1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Баяндама. Қазақстандықтардың әл ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру

#1 слайд
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-
АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН
ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ
1 слайд
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ- АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ
#2 слайд
І. ХАЛЫҚ ТАБЫСЫНЫҢ ӨСУІ
Адам еңбекқор болып, өз кәсібін жақсы меңгергенде және лайықты жалақы
алуға немесе жеке кәсіп ашып, оны дамытуға мүмкіндік болған кезде табыс
артады.
Мемлекет пен адамдардың күш біріктіруінің арқасында ғана біз Жалпыға ортақ
еңбек қоғамын құра аламыз.
Біріншіден, Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны
1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырамын.
Бұл барлық сала бойынша түрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарда жұмыс
істейтін 1 миллион 300 мың адамның еңбекақысын тікелей қамтиды.
Бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін 275 мың қызметкердің еңбекақысы
көбейіп, орта есеппен 35 пайызға өседі.
Осы мақсаттарға 2019-2021 жылдарда республикалық бюджеттен жыл сайын 96
миллиард теңге бөлу керек.
Осыған орай, енді, ең төменгі жалақы ең төменгі күнкөріс шегіне байланысты
болмайды. Ең төменгі жалақының жаңа мөлшері бүкіл экономика ауқымындағы
еңбекақы өсімінің катализаторына айналады.
Төмен жалақы алатын қызметкерлердің еңбекақысын көтеруге қатысты бұл
бастаманы ірі компаниялар қолдайды деп сенемін.
Екіншіден, бизнесті өркендетудің тұрақты көздерін қалыптастырып, жеке
инвестицияны ынталандыру және нарық еркіндігін қолдау керек.
2 слайд
І. ХАЛЫҚ ТАБЫСЫНЫҢ ӨСУІ Адам еңбекқор болып, өз кәсібін жақсы меңгергенде және лайықты жалақы алуға немесе жеке кәсіп ашып, оны дамытуға мүмкіндік болған кезде табыс артады. Мемлекет пен адамдардың күш біріктіруінің арқасында ғана біз Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құра аламыз. Біріншіден, Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырамын. Бұл барлық сала бойынша түрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1 миллион 300 мың адамның еңбекақысын тікелей қамтиды. Бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін 275 мың қызметкердің еңбекақысы көбейіп, орта есеппен 35 пайызға өседі. Осы мақсаттарға 2019-2021 жылдарда республикалық бюджеттен жыл сайын 96 миллиард теңге бөлу керек. Осыған орай, енді, ең төменгі жалақы ең төменгі күнкөріс шегіне байланысты болмайды. Ең төменгі жалақының жаңа мөлшері бүкіл экономика ауқымындағы еңбекақы өсімінің катализаторына айналады. Төмен жалақы алатын қызметкерлердің еңбекақысын көтеруге қатысты бұл бастаманы ірі компаниялар қолдайды деп сенемін. Екіншіден, бизнесті өркендетудің тұрақты көздерін қалыптастырып, жеке инвестицияны ынталандыру және нарық еркіндігін қолдау керек.
#3 слайд
II. ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ
Әл-ауқатымыздың екінші бір сипаты – өмір
сүру деңгейінің артуы.
Білім берудің, денсаулық сақтау саласының,
тұрғын үйдің сапасы мен қолжетімділігі,
жайлы және қауіпсіз жағдайда өмір сүру
мәселелері әрбір қазақстандық отбасына
қатысты.
Осыған орай, Үкімет әлеуметтік секторға,
қауіпсіздік пен инфрақұрылымға мән бере
отырып, бюджет шығыстарының
басымдықтарын қайта қарауға тиіс.
3 слайд
II. ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ Әл-ауқатымыздың екінші бір сипаты – өмір сүру деңгейінің артуы. Білім берудің, денсаулық сақтау саласының, тұрғын үйдің сапасы мен қолжетімділігі, жайлы және қауіпсіз жағдайда өмір сүру мәселелері әрбір қазақстандық отбасына қатысты. Осыған орай, Үкімет әлеуметтік секторға, қауіпсіздік пен инфрақұрылымға мән бере отырып, бюджет шығыстарының басымдықтарын қайта қарауға тиіс.
#4 слайд
III. ӨМІР СҮРУГЕ ЖАЙЛЫ ОРТА
ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Жайлылық дегеніміз – ең алдымен, тұрғын
үйдің қолжетімділігі, ауланың әдемілігі мен
қауіпсіздігі, тіршілікке және жұмыс істеуге
қолайлы елді мекеннің және сапалы
инфрақұрылымның болуы.
4 слайд
III. ӨМІР СҮРУГЕ ЖАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУ Жайлылық дегеніміз – ең алдымен, тұрғын үйдің қолжетімділігі, ауланың әдемілігі мен қауіпсіздігі, тіршілікке және жұмыс істеуге қолайлы елді мекеннің және сапалы инфрақұрылымның болуы.
#5 слайд
IV. АЗАМАТТАР СҰРАНЫСЫНА
БЕЙІМДЕЛГЕН МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ
«Сапа» – мемлекеттік қызметші өмірінің жаңа стилі, ал өзін-өзі
жетілдіру – оның басты қағидаты болуға тиіс.
Жаңа формацияның мемлекеттік қызметшілері мемлекет пен қоғам
арасындағы алшақтықты қысқартуға тиіс.
Бұл арқылы тұрақты кері байланыс орнығып, мемлекеттік саясаттың
нақты шаралары мен нәтижелері қызу талқыланып, жұртшылыққа
түсіндіріледі.
Мемлекеттік басқару академиясы Назарбаев Университетімен
бірлесіп, «Жаңа формацияның басшысы» бағдарламасын және
басшылық қызметтерге тағайындау кезінде арнайы қайта даярлаудан
өткізетін курстар әзірлеу қажет.
Үздік шетелдік компанияларда жұмыс тәжірибесі бар немесе әлемнің
жетекші университеттерінде білім алған жеке сектордағы кәсіби
мамандарды тарту маңызды.
Биыл біз 4 мемлекеттік органға жалақы төлеудің жаңа моделін
енгіздік.
Барлық пилоттық жобалар жақсы нәтижелер көрсетіп отыр.
Мемлекеттік қызметке қызығушылық артты, әсіресе өңірлік деңгейде
оның өзектілігі жоғары.
5 слайд
IV. АЗАМАТТАР СҰРАНЫСЫНА БЕЙІМДЕЛГЕН МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ «Сапа» – мемлекеттік қызметші өмірінің жаңа стилі, ал өзін-өзі жетілдіру – оның басты қағидаты болуға тиіс. Жаңа формацияның мемлекеттік қызметшілері мемлекет пен қоғам арасындағы алшақтықты қысқартуға тиіс. Бұл арқылы тұрақты кері байланыс орнығып, мемлекеттік саясаттың нақты шаралары мен нәтижелері қызу талқыланып, жұртшылыққа түсіндіріледі. Мемлекеттік басқару академиясы Назарбаев Университетімен бірлесіп, «Жаңа формацияның басшысы» бағдарламасын және басшылық қызметтерге тағайындау кезінде арнайы қайта даярлаудан өткізетін курстар әзірлеу қажет. Үздік шетелдік компанияларда жұмыс тәжірибесі бар немесе әлемнің жетекші университеттерінде білім алған жеке сектордағы кәсіби мамандарды тарту маңызды. Биыл біз 4 мемлекеттік органға жалақы төлеудің жаңа моделін енгіздік. Барлық пилоттық жобалар жақсы нәтижелер көрсетіп отыр. Мемлекеттік қызметке қызығушылық артты, әсіресе өңірлік деңгейде оның өзектілігі жоғары.
#6 слайд
V. ТИІМДІ СЫРТҚЫ САЯСАТ
Қазақстанның табысты жаңғыруын қамтамасыз ету үшін бастамашыл белсенді сыртқы
саясатты одан әрі жүзеге асыру қажет.
Біздің бейбітсүйгіш бағытымыз бен осы саладағы нақты айқындалған қағидаттарымыз
өзін-өзі толық ақтап отыр.
Қазақстанның Ресей Федерациясымен қарым-қатынасы мемлекетаралық
байланыстардың эталоны болып саналады.
Толыққанды интеграциялық бірлестік әрі әлемдік экономикалық қатынастардың
белсенді мүшесі ретінде қалыптасқан Еуразиялық экономикалық одақ табысты жұмыс
істеуде.
Орталық Азия өңірінде өзара ықпалдастықтың жаңа парағы ашылды.
Қытай Халық Республикасымен жан-жақты стратегиялық серіктестігіміз дәйекті түрде
дамып келеді.
«Бір белдеу – бір жол» бағдарламасы Қытаймен қарым-қатынасымызға тың серпін
берді.
Менің қаңтар айындағы Вашингтонға ресми сапарым және Президент Дональд
Трамппен жүргізген келіссөздерім барысында Қазақстан мен АҚШ-тың XXI ғасырдағы
кеңейтілген стратегиялық серіктестігі жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді.
Біз сауда және инвестиция саласындағы ірі серіктесіміз – Еуропа Одағымен қарқынды
ынтымақтастығымызды жалғастыра береміз.
ТМД елдерімен, Түркиямен, Иранмен, Араб Шығысы және Азия елдерімен өзара тиімді
екі жақты қатынастар дамып келеді.
6 слайд
V. ТИІМДІ СЫРТҚЫ САЯСАТ Қазақстанның табысты жаңғыруын қамтамасыз ету үшін бастамашыл белсенді сыртқы саясатты одан әрі жүзеге асыру қажет. Біздің бейбітсүйгіш бағытымыз бен осы саладағы нақты айқындалған қағидаттарымыз өзін-өзі толық ақтап отыр. Қазақстанның Ресей Федерациясымен қарым-қатынасы мемлекетаралық байланыстардың эталоны болып саналады. Толыққанды интеграциялық бірлестік әрі әлемдік экономикалық қатынастардың белсенді мүшесі ретінде қалыптасқан Еуразиялық экономикалық одақ табысты жұмыс істеуде. Орталық Азия өңірінде өзара ықпалдастықтың жаңа парағы ашылды. Қытай Халық Республикасымен жан-жақты стратегиялық серіктестігіміз дәйекті түрде дамып келеді. «Бір белдеу – бір жол» бағдарламасы Қытаймен қарым-қатынасымызға тың серпін берді. Менің қаңтар айындағы Вашингтонға ресми сапарым және Президент Дональд Трамппен жүргізген келіссөздерім барысында Қазақстан мен АҚШ-тың XXI ғасырдағы кеңейтілген стратегиялық серіктестігі жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді. Біз сауда және инвестиция саласындағы ірі серіктесіміз – Еуропа Одағымен қарқынды ынтымақтастығымызды жалғастыра береміз. ТМД елдерімен, Түркиямен, Иранмен, Араб Шығысы және Азия елдерімен өзара тиімді екі жақты қатынастар дамып келеді.
#7 слайд
VІ. ӘРБІР ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ ЕЛІМІЗДЕГІ
ӨЗГЕРІСТЕР ҮДЕРІСТЕРІНЕ АТСАЛЫСУЫ
Әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін және олардың Отанымызды
өркендету жолындағы маңызын жете түсінуге тиіс.
Реформаларды табысты жүзеге асыру үшін қоғамымыздың ортақ мақсатқа жұмылуы аса
маңызды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы жаппай қолдауға ие болып, қоғамдағы жаңғыру үдерістеріне
зор серпін берді.
Бұл бастаманы әрі қарай жалғастырып қана қоймай, оның аясын жаңа мазмұнмен және
бағыттармен толықтыру қажет.
Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына
айналуға тиіс.
Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік
сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек.
Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынамын.
Біз ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғыртуға кірісуіміз қажет.
Бұған арнайы «Ауыл – Ел бесігі» жобасының іске қосылуы септігін тигізеді.
Бұл жоба арқылы өңірлердегі еңбекке қатысты идеологияны ілгерілетуді қолға алу керек.
Бойскаут қозғалысы сияқты «Сарбаз» балалар-жасөспірімдер бірлестігін құрып, мектептерде
әскери-патриоттық тәрбиенің рөлін күшейткен жөн.
«Өз жеріңді танып біл» жаңа бастамасы аясында еліміздің өңірлері бойынша жаппай мектеп
туризмін қайта жаңғырту керек.
7 слайд
VІ. ӘРБІР ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ ЕЛІМІЗДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР ҮДЕРІСТЕРІНЕ АТСАЛЫСУЫ Әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін және олардың Отанымызды өркендету жолындағы маңызын жете түсінуге тиіс. Реформаларды табысты жүзеге асыру үшін қоғамымыздың ортақ мақсатқа жұмылуы аса маңызды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жаппай қолдауға ие болып, қоғамдағы жаңғыру үдерістеріне зор серпін берді. Бұл бастаманы әрі қарай жалғастырып қана қоймай, оның аясын жаңа мазмұнмен және бағыттармен толықтыру қажет. Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуға тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынамын. Біз ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғыртуға кірісуіміз қажет. Бұған арнайы «Ауыл – Ел бесігі» жобасының іске қосылуы септігін тигізеді. Бұл жоба арқылы өңірлердегі еңбекке қатысты идеологияны ілгерілетуді қолға алу керек. Бойскаут қозғалысы сияқты «Сарбаз» балалар-жасөспірімдер бірлестігін құрып, мектептерде әскери-патриоттық тәрбиенің рөлін күшейткен жөн. «Өз жеріңді танып біл» жаңа бастамасы аясында еліміздің өңірлері бойынша жаппай мектеп туризмін қайта жаңғырту керек.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген