400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Биология сабақтарында зертханалық жұмысты тиімді ұйымдастыру жолдары»

Материал туралы қысқаша түсінік
Биология сабағын зертханалық жұмыс арқылы оқушы жақсы меңгереді, түсінеді
Материалдың қысқаша нұсқасы
img_page_1
Слайдтың жеке беттері
БАЯНДАМА «Биология сабақтарында зертханалық жұмысты тиімді ұйымдастыру жолдары» Шымкент қаласы №68 жалпы орта білім беретін

#1 слайд
БАЯНДАМА «Биология сабақтарында зертханалық жұмысты тиімді ұйымдастыру жолдары» Шымкент қаласы №68 жалпы орта білім беретін мектебінің биология пәні мұғалімі- Каратаева Динара Бекболатовна

1 слайд

Мақсат: - Оқушылардың биологиялық білімін тереңдету және тәжірибелік дағдыларын дамыту мақсатында зертханалық жұмыстарды тиім

#2 слайд
Мақсат: - Оқушылардың биологиялық білімін тереңдету және тәжірибелік дағдыларын дамыту мақсатында зертханалық жұмыстарды тиімді ұйымдастыру жолдарын анықтау, сондай-ақ, зертханалық сабақтардың оқу үдерісіндегі рөлін айқындау. Міндеттер: - Биология сабағында зертханалық жұмыстардың маңызын теориялық тұрғыдан талдау. - Зертханалық жұмыстарды тиімді ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін зерттеу. - Тиімді ұйымдастырылған зертханалық сабақтардың оқушылардың білім сапасына әсерін анықтау. - Мұғалімдер мен оқушыларға арналған ұсыныстар әзірлеу арқылы зертханалық жұмыстардың тиімділігін арттыру жолдарын ұсыну.

2 слайд

Кіріспе: Қазіргі білім беру жүйесінің басты мақсаты – оқушыны жан- жақты дамыған, өз бетімен ойлай алатын, ғылыми көзқарасы

#3 слайд
Кіріспе: Қазіргі білім беру жүйесінің басты мақсаты – оқушыны жан- жақты дамыған, өз бетімен ойлай алатын, ғылыми көзқарасы қалыптасқан тұлға ретінде тәрбиелеу. Осы мақсатқа жетуде биология пәнінің алатын орны ерекше. Себебі биология – өмірмен тығыз байланысты, табиғат заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Білім беру жүйесі оқушылардың белсенділігін, ізденгіштік қабілетін және шығармашылық ойлауын дамытуға бағытталған. Осы тұрғыда биология пәнін оқытуда зертханалық жұмыстың алатын орны ерекше. Себебі биология – тек теорияға ғана емес, тәжірибеге негізделген ғылым. Сондықтан зертханалық жұмыстар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, алған білімдерін нақты әрекет арқылы бекітуге мүмкіндік береді. Бұл баяндаманың мақсаты – зертханалық жұмысты тиімді ұйымдастыру жолдарын қарастырып, оны оқыту процесіне тиімді енгізудің жолдарын ұсыну, оқушылардың теориялық білімін нақты тәжірибемен ұштастыру, биологиялық құбылыстарды өз көзімен бақылап, талдау жасауға мүмкіндік беретін оқытудың белсенді түрі.

3 слайд

Зертханалық жұмыстың тиімділігі 1.Білімді нақтылау және тереңдету 2. Тәжірибелік дағдыларды дамыту 3. Ойлау және зерттеу қа

#4 слайд
Зертханалық жұмыстың тиімділігі 1.Білімді нақтылау және тереңдету 2. Тәжірибелік дағдыларды дамыту 3. Ойлау және зерттеу қабілетін жетілдіру 4.Топпен жұмыс істеуге баулиды 5.Пәнге деген қызығушылықты арттырады 6.Өзіндік жұмыс пен жауапкершілікке үйретеді

4 слайд

Зертханалық жұмыстың оқушылар үшін маңызы Оқушылар үшін зертханалық жұмыс – ғылыми білімді тәжірибе арқылы бекітудің,

#5 слайд
Зертханалық жұмыстың оқушылар үшін маңызы Оқушылар үшін зертханалық жұмыс – ғылыми білімді тәжірибе арқылы бекітудің, жаңа дағдыларды меңгерудің тиімді жолы. Зертханалық жұмыстар барысында оқушылар өз қолдарымен түрлі тәжірибелер жүргізіп, микроскоппен жұмыс істеп, өсімдік немесе жануар жасушаларын бақылайды. Мұндай тәжірибе оқушыларға теорияны нақты мысалмен ұғынуға көмектеседі. Мысалы, фотосинтез немесе тыныс алу секілді күрделі процестер зертханалық жолмен зерттелгенде, олардың мәні әлдеқайда түсінікті болады.

5 слайд

Зертханалық жұмысты тиімді өткізу үшін келесі талаптарды ескеру қажет: Нақты мақсат қою: әр жұмыс белгілі бір білім мен білікт

#6 слайд
Зертханалық жұмысты тиімді өткізу үшін келесі талаптарды ескеру қажет: Нақты мақсат қою: әр жұмыс белгілі бір білім мен біліктілікті қалыптастыруға бағытталуы тиіс; Материалдық база: қажетті құрал-жабдықтар жеткілікті болуы керек; Топтық және жеке жұмыс түрлері: оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастыру; Уақытты тиімді бөлу: әр кезеңге жеткілікті уақыт беру; Қауіпсіздік шаралары: оқушыларға қауіпсіздік ережелерін еске салып, бақылау жүргізу;

6 слайд

Ззертханалық жұмыс барысы

#7 слайд
Ззертханалық жұмыс барысы

7 слайд

Ззертханалық жұмыс барысы

Қорытынды Қорытындылай келе, зертханалық жұмыс – биология сабағының маңызды бөлігі. Ол оқушыларды сабаққа белсенді қатысу

#8 слайд
Қорытынды Қорытындылай келе, зертханалық жұмыс – биология сабағының маңызды бөлігі. Ол оқушыларды сабаққа белсенді қатысуға, зерттеуге, әрі ғылымға деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға, оқушылардың білімін тереңдетуге, қызығушылығын арттыруға, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Мұғалім әрбір зертханалық жұмысты нақты жоспарлап, тиімді әдіс-тәсілдер арқылы өткізе білсе, оқушылар биологияны тек пән ретінде емес, өмірмен байланысты ғылым ретінде қабылдайды. Бұл – сапалы білім берудің басты көрсеткіші.

8 слайд

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

#9 слайд
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

9 слайд

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Материалды PowerPoint форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
14.05.2026
36
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі