Дәстүрден тыс сурет салу картотекасы




1 слайд
СУРЕТ САЛУДЫҢ
ДӘСТҮРДЕН ТЫС
ТӘСІЛІ КАРТАТЕКАСЫ
1 слайд
СУРЕТ САЛУДЫҢ ДӘСТҮРДЕН ТЫС ТӘСІЛІ КАРТАТЕКАСЫ

2 слайд
Сурет салу
Балалардың танымдық-шығармашылық
белсенділігін тәрбиелеу, ең алдымен, олардың
әлемді тану қажеттілігімен және алған білімін өз
шығармаларында пайдалануын дамытумен тығыз
байланысты. Сезім, қызығушылық, дүниетаным
да бала іс-әрекетінің мотиві ретінде көрінеді.
Балалардың өзбеттілігі және белсенділігі жақсы
дамуы үшін бейнелеу өнерін оқыту барысында
бірнеше талаптарды ескеру керек. Мұндай
талаптардың бірі-сурет салуды шебер түсіндіру,
суреттің салыну кезеңдерін айқын көрсету.
2 слайд
Сурет салу Балалардың танымдық-шығармашылық белсенділігін тәрбиелеу, ең алдымен, олардың әлемді тану қажеттілігімен және алған білімін өз шығармаларында пайдалануын дамытумен тығыз байланысты. Сезім, қызығушылық, дүниетаным да бала іс-әрекетінің мотиві ретінде көрінеді. Балалардың өзбеттілігі және белсенділігі жақсы дамуы үшін бейнелеу өнерін оқыту барысында бірнеше талаптарды ескеру керек. Мұндай талаптардың бірі-сурет салуды шебер түсіндіру, суреттің салыну кезеңдерін айқын көрсету.

3 слайд
•
Сурет салудың әдіс тәсілдері.
•
Бастыру.
•
Саусақпен сурет салу.
•
Далаппен сурет салу
•
Нүктелер арқылы сурет салу.
•
Сия тамшысы графикасы- (кляксография)
•
Дақ графикасы.
•
Тамшуырмен (пипеткамен) сурет салу
•
Үрлеу немесе түтікше арқылы сурет салу.
•
Жіп графикасы.
•
Жіппен сурет салу.
•
Граттаж.(тырнау әдісі)
•
Балауыз шаммен сурет салу.
•
Құммен сурет салу әдісі.
3 слайд
• Сурет салудың әдіс тәсілдері. • Бастыру. • Саусақпен сурет салу. • Далаппен сурет салу • Нүктелер арқылы сурет салу. • Сия тамшысы графикасы- (кляксография) • Дақ графикасы. • Тамшуырмен (пипеткамен) сурет салу • Үрлеу немесе түтікше арқылы сурет салу. • Жіп графикасы. • Жіппен сурет салу. • Граттаж.(тырнау әдісі) • Балауыз шаммен сурет салу. • Құммен сурет салу әдісі.

4 слайд
№ 1 картатека
•
Бастыру.
•
Бастыруға:
•
- жапырақ, түрлі өсімдіктер;
•
- поролонның, көкөністердің кішкентай кесектері;
•
- әр түрлі заттардың тығындары, қорапшалар, кішкентай шөлмектер, шишалар;
•
- алақан, қарандаштың теріс бөлігі;
•
- текшелер, өшіргіштер,түймелер,т.б. заттар пайдаланады.
•
Бастыру арқылы сурет салу балалардың санасында жағымды эмоция тудырады.
Дәстүрден тыс сурет салуды үйренген бала өз бетінше бастыру құралдарын еркін
қолданады.бастыру тәсілі баланың өмірге шығармашылықпен қарауының, кез
келген затты әр түрлі мақсатта қолдана білу іскерлігін, шеберлігін дамытады.
4 слайд
№ 1 картатека • Бастыру. • Бастыруға: • - жапырақ, түрлі өсімдіктер; • - поролонның, көкөністердің кішкентай кесектері; • - әр түрлі заттардың тығындары, қорапшалар, кішкентай шөлмектер, шишалар; • - алақан, қарандаштың теріс бөлігі; • - текшелер, өшіргіштер,түймелер,т.б. заттар пайдаланады. • Бастыру арқылы сурет салу балалардың санасында жағымды эмоция тудырады. Дәстүрден тыс сурет салуды үйренген бала өз бетінше бастыру құралдарын еркін қолданады.бастыру тәсілі баланың өмірге шығармашылықпен қарауының, кез келген затты әр түрлі мақсатта қолдана білу іскерлігін, шеберлігін дамытады.

5 слайд
№ 2 картатека
•
Өсімдіктер бастырмасы
•
Бастырма әдісін қолдануға гүлдер, шөптер, бұтақтар, ағаштардың (мысалы, үйеңкі,
терек, емен) жапырақтары жарамды. Мұнда реңді таңдап алу маңызды.Себебі,түсті
қағазда жапырақтардың, өсімдіктердің шеттері, өзек сызықтары анық
көрінеді.Гүлдер, шөптер, жапырақтар қыздырылған үтікпен немесе кітаптың арасына
салу жолымен кептіріледі (ең бастысы, қатты кеуіп, үгітіліп кетпегені жөн)
•
Қолдану ережесі:
•
- өсімдікті (жапырақ, гүл,т.б.) ескі газет бетіне қою;
•
- гуашьпен бояу;
•
- бояу жағылған бөлігін түсті қағазға орналастыру;
•
- үстіне парақ қойып, қолмен нығыздап басу.
5 слайд
№ 2 картатека • Өсімдіктер бастырмасы • Бастырма әдісін қолдануға гүлдер, шөптер, бұтақтар, ағаштардың (мысалы, үйеңкі, терек, емен) жапырақтары жарамды. Мұнда реңді таңдап алу маңызды.Себебі,түсті қағазда жапырақтардың, өсімдіктердің шеттері, өзек сызықтары анық көрінеді.Гүлдер, шөптер, жапырақтар қыздырылған үтікпен немесе кітаптың арасына салу жолымен кептіріледі (ең бастысы, қатты кеуіп, үгітіліп кетпегені жөн) • Қолдану ережесі: • - өсімдікті (жапырақ, гүл,т.б.) ескі газет бетіне қою; • - гуашьпен бояу; • - бояу жағылған бөлігін түсті қағазға орналастыру; • - үстіне парақ қойып, қолмен нығыздап басу.

6 слайд
№ 3 картатека
•
Саусақпен сурет салу
•
Саусақ кескіндемесі, саусақпен сурет салу –қоршаған әлемді (саусақпен, алақанмен,табанмен) бейнелеудің тағы
бір әдісі болып табылады. Саусақпен сурет салу әдістемесі бояуды (гуашь,майлы бояу) және оның қасиетін (бояу
қабатының барқыт тәрізділігі,жабысқақтығы,тұтқырлығы) сезінуге көмектеседі.
•
Қолдану ережесі:
•
- жайпақ табаққа бояу, кішкентай құмыраларға су құю:
•
- әр саусақты бір түсті бояуға батыру , қағазға түсіріп болған соң құмырадағы суға жуып , қағаз сүлгісімен сүрту ;
•
- алақанымен сурет салғанда бояуды табаққа құйған жөн.
•
Ағаштың суретін салғанда саусақпен алдымен діңі мен бұтақтарын бейнелейді , содан кейін алақанға сары ,
жасыл және қызғылт сары бояуды жағып , жапырақтардың суретін салады .
•
Үлкен ақ қағазға күннің суретін үлкен етіп салып , ал шеңбер бойымен балалар алақандарын бастыру арқылы
шуақтарды түсірсе , өте әдемі сурет шығады ( ұжымдық жұмысқа ыңғайлы ) . Саусақ кескіндемесінің көмегімен
орамалды әшекейлеуге , аңдардың іздерін , пейзаж суреттерін тамаша етіп бейнелеуге болады .
6 слайд
№ 3 картатека • Саусақпен сурет салу • Саусақ кескіндемесі, саусақпен сурет салу –қоршаған әлемді (саусақпен, алақанмен,табанмен) бейнелеудің тағы бір әдісі болып табылады. Саусақпен сурет салу әдістемесі бояуды (гуашь,майлы бояу) және оның қасиетін (бояу қабатының барқыт тәрізділігі,жабысқақтығы,тұтқырлығы) сезінуге көмектеседі. • Қолдану ережесі: • - жайпақ табаққа бояу, кішкентай құмыраларға су құю: • - әр саусақты бір түсті бояуға батыру , қағазға түсіріп болған соң құмырадағы суға жуып , қағаз сүлгісімен сүрту ; • - алақанымен сурет салғанда бояуды табаққа құйған жөн. • Ағаштың суретін салғанда саусақпен алдымен діңі мен бұтақтарын бейнелейді , содан кейін алақанға сары , жасыл және қызғылт сары бояуды жағып , жапырақтардың суретін салады . • Үлкен ақ қағазға күннің суретін үлкен етіп салып , ал шеңбер бойымен балалар алақандарын бастыру арқылы шуақтарды түсірсе , өте әдемі сурет шығады ( ұжымдық жұмысқа ыңғайлы ) . Саусақ кескіндемесінің көмегімен орамалды әшекейлеуге , аңдардың іздерін , пейзаж суреттерін тамаша етіп бейнелеуге болады .

7 слайд
№ 4 картатека
•
Нүктелер арқылы сурет салу.
•
Нүктелер арқылы сурет салу (нүктелі сурет)дәстүрден тыс әдіске
жатады.Сурет көптеген жекелеген нүктелер арқылы
бейнеленсе ,онда бұл сурет техникасы пуантилизм деп аталады.
Ашық түсті майлы бояу алынып,нүктелер қылқалам ұшы немесе
саусақтармен тықылдату әдісімен түсіріледі,нүктелердің көлемі әр
түрлі болуы мүмкін.балаға нүктелерді сызықтармен қосу
ұсынылады.Пайда болған бейнені аяқтауға,бояуға ,сюжет
ойластыруға және ат қоюға болады.Негізгі бейнені толықтырған
соң ,сурет қосымша фонмен толықтырылады.
7 слайд
№ 4 картатека • Нүктелер арқылы сурет салу. • Нүктелер арқылы сурет салу (нүктелі сурет)дәстүрден тыс әдіске жатады.Сурет көптеген жекелеген нүктелер арқылы бейнеленсе ,онда бұл сурет техникасы пуантилизм деп аталады. Ашық түсті майлы бояу алынып,нүктелер қылқалам ұшы немесе саусақтармен тықылдату әдісімен түсіріледі,нүктелердің көлемі әр түрлі болуы мүмкін.балаға нүктелерді сызықтармен қосу ұсынылады.Пайда болған бейнені аяқтауға,бояуға ,сюжет ойластыруға және ат қоюға болады.Негізгі бейнені толықтырған соң ,сурет қосымша фонмен толықтырылады.

8 слайд
№ 5 картатека
•
Үрлеу немесе түтікше арқылы сурет салу
•
Бұл үшін:
•
- коктейль түтікшесін алып , оны дәл ортасынан бөлу ;
•
- ақ қағазға бояудың бір тамшысын немесе бояудың екі түрін суға езіп,бір – бірімен
жақын етіп тамызу ;
•
- әр түрлі бұтақшалар пайда болу үшін тамған бояудың дәл ортасынан сыртқа қарай әр
түрлі бағытқа үрлеу ;
•
- сулы шүберектің ұшын бояуға малып , дөңгелектей отырып , бет – әлпеттің пішінін
келтіру ;
•
- суретті кептіріп , жіңішке қылқаламмен көз , мұрын , қас , ерінің суретін салу керек .
•
Мұндай «сиқырлы» суреттерді салу баланың бойындағы көркемдік қабілетті , ауыз
бұлшық еттерін , тыныс алуын жаттықтырып , тілін дамытады.
8 слайд
№ 5 картатека • Үрлеу немесе түтікше арқылы сурет салу • Бұл үшін: • - коктейль түтікшесін алып , оны дәл ортасынан бөлу ; • - ақ қағазға бояудың бір тамшысын немесе бояудың екі түрін суға езіп,бір – бірімен жақын етіп тамызу ; • - әр түрлі бұтақшалар пайда болу үшін тамған бояудың дәл ортасынан сыртқа қарай әр түрлі бағытқа үрлеу ; • - сулы шүберектің ұшын бояуға малып , дөңгелектей отырып , бет – әлпеттің пішінін келтіру ; • - суретті кептіріп , жіңішке қылқаламмен көз , мұрын , қас , ерінің суретін салу керек . • Мұндай «сиқырлы» суреттерді салу баланың бойындағы көркемдік қабілетті , ауыз бұлшық еттерін , тыныс алуын жаттықтырып , тілін дамытады.

9 слайд
№ 6 картатека
•
Құммен сурет салу әдісі:
•
Балаларға құммен сурет салу әдісі өте қызықты болмақ ,өйткені
олар құммен ойнағанды қатты ұнататыны сөзсіз.
•
Қолдану ережесі:
•
- Ақ қағаз бетіне суреттің пішіні сызылып алынады ;
•
- пва желімін сызылған сызық бойымен, қылқаламмен жағып
шығамыз;
•
- жағылған желімнің үстіне ыдыстағы құмды себелеп шығамыз.
•
Сулау тәсілі:
•
- Қағаздың бетін толық сулап, гуашь, акварель бояуы, бормен сурет
салады.
9 слайд
№ 6 картатека • Құммен сурет салу әдісі: • Балаларға құммен сурет салу әдісі өте қызықты болмақ ,өйткені олар құммен ойнағанды қатты ұнататыны сөзсіз. • Қолдану ережесі: • - Ақ қағаз бетіне суреттің пішіні сызылып алынады ; • - пва желімін сызылған сызық бойымен, қылқаламмен жағып шығамыз; • - жағылған желімнің үстіне ыдыстағы құмды себелеп шығамыз. • Сулау тәсілі: • - Қағаздың бетін толық сулап, гуашь, акварель бояуы, бормен сурет салады.

10 слайд
•
Құммен сурет салу әдісі:
•
Балаларға құммен сурет салу әдісі өте қызықты болмақ ,өйткені олар құммен ойнағанды қатты ұнататыны
сөзсіз.
•
Қолдану ережесі:
•
- Ақ қағаз бетіне суреттің пішіні сызылып алынады ;
•
- пва желімін сызылған сызық бойымен, қылқаламмен жағып шығамыз;
•
- жағылған желімнің үстіне ыдыстағы құмды себелеп шығамыз.
•
Сулау тәсілі:
•
- Қағаздың бетін толық сулап, гуашь, акварель бояуы, бормен сурет салады. № 7 картатека
•
« Сия тамшысы» графикасы-кляксография
•
«Сия тамшысы» (дақ тамшысы) әдісінде балаларды қара және түрлі- түсті «сия
тамшысын» түсіре білуге үйрету көзделеді. Бұл үшін:
•
- қағазға сия тамызып алу,сия тамшысынан қалған дақтың не нәрсеге ұқсайтынын
табу,қосымша бөлшектерін бейнелеу:
•
- сия тамшысын қағазға түсіру,қағазды көтеріп немесе бүгіңкіреп,субояқты парақ
бетімен ағызып бейне туғызу:
•
- мәсуекке субояқ жағып,ұсақ тамшылар,содан соң кей жерлерге ірі және орташа
тамшылар түсіру керек
•
Әр түрлі бағытта жүргізілген сызық, нүктелерді пайдаланып,тамшының пішінін
өзгертуге болады. Бала алғашқыда қағаздағы тамшыны әр түрлі нәрсеге ұқсатуға
тырысады., қағазды ары бері аударып көреді.Соңынан ойлана келе ,тамшыны қандай
да бір бейнеге ұқсайтындай етіп түсіруге ұмтылады. Шеттерін үрлеп, жөнге
келтіреді, яғни «дақтан бейне тудырады»
10 слайд
• Құммен сурет салу әдісі: • Балаларға құммен сурет салу әдісі өте қызықты болмақ ,өйткені олар құммен ойнағанды қатты ұнататыны сөзсіз. • Қолдану ережесі: • - Ақ қағаз бетіне суреттің пішіні сызылып алынады ; • - пва желімін сызылған сызық бойымен, қылқаламмен жағып шығамыз; • - жағылған желімнің үстіне ыдыстағы құмды себелеп шығамыз. • Сулау тәсілі: • - Қағаздың бетін толық сулап, гуашь, акварель бояуы, бормен сурет салады. № 7 картатека • « Сия тамшысы» графикасы-кляксография • «Сия тамшысы» (дақ тамшысы) әдісінде балаларды қара және түрлі- түсті «сия тамшысын» түсіре білуге үйрету көзделеді. Бұл үшін: • - қағазға сия тамызып алу,сия тамшысынан қалған дақтың не нәрсеге ұқсайтынын табу,қосымша бөлшектерін бейнелеу: • - сия тамшысын қағазға түсіру,қағазды көтеріп немесе бүгіңкіреп,субояқты парақ бетімен ағызып бейне туғызу: • - мәсуекке субояқ жағып,ұсақ тамшылар,содан соң кей жерлерге ірі және орташа тамшылар түсіру керек • Әр түрлі бағытта жүргізілген сызық, нүктелерді пайдаланып,тамшының пішінін өзгертуге болады. Бала алғашқыда қағаздағы тамшыны әр түрлі нәрсеге ұқсатуға тырысады., қағазды ары бері аударып көреді.Соңынан ойлана келе ,тамшыны қандай да бір бейнеге ұқсайтындай етіп түсіруге ұмтылады. Шеттерін үрлеп, жөнге келтіреді, яғни «дақтан бейне тудырады»

11 слайд
№ 8 картатека
•
Дақ графикасы.
•
Дақ графикасы- бала үшін өте қызықты әдістердің бірі. Дақ графикасы
балаларға түспен эксперимент жасауға,суретті өз қалауы бойынша
аяқтауға мүмкіндік туғызады. Бұл үшін:
•
- қағазды екі бүктеу;
•
- оның бір бөлігіне субояқтан ашық түсті дақ түсіру;
•
- қайтадан қағазды бүктеп, субояқ кеппей тұрғанда үстінен қолмен
сипау керек.
•
Қағазды ашқанда симметриялы бейне пайда болады. Затқа ұқсайтынын
тауып, жетпеген бөлшегін толықтырса болады.
11 слайд
№ 8 картатека • Дақ графикасы. • Дақ графикасы- бала үшін өте қызықты әдістердің бірі. Дақ графикасы балаларға түспен эксперимент жасауға,суретті өз қалауы бойынша аяқтауға мүмкіндік туғызады. Бұл үшін: • - қағазды екі бүктеу; • - оның бір бөлігіне субояқтан ашық түсті дақ түсіру; • - қайтадан қағазды бүктеп, субояқ кеппей тұрғанда үстінен қолмен сипау керек. • Қағазды ашқанда симметриялы бейне пайда болады. Затқа ұқсайтынын тауып, жетпеген бөлшегін толықтырса болады.

12 слайд
№ 9 картатека
•
Граттаж
•
Граттаж- бұл тырнау әдісі («граттаж» француз тілінен аударғанда-қыру,
тырнау).
•
Балаға ,жұмысқа даяр қағаз беріледі.Алайда,ересек жастағы бала үшін өз қолымен
граттажға қағаз даярлау қызықты болып табылады.Бұл үшін:
•
- Қалың қағазға майшам немесе сабын жағу;
•
-оның үстіне жалпақ қылқаламмен қою етіп езілген бояу жағу(майшам жағылған
қағазға бояуды бірнеше қабат етіп жағу керек).
•
Егер бояудың сіңуі қиын болса, оған бірнеше тамшы сусабын қосу керек. Балауыз
немесе сабынды алдын ала боялған қағазға (ақ емес) жақса, онда түрлі-түсті сурет
пайда болады. Бояу кепкен соң қалақшамен немесе ағаш таяқшамен тырнап сурет
салады.
12 слайд
№ 9 картатека • Граттаж • Граттаж- бұл тырнау әдісі («граттаж» француз тілінен аударғанда-қыру, тырнау). • Балаға ,жұмысқа даяр қағаз беріледі.Алайда,ересек жастағы бала үшін өз қолымен граттажға қағаз даярлау қызықты болып табылады.Бұл үшін: • - Қалың қағазға майшам немесе сабын жағу; • -оның үстіне жалпақ қылқаламмен қою етіп езілген бояу жағу(майшам жағылған қағазға бояуды бірнеше қабат етіп жағу керек). • Егер бояудың сіңуі қиын болса, оған бірнеше тамшы сусабын қосу керек. Балауыз немесе сабынды алдын ала боялған қағазға (ақ емес) жақса, онда түрлі-түсті сурет пайда болады. Бояу кепкен соң қалақшамен немесе ағаш таяқшамен тырнап сурет салады.

13 слайд
№ 10 картатека
•
Далаппен сурет салу
•
Дәстүрден тыс әдістер жинағына ескі далаппен , тырнақ
бояуымен (лакпен ) , көз бояйтын теньмен сурет салуды
жатқызуға болады (бірақ ,жұмыс жасап болғанан кейін педагог
аса мұқият әрі сақ болып , бұл заттарды баланың қолы жетпейтін
орынға қойғаны жөн).
•
Бала анасының косметика қолданғанын бақылағанды ұнатады .
Әдетте, косметика қолдануға тыйым салынатындықтан ,
баланың өз анасының далабымен ойнауға деген құмары арта
түседі . Сондықтан , косметикалық құралдарымен сурет салуды
ұйымдастыру бала тілегінің орындалуына мүмкіндік тудырады
және бұл пайдалы іс болып саналады.
13 слайд
№ 10 картатека • Далаппен сурет салу • Дәстүрден тыс әдістер жинағына ескі далаппен , тырнақ бояуымен (лакпен ) , көз бояйтын теньмен сурет салуды жатқызуға болады (бірақ ,жұмыс жасап болғанан кейін педагог аса мұқият әрі сақ болып , бұл заттарды баланың қолы жетпейтін орынға қойғаны жөн). • Бала анасының косметика қолданғанын бақылағанды ұнатады . Әдетте, косметика қолдануға тыйым салынатындықтан , баланың өз анасының далабымен ойнауға деген құмары арта түседі . Сондықтан , косметикалық құралдарымен сурет салуды ұйымдастыру бала тілегінің орындалуына мүмкіндік тудырады және бұл пайдалы іс болып саналады.

14 слайд
№ 11 картатека
•
Жіп графикасы
•
Балалар жіп графикасы арқылы ерекше сурет салуға тамаша мүмкүндік алады . Пайда болған
суреттерді «жұмбақ суреттер», «сиқырлы суреттер» деп те атауға болады . Жіп графикасы негізінде
түсірілетін сиқырлы сызықтарды қылқаламмен фломастермен немесе қарындашпен түсіре
алмайсың.Жіппен сурет салғанда балаларды шағын топтарға бөліп жүргізген дұрыс.Себебі, әр
баламен жеке -жеке жұмыс жүргізген дұрыс.
•
Қажетті затттар:
•
-А-3, А-4 форматтты картон қағаз;
•
-ұзындығы 30-40 см болатын ширатылған мақта жіп немесе жүн жіп;
•
-табақшаға немесе жалпақ ыдысқа құйылған езілген бояу;
•
-қылдары қатты қылқалам.
•
Жұмыс барысы:
•
* картон немесе қағазды бүктеу;
•
* жіптің 2/3 бөлігін қою бояуға батыру (қылқаламмен жіптегі артық бояуды түсіруге болады);
•
* жіпті бүктелген картон немесе қағаздың бір бөлігіне қою;
•
* оны қағаздың екінші бөлігімен жабу;
•
* қағазды алақанмен үстелге басып тұрып, жіптің таза ұшынан ұстап ары –бері қозға, соңынан
суырып алу.
14 слайд
№ 11 картатека • Жіп графикасы • Балалар жіп графикасы арқылы ерекше сурет салуға тамаша мүмкүндік алады . Пайда болған суреттерді «жұмбақ суреттер», «сиқырлы суреттер» деп те атауға болады . Жіп графикасы негізінде түсірілетін сиқырлы сызықтарды қылқаламмен фломастермен немесе қарындашпен түсіре алмайсың.Жіппен сурет салғанда балаларды шағын топтарға бөліп жүргізген дұрыс.Себебі, әр баламен жеке -жеке жұмыс жүргізген дұрыс. • Қажетті затттар: • -А-3, А-4 форматтты картон қағаз; • -ұзындығы 30-40 см болатын ширатылған мақта жіп немесе жүн жіп; • -табақшаға немесе жалпақ ыдысқа құйылған езілген бояу; • -қылдары қатты қылқалам. • Жұмыс барысы: • * картон немесе қағазды бүктеу; • * жіптің 2/3 бөлігін қою бояуға батыру (қылқаламмен жіптегі артық бояуды түсіруге болады); • * жіпті бүктелген картон немесе қағаздың бір бөлігіне қою; • * оны қағаздың екінші бөлігімен жабу; • * қағазды алақанмен үстелге басып тұрып, жіптің таза ұшынан ұстап ары –бері қозға, соңынан суырып алу.

15 слайд
№ 12 картатека
•
Балауыз шаммен сурет салу.
•
Балауызбен жұмыс жасау үлгісі:
•
- Ыдысқа көк немесе күлгін бояу езіледі;
•
- Ақ қағаз бетіне балауызбен өрнектердің түрлері салынады;
•
- Қылқаламмен қағаз бетінің ашық жерін қалдырма боялады;
•
- Артық бояу кепкен соң, аяз өрнектері білініп тұрады.
15 слайд
№ 12 картатека • Балауыз шаммен сурет салу. • Балауызбен жұмыс жасау үлгісі: • - Ыдысқа көк немесе күлгін бояу езіледі; • - Ақ қағаз бетіне балауызбен өрнектердің түрлері салынады; • - Қылқаламмен қағаз бетінің ашық жерін қалдырма боялады; • - Артық бояу кепкен соң, аяз өрнектері білініп тұрады.

16 слайд
№ 13 картатека
•
Тамшуырмен( пипеткамен) сурет салу
•
Тамшуырмен сурет салмас бұрын тәрбиеші балаларға бояумен эксперимент
жасап көрсетуге болады:
•
- кішкене көлемді алты шыны ыдыс алу,оның үшеуіне су құю;
•
- суға бояу (қызыл, сары, көк) қосу;
•
- Бос шыны ыдысқа қызыл және сары түсті суларды құйып араластыру керек.
Бала қызғылт сары бояудың қалай пайда болғанын көзбен көреді.
•
Басқа бояуларды да араластырады . Нәтижесінде сия көк және жасыл бояулар
пайда болады.
•
Содан кейін:
•
- резенкесі жуан тамшуыр (пипетка) алады оған шыны ыдыстағы бояулар
құйылады , түрлі –түсті тамшыны қағазға тамызу қажет.
•
- таяқша немесе ескі фломастер алып,сия тамшысынан әр жаққа бағытталған
толқынды жолдар салу керек
•
- түсті тамшыларды тамшуырмен сорып ,өзге орынға тасымалдауға,шеттерін
түтікшемен үрлеп,әсем пішінге келтіруге болады.
16 слайд
№ 13 картатека • Тамшуырмен( пипеткамен) сурет салу • Тамшуырмен сурет салмас бұрын тәрбиеші балаларға бояумен эксперимент жасап көрсетуге болады: • - кішкене көлемді алты шыны ыдыс алу,оның үшеуіне су құю; • - суға бояу (қызыл, сары, көк) қосу; • - Бос шыны ыдысқа қызыл және сары түсті суларды құйып араластыру керек. Бала қызғылт сары бояудың қалай пайда болғанын көзбен көреді. • Басқа бояуларды да араластырады . Нәтижесінде сия көк және жасыл бояулар пайда болады. • Содан кейін: • - резенкесі жуан тамшуыр (пипетка) алады оған шыны ыдыстағы бояулар құйылады , түрлі –түсті тамшыны қағазға тамызу қажет. • - таяқша немесе ескі фломастер алып,сия тамшысынан әр жаққа бағытталған толқынды жолдар салу керек • - түсті тамшыларды тамшуырмен сорып ,өзге орынға тасымалдауға,шеттерін түтікшемен үрлеп,әсем пішінге келтіруге болады.

17 слайд
Назар аударғандарыңызға
рахмет!
17 слайд
Назар аударғандарыңызға рахмет!