1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Біріккен сөздердің емлесі"

#1 слайд
Біріккен сөздердің емлесі
1 слайд
Біріккен сөздердің емлесі
#2 слайд
«Бумба - юмба» әдісі:
оқушылар шеңбер болып тұрып,
қол беру, иық пен иықты түйістіру,
аяқ пен аяқты тигізу,
арқа қағу арқылы амандасады.
2 слайд
«Бумба - юмба» әдісі: оқушылар шеңбер болып тұрып, қол беру, иық пен иықты түйістіру, аяқ пен аяқты тигізу, арқа қағу арқылы амандасады.
#3 слайд
Біріккен сөздердің емлесі:
1.Түбір тұлғалары
сақталып, бірге
жазылады.
Мысалы:
Талдықорған,
Ақтау, шекара,
көкқұтан,
бірқыдыру, т.б.
2. Әрбір тұлғасы
дыбыстық
өзгеріске түскен
қалыпта
жазылады.
Мысалы:
Қарагөз
(Қаракөз емес),
сөйткендіктен
(солай
еткендіктен
емес),
жаздыгүні
(жаздың күні
емес), т.б.
3. Еш, бір, әр, кей, әлде
деген сөздер
есімдіктермен бірігіп
жазылады. Мысалы:
ешкім, бірталай,
әрқашан, әлдекім,
кейбіреу, т.б.
• Ал жеке тұрып, зат
есімдердің анықтауышы
ретінде жұмсалғанда, бұл
сөздер олардан бөлек
жазылады. Мысалы: еш
адам, кей жерде, бір
мектепте, әр оқушы, кей
кезде, т.б.
3 слайд
Біріккен сөздердің емлесі: 1.Түбір тұлғалары сақталып, бірге жазылады. Мысалы: Талдықорған, Ақтау, шекара, көкқұтан, бірқыдыру, т.б. 2. Әрбір тұлғасы дыбыстық өзгеріске түскен қалыпта жазылады. Мысалы: Қарагөз (Қаракөз емес), сөйткендіктен (солай еткендіктен емес), жаздыгүні (жаздың күні емес), т.б. 3. Еш, бір, әр, кей, әлде деген сөздер есімдіктермен бірігіп жазылады. Мысалы: ешкім, бірталай, әрқашан, әлдекім, кейбіреу, т.б. • Ал жеке тұрып, зат есімдердің анықтауышы ретінде жұмсалғанда, бұл сөздер олардан бөлек жазылады. Мысалы: еш адам, кей жерде, бір мектепте, әр оқушы, кей кезде, т.б.
#4 слайд
«Ақиқат па, жалған ба?» әдісі.
•1. Екі я одан да көп түбірлер бірігіп, тұтас бір
ұғымды білдіретін сөздер біріккен сөздер деп
аталады.
• 2. Бір ғана түбір сөзден тұратын сөздерді
біріккен сөздер деп атаймыз.
•3. Мүйізтұмсық, айгөлек, бесқақпай деген
сөздер біріккен сөздерге жатады.
•4. Алты, жаздың, басы деген сөздер біріккен
сөздер қатарына кіреді.
•5. Біріккен сөздер әр түрлі сөз таптарынан
жасала береді.
•6. Біріккен сөздер тек зат есімнен ғана
жасалады.
4 слайд
«Ақиқат па, жалған ба?» әдісі. •1. Екі я одан да көп түбірлер бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіретін сөздер біріккен сөздер деп аталады. • 2. Бір ғана түбір сөзден тұратын сөздерді біріккен сөздер деп атаймыз. •3. Мүйізтұмсық, айгөлек, бесқақпай деген сөздер біріккен сөздерге жатады. •4. Алты, жаздың, басы деген сөздер біріккен сөздер қатарына кіреді. •5. Біріккен сөздер әр түрлі сөз таптарынан жасала береді. •6. Біріккен сөздер тек зат есімнен ғана жасалады.
#5 слайд
1-тапсырма.
62 – жаттығу. Берілген мәтіннен біріккен сөздерді теріп жазыңдар.
1-топқа:
... Аласа таулар Сарыарқаның әр жерінде шашырап жатыр.
Солтүстік – батысында Көкшетау (947 м), батысында Ұлытау
(1134 м), орта тұсында Қызыларай (Ақсорақ 1565 м), Қарқаралы
(1377 м), қиыр шығысында Шыңғыстау (Қособа 1305 м) оқшау
көтеріліп тұр.
2-топқа:
Сарыарқаны айдын шалқар көлдер көріктендіре түседі. Бурабай,
Шортанды, Үлкен Шабақты, Кіші Шабақты, Зеренді, Торайғыр,
Жасыбай, т.б. көлдер Қазақстанның аса маңызды демалыс және
тарихи аймағы болып табылады.
5 слайд
1-тапсырма. 62 – жаттығу. Берілген мәтіннен біріккен сөздерді теріп жазыңдар. 1-топқа: ... Аласа таулар Сарыарқаның әр жерінде шашырап жатыр. Солтүстік – батысында Көкшетау (947 м), батысында Ұлытау (1134 м), орта тұсында Қызыларай (Ақсорақ 1565 м), Қарқаралы (1377 м), қиыр шығысында Шыңғыстау (Қособа 1305 м) оқшау көтеріліп тұр. 2-топқа: Сарыарқаны айдын шалқар көлдер көріктендіре түседі. Бурабай, Шортанды, Үлкен Шабақты, Кіші Шабақты, Зеренді, Торайғыр, Жасыбай, т.б. көлдер Қазақстанның аса маңызды демалыс және тарихи аймағы болып табылады.
#6 слайд
«Алаңқай» әдісі.
• Еш, кей, бір, әлде деген сөздерді
есімдіктермен біріктіріп біріккен
сөздер жасау.
• «Біріккен сөздер» алаңқайына
жабыстырып шығу.
6 слайд
«Алаңқай» әдісі. • Еш, кей, бір, әлде деген сөздерді есімдіктермен біріктіріп біріккен сөздер жасау. • «Біріккен сөздер» алаңқайына жабыстырып шығу.
#7 слайд
Сергіту сәті:
«Көз, мұрын,
құлақ, бас, шаш,
қол». Айтылған
мүшелер кезек-
кезек, тез – тез
айтылады,
оқушылар соны
қолмен көрсетеді.
7 слайд
Сергіту сәті: «Көз, мұрын, құлақ, бас, шаш, қол». Айтылған мүшелер кезек- кезек, тез – тез айтылады, оқушылар соны қолмен көрсетеді.
#8 слайд
Кері байланыс:
«Менің жұлдызым» әдісі.
Өздеріне ұнаған бір – бір оқушыға
тарқатылған стикерлерге мақтау
сөз жазады. Жазған оқушылардың
артына апарып жабыстырады.
8 слайд
Кері байланыс: «Менің жұлдызым» әдісі. Өздеріне ұнаған бір – бір оқушыға тарқатылған стикерлерге мақтау сөз жазады. Жазған оқушылардың артына апарып жабыстырады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген