану арқылы білім алушылардың Стандартта айқындалған оқытудан күтілетін нәтижелерге қол жеткізуі үшін денсаулық сақтайтын ортаны қамтамасыз етеді.
#8 слайд
7. «Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» деген
бөлімде бастауыш білім берудің белгілі бір білім беру саласына енетін пәндер
бойынша ұзақ мерзімді сипаттағы мақсаттар жүйесі түріндегі оқытудан
күтілетін нәтижелер көрсетілген.
8. «Бастауыш білім беру мазмұнына қойылатын талаптар» деген бөлімде
типіне, түріне және меншік нысанына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан білім
беру ұйымдарында оқып білуге міндетті бастауыш білім беру мазмұнының
құрамы, құрылымы мен көлемі көрсетілген.
9. «Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын
талаптар» деген бөлімде апталық оқу жүктемесі, оқу жылының ұзақтығы,
бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру
мерзімі, топтарға бөлу үшін сыныптардың толымдылығы көрсетілген.
Стандарт кезеңмен-кезеңмен:
2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап 1-сыныптарда;
2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2-сыныптарда;
2018 жылғы 1 қыркүйектен бастап 3-сыныптарда;
2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап 4-сыныптарда енгізіледі
8 слайд
7. «Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» деген бөлімде бастауыш білім берудің белгілі бір білім беру саласына енетін пәндер бойынша ұзақ мерзімді сипаттағы мақсаттар жүйесі түріндегі оқытудан күтілетін нәтижелер көрсетілген. 8. «Бастауыш білім беру мазмұнына қойылатын талаптар» деген бөлімде типіне, түріне және меншік нысанына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан білім беру ұйымдарында оқып білуге міндетті бастауыш білім беру мазмұнының құрамы, құрылымы мен көлемі көрсетілген. 9. «Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар» деген бөлімде апталық оқу жүктемесі, оқу жылының ұзақтығы, бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру мерзімі, топтарға бөлу үшін сыныптардың толымдылығы көрсетілген. Стандарт кезеңмен-кезеңмен: 2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап 1-сыныптарда; 2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2-сыныптарда; 2018 жылғы 1 қыркүйектен бастап 3-сыныптарда; 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап 4-сыныптарда енгізіледі
#9 слайд
2. Білім алушылардың дайындық
деңгейіне қойылатын талаптар
11. Білім алушылардың дайындық деңгейі «Тіл және әдебиет», «Математика
және информатика», «Жаратылыстану», «Адам және қоғам», «Технология
және өнер», «Дене шынықтыру» сияқты бірнеше мәндес оқу пәндерін
біріктіретін әрбір білім саласының ерекшеліктері ескеріле отырып жобаланған
оқытудан күтілетін нәтижелер арқылы айқындалады.
12. «Тіл және әдебиет» білім беру саласының мазмұны:
1) қазақ тілінде оқытатын сыныптарда «Сауат ашу», «Әдебиеттік оқу», «Қазақ
тілі» пәндері, орыс тілінде оқытатын сыныптарда «Русский язык», оқыту қазақ
тілінде жүргізілмейтін сыныптарда «Қазақ тілі», оқыту орыс тілінде
жүргізілмейтін сыныптарда «Орыс тілі», «Ағылшын тілі» оқу пәндерінде іске
асырылады;
9 слайд
2. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 11. Білім алушылардың дайындық деңгейі «Тіл және әдебиет», «Математика және информатика», «Жаратылыстану», «Адам және қоғам», «Технология және өнер», «Дене шынықтыру» сияқты бірнеше мәндес оқу пәндерін біріктіретін әрбір білім саласының ерекшеліктері ескеріле отырып жобаланған оқытудан күтілетін нәтижелер арқылы айқындалады. 12. «Тіл және әдебиет» білім беру саласының мазмұны: 1) қазақ тілінде оқытатын сыныптарда «Сауат ашу», «Әдебиеттік оқу», «Қазақ тілі» пәндері, орыс тілінде оқытатын сыныптарда «Русский язык», оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда «Қазақ тілі», оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптарда «Орыс тілі», «Ағылшын тілі» оқу пәндерінде іске асырылады;
#10 слайд
13. «Тіл және әдебиет» білім беру саласы бойынша бастауыш білім беру
аяқталғанда күтілетін нәтижелер.
Бірінші тіл (оқыту тілі), әдебиет
тыңдалым және айтылым:
білім алушы әңгімелесудің, оқылған немесе тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын
түсінеді және жеткізе алады; сөйлеушінің көзқарасын жеткізу жолдарын
айқындайды, қорытындылар жасайды; пікірталастың тақырыбын түсінеді және
әдеби тіл нормасын сақтай отырып, оны талқылауға қатысады; сөйлеу
барысында синонимдерді, антонимдерді, омонимдерді, тура және ауыспалы
мағыналы сөздерді саналы түрде қолданады; мәнерліліктің эмоциялық-реңкті
құралдарын қолдана отырып, әңгімелеу және сипаттау мәтіндерінің мазмұнын
баяндаудың түрлі тәсілдерін пайдаланады; көркем шығармалардың мазмұнын
баяндаудың түрлі тәсілдерін қолданады, тыңдағандарына және оқығандарына
қатысты пайымдайды, өз ойымен және эмоциясымен бөліседі; логикалық
дәйектілікті сақтай отырып, өз көзқарасын дәлелдейді, берілген тақырып пен
коммуникативтік берілген нұсқауға сәйкес өзара байланысқан, логикалық
тұрғыдан дәйектелген дербес пікір білдіреді; тілдік қатынастың әртүрлі
тәсілдерін қолдана отырып, диалогқа қатысады; оқылған, тыңдалған ақпараттың
негізінде қазақ халқының және өзге де халықтардың рухани-адамгершілік
құндылықтары туралы түсінікті талдайды;
10 слайд
13. «Тіл және әдебиет» білім беру саласы бойынша бастауыш білім беру аяқталғанда күтілетін нәтижелер. Бірінші тіл (оқыту тілі), әдебиет тыңдалым және айтылым: білім алушы әңгімелесудің, оқылған немесе тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді және жеткізе алады; сөйлеушінің көзқарасын жеткізу жолдарын айқындайды, қорытындылар жасайды; пікірталастың тақырыбын түсінеді және әдеби тіл нормасын сақтай отырып, оны талқылауға қатысады; сөйлеу барысында синонимдерді, антонимдерді, омонимдерді, тура және ауыспалы мағыналы сөздерді саналы түрде қолданады; мәнерліліктің эмоциялық-реңкті құралдарын қолдана отырып, әңгімелеу және сипаттау мәтіндерінің мазмұнын баяндаудың түрлі тәсілдерін пайдаланады; көркем шығармалардың мазмұнын баяндаудың түрлі тәсілдерін қолданады, тыңдағандарына және оқығандарына қатысты пайымдайды, өз ойымен және эмоциясымен бөліседі; логикалық дәйектілікті сақтай отырып, өз көзқарасын дәлелдейді, берілген тақырып пен коммуникативтік берілген нұсқауға сәйкес өзара байланысқан, логикалық тұрғыдан дәйектелген дербес пікір білдіреді; тілдік қатынастың әртүрлі тәсілдерін қолдана отырып, диалогқа қатысады; оқылған, тыңдалған ақпараттың негізінде қазақ халқының және өзге де халықтардың рухани-адамгершілік құндылықтары туралы түсінікті талдайды;
#11 слайд
2) оқылым:
білім алушы халық ауыз әдебиеті мен балалар әдебиеті туындыларын оқиды
және кейіпкерлердің мінез-құлықтарын талдайды және іс-әрекеттеріне баға
береді; көркем мәтіндерді көркем емес мәтіндерден ажыратады; көркем
шығармалардың негізгі идеялары мен композициясын айқындайды; көркем
туындының жанрын айқындайды; өзінің жауабына/таңдауына негіздеме береді;
автордың бейнені сомдау үшін қолданған әдеби көркемдеуіш құралдарын
айқындайды; жазушының өз кейіпкерлеріне қатынасы туралы қорытынды
жасайды; белгілі бір оқу түрлері мен стратегияларын қолдана отырып оқиды;
мәтін түрлерін (сипаттау, әңгімелеу, пайымдау) айқындайды;
әңгімелерді/өлеңдерді мәнерлеп оқиды; өлеңді мәнерлеп жатқа оқиды; көркем
әдебиет туындыларында адамзаттың ортақ құндылықтарын айқындайды;
3) жазылым:
білім алушы тиісті сөздерді негізді түрде іріктей отырып, әртүрлі типте, жанр
мен стильде өз мәтіндерін құрастырып жазады; меңгерген грамматикалық,
пунктуациялық және орфографиялық нормаларға сай жазады; жеткізудің түрлі
тәсілдерін (суреттер, сызбалар, кескіндер, кестелер т.б.) қолдана отырып,
мәтіндер жазады; жазудың гигиеналық және каллиграфиялық дағдыларын
сақтайды; өз халқының және басқа халықтардың мәдениетіне, салт-дәстүріне
байланысты тақырыптарға өзінің жеке көзқарасын білдіре отырып, шағын
мәтіндер құрастырады.
11 слайд
2) оқылым: білім алушы халық ауыз әдебиеті мен балалар әдебиеті туындыларын оқиды және кейіпкерлердің мінез-құлықтарын талдайды және іс-әрекеттеріне баға береді; көркем мәтіндерді көркем емес мәтіндерден ажыратады; көркем шығармалардың негізгі идеялары мен композициясын айқындайды; көркем туындының жанрын айқындайды; өзінің жауабына/таңдауына негіздеме береді; автордың бейнені сомдау үшін қолданған әдеби көркемдеуіш құралдарын айқындайды; жазушының өз кейіпкерлеріне қатынасы туралы қорытынды жасайды; белгілі бір оқу түрлері мен стратегияларын қолдана отырып оқиды; мәтін түрлерін (сипаттау, әңгімелеу, пайымдау) айқындайды; әңгімелерді/өлеңдерді мәнерлеп оқиды; өлеңді мәнерлеп жатқа оқиды; көркем әдебиет туындыларында адамзаттың ортақ құндылықтарын айқындайды; 3) жазылым: білім алушы тиісті сөздерді негізді түрде іріктей отырып, әртүрлі типте, жанр мен стильде өз мәтіндерін құрастырып жазады; меңгерген грамматикалық, пунктуациялық және орфографиялық нормаларға сай жазады; жеткізудің түрлі тәсілдерін (суреттер, сызбалар, кескіндер, кестелер т.б.) қолдана отырып, мәтіндер жазады; жазудың гигиеналық және каллиграфиялық дағдыларын сақтайды; өз халқының және басқа халықтардың мәдениетіне, салт-дәстүріне байланысты тақырыптарға өзінің жеке көзқарасын білдіре отырып, шағын мәтіндер құрастырады.
#12 слайд
Екінші тіл (қазақ/орыс тілі):
тыңдалым:
білім алушылар қарым-қатынас жасаудың әлеуметтік-тұрмыстық және
әлеуметтік-мәдени сын өзекті аудиовизуалды материалдардың мазмұнын
түсінеді; мәтіннің тақырыбын, негізгі идеясын, мәтіндегі басты және қосалқы
ақпараттың мағынасын барынша толыққанды, терең және дәл түсіне алады;
қарым-қатынас жасау жағдаяттарына, қарым-қатынас орнына және қарым-
қатынасқа (коммуникацияға) қатысушыларға қарай сөйлеу стильдерінің қалай
өзгеретінін түсінеді; түрлі пікірлерді ескере отырып, оқиғаның/әңгіменің
мазмұнын болжайды;
2) айтылым:
білім алушы алдын ала дайындалған жазбалар мен жоспарды пайдалана отырып,
әңгіменің, оқиғаның мазмұнын жеткізеді; оқығаны, естігені жөнінде сұрақтар
құрастырады және көзқарасын білдіреді; ұсынылған тақырып пен белгіленген
коммуникативтік тапсырма бойынша өзара байланысқан, логикалық жүйеге
құрылған хабарламаны құрастырады; қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық
және әлеуметтік-мәдени саласында түрлі тілдік жағдаяттарға сай өзінің
коммуникативтік ниетін білдіре отырып, диалогқа қатысады; әлемдік мұраға
ұлттық мәдениеттің қосқан үлесін түсінеді және түсіндіреді;
12 слайд
Екінші тіл (қазақ/орыс тілі): тыңдалым: білім алушылар қарым-қатынас жасаудың әлеуметтік-тұрмыстық және әлеуметтік-мәдени сын өзекті аудиовизуалды материалдардың мазмұнын түсінеді; мәтіннің тақырыбын, негізгі идеясын, мәтіндегі басты және қосалқы ақпараттың мағынасын барынша толыққанды, терең және дәл түсіне алады; қарым-қатынас жасау жағдаяттарына, қарым-қатынас орнына және қарым- қатынасқа (коммуникацияға) қатысушыларға қарай сөйлеу стильдерінің қалай өзгеретінін түсінеді; түрлі пікірлерді ескере отырып, оқиғаның/әңгіменің мазмұнын болжайды; 2) айтылым: білім алушы алдын ала дайындалған жазбалар мен жоспарды пайдалана отырып, әңгіменің, оқиғаның мазмұнын жеткізеді; оқығаны, естігені жөнінде сұрақтар құрастырады және көзқарасын білдіреді; ұсынылған тақырып пен белгіленген коммуникативтік тапсырма бойынша өзара байланысқан, логикалық жүйеге құрылған хабарламаны құрастырады; қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық және әлеуметтік-мәдени саласында түрлі тілдік жағдаяттарға сай өзінің коммуникативтік ниетін білдіре отырып, диалогқа қатысады; әлемдік мұраға ұлттық мәдениеттің қосқан үлесін түсінеді және түсіндіреді;
#13 слайд
3) оқылым:
білім алушы оқу түрлері мен стратегияларын пайдалана отырып, мәтіндерді
оқиды; таныс емес сөздері бар мәтіннен негізгі ақпаратты, автордың шешімі мен
бағасын түсінеді; көркем және көркем емес мәтіндерді ажыратып таниды; алуан
түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табады; идеяны, оқиғаларды және
кейіпкерлер іс-әрекеттерінің себептерін түсінетінін көрсетеді; сөздіктер мен
анықтамалықтарды пайдаланып, таныс емес сөздер мен фразалардың
мағынасын анықтайды; қазақ және орыс әдебиетінің көркем туындыларындағы
адамзаттың ортақ құндылықтарын айқындайды;
4) жазылым:
білім алушы тыңдалған мәтіннің, оқылған ақпараттың және көрген оқиғаның
(тақырыптар, жекелеген деректер, пікірлер) қысқаша жазбаларын жасайды;
тыңдалған/оқылған мәтіндегі ақпаратты үлгі бойынша жинақтайды; стильдік
тиесілігін ескере отырып, мәтін құрастырады; орфографиялық, грамматикалық
және пунктуациялық нормаларды ескере отырып, баяндау/баяндаусыз сипаттағы
мәтіндерді құрастыру үшін тиісті лексикалық бірліктерді пайдаланады.
13 слайд
3) оқылым: білім алушы оқу түрлері мен стратегияларын пайдалана отырып, мәтіндерді оқиды; таныс емес сөздері бар мәтіннен негізгі ақпаратты, автордың шешімі мен бағасын түсінеді; көркем және көркем емес мәтіндерді ажыратып таниды; алуан түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табады; идеяны, оқиғаларды және кейіпкерлер іс-әрекеттерінің себептерін түсінетінін көрсетеді; сөздіктер мен анықтамалықтарды пайдаланып, таныс емес сөздер мен фразалардың мағынасын анықтайды; қазақ және орыс әдебиетінің көркем туындыларындағы адамзаттың ортақ құндылықтарын айқындайды; 4) жазылым: білім алушы тыңдалған мәтіннің, оқылған ақпараттың және көрген оқиғаның (тақырыптар, жекелеген деректер, пікірлер) қысқаша жазбаларын жасайды; тыңдалған/оқылған мәтіндегі ақпаратты үлгі бойынша жинақтайды; стильдік тиесілігін ескере отырып, мәтін құрастырады; орфографиялық, грамматикалық және пунктуациялық нормаларды ескере отырып, баяндау/баяндаусыз сипаттағы мәтіндерді құрастыру үшін тиісті лексикалық бірліктерді пайдаланады.
#14 слайд
Үшінші тіл:
тыңдалым:
білім алушы таныс тақырыптар бойынша қысқа әңгімелесулердің негізгі мазмұнын
түсінеді, таныс сөздер мен фразалардың айтылуын ажырата алады; түстер мен сандар
туралы қысқа сұрақтарды түсінеді; таныс тақырыптар бойынша қысқа әңгімелердің
мазмұны мен мәнін болжау үшін мәнмәтіндік тірек сөздерді пайдаланады; баяу және
айқын дыбысталып айтылған шағын әңгімелердің жалпы мәнін түсінеді;
айтылым:
білім алушы өзі туралы тіркестер мен сөйлемдер құрастырады, сұрақтар құрастырады;
сұрақтарға жауап береді; заттар мен оқиғаларды сипаттағанда негізгі сөздер мен
фразаларды дұрыс интонациямен және екпінмен айтады; өзіне не ұнайтынын және не
ұнамайтынын айтады;
3) оқылым:
білім алушы қарапайым иллюстрацияланған сөздікті пайдаланады; тұрмыстық-
әлеуметтік тақырыптағы көлемі шағын көркем және көркем емес мәтіндерді түсінеді;
қысқа мәтіндердің негізгі ойын айқындайды; қысқа мәтіндерден нақты және детальді
ақпаратты айқындайды; қазақ және шетел әдебиетінің көркем туындыларында
адамзаттың ортақ құндылықтарын айқындайды;
4) жазылым:
білім алушы жиі қолданылатын сөздердің жазылуы мен айтылуы арасындағы
айырмашылықты білетіндігін көрсете отырып, дұрыс жазады; дауыстап оқығанда жай
сөйлемдерді жаза алады; сөйлем соңында тыныс белгілерін дұрыс қояды.
14 слайд
Үшінші тіл: тыңдалым: білім алушы таныс тақырыптар бойынша қысқа әңгімелесулердің негізгі мазмұнын түсінеді, таныс сөздер мен фразалардың айтылуын ажырата алады; түстер мен сандар туралы қысқа сұрақтарды түсінеді; таныс тақырыптар бойынша қысқа әңгімелердің мазмұны мен мәнін болжау үшін мәнмәтіндік тірек сөздерді пайдаланады; баяу және айқын дыбысталып айтылған шағын әңгімелердің жалпы мәнін түсінеді; айтылым: білім алушы өзі туралы тіркестер мен сөйлемдер құрастырады, сұрақтар құрастырады; сұрақтарға жауап береді; заттар мен оқиғаларды сипаттағанда негізгі сөздер мен фразаларды дұрыс интонациямен және екпінмен айтады; өзіне не ұнайтынын және не ұнамайтынын айтады; 3) оқылым: білім алушы қарапайым иллюстрацияланған сөздікті пайдаланады; тұрмыстық- әлеуметтік тақырыптағы көлемі шағын көркем және көркем емес мәтіндерді түсінеді; қысқа мәтіндердің негізгі ойын айқындайды; қысқа мәтіндерден нақты және детальді ақпаратты айқындайды; қазақ және шетел әдебиетінің көркем туындыларында адамзаттың ортақ құндылықтарын айқындайды; 4) жазылым: білім алушы жиі қолданылатын сөздердің жазылуы мен айтылуы арасындағы айырмашылықты білетіндігін көрсете отырып, дұрыс жазады; дауыстап оқығанда жай сөйлемдерді жаза алады; сөйлем соңында тыныс белгілерін дұрыс қояды.
#15 слайд
14. «Математика және информатика» білім беру саласы бойынша
оқудың күтілетін нәтижелері
Бастауыш білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) «цифр», «сан», «координаталық сәуле», «санның бөлшегі», «жай бөлшек», «аралас
сан», «санды ө...
15 слайд
14. «Математика және информатика» білім беру саласы бойынша оқудың күтілетін нәтижелері Бастауыш білім беру аяқталғанда білім алушы: 1) «цифр», «сан», «координаталық сәуле», «санның бөлшегі», «жай бөлшек», «аралас сан», «санды ө...

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген