400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Баяндама "Функционалдық сауаттылық"

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама "Функционалдық сауаттылық"
Материалдың қысқаша нұсқасы
img_page_1
Слайдтың жеке беттері
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі Тақырыбы: «Функционалды

#1 слайд
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі Тақырыбы: «Функционалды сауаттылыққа бағыттайтын әдіс-тәсілдер» Орындаған: Теңізбай С.Б. Шымкент 2017 ж.

1 слайд

Жаһандану жағдайында әлем өзгеріп барады,бізде өзгеруге тиіспіз.Жүйелі түрде сатылап өзгеріп бара жатқанымызды мойындаймыз. XXI

#2 слайд
Жаһандану жағдайында әлем өзгеріп барады,бізде өзгеруге тиіспіз.Жүйелі түрде сатылап өзгеріп бара жатқанымызды мойындаймыз. XXI ғасыр жаңа технологиялар ғасыры болғандықтан компьютерлерді де жетік меңгеруге талпыныс жасап отырмыз,бұл орайда оқушыларды да ақпараттық сауаттылығын арттыруды көздеп, аянбай еңбек етіп жүргеніміз тағы бар.Жаһандану жағдайында білім берудің мақсаты мен мәнінің өзгеруі «білім беру технологиясы», «педагогикалық технологиялар», «инновациялық технологиялар» деп аталатын жаңа ұғымдарды енгізіп жүргенімізде бар.Әрине жеткен жетістіктерімізді мақтан тұтамыз,дегенмен де бізге әлемді мойындатуға көмектесетін құрал қажет.Осы құралды әлемдік тілі, ағылшын тілін, тереңдете оқыту десек еш шатаспаған боламыз.Өйткені өз ана тілімізбен қоса ағылшын тілін кез келген сабақта пайдалануды көздесек, біз әлемдік деңгейге жетуге тағыда бір қадам жақындаған боламыз. Тіл білімін дамыту үрдістерін қалыптастыру арқылы және үштұғырлы тілмен білім алғанда ғана шәкірттеріміз бізді әлемдік деңгейге алып шыға алады,сонда ғана біз электронды оқыту жүйесіне көше аламыз.

2 слайд

Үш тілді меңгерген мәдениетті тұлғаны қалыптастыру және дамытуда - әлемдік тіл, ағылшын тілінің, маңызы зор екендігі барлығымы

#3 слайд
Үш тілді меңгерген мәдениетті тұлғаны қалыптастыру және дамытуда - әлемдік тіл, ағылшын тілінің, маңызы зор екендігі барлығымызға белгілі. Әрине тілдерді оқытуға инновациялық технологияларды енгізу – білім беру саласындағы жағдайдың жақсарып келе жатқанын көрсетіп отыр.Дегенменде, әлем мойындаған елу елдің қатарына ену үшін Қазақстанның әрбір мектебінде жеке тұлға үшін маңызды пәндерді үш тілде терең оқытылса екен.Қазіргі таңда көптеген облыстарда бірнеше эксперименталды мектептер жұмыс жасауда.Бұл мектептерде оқушыларды 12 жылдық білім беру жүйесіне даярлау мақсатында үш тілді пайдаланып отырғанын білеміз,дегенменде келешекте әрбір мектеп үш тілде білім алса, біз шәкірттеріміздің бойына қазақ тілі арқылы ұлттық менталитетті,орыс тілі арқылы қатынас тілін дұрыс жеткізе аламыз,ал ағылшын тілі арқылы әлемдік тілді мойындата аламыз.

3 слайд

Өйткені әрбір ұстаз тәрбиелеп отырған шәкірттер ішінде болашақ президенттеріміз бар,депутаттарымыз,әкімдеріміз бар.Сондықтан да

#4 слайд
Өйткені әрбір ұстаз тәрбиелеп отырған шәкірттер ішінде болашақ президенттеріміз бар,депутаттарымыз,әкімдеріміз бар.Сондықтан да өз болашағымыздың жарқын бейнесі жастарға үштұғырлы білім беру біздің басты міндет деп есептеймін.Өйткені үштұғырлы тіл арқылы оқушы бойына білімді сіңіріп қана қоймай,Сұлтан Ысқақұлы айтқандай «Біз тек инабатты,мәдениетті,білімді ғана емес,өзіндік ойы бар,пікірі бар,неғұрлым жігерлі жан тәрбиелуіміз керек.Оқушылардың бойына өз бетімен жұмыс істеу,логикалық ойлау жүйесін жетілдірсек ұта түсеміз». Әлемдік білім беру саласын көптеген елдер қатысып отырған білімділер соғысы деп атайтын болсақ,үштұғырлы тіл арқылы берілген білім біздің басты қаруымыз. Біз оқушылардың бойына сіңіріп отырған білім оқушыларымыздың ақылын қозғайтын керемет күш болып табылса,ал тіл сол күшті мықты етіп ұстап отыратын қару.

4 слайд

Міне сондықтан да білім беру саласындағы 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламаның басты міндеті басты бағыттарды жүзеге

#5 слайд
Міне сондықтан да білім беру саласындағы 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламаның басты міндеті басты бағыттарды жүзеге асыру барысында үштұғырлы тіл мәдениетін қалыптастыру ең өзекті мәселе деп есептеймін.Елбасымыздың өзі 2008 жылғы 29 мамырда «Тілдердің үштұғырлығы» мәселесіне байланысты ағылшын тіліне деген өзінің ой пікірін төмендегі сөзімен дәлелдеп берді: «Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі.Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын,әлемдік деңгейге шығаратын тіл» Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың әр жыл сайынғы жолдауында білім беру саласына баса назар аудару мен қатар,міндетті түрде жас ұрпақтың әлемдік тілді жетік меңгеруіне база назар аударады.Осыған орай білім беру саласының өзекті мәселесі үштұғырлы тілді дамыту,қолға алу барысында көптеген жұмыстар атқарылуда.Біз білім беру саласында XXI ғасыр ұрпағын бәсекелестікке қабілетті,әлем мойындаған тұлға ретінде тәрбиелейміз деп отырмыз,бірақ егер 2020 жылға дейін мемлекет бойынша мектептер 90 пайызға озық технологиялармен жабдықталмаса және мектептерде үштұғырлы тіл қолға алынбаса, онда біз халықаралық деңгейдегі емтихандарды мектептерде қалай алатындығымыз туралы ойландық па?

5 слайд

Отанымыз әлемдік деңгейге сай болу үшін әлемдік деңгейге сай емтихандарды қажет етеді.Міне сондықтан да бүгінгі таңда оқушылард

#6 слайд
Отанымыз әлемдік деңгейге сай болу үшін әлемдік деңгейге сай емтихандарды қажет етеді.Міне сондықтан да бүгінгі таңда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспарында қазақстандық жалпы білім беретін мектептердің PISA, TIMSS және PIRLS халықаралық салыстырмалы зерттеулерін қолдануды жоспарлап отырмыз. Білім беру сапасының деңгейі халықаралық PISA, TIMSS және PIRLS мониторинг зерттеулері арқылы анықталатындығын жоспарлап отырғандығымыз туралы өкінішке орай білмейтін мұғалімдер де бар екендігін мойындаймыз.Бұл емтихандардың басты міндеті оқушылардың функционалдық сауаттылығын анықтау болып тұр. Өйткені оқушылардың халықаралық салыстырмалы зерттеулерінің білім және білік сапасының көрсеткіші функционалдық сауаттылық болып табылады. Қазақстандық оқушылардың осы зерттеулерге қатысу нәтижесі функционалдық сауаттылықтың қажетті деңгейде қалыптаспағанын көрсетіп отыр.Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру үшін бізге білімді әрі білікті ұстаздар қажет,сонымен қатар мұғалімдердің өздері де үштұғырлы тілді дамытуға дайын болулары керек.

6 слайд

МИҒА ШАБУЫЛ: 1. Оқушылардың функционалдық сауаттылығы деген не? 2. Жай (элементарлық) сауаттылық пен функционалдық сауаттылық

#7 слайд
МИҒА ШАБУЫЛ: 1. Оқушылардың функционалдық сауаттылығы деген не? 2. Жай (элементарлық) сауаттылық пен функционалдық сауаттылықтың айырмашылығы неде? 3. РISA халықаралық зерттеуінің оқушылардың сауаттылығын дамытудағы рөлі

7 слайд

Функционалдық сауаттылық дегеніміз - адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғ

#8 слайд
Функционалдық сауаттылық дегеніміз - адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы дегеніміз – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.

8 слайд

Яғни, оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйрету. Тұлғаның ең басты функциялық сапалары: белсенділі

#9 слайд
Яғни, оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйрету. Тұлғаның ең басты функциялық сапалары: белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.  Ал бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.

9 слайд

ЖАЙ САУАТТЫЛЫҚ – адамның оқу, түсіну, қысқа мәтіндерді құру және қарапайым арифметикалық әрекеттерді орындауы. ФУНКЦИОНАЛ

#10 слайд
ЖАЙ САУАТТЫЛЫҚ – адамның оқу, түсіну, қысқа мәтіндерді құру және қарапайым арифметикалық әрекеттерді орындауы. ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ - тұлғаның нақты мәдени ортада өмір сүру қызметін іске асыру үшін қажетті және әлеуметтік қатынаста ойдағыдай қызмет етуін қамтамасыз ететін білімі, ептілігі, дағдылары.

10 слайд

РІSА 15 жастағы жасөспірімдердің:  Мектепте алған білімдері; Іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әр

#11 слайд
РІSА 15 жастағы жасөспірімдердің:  Мектепте алған білімдері; Іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттерінің әртүрлігі; Тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастары; Өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалана алу қабілеттерін бағалайды. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша ағымдағы жағдайды талдау

11 слайд

РІSА зерттеулері қазіргі уақытта әлемде мектептік білім берудің тиімділігін салыстырмалы бағалаудың әмбебап құралы ретінде қа

#12 слайд
РІSА зерттеулері қазіргі уақытта әлемде мектептік білім берудің тиімділігін салыстырмалы бағалаудың әмбебап құралы ретінде қарастырылады. Зерттеу айналым бойынша (үш жылда бір рет) жүргізіледі. Әрбір айналымда функциялық сауаттылықтың қандай да бір түріне ерекше назар аударылады.

12 слайд

Материалды PowerPoint форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
768
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі