Баяндама "Оқу үрдісінде оқыту әдістерін тиімді қолдану"

#1 слайд
Оқу үрдісінде оқыту
әдістерін
тиімді қолдану
1 слайд
Оқу үрдісінде оқыту әдістерін тиімді қолдану
#2 слайд
Бастауыш білім беру мақсаты —
-білімдерді функционалдық және
шығармашылық қолдану;
-сыни ойлау;
-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
-ақпараттық-коммуникативтік дағдыларды
пайдалану;
-әр түрлі коммуникация тәсілдерін пайдалану;
-топта және жеке жұмыс істеу ;
-проблемаларды шешу және шешімдер
қабылдауға
ие оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы
мен дамуы үшін қолайлы білім беру кеңістігін
құру.
2 слайд
Бастауыш білім беру мақсаты — -білімдерді функционалдық және шығармашылық қолдану; -сыни ойлау; -зерттеу жұмыстарын жүргізу; -ақпараттық-коммуникативтік дағдыларды пайдалану; -әр түрлі коммуникация тәсілдерін пайдалану; -топта және жеке жұмыс істеу ; -проблемаларды шешу және шешімдер қабылдауға ие оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуы үшін қолайлы білім беру кеңістігін құру.
#3 слайд
Оқыту әдістері - оқытудың
мақсат-міндеттеріне сай оның
мазмұнын оқушыларға меңгертуде
мұғалім мен оқушылардың
қолданатын амал-тәсілдері мен
құралдарының жиынтығы болып
табылады. Мұғалім оқыту
әдістерінің көмегімен оқушыларға
білім беріп, олардың тәжірибелік
әрекетін ұйымдастыруда өзінің іс-
әрекетін оқушылардың таным
әрекетіне басшылық етумен
байланыстырады.
3 слайд
Оқыту әдістері - оқытудың мақсат-міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Мұғалім оқыту әдістерінің көмегімен оқушыларға білім беріп, олардың тәжірибелік әрекетін ұйымдастыруда өзінің іс- әрекетін оқушылардың таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырады.
#4 слайд
құндылықты-
бағдарланған;
әрекетті;
тұлғалық-
бағдарланған;
кіріктірілмелі;
Коммуникативті;
Педагогикалық әдіс-тәсілдер
4 слайд
құндылықты- бағдарланған; әрекетті; тұлғалық- бағдарланған; кіріктірілмелі; Коммуникативті; Педагогикалық әдіс-тәсілдер
#5 слайд
Оқыту әдіс-тәсілдері
Құндылықты-
бағдарланған тәсіл -
оқушының құндылықтар
жүйесін қалыптастырушы
оқу-тәрбиелік үдерістің
сәйкесінше формалары
арқылы тұлғаның өзін-өзі
танытуы үшін алғышарттар
құруды көздейді.
Орта білім беру
құндылықтары:
қазақстандық отансүйгіштік
және азаматтық
жауапкершілік; құрмет;
ынтымақтастық; еңбек және
шығармашылық; өмір бойы
білім алу.
Тұлғалық-бағдарланған
тәсіл— педагогтің назарын
оқушы тұлғасының
тұтастығына, оның тек
ақылойы, азаматтық
жауапкершілік сезімінің
ғана емес, сондай-ақ
эмоционалдық,
эстетикалық,
шығармашылық нышандары
мен даму мүмкіндіктерімен
қоса рухани дамуы туралы
қамқорлыққа
шоғырландыруды көздейді.
Жүйелік-әрекетті тәсіл—
оқу-тәрбие үдерісінде
оқушының өз бетінше білім
алуына бағытталып, осы
мақсатта мұғалімнің тиімді
іс-әрекеттің түрлі
формаларын қолдануын
көздейді.
5 слайд
Оқыту әдіс-тәсілдері Құндылықты- бағдарланған тәсіл - оқушының құндылықтар жүйесін қалыптастырушы оқу-тәрбиелік үдерістің сәйкесінше формалары арқылы тұлғаның өзін-өзі танытуы үшін алғышарттар құруды көздейді. Орта білім беру құндылықтары: қазақстандық отансүйгіштік және азаматтық жауапкершілік; құрмет; ынтымақтастық; еңбек және шығармашылық; өмір бойы білім алу. Тұлғалық-бағдарланған тәсіл— педагогтің назарын оқушы тұлғасының тұтастығына, оның тек ақылойы, азаматтық жауапкершілік сезімінің ғана емес, сондай-ақ эмоционалдық, эстетикалық, шығармашылық нышандары мен даму мүмкіндіктерімен қоса рухани дамуы туралы қамқорлыққа шоғырландыруды көздейді. Жүйелік-әрекетті тәсіл— оқу-тәрбие үдерісінде оқушының өз бетінше білім алуына бағытталып, осы мақсатта мұғалімнің тиімді іс-әрекеттің түрлі формаларын қолдануын көздейді.
#6 слайд
Коммуникативтік
тәсіл-бірінші кезекте
оқушылардың ауызша
және жазбаша сөйлеу
дағдыларын дамытуға,
қарастырып отырған
мәтін, қатысып отырған
әңгіме мазмұнын
түсініп, туындаған
жағдаятқа сәйкес тілді
қолданып үйренуге
бағытталған.
Интегративтік
тәсіл-Бастауыш
білім беру
мазмұнына ортақ
тақырыптарды
енгізу әр түрлі
пәндік салалардан
білімдерді
кіріктіруге және сол
арқылы алынатын
білімдердің
функционалдығына
қол жеткізуге
мүмкіндік береді.
6 слайд
Коммуникативтік тәсіл-бірінші кезекте оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын дамытуға, қарастырып отырған мәтін, қатысып отырған әңгіме мазмұнын түсініп, туындаған жағдаятқа сәйкес тілді қолданып үйренуге бағытталған. Интегративтік тәсіл-Бастауыш білім беру мазмұнына ортақ тақырыптарды енгізу әр түрлі пәндік салалардан білімдерді кіріктіруге және сол арқылы алынатын білімдердің функционалдығына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
#7 слайд
Зерттеу тәсілі —
зерттеушілік
әрекет
дағдыларын
дамытуға, ғылыми
таным әдістерімен
танысуға
жәрдемдеседі,
оқушыларда
танымдық
қызығушылық
қалыптастырады
Интербелсенді әдіс
Интербелсенді әдіс–
үйретуші мен
үйренушілердің өзара
әрекеттесуін оқытудың
негізі деп танитын және
сондай қатынасқа
жағдай жасайтын
әдістер. (inter – аралық,
бiрнеше, action- әрекет
дегендi бiлдiредi) Өзара
әрекеттестiк әдетте,
белгiлi бiр мәселенi
шешу, ол шешiмнiң
тиiмдiлiгi
7 слайд
Зерттеу тәсілі — зерттеушілік әрекет дағдыларын дамытуға, ғылыми таным әдістерімен танысуға жәрдемдеседі, оқушыларда танымдық қызығушылық қалыптастырады Интербелсенді әдіс Интербелсенді әдіс– үйретуші мен үйренушілердің өзара әрекеттесуін оқытудың негізі деп танитын және сондай қатынасқа жағдай жасайтын әдістер. (inter – аралық, бiрнеше, action- әрекет дегендi бiлдiредi) Өзара әрекеттестiк әдетте, белгiлi бiр мәселенi шешу, ол шешiмнiң тиiмдiлiгi
#8 слайд
Интерактивті
негізде оқу
мақсаты – білу
емес, үйрене
бiлу
-танымның мәнiн түсiнуге көмектеседi (яғни, -кейде
абсолюттi шындық болмайтынын)
-өз пiкiрiне деген құқығын түйсiнуi артады
-өзiне деген сенiмге тәрбиелейдi
-шешендiк өнерiн жетiлдiредi
-сыни ойлау дағдыларын дамытады
8 слайд
Интерактивті негізде оқу мақсаты – білу емес, үйрене бiлу -танымның мәнiн түсiнуге көмектеседi (яғни, -кейде абсолюттi шындық болмайтынын) -өз пiкiрiне деген құқығын түйсiнуi артады -өзiне деген сенiмге тәрбиелейдi -шешендiк өнерiн жетiлдiредi -сыни ойлау дағдыларын дамытады
#9 слайд
Интербелсенді оқыту-
әрекетпен және әрекет арқылы оқыту, бұл ұстаным
үлкен нәтижелерге жеткізетін тиімді жүйе деп
есептелінеді, себебі адам санасында бірінші
кезекте өзінің әрекеттері мен өз қолымен жасаған
істер қалады. Кезінде көне қытай ғұламасы
Конфуций (Күн-цзы) былай деген екен : «Маған
айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте
сақтармын, ал өзіме жасатсаң – үйренемін!» деген
пікірі дәлел бола алады. Сондықтан интербелсенді
оқыту оқушылардың оқу үдерісіндегі белсенді
әрекеттерін үйренудің негізгі құралдарының
тәсілдері ретінде танылады.
9 слайд
Интербелсенді оқыту- әрекетпен және әрекет арқылы оқыту, бұл ұстаным үлкен нәтижелерге жеткізетін тиімді жүйе деп есептелінеді, себебі адам санасында бірінші кезекте өзінің әрекеттері мен өз қолымен жасаған істер қалады. Кезінде көне қытай ғұламасы Конфуций (Күн-цзы) былай деген екен : «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң – үйренемін!» деген пікірі дәлел бола алады. Сондықтан интербелсенді оқыту оқушылардың оқу үдерісіндегі белсенді әрекеттерін үйренудің негізгі құралдарының тәсілдері ретінде танылады.
#10 слайд
Интербелсен-
ді
әдістемесінің
жұмыс
түрлері мен
әрекеттері
-Рөлдік және
іскерлік ойындар,
пікірталастар
-Презентация-
лар
-Интервьюлер
-Ақпараттың әртүрлі
көздерімен жұмыс
жасау
-Бірлескен
жұмыстар
(топтық,
ұжымдық,
жұптық )
10 слайд
Интербелсен- ді әдістемесінің жұмыс түрлері мен әрекеттері -Рөлдік және іскерлік ойындар, пікірталастар -Презентация- лар -Интервьюлер -Ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау -Бірлескен жұмыстар (топтық, ұжымдық, жұптық )
#11 слайд
Интерактивті әдістерді қолдануда
кейбір ережелерді есте сақтау қажет:
Бірінші ереже. Жұмысқа балалар толығымен қатысуы керек.
Екінші ереже. Балаларды психологиялық тұрғыдан дайындау, сабақ
барысында сергіту сәті, балаларды белсенділігі үшін марапаттау,
баланың өзін — өзі көрсетуіне жол беру.
Үшінші ереже. Кабинет талапқа сай болуы қажет .
Төртінші ереже. Жұмыс орнына назар аудару қажет. Оқу орны
ыңғайлы және жайлы болуы қажет. Бала өз пікірін, көзқарасын білдіріп,
дәлелдеп беруге мүмкіндік жасалуы қажет.
Бесінші ереже. Оқу барысында процедураға және регламентке назар
аудару қажет. Мысалы, белгіленген уақыттан асып кетпеу, бөгде кісінің
пікірін сыйлау, сөзді бөлмеу, оның ар-ожданын сыйлау.
Алтыншы ереже. Оқушыларды проблема шешу барысында топқа
бөлуге мұқият қарау .
11 слайд
Интерактивті әдістерді қолдануда кейбір ережелерді есте сақтау қажет: Бірінші ереже. Жұмысқа балалар толығымен қатысуы керек. Екінші ереже. Балаларды психологиялық тұрғыдан дайындау, сабақ барысында сергіту сәті, балаларды белсенділігі үшін марапаттау, баланың өзін — өзі көрсетуіне жол беру. Үшінші ереже. Кабинет талапқа сай болуы қажет . Төртінші ереже. Жұмыс орнына назар аудару қажет. Оқу орны ыңғайлы және жайлы болуы қажет. Бала өз пікірін, көзқарасын білдіріп, дәлелдеп беруге мүмкіндік жасалуы қажет. Бесінші ереже. Оқу барысында процедураға және регламентке назар аудару қажет. Мысалы, белгіленген уақыттан асып кетпеу, бөгде кісінің пікірін сыйлау, сөзді бөлмеу, оның ар-ожданын сыйлау. Алтыншы ереже. Оқушыларды проблема шешу барысында топқа бөлуге мұқият қарау .
#12 слайд
Интерактивтік әдістеме өзара қарым –
қатынастың мол ауқымын қамтиды. Оқу
процесінің барысында мынадай қарым –
қатынасқа түседі:
Мұғаліммен
Кейбір
техника
түрлерімен
Әр
деңгейдегі
оқушылар
тобымен
Өзге
балалармен
Шағын
топтармен
12 слайд
Интерактивтік әдістеме өзара қарым – қатынастың мол ауқымын қамтиды. Оқу процесінің барысында мынадай қарым – қатынасқа түседі: Мұғаліммен Кейбір техника түрлерімен Әр деңгейдегі оқушылар тобымен Өзге балалармен Шағын топтармен
#13 слайд
«Маршрут» ойыны.
Бұл ойын чайнворд ұстанымы бойынша жүреді.
Чайнворд (ағыл. chain – шыңжыр және word – сөз)
бас қатыру есебі – ойланып табылған сөздің
әріптерін, алдыңғы сөздің соңғы әрпі, кейінгі сөздің
алдыңғы әрпі болып табылатындай етіп, бірінің
соңына бірі тізбектеле орналасқан торкөздерге сөздер
толтырады.
Мысалы, Алматы-ыдыс-сабын-нар-рахмет-тарақ,-
қарбыз т.б.
«Жолға шығу» ойыны.
Ойын айналадағы заттарға талдау жасауға
мүмкіндік береді. Жолға шыққан жолаушы қандай
заттарды алады? деген сұрақ қойылады.Бір топ
керекті заттар тізімін айтады, екінші топ ол заттар
не үшін қажет екенін айтып беруі керек.
13 слайд
«Маршрут» ойыны. Бұл ойын чайнворд ұстанымы бойынша жүреді. Чайнворд (ағыл. chain – шыңжыр және word – сөз) бас қатыру есебі – ойланып табылған сөздің әріптерін, алдыңғы сөздің соңғы әрпі, кейінгі сөздің алдыңғы әрпі болып табылатындай етіп, бірінің соңына бірі тізбектеле орналасқан торкөздерге сөздер толтырады. Мысалы, Алматы-ыдыс-сабын-нар-рахмет-тарақ,- қарбыз т.б. «Жолға шығу» ойыны. Ойын айналадағы заттарға талдау жасауға мүмкіндік береді. Жолға шыққан жолаушы қандай заттарды алады? деген сұрақ қойылады.Бір топ керекті заттар тізімін айтады, екінші топ ол заттар не үшін қажет екенін айтып беруі керек.
#14 слайд
«Кемпірқосақ» ойыны.
Бір минут ішінде түстері әртүрлі бес түсті
затты ретімен тез айтып шығуға тапсырма
береді. Мысалы: қарбыз (қызыл), лимон
(сары), аспан (көк), жапырақ (жасыл),
топырақ (қоңыр). Кімде-кім түске сәйкес
заттың атын таппай қалса, ойыннан шығады
“ Ыстық орындық” әдісі.
Берілген тапсырмаға байланысты
қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру
керек, себебі, орындық ыстық.
14 слайд
«Кемпірқосақ» ойыны. Бір минут ішінде түстері әртүрлі бес түсті затты ретімен тез айтып шығуға тапсырма береді. Мысалы: қарбыз (қызыл), лимон (сары), аспан (көк), жапырақ (жасыл), топырақ (қоңыр). Кімде-кім түске сәйкес заттың атын таппай қалса, ойыннан шығады “ Ыстық орындық” әдісі. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі, орындық ыстық.
#15 слайд
«Сұрақтар жаңбыры»
Ұйымдастыру: топпен жұмыс.
Мақсаты: оқушылардың сұрақ қою және сыни ойлау
дағдыларын дамыту.
Сипаттамасы: оқушылар топтарға өз еркімен, қалауымен
бөлінеді. Әр топ параққа сұрақтар жазып, бір-біріне
лақтырады. Алған сұрақтарына жауап жазып, кері
лақтырады. Жауап жазылған парақты қағып алған ойыншы,
сол жауаптан сұрақ тудырып, ары қарай лақтырады. Ойын
осылай жалғасады.
«Детектив» әдісі
Ұйымдастыру: топпен жұмыс.
Мақсаты: оқушылардың сыни ойлау, көшбасшылық
дағдыларын дамыту.
Сипаттамасы: Оқушылар екі топқа біріктіріледі. Екі
топқа да шытырман оқиғалы мәтін шағын бөліктерге
бөлініп, қима қағаздарға жазылып беріледі. Олар 15 минут
ішінде осы мәтіндегі шытырман оқиғаның шешімін табуы
тиіс. Әр топ өз шешімдерін айтады. Қандай тәсілмен
анықтағандары талқыланып, ақпараттармен жұмыс істеу
туралы ой бөліседі.
15 слайд
«Сұрақтар жаңбыры» Ұйымдастыру: топпен жұмыс. Мақсаты: оқушылардың сұрақ қою және сыни ойлау дағдыларын дамыту. Сипаттамасы: оқушылар топтарға өз еркімен, қалауымен бөлінеді. Әр топ параққа сұрақтар жазып, бір-біріне лақтырады. Алған сұрақтарына жауап жазып, кері лақтырады. Жауап жазылған парақты қағып алған ойыншы, сол жауаптан сұрақ тудырып, ары қарай лақтырады. Ойын осылай жалғасады. «Детектив» әдісі Ұйымдастыру: топпен жұмыс. Мақсаты: оқушылардың сыни ойлау, көшбасшылық дағдыларын дамыту. Сипаттамасы: Оқушылар екі топқа біріктіріледі. Екі топқа да шытырман оқиғалы мәтін шағын бөліктерге бөлініп, қима қағаздарға жазылып беріледі. Олар 15 минут ішінде осы мәтіндегі шытырман оқиғаның шешімін табуы тиіс. Әр топ өз шешімдерін айтады. Қандай тәсілмен анықтағандары талқыланып, ақпараттармен жұмыс істеу туралы ой бөліседі.
#16 слайд
.«Суретті әңгімеле» әдісі
Ұйымдастыру: барлық сыныппен, жұппен
жұмыс.
Мақсаты: бір бөлігі берілген сурет бойынша
әңгімелету, суреттегі оқиғаның басын және
соңын болжату арқылы тапқызу.
Қажетті материалдар: сериялы суреттер
Сипаттамасы: оқушыларға сурет көрсетіліп,
әңгімелетіледі. Қажет болған жағдайда
әңгіменің жаңа сөздерін алдын ала үйретуге
болады. Сурет әңгіменің бір бөлігі екені
ескертіледі. Оқушыларға суретте бейнеленген
сәттің алдында не болғаны және кейін не
болатыны болжатылады. Оқушылардың өз
әңгімелері тыңдалғаннан кейін әңгіменің
толық нұсқасы оқып беріледі.
Оқушылар өздері құраған әңгіме мен
әңгіменің шынайы сюжетін салыстырады.
Оқушыларға әңгімедегі негізгі ойды табу
тапсырылады.
16 слайд
.«Суретті әңгімеле» әдісі Ұйымдастыру: барлық сыныппен, жұппен жұмыс. Мақсаты: бір бөлігі берілген сурет бойынша әңгімелету, суреттегі оқиғаның басын және соңын болжату арқылы тапқызу. Қажетті материалдар: сериялы суреттер Сипаттамасы: оқушыларға сурет көрсетіліп, әңгімелетіледі. Қажет болған жағдайда әңгіменің жаңа сөздерін алдын ала үйретуге болады. Сурет әңгіменің бір бөлігі екені ескертіледі. Оқушыларға суретте бейнеленген сәттің алдында не болғаны және кейін не болатыны болжатылады. Оқушылардың өз әңгімелері тыңдалғаннан кейін әңгіменің толық нұсқасы оқып беріледі. Оқушылар өздері құраған әңгіме мен әңгіменің шынайы сюжетін салыстырады. Оқушыларға әңгімедегі негізгі ойды табу тапсырылады.
#17 слайд
«Жағымды, жағымсыз, даулы» әдісі
Ұйымдастыру: топпен жұмыс.
Мақсаты: оқушылардың сыни ойлау, талдау дағдыларын дамыту, сабаққа
қызығушылықтарын арттыру.
Сипаттамасы: оқушылар шағын топтарға біріктіріледі. Әр топ оқылған әңгімені
немесе мәтінді «жағымды, жағымсыз, даулы» мәселелерге бөліп, талқылап, өз
ойларын(идеяларын) айтады. Содан кейін әр топқа тек бір мәселені бөліп беріп,
олар үлкен топқа өз ойларын (идеяларын) ұсынады, ал басқа топтар толықтырып
немесе қарсы пікірлер айтуына болады.
«Менің сөзім» әдісі
Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс.
Мақсаты: оқушылардың сабақта алған білім, білігін бағалау.
Сипаттамасы: сыныптан бір оқушы тұрып, сабақтан бүгінгі үйренгендерін
қорытындылап айтады. Айтып болған соң, басқа бір оқушының атын атайды.
Сөзді сол оқушы жалғастырып, сабаққа рефлексия жасайды. Барлық оқушы
сабақты қорытындылауға осы ретпен қатысады.
17 слайд
«Жағымды, жағымсыз, даулы» әдісі Ұйымдастыру: топпен жұмыс. Мақсаты: оқушылардың сыни ойлау, талдау дағдыларын дамыту, сабаққа қызығушылықтарын арттыру. Сипаттамасы: оқушылар шағын топтарға біріктіріледі. Әр топ оқылған әңгімені немесе мәтінді «жағымды, жағымсыз, даулы» мәселелерге бөліп, талқылап, өз ойларын(идеяларын) айтады. Содан кейін әр топқа тек бір мәселені бөліп беріп, олар үлкен топқа өз ойларын (идеяларын) ұсынады, ал басқа топтар толықтырып немесе қарсы пікірлер айтуына болады. «Менің сөзім» әдісі Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс. Мақсаты: оқушылардың сабақта алған білім, білігін бағалау. Сипаттамасы: сыныптан бір оқушы тұрып, сабақтан бүгінгі үйренгендерін қорытындылап айтады. Айтып болған соң, басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып, сабаққа рефлексия жасайды. Барлық оқушы сабақты қорытындылауға осы ретпен қатысады.
#18 слайд
«Қол белгісі»
Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс.
Мақсаты: оқушылардың рефлексиялық қабілетін дамыту
Сипаттамасы: Мұғалім оқушылардан тақырыпты
түсінгендігін немесе түсінбегендігін қол белгілері арқылы
арқылы көрсетуді сұрайды. «Мен түсініп отырмын және
түсіндіре аламын» дегендер қолдын бас бармағын жоғары
бағыттайды. «Мен әлі түсінбей отырмын» дегендер қолдын
бас бармағын жанына қарай жантайтады. «Мен түсінгеніме
сенімді емеспін» дегендер қолды бұлғайды.
«Бағдаршам»
Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс.
Мақсаты: оқушылардың рефлексиялық қабілетін дамыту
Сипаттамасы: Әрбір оқушыға бағдаршам түстеріне сәйкес
карточкалар таратылады. Мұғалім олардан сабақты
түсінген-түсінбегеніне сәйкес карточкаларды көтеруін
сұрайды. Жасыл карточка көтерген оқушылар барлығын
түсінген боп есептеледі. «Не түсіндің?» сұрағы қосымша
қойылады. Сары және қызыл карточка көтергендерден не
түсініксіз болғаны айқындалып, тақырып төңірегінде
қосымша жұмыстар жүргізіледі.
18 слайд
«Қол белгісі» Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс. Мақсаты: оқушылардың рефлексиялық қабілетін дамыту Сипаттамасы: Мұғалім оқушылардан тақырыпты түсінгендігін немесе түсінбегендігін қол белгілері арқылы арқылы көрсетуді сұрайды. «Мен түсініп отырмын және түсіндіре аламын» дегендер қолдын бас бармағын жоғары бағыттайды. «Мен әлі түсінбей отырмын» дегендер қолдын бас бармағын жанына қарай жантайтады. «Мен түсінгеніме сенімді емеспін» дегендер қолды бұлғайды. «Бағдаршам» Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс. Мақсаты: оқушылардың рефлексиялық қабілетін дамыту Сипаттамасы: Әрбір оқушыға бағдаршам түстеріне сәйкес карточкалар таратылады. Мұғалім олардан сабақты түсінген-түсінбегеніне сәйкес карточкаларды көтеруін сұрайды. Жасыл карточка көтерген оқушылар барлығын түсінген боп есептеледі. «Не түсіндің?» сұрағы қосымша қойылады. Сары және қызыл карточка көтергендерден не түсініксіз болғаны айқындалып, тақырып төңірегінде қосымша жұмыстар жүргізіледі.
#19 слайд
Оқытудың әдістерін
пайдаланудың мұндай
артықшылығына төрт
аспектінің арасында;
біріншіден,
зияткерлік
мүмкіндіктердің өсуі
арқылы;
екіншіден, сыртқы
марапаттаудан ішкі
марапаттауға өту
арқылы;
үшіншіден, жаңалық
ашу арқылы
Төртіншіден,
жадыны дамыту
үшін осындай
оқытудың тиімділігі
арқылы қол
жеткізіледі.
19 слайд
Оқытудың әдістерін пайдаланудың мұндай артықшылығына төрт аспектінің арасында; біріншіден, зияткерлік мүмкіндіктердің өсуі арқылы; екіншіден, сыртқы марапаттаудан ішкі марапаттауға өту арқылы; үшіншіден, жаңалық ашу арқылы Төртіншіден, жадыны дамыту үшін осындай оқытудың тиімділігі арқылы қол жеткізіледі.
#20 слайд
Жалпы қорыта айтқанда, аталған бағдарламаға сәйкес алынған
тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізсеңіз, баланың танымдық
белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын
қалыптастыруға ықпал етеді, оқушылар оқудың қызықты жеңіл
өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің
тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Яғни, оқушы
өз ой-пікірін ашық еркін айтады, бір-бірін тыңдауға үйренеді сыныпта
ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады. Сондықтан басқа
пәндердің де осындай оқыту формасымен оқытылса, тиімді
болатындығын айтуға болады. Осы әдіс-тәсілдерді меңгергенде ғана
жан-жақты дамыған, болашағы айқын, бағдары анық, бәсекеге
қабілетті рухани бай тұлға қалыптастыра алатынымызға сеніміміз мол.
20 слайд
Жалпы қорыта айтқанда, аталған бағдарламаға сәйкес алынған тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізсеңіз, баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, оқушылар оқудың қызықты жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Яғни, оқушы өз ой-пікірін ашық еркін айтады, бір-бірін тыңдауға үйренеді сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады. Сондықтан басқа пәндердің де осындай оқыту формасымен оқытылса, тиімді болатындығын айтуға болады. Осы әдіс-тәсілдерді меңгергенде ғана жан-жақты дамыған, болашағы айқын, бағдары анық, бәсекеге қабілетті рухани бай тұлға қалыптастыра алатынымызға сеніміміз мол.
шағым қалдыра аласыз


