Материалдар / Бірлескен топтық жұмысты ұйымдастыру əдісін сабақта тиімді пайдалану жолдары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Бірлескен топтық жұмысты ұйымдастыру əдісін сабақта тиімді пайдалану жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Тек əрекеттесу арқылы үйренуге,үйретуге болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
314
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Оңтүстүк Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Дербісек ауылы № 142 жалпы орта мектебі Баяндама Тақырыбы: Бірле

1 слайд
Оңтүстүк Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Дербісек ауылы № 142 жалпы орта мектебі Баяндама Тақырыбы: Бірлескен топтық жұмысты ұйымдастыру әдісін сабақта тиімді пайдалану жолдары . Орындаған : Абуова Роза Сартайқызы.

Жоспары • Кіріспе 1. Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы оқушылардың қызығушылығын дамыту • Негізгі бөлім 1.Үйрену мен үйрету тек

2 слайд
Жоспары • Кіріспе 1. Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы оқушылардың қызығушылығын дамыту • Негізгі бөлім 1.Үйрену мен үйрету тек өзара белсенді әрекеттерге негізделген қарым қатынас арқылы жүзеге асырылады. 2.Тек ә рекеттесу арқылы ғана үйренуге,үйретуге болады. . Қорытынды 1. Өздігімен құрастырылған білім есте ұзақ мерзімде сақталады.

«Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есімде сақтаймын, өзіме жасатсаң – үйренемін!»

3 слайд
«Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есімде сақтаймын, өзіме жасатсаң – үйренемін!» Қытай ғұламасы Конфуций Адамзат баласы үшін ұрпағын білімді, саналы етіп тәрбиелеудің маңызы күн тәртібінен түскен емес. Осы мақсатта әлемде жыл сайын білім беру мәселесіне байланысты жұмыстар дәйекті жүргізіліп, оны жетілдіру де басты назарға ұсталған. Инновациялық білім беруде жаңа технологияның атқаратын ролі орасан зор. Педагогикалық ізденістер мен оқыту талаптары оқытушыларға нәтижелі қолдау, ізгілікті қортындылар береді. Көрнекті психолог Л.С.Выготский «Шығармашылық» деп жаңалық ашатын әрекетті атаған. Шығармашылықты дамыту арқылы жаңа идеяларға қол жеткізуге болатынын айтқан. Ғылыми, зерттеу нәтижелері сабақта диалогтың маңызды рол атқаратынын көрсеткен. Мерсер мен Литлон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсетті.

Сонымен қатар бұл әдістің мен үшін және сыныбым үшін тиімді жақтары көп екені

4 слайд
Сонымен қатар бұл әдістің мен үшін және сыныбым үшін тиімді жақтары көп екенін ұқтым. Өйткені менің сыныбымда тұйық, өз ойын еркін жеткізе алмайтын, көпшіліктің алдында ынжық болып көрінетін оқушылар басымырақ. Выготский когнитивті дамудың, оқушылар өздерінің «Жақын арадағы даму аймағында» (ЖАДА) жұмыс істесе жақсаратынын атап көрсетті. ЖАДА аясында қарастырғандықтан, білім табысты болмақ. Диалогтық оқыту бұл шағын топтарда жұмыс істеу, оқушы мен оқушы және оқушы мен мұғалім арасындағы қарым қатынасты дамыту. Барнс ( 1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады. Барнс оқытудың мұғалімді селқос тыңдағанда ғана емес, вербалды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау, дәлелдеу барысында жүзеге асатынын көрсетті.

5 слайд

Бұл тақырыпты таңдауыма мектеп оқушыларының өзіне сенімсіздігі және өз бетінше іздену деңгейінің төмендігі, соның нәт

6 слайд
Бұл тақырыпты таңдауыма мектеп оқушыларының өзіне сенімсіздігі және өз бетінше іздену деңгейінің төмендігі, соның нәтижесінде шығармашылық қабілеттерінің нашарлауы,сөйлеу мәдениетінің төмендігі өз ойларын толық жеткізе алмауы себеп болды.Мектеп базасындағы жүзеге асырылатын іс әрекеттерді зерттеу үдерісі арқылы практик мамандар мектеп проблемаларын қарастырып,оларға жан жақты жауап беру мүмкіндігіне ие болады.Бұл мектептегі шара немесе мектеп туралы ақпарат қана емес,мектеп үшін жүргізілетін зерттеу нысаны.(МАН) Оқытудағы басты мақсат – қарқынды даму кезеңіндегі ортада өмір сүруге қабілетті, сонымен қатар оны жақсартуға өз ықпалын тигізетін, өзін-өзі дамытуға, өз ойын еркін айта білуге бейім, өзін-өзі басқара алатын, белсенді, терең білімді, жоғары қабілетті, шығармашыл дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.

Бүгінгі күні білімді дайын қалпында қабылдамай, здігімен құрастырылған білімнің есте ұзақ мерзімде оны өздігімен

7 слайд
Бүгінгі күні білімді дайын қалпында қабылдамай, здігімен құрастырылған білімнің есте ұзақ мерзімде оны өздігімен құрастырудың тұлғаны дамытатындығы, сақталатындығы дәлелденіп отыр. Қайталау мен жаттауға өнегізделген білім тек есте сақтау дәрежесінде болса, құрастырылған білім үйренушіден түсіну, қолдану, талдау, ақпарат негізінде жаңа мазмұн құрастыру және бағалау секілді белсенді әрекеттерді талап етеді. Қайталау емес, өздігімен білім құрастыру қажет бұл күнде. Ал бұл мақсатқа әр сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы ғана жетуге болады. Зерттеу жұмысымның тақырыбы: сыныбындағы қазақ тілі сабағында бірлескен топтық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. Мақсаты: топтық жұмысты тиімді ұйымдастыру арқылы сыныпта ынтымақтастық ахуалды қалыптастыру және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

• Александер (2008) диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме к

8 слайд
• Александер (2008) диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп санайды. Александердің пайымдауынша, диалог арқылы мұғалімдер күнделікті ой талқыларда "саламатты" келешек мүмкіндіктерін анықтап, оқушылардың дамып келе жатқан идеяларымен жұмыс жасауларына және түсінбеушілікті жеңе білулеріне көмектесе алады. Оқушыларға сыныпта әртүрлі тәсілдер арқылы жүргізілген және кеңейтілген диалогтарға қатысуға мүмкіндік берілгенде, олар өзіндік жеке түсініктерінің өрісін зерттей алады. Бұл мүмкіндіктер олардың тілді білімді құру құралы ретінде қолданудың жаңа тәсілдерін тәжірибесінен өткізуіне жол ашады. Диалог арқылы оқушыларың тіл байлығы дамиды.Диалогтік оқыту оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынастарында үлкен әсер етіп,танымдық дамуына, сонымен қатар балалардың жақсы ойлауына, оқуына әсер етеді. Выготский оқыту моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. Сондықтан, оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің рөлі ерекше. Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен, әрине, бұл рөлдерде сыныптастары мен мұғалімдер болуы мүмкін, диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, оқыту жеңіл болмақ.

Менің сыныбымда барлығы 21 оқушы бар. Олардың 11-і ұл бала,10-ы қыз бала.Оқушыларымның сабаққа ынталары жоғары мектепішілі

9 слайд
Менің сыныбымда барлығы 21 оқушы бар. Олардың 11-і ұл бала,10-ы қыз бала.Оқушыларымның сабаққа ынталары жоғары мектепішілік іс шараларға белсене қатысады.Жылдық үлгерім көрсеткіші бойынша оқу жылын 8 оқушы «үздік», 8 оқушы «жақсы», 5 оқушы «үлгерімі төмен» деңгейде аяқтады. Оқушылардың бір- бірімен қарым қатынасын білу және білімдері қай деңгейде екендігін анықтау мақсатында Малс сауалнамасы алынды. • •Сұрақтар Әрқашан Жиі Кейде Осы сыныбың саған ұнай ма ? 21 Сыныптастарынмен араласқың келе ме? 20 1 Саған сыныпқа келу қызықты ма ? 21 Сен мұғалімге сенесің бе ? 21 Сен басқа оқушыларға қажет болған кезде 17 3 1 көмектесесің бе? Оқушылар тарапынан қолдауды сезінесің бе ? 15 5 1

Сауалнама қорытындысынан сынып мәдениетінің жақсы деңгейде екендігі, сыныптың ұйымшылдығы да байқалды. Оқушылардың сынып

10 слайд
Сауалнама қорытындысынан сынып мәдениетінің жақсы деңгейде екендігі, сыныптың ұйымшылдығы да байқалды. Оқушылардың сыныпта бір-біріне көмектесуі, бір-бірімен қарым қатынасы орташа дәрежеде. Сауалнамаға қатысқан оқушылардың барлығы осы сыныпта оқыған қызықты, әрі бір-бірімен достық қарым-қатынаста екендерін де жасырмады. Малс сауалнамасы бойынша оқушыларымның көрсеткіштері мынадай:Бірлесе жұмыс жасауы Қасындағы досына сенімділігі Тапсырмадан қашықтауы Қалыс қалуы 0 10 20 30 Сауалнама қорытындысы А деңгейлі оқушы В деңгейлі оқушы С деңгейлі оқушы

Сауалнама қорытындысынан сынып мәдениетінің жақсы деңгейде екендігі, сыныптың ұйымшылдығы да байқалды. Оқушылардың

11 слайд
Сауалнама қорытындысынан сынып мәдениетінің жақсы деңгейде екендігі, сыныптың ұйымшылдығы да байқалды. Оқушылардың сыныпта бір-біріне көмектесуі, бір-бірімен қарым қатынасы орташа дәрежеде. Сауалнамаға қатысқан оқушылардың барлығы осы сыныпта оқыған қызықты, әрі бір-бірімен достық қарым-қатынаста екендерін де жасырмады. 1. Бұл менің ең жақын үш досым 2.Мына адамдармен дос болғым келеді 3.Бұл адамдармен үзіліс кезінде ойнаймын 4.Бұл біздің танымал оқушылары 5.Бұл біздің сыныптың ең ақылды оқушылары

Бұл социограммада зерттеген А,В,С деңгейлі оқушыларымның қорытындысы болды. Оқушыларыммен қазақ тілінен төмен

12 слайд
Бұл социограммада зерттеген А,В,С деңгейлі оқушыларымның қорытындысы болды. Оқушыларыммен қазақ тілінен төмендегі тақырып бойынша тізбектелген төрт са сабақ өткіздім. 1 – сабағым: Сөз таптары 2 - сабағым: Зат есім 3 – сабағым: Етістік 4 – сабағым: Сын есім. Сабақтарды топтарда жұмыс істеуге негіздеп жоспарладым.Оқушыларға оқу үдерісінде белсенді қатысқанда ғана тиімділікпен оқитынын түсіндірдім. Ол үшін топ ережесін қабылдауды ұсындым. Орта мерзімді жоспарлауды 3- сыныптың қазақ тілі пәніне жеті модульді ықпалдастыра отырып, тізбектелген төрт сабағыма құрдым. Орта мерзімді жоспарлаудағы Жалпы мақсатым: тақырыптың негізгі мазмұны туралы білім қалыптастырып, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Бұл сабақтарымның тақырыптары: «Сөз таптары», «Зат есім», «Етістік», «Сын есім».Тізбектелген төрт сабағымның негізгі мақсаты- оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін қайталау және бекіту. Бұл сабақтарымнан оқушылар өткен тақырыптарды қайталайды, талдайды, саралайды, тұжырым жасайды деген нәтижелер күттім. Осы мақсаттарға жету үшін жеке, жұптық, топтық жұмыстар, сұрақ-жауап, «топтастыру» стратегиясы, «ой қозғау», «ой толғау», «фишбоун», Венн диаграммасы сынды әдіс-тәсілдерді қолдандым. Жалпы 4 сабағымда да Бағдарламаның 7 модулін ықпалдастыра алдым деп ойлаймын.

«Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жұмыстары» бағдарламасы «Мұғалім – дамыту жұмысының көшбасшысы» теориясына не

13 слайд
«Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жұмыстары» бағдарламасы «Мұғалім – дамыту жұмысының көшбасшысы» теориясына негізделген. Осы теорияны негізге ала отырып, сыныпта көшбасшы өзім және топтарда оқушылар көшбасшы бола білді. Бірінші сабақтың тақырыбы: Сөз таптары Сабақтың мақсаты:Сөз таптары туралы білімдерін қалыптастырады, өз ойларын еркін жеткізуге дағдыланады.Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында « Қызыл өрік» биін биледік, түрлі түсті стикер қағаздар арқылы төрт топқа бөлінді,бір біріне ыстық лебіздерін айтып орындарына жайғасты.Әр топ өз топ басшыларын сайлап алды.Өздеріне топ ережесін құруды тапсырдым.Олар таласа кұра бастады,топ ережесін құрып болған соң , оны оқыттым.Топ ережесін сақтамаса сабақтың нәтижесіз болатынын түсіндірдім. Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында «Фишбоун» әдісін пайдаландым.

Оқушылар топпен бірге ойлласа отырып, сұраққа жауап жазды.Оқушылар қызу талқылауға кірісті.Сөз таптарыдегеніміз не?-деген сұ

14 слайд
Оқушылар топпен бірге ойлласа отырып, сұраққа жауап жазды.Оқушылар қызу талқылауға кірісті.Сөз таптарыдегеніміз не?-деген сұраққа сөз таптарына етістік ,зат есім,сын есім, сан есім жатады деп жауап берді.Оқушылар сөз таптарына жеке –жеке тоқталып өтті.Сабақ кезінде « Диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру дамыту үшін әңгіме күшін пайдалануға көмек береді» деген Александрдің тұжырымдамасы дұрыс екендігіне көзім жетті. Ынтымақтастық оқу - бұл оқыту оқу тәсілі аталған тәсіл проблемаларды шешу,тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуін білдіреді.(МАН). Оқушылардың сыни ойлау кабілетін дамыту мақсатында 4 топқа жаттығулар бердім.Әр топ берілген жаттығуды орындау барысында топпен бірлесе жұмыс жасады. Топта жұмыс істеу кезінде В деңгейлі оқушы жұмыс барысына араласып өз ойын айтып жатты.Дәстүрлі сабақтарда сабаққа қатыспай отыратын С деңгейдегі оқушының да білімге деген қызығушылығының пайда болғаны мені қуантты.Олар сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып ілді.Кері байланыс парақтарында оқушылар сергіту сәті мен топқа бөліну,постер қорғау,мадақтау сөздері сияқты іс әрекеттердің ұнағаны туралы пікірлерін білдіріпті.Сабақтан соң өткен сабағыма баға бердім және кеткен кемшіліктерімді сараладым.Бірінші сабақта С деңгейлі оқушының өз ойын айтуға қысылатыны,көбіне басқа оқушылардан көмек күтетіні,өз бетінше жұмыс жасай қоймайтынын байқадым.

Екінші сабақтың тақырыбы-Зат есім Электронды оқулық пайдалану.Венн диаграммасы. Уақытты үнемдеу мақсатында АКТ- ны ти

15 слайд
Екінші сабақтың тақырыбы-Зат есім Электронды оқулық пайдалану.Венн диаграммасы. Уақытты үнемдеу мақсатында АКТ- ны тиімді пайдалану.Ашық және жабық сұрақтар қою арқылы сыни ойлауға дағдыландыру.Сыныпта жағымды ахуал тудыру мақсатында хормен еңбек туралы өлеңді оқыттым.Шеңбер құрып қол ұстасып бір-бірі не ыстық тілектерін айтты. Әртүрлі жеміс суреттері арқылы (алма ,алмұрт ,шабдалы,өрік) топқа бөлінді. Сабағымыз нәтижелі болсын деген мақсатпен топ ережесін қайталап еске түсірдік. Өткен тақырып бойынша шеңбер құрып «Доп лақтыру» ойыны арқылы бір- біріне ашық және жабық сұрақтар қойды: Сөз таптары дегеніміз не? Сөз таптарына нелер жатады? Оларды не арқылы анықтаймыз? деген сұрақтарды қою арқылы өткенді пысықтады. Электронды оқулық арқылы жаңа сабақ түсіндірілді. Осы жерде мұғалімнің түсіндіргенінен көрі АКТ-ы арқылы түсіндірген әлде қайда артық па деп ойладым.Өйткені оқушылар бар ынтасын сонда аударып ықыласпен тыңдады. Нәтижесінде оқулықпен жұмыс кезінде берілген жаттығуларды қызығушылықпен орындады.Орындаған жаттығуларын топта бір- бірімен ауыстырып ең үздігін басқа топтарға ұсынды.Топ жұмысын мадақтау арқылы бағаладым.Оқушылар қуанып, өздеріне деген сенімділігі арта түсті.Аталарымыздың «Жақсы сөз - жан семіртеді» деген нақыл сөзінің растығына көзім жетті. Д.ж.:оқушыларға жалпы және жалқы есімді қатыстырып үш-төрт сөйлем құрауды тапсырдым Олар өз беттерінше жұмыс жасады,өздеріне тексеріп баға қоюларын талап еттім.Топта жұптық жұмыс жасауды тапсырдым ,олар бір-бірін тексеріп қателерін т...