1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Дарынды оқушыларды анықтау және дамыту ерекшеліктері

#1 слайд
Дарынды
оқушыларды анықтау және дамыту
ерекшеліктер і
«Педагогикалық үрдіс өзіне тән екі белгіні
түйістіреді, олар: жеке тұлғаның дамуына
жүйелі түрдегі көмек және оның жан-жақты
жетілуі.»
“ М. Мақатаев атындағы жалпы орта
мектеп” коммуналдық мемлекеттік
мекемесі. Оқу ісінің меңгершісі:
Шакенова П.
1 слайд
Дарынды оқушыларды анықтау және дамыту ерекшеліктер і «Педагогикалық үрдіс өзіне тән екі белгіні түйістіреді, олар: жеке тұлғаның дамуына жүйелі түрдегі көмек және оның жан-жақты жетілуі.» “ М. Мақатаев атындағы жалпы орта мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Оқу ісінің меңгершісі: Шакенова П.
#2 слайд
«Әр оқушыны жан-жақты жетілдіру
үшін оны жан-жақты зерттеу керек.»
К.Д.Ушинский
2 слайд
«Әр оқушыны жан-жақты жетілдіру үшін оны жан-жақты зерттеу керек.» К.Д.Ушинский
#3 слайд
«Дарындылық – бала бойындағы
интелектуалдық қабілеттің ,
шығармашылық қабілеттің және
табандылықтың болуы».
Дарындылық – табиғаттан берілетін
ерекше қабілет. Өмір сүретін орта, берілетін
білім мен тәрбие осы ерекше қабілеттің
одан әрі дамуына көмектеседі немесе оны
мүлде өшіреді.
3 слайд
«Дарындылық – бала бойындағы интелектуалдық қабілеттің , шығармашылық қабілеттің және табандылықтың болуы». Дарындылық – табиғаттан берілетін ерекше қабілет. Өмір сүретін орта, берілетін білім мен тәрбие осы ерекше қабілеттің одан әрі дамуына көмектеседі немесе оны мүлде өшіреді.
#4 слайд
Дарынды оқушының ішкі сезімі жағынан
өзгешелігі :
1. Дарынды оқушы толыққанды, аңғарлы болады.
2. Өзінің қабылдау мүмкіндігімен ерекшеленіп, өзін қоршаған ортаға өте
сезімтал келеді. Ол бірнеше үрдісті қатар бақылап, қабылдауға бейім тұрады
және оны белсенді түрде зерттеуге әуес болады.
3. Құбылыстар мен заттар арасындағы байланысты қабылдап, оған лайықты
қорытынды жасай алады және оған өз қиялы арқылы балама жүйе жасауға
қабілетті келеді.
4. Есте сақтау қабілеті жоғары болады.
5. Сөздік қоры мол, бұл оның не нәрсені еркін де нақты баяндауына
мүмкіндік береді.
6. Логикалық ойлау қабілеті жоғары.
7. Табандылық басым.
8. Қиялы кең болады.
4 слайд
Дарынды оқушының ішкі сезімі жағынан өзгешелігі : 1. Дарынды оқушы толыққанды, аңғарлы болады. 2. Өзінің қабылдау мүмкіндігімен ерекшеленіп, өзін қоршаған ортаға өте сезімтал келеді. Ол бірнеше үрдісті қатар бақылап, қабылдауға бейім тұрады және оны белсенді түрде зерттеуге әуес болады. 3. Құбылыстар мен заттар арасындағы байланысты қабылдап, оған лайықты қорытынды жасай алады және оған өз қиялы арқылы балама жүйе жасауға қабілетті келеді. 4. Есте сақтау қабілеті жоғары болады. 5. Сөздік қоры мол, бұл оның не нәрсені еркін де нақты баяндауына мүмкіндік береді. 6. Логикалық ойлау қабілеті жоғары. 7. Табандылық басым. 8. Қиялы кең болады.
#5 слайд
Физикалық тұрғыдан ерекшелігі:
1. Дамудағы шапшаңдылық.
2. Дарынды оқушының бойында энергиясы мол
болады, ол мөлшерден аз ұйықтайды.
3. Психомоторикасы танымдық қабілетіне қарағанда
баяу болады. Мұндай интелектуалдық және
физикалық дамудағы қарама-қайшылық өмірлік
позициясына нұқсан келтірмеу жағдайында болу
керек.
5 слайд
Физикалық тұрғыдан ерекшелігі: 1. Дамудағы шапшаңдылық. 2. Дарынды оқушының бойында энергиясы мол болады, ол мөлшерден аз ұйықтайды. 3. Психомоторикасы танымдық қабілетіне қарағанда баяу болады. Мұндай интелектуалдық және физикалық дамудағы қарама-қайшылық өмірлік позициясына нұқсан келтірмеу жағдайында болу керек.
#6 слайд
Әлеуметтік тұрғыдан ерекшелігі:
1. Дарынды бала әділетсіздікке төзімсіз болады.
2. Жоғары моральдық қасиеттерге ие.
3. Алдына қойған мақсатқа ұмтылу белсенділігі
жоғары болады.
4. Өзіне өзгелердің және қоршаған әлеуметтік
ортаның назар аударуын қалайды.
5. Жағдайларға байланысты іскерлік қатынасы мен
өз басы қажеттілігі, үлкендерден қалыспау, әлдебір
нәрсені бірдей атқаруға деген құштарлығы басым
келеді.
6 слайд
Әлеуметтік тұрғыдан ерекшелігі: 1. Дарынды бала әділетсіздікке төзімсіз болады. 2. Жоғары моральдық қасиеттерге ие. 3. Алдына қойған мақсатқа ұмтылу белсенділігі жоғары болады. 4. Өзіне өзгелердің және қоршаған әлеуметтік ортаның назар аударуын қалайды. 5. Жағдайларға байланысты іскерлік қатынасы мен өз басы қажеттілігі, үлкендерден қалыспау, әлдебір нәрсені бірдей атқаруға деген құштарлығы басым келеді.
#7 слайд
Дарындылықты анықтаудың 2 кезеңі
бар.
1-ші кезеңі – анимистикалық кезең. Бұл ата-ана мен
мұғалім анықтаған, оқушының қандай да бір іс-әрекетке
қабілеттілігі. Ол тесттер алу арқылы айқындалады.
Дарынды оқушыны анықтау баланың даму
динамикасымен
байланысты екенін практикалық зерттеу кезеңінде
ескерген жөн. Сауалнама беттерін толтырудағы ата-
аналардың өз балаларыныңқабілеттерін асыра бағалауы
негізгі фактор емес, ол нақты жауапқа нұқсан
келтрмейді.
7 слайд
Дарындылықты анықтаудың 2 кезеңі бар. 1-ші кезеңі – анимистикалық кезең. Бұл ата-ана мен мұғалім анықтаған, оқушының қандай да бір іс-әрекетке қабілеттілігі. Ол тесттер алу арқылы айқындалады. Дарынды оқушыны анықтау баланың даму динамикасымен байланысты екенін практикалық зерттеу кезеңінде ескерген жөн. Сауалнама беттерін толтырудағы ата- аналардың өз балаларыныңқабілеттерін асыра бағалауы негізгі фактор емес, ол нақты жауапқа нұқсан келтрмейді.
#8 слайд
Психология ғылымы қабілеттілікті жалпы,
арнаулы, практикалық деп үшке бөледі
Жалпы қабілеттілік – жеке тұлғаның өз ойын жаңа
мақсат, міндеттерді орындауға саналы түрде
бағыттауы.
Арнаулы қабілеттілік – белгілі бір бағытта ерекше
дағды таныта білуі.
Практикалық қабілеттілік – өмірден алған білімін
шығармашылықпен пайдаланып, бір деңгейден екінші
деңгейге көшірілу
8 слайд
Психология ғылымы қабілеттілікті жалпы, арнаулы, практикалық деп үшке бөледі Жалпы қабілеттілік – жеке тұлғаның өз ойын жаңа мақсат, міндеттерді орындауға саналы түрде бағыттауы. Арнаулы қабілеттілік – белгілі бір бағытта ерекше дағды таныта білуі. Практикалық қабілеттілік – өмірден алған білімін шығармашылықпен пайдаланып, бір деңгейден екінші деңгейге көшірілу
#9 слайд
Ерекше қабілеттер жиынтығы –
дарындылықты анықтаудың 2-кезеңі:
Диагностикалық кезең. Бұл – педагогикалық және
психологиялық тесттер мен түрлі әдістемелер арқылы
жүргізіледі. Ол баланың психологиялық ерекшеліктері
мен шығармашылық мүмкіншілігін бағалаумен
сипатталады
9 слайд
Ерекше қабілеттер жиынтығы – дарындылықты анықтаудың 2-кезеңі: Диагностикалық кезең. Бұл – педагогикалық және психологиялық тесттер мен түрлі әдістемелер арқылы жүргізіледі. Ол баланың психологиялық ерекшеліктері мен шығармашылық мүмкіншілігін бағалаумен сипатталады
#10 слайд
Дарындылық төрт бағытта
анықталады
- интелектуалды дарындылық.
- шығармашылық дарындылық
- лидерлік дарындылық.
- спорттық дарындылық.
10 слайд
Дарындылық төрт бағытта анықталады - интелектуалды дарындылық. - шығармашылық дарындылық - лидерлік дарындылық. - спорттық дарындылық.
#11 слайд
Интелектуалды
Интелектуалды дарындылық баланың ойының
ұшқырлығымен ерекше есте сақтау қабілетімен,
байқағыштығымен айқындалады. Интелектуалды
дарындылығы бар бала қиналмай-ақ және талаптанып
оқиды, өз ойын жүйелі жеткізе алады. Ол әр істе өз
біліміне сенімді болады. Оны қиын тапсырмалар
қызықтырады.
11 слайд
Интелектуалды Интелектуалды дарындылық баланың ойының ұшқырлығымен ерекше есте сақтау қабілетімен, байқағыштығымен айқындалады. Интелектуалды дарындылығы бар бала қиналмай-ақ және талаптанып оқиды, өз ойын жүйелі жеткізе алады. Ол әр істе өз біліміне сенімді болады. Оны қиын тапсырмалар қызықтырады.
#12 слайд
Шығармашылық
Шығармашылық дарындылық баланың өз
қызығушылығы, өмірлік позициясымен айқындалады.
Ол көбіне тәуелсіз, өзі әрекет жасайды және ісінің
нәтижесін көре алады. Нақты жағдайлардың шешімін
таба біледі, көркем өнер оқулары мен ойындарға бейім
келеді.
12 слайд
Шығармашылық Шығармашылық дарындылық баланың өз қызығушылығы, өмірлік позициясымен айқындалады. Ол көбіне тәуелсіз, өзі әрекет жасайды және ісінің нәтижесін көре алады. Нақты жағдайлардың шешімін таба біледі, көркем өнер оқулары мен ойындарға бейім келеді.
#13 слайд
Лидерлік
Лидерлік дарындылыққа жаңа жағдайларға жылдам
қалыптасу, өзге балалардың оны таңдауы, ойындар
мен шараларды басқара алуы, үлкендермен және
құрбыларымен қарым-қатынасқа оңай түсуі,
жауапкершілік сезімнің басымдығы тән.
13 слайд
Лидерлік Лидерлік дарындылыққа жаңа жағдайларға жылдам қалыптасу, өзге балалардың оны таңдауы, ойындар мен шараларды басқара алуы, үлкендермен және құрбыларымен қарым-қатынасқа оңай түсуі, жауапкершілік сезімнің басымдығы тән.
#14 слайд
Бастауыш сыныптарда дарынды
оқушыны анықтау
мектептегі педагог –психологтардың басшылығымен
жүзеге асады. Дарындылық бірінші кезеңде байқау,
бақылау, әңгімелесу, сауалнамалар арқылы
анықталады. Бұл анықтау келесі кезеңде
педагогикалық-психологиялық диагностика арқылы
нақтылан түседі. Психологиялық зерттеу жұмыстары
арқылы әр баланың даралық қасиеті ескеріліп, оның
дарындылығын ашу жас ерекшелігіне сай келетін
анықтаулармен жүргізілуі қажет.
14 слайд
Бастауыш сыныптарда дарынды оқушыны анықтау мектептегі педагог –психологтардың басшылығымен жүзеге асады. Дарындылық бірінші кезеңде байқау, бақылау, әңгімелесу, сауалнамалар арқылы анықталады. Бұл анықтау келесі кезеңде педагогикалық-психологиялық диагностика арқылы нақтылан түседі. Психологиялық зерттеу жұмыстары арқылы әр баланың даралық қасиеті ескеріліп, оның дарындылығын ашу жас ерекшелігіне сай келетін анықтаулармен жүргізілуі қажет.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген