1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Денсаулық сақтау технологиялары

#1 слайд
«Балалардың денсаулығын
нығайтуда денсаулық сақтау
технологиясын қолдану»
1 слайд
«Балалардың денсаулығын нығайтуда денсаулық сақтау технологиясын қолдану»
#2 слайд
«Денсаулық сақтау білім беру технологиялары»
ұғымы педагогикалық практикада соңғы жылдары ғана
пайда болды. Бұл тақырып балалардың денсаулық
жағдайына байланысты өзекті мәселелердің бірі.
Сондықтан балалардың денсаулығын сақтау мен нығайту
мәселесін бала мектепке барғанға дейін, яғни
балабақшада шешу маңызды.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу
бағдарламасына сәйкес «Денсаулық» білім беру
саласының мақсаты – балаларды салауатты өмір салтына
баулу, денсаулық сақтау технологияларын қолданып,
ойындар мен жаттығулар арқылы дене шынықтыруға
қызығушылықты қалыптастыру.
2 слайд
«Денсаулық сақтау білім беру технологиялары» ұғымы педагогикалық практикада соңғы жылдары ғана пайда болды. Бұл тақырып балалардың денсаулық жағдайына байланысты өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан балалардың денсаулығын сақтау мен нығайту мәселесін бала мектепке барғанға дейін, яғни балабақшада шешу маңызды. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес «Денсаулық» білім беру саласының мақсаты – балаларды салауатты өмір салтына баулу, денсаулық сақтау технологияларын қолданып, ойындар мен жаттығулар арқылы дене шынықтыруға қызығушылықты қалыптастыру.
#3 слайд
ҚР «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңына (2014
жылғы 3 шілдедегі № 228 - V) сәйкес Мектепке дейінгі
тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына өзгерістер
енгізілді. «Денсаулық» білім беру саласында «Дене
шынықтыру» ұйымдастырылған оқу қызметінің оқу
жүктемесі ерте жастағы, I кіші, II кіші және ортаңғы ересек
топтарында – 3 сағатқа дейін, мектепалды даярлық тобында
2,5 сағатқа дейін ұлғайтылды.
Қазақстанда денсаулық сақтау технологиясы
мәселесі салауатты өмір салтының түрлі аспектілері
бойынша балалардың денсаулығын сақтау теориясы
мен тәжірибесіне елеулі үлес қосқан
Г.Д.Әлімжанованың, Р.Р. Амангелдиевтың,
З.К.Дунаеваның, С.А.Жампеисованың Тәрбие мен
оқыту жұмыстарында ұлттық ойындарды пайдалану
бойынша еңбектерінде ашып көрсетілген.
3 слайд
ҚР «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңына (2014 жылғы 3 шілдедегі № 228 - V) сәйкес Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына өзгерістер енгізілді. «Денсаулық» білім беру саласында «Дене шынықтыру» ұйымдастырылған оқу қызметінің оқу жүктемесі ерте жастағы, I кіші, II кіші және ортаңғы ересек топтарында – 3 сағатқа дейін, мектепалды даярлық тобында 2,5 сағатқа дейін ұлғайтылды. Қазақстанда денсаулық сақтау технологиясы мәселесі салауатты өмір салтының түрлі аспектілері бойынша балалардың денсаулығын сақтау теориясы мен тәжірибесіне елеулі үлес қосқан Г.Д.Әлімжанованың, Р.Р. Амангелдиевтың, З.К.Дунаеваның, С.А.Жампеисованың Тәрбие мен оқыту жұмыстарында ұлттық ойындарды пайдалану бойынша еңбектерінде ашып көрсетілген.
#4 слайд
«БАЛАЛАРДЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУ
ОБЪЕКТІЛЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ
ТАЛАПТАР» САНИТАРИЯЛЫҚ ҚАҒИДАЛАРЫН (ҚР ҰЭМ 2015 ЖЫЛҒЫ 17
НАУРЫЗДАҒЫ № 217 БҰЙРЫҒЫ) БАСШЫЛЫҚҚА АЛА ОТЫРЫП,
ПЕДАГОГТЕР БАЛА МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДА БОЛҒАН КЕЗДЕ
БАЛАЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ СӘЙКЕС КҮНДЕЛІКТІ ДЕНЕ
ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІН:
Т аңертеңгі гимнастика
Серуенде дене жаттығуларын орындау (күннің I және II
жартысында)
Шынықтыру шаралары
Массаж
Қимылды ойындар
Балалардың дербес қимыл белсенділігі, белсенді демалыс
(дене шынықтыру мерекелері, денсаулық күні)
4 слайд
«БАЛАЛАРДЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУ ОБЪЕКТІЛЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР» САНИТАРИЯЛЫҚ ҚАҒИДАЛАРЫН (ҚР ҰЭМ 2015 ЖЫЛҒЫ 17 НАУРЫЗДАҒЫ № 217 БҰЙРЫҒЫ) БАСШЫЛЫҚҚА АЛА ОТЫРЫП, ПЕДАГОГТЕР БАЛА МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДА БОЛҒАН КЕЗДЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ СӘЙКЕС КҮНДЕЛІКТІ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІН: Т аңертеңгі гимнастика Серуенде дене жаттығуларын орындау (күннің I және II жартысында) Шынықтыру шаралары Массаж Қимылды ойындар Балалардың дербес қимыл белсенділігі, белсенді демалыс (дене шынықтыру мерекелері, денсаулық күні)
#5 слайд
Денсаулық сақтау технологияларының құралдары:
табиғаттың сауықтыру күштері, құнарлы тамақтану, күн
тәртібін тиімді ұйымдастыру, «Дене шынықтыру»
ұйымдастырылған оқу қызметі, балалардың қимыл
белсенділігі, шынықтыру және т.б.
Тыныс алу және қимыл жаттығуларымен, түзетуші
гимнастиканың элементтерімен қатар, балалар билейді, ән
айтады.
Табиғаттың сауықтыру күштерін қолдану (күн және ауа
ванналары, су процедуралары) денсаулық сақтау білім беру
технологиялары мақсатына қол жеткізуге елеулі ықпал
етеді.
5 слайд
Денсаулық сақтау технологияларының құралдары: табиғаттың сауықтыру күштері, құнарлы тамақтану, күн тәртібін тиімді ұйымдастыру, «Дене шынықтыру» ұйымдастырылған оқу қызметі, балалардың қимыл белсенділігі, шынықтыру және т.б. Тыныс алу және қимыл жаттығуларымен, түзетуші гимнастиканың элементтерімен қатар, балалар билейді, ән айтады. Табиғаттың сауықтыру күштерін қолдану (күн және ауа ванналары, су процедуралары) денсаулық сақтау білім беру технологиялары мақсатына қол жеткізуге елеулі ықпал етеді.
#6 слайд
Мектепке дейінгі ұйымдар «Мектепке дейінгі
ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларының»
22-тармағына сәйкес балаларды теңгерімді
тамақтандыруды қамтамасыз етеді. Балаларды
тамақтандыру жас ерекшеліктерін, жұмыс режимін
ескере отырып жүргізіледі, оның жиілігі Қазақстан
Республикасының халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы
нормативтік құқықтық актілеріне және жарғыға
сәйкес айқындалады. Мектепке дейінгі ұйым
балалардың тамақтану мәдениетін
қалыптастыруды, оның ішінде пайдалы теңгерімді
тамақтануды, әрі табиғи және жаңа піскен өнімдерді
тұтынуды насихаттау арқылы қамтамасыз етеді.
6 слайд
Мектепке дейінгі ұйымдар «Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларының» 22-тармағына сәйкес балаларды теңгерімді тамақтандыруды қамтамасыз етеді. Балаларды тамақтандыру жас ерекшеліктерін, жұмыс режимін ескере отырып жүргізіледі, оның жиілігі Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық- эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне және жарғыға сәйкес айқындалады. Мектепке дейінгі ұйым балалардың тамақтану мәдениетін қалыптастыруды, оның ішінде пайдалы теңгерімді тамақтануды, әрі табиғи және жаңа піскен өнімдерді тұтынуды насихаттау арқылы қамтамасыз етеді.
#7 слайд
БАЛАЛАРДЫҢ ТҮРЛІ ЖАС ТОПТАРЫНДА
ДЕНСАУЛЫҚТАРЫН САҚТАУ МЕН ЫНТАЛАНДЫРУДЫҢ
ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ:
Саусақ жаттығулары – кіші топтан бастап жеке
немесе шағын топпен өткізіледі. Барлық балаларға, әсіресе
тілінде кемістігі бар балалармен жүргізу ұсынылады. Кез-
келген ыңғайлы уақытта өткізіледі .
“ Шапалақта” жаттығуы
Кел, балақан, балақан,
Шапалақта алақан!
Жай, жай, жай!
Қозғап барлық денеңді,
Қолдықатты соқ енді,
Сарт, сарт, сарт!
7 слайд
БАЛАЛАРДЫҢ ТҮРЛІ ЖАС ТОПТАРЫНДА ДЕНСАУЛЫҚТАРЫН САҚТАУ МЕН ЫНТАЛАНДЫРУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ: Саусақ жаттығулары – кіші топтан бастап жеке немесе шағын топпен өткізіледі. Барлық балаларға, әсіресе тілінде кемістігі бар балалармен жүргізу ұсынылады. Кез- келген ыңғайлы уақытта өткізіледі . “ Шапалақта” жаттығуы Кел, балақан, балақан, Шапалақта алақан! Жай, жай, жай! Қозғап барлық денеңді, Қолдықатты соқ енді, Сарт, сарт, сарт!
#8 слайд
КӨЗГЕ АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУЛАР
К іші жастан бастап көзге түскен салмақтың
қарқынына байланысты күнделікті 3-5 минуттан кез-келген
бос уақытта өткізіледі. Көрнекі материал, педагогтің
көрсетуін қолдану ұсынылады.
-
- Көз қарашығын әр түрлі бағытта қолдау;
-
- Көзді жыпылықтату;
-
- Жақыннан алысқа көз қиығын тастау;
-
- Көзге массаж жасау.
8 слайд
КӨЗГЕ АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУЛАР К іші жастан бастап көзге түскен салмақтың қарқынына байланысты күнделікті 3-5 минуттан кез-келген бос уақытта өткізіледі. Көрнекі материал, педагогтің көрсетуін қолдану ұсынылады. - - Көз қарашығын әр түрлі бағытта қолдау; - - Көзді жыпылықтату; - - Жақыннан алысқа көз қиығын тастау; - - Көзге массаж жасау.
#9 слайд
МАССАЖ
Массаж жасауда балаларды көрсетілген нүктелерге күш салып
баспауды, оларды саусақтардың жұмсақ қимылымен сылауға,
ақырын ғана басып сипауға үйрету ұсынылады.
Сылау қимылдары шеттен ортаға қарай бағытта (қолдың
білегінен иыққа қарай және т.б.) орындалуы қажет.
Өзіне-өзі массаж жасау тек ауырған адамға ғана емес, дені сау
адамға да пайдалы. Дененің белгілі бір нүктелерін сылау арқылы
бала жүрекке, өкпеге, бауырға, бүйрекке, асқазанға, басқа да
органдарға жағымды әсер алады.Массаж қимылдарын жасау терінің
капиллярларын кеңейтеді, қан айналымын жақсартады, ағзаның зат
алмасу процесіне белсенді ықпал етеді, орталық нерв жүйесін
қалпына келтіреді, адамның көңіл-күйін көтереді, хал-жағдайын
жақсартады. Өзіне-өзі массаж жасау тәсілдерін мынадай реттілікпен
орындайды: сипау, сылау, уқалау және дірілдету. Балаларға арналған
өзіне-өзі массаж жасаудың ұзақтығы қойылған міндетке байланысты
5-7 минут.
9 слайд
МАССАЖ Массаж жасауда балаларды көрсетілген нүктелерге күш салып баспауды, оларды саусақтардың жұмсақ қимылымен сылауға, ақырын ғана басып сипауға үйрету ұсынылады. Сылау қимылдары шеттен ортаға қарай бағытта (қолдың білегінен иыққа қарай және т.б.) орындалуы қажет. Өзіне-өзі массаж жасау тек ауырған адамға ғана емес, дені сау адамға да пайдалы. Дененің белгілі бір нүктелерін сылау арқылы бала жүрекке, өкпеге, бауырға, бүйрекке, асқазанға, басқа да органдарға жағымды әсер алады.Массаж қимылдарын жасау терінің капиллярларын кеңейтеді, қан айналымын жақсартады, ағзаның зат алмасу процесіне белсенді ықпал етеді, орталық нерв жүйесін қалпына келтіреді, адамның көңіл-күйін көтереді, хал-жағдайын жақсартады. Өзіне-өзі массаж жасау тәсілдерін мынадай реттілікпен орындайды: сипау, сылау, уқалау және дірілдету. Балаларға арналған өзіне-өзі массаж жасаудың ұзақтығы қойылған міндетке байланысты 5-7 минут.
#10 слайд
Өзіне-өзі массаж жасау тәсілдері
Қолдың саусақтарына: әр саусақты созу және оны басу.
«Сақина» - әр саусаққа сақина салғандай бір қолдың
саусақтарымен екінші қолдың саусақтарын сылау;
Табанға: массаж кілемшелерінің, тастардың үстімен, ойлы-
қырлы жолмен жүру, табанға массаж жасау («Аяқтармен
ойнаймыз», «Аяқтың башпайларын алақанға саламыз»
ұйқыдан кейін ойын түрінде өткізіледі), табанмен түрлі
заттарды домалату (гимнастикалық таяқша, масаж добы,
жаңғақтар және т.б.).
Дененің басқа бөліктеріне массаж жасағанда сипау, сылау,
уқалау тәсілдері қолданылады.
Бір-біріне масаж жасау: «Жаңбыр», «Поезд», «Барабан» және
т.б.
10 слайд
Өзіне-өзі массаж жасау тәсілдері Қолдың саусақтарына: әр саусақты созу және оны басу. «Сақина» - әр саусаққа сақина салғандай бір қолдың саусақтарымен екінші қолдың саусақтарын сылау; Табанға: массаж кілемшелерінің, тастардың үстімен, ойлы- қырлы жолмен жүру, табанға массаж жасау («Аяқтармен ойнаймыз», «Аяқтың башпайларын алақанға саламыз» ұйқыдан кейін ойын түрінде өткізіледі), табанмен түрлі заттарды домалату (гимнастикалық таяқша, масаж добы, жаңғақтар және т.б.). Дененің басқа бөліктеріне массаж жасағанда сипау, сылау, уқалау тәсілдері қолданылады. Бір-біріне масаж жасау: «Жаңбыр», «Поезд», «Барабан» және т.б.
#11 слайд
ҚҰЛАҚ ҚАЛҚАНЫНА МАССАЖ
Құлақ қалқанына массаж үйкелеп қыздырылған алақан
және саусақтармен жасалады: сүрту, құлақтың ұштарын
жан-жаққа тарту, құлақты сипау және т.б. Массаждың
осындай түрі жалпы жағдайды жақсартуға, сергектік пен
жұмысқа қабілеттілікті арттыруға ықпал етеді. Мұндай
массажды жиі жасауда ағзаның иммундық жүйесінің
қызметі артады.
11 слайд
ҚҰЛАҚ ҚАЛҚАНЫНА МАССАЖ Құлақ қалқанына массаж үйкелеп қыздырылған алақан және саусақтармен жасалады: сүрту, құлақтың ұштарын жан-жаққа тарту, құлақты сипау және т.б. Массаждың осындай түрі жалпы жағдайды жақсартуға, сергектік пен жұмысқа қабілеттілікті арттыруға ықпал етеді. Мұндай массажды жиі жасауда ағзаның иммундық жүйесінің қызметі артады.
#12 слайд
БАСҚА МАССАЖ ЖАСАУ
Басқа массаж жасау қан айналымын жақсартады, бастың
ауырғанын жазады. Басқа массаж жасағанда балалар
басты, шашты, самайдан желкеге қарай саусақтармен
сипайды. Бұл жаттығуларды бас сүйек ішіндегі, көз,
артериялық қысымы, жүйке жүйесі және бас миы ауруы
бар балаларға жасауға болмайды.
12 слайд
БАСҚА МАССАЖ ЖАСАУ Басқа массаж жасау қан айналымын жақсартады, бастың ауырғанын жазады. Басқа массаж жасағанда балалар басты, шашты, самайдан желкеге қарай саусақтармен сипайды. Бұл жаттығуларды бас сүйек ішіндегі, көз, артериялық қысымы, жүйке жүйесі және бас миы ауруы бар балаларға жасауға болмайды.
#13 слайд
ТЫНЫС АЛУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ
Педагог балаларға шараны өткізу алдында мұрын
қуысының міндетті гигиенасы туралы нұсқау беруі
қажет. Тыныс алу жаттығуы балаларға
психотерапиялық және сауықтырушылық әсер етеді:
зат алмасу процесіне оң ықпал етеді; орталық жүйке
жүйесін қалпына келтіруге жағдай жасайды;
бронхтардың дренаждық қызметін жақсартады; 10
мұрынмен дем алудың бұзылысын қалпына
келтіреді; көкірек қуысы мен омыртқаның түрлі
өзгерістерін түзетеді.
13 слайд
ТЫНЫС АЛУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ Педагог балаларға шараны өткізу алдында мұрын қуысының міндетті гигиенасы туралы нұсқау беруі қажет. Тыныс алу жаттығуы балаларға психотерапиялық және сауықтырушылық әсер етеді: зат алмасу процесіне оң ықпал етеді; орталық жүйке жүйесін қалпына келтіруге жағдай жасайды; бронхтардың дренаждық қызметін жақсартады; 10 мұрынмен дем алудың бұзылысын қалпына келтіреді; көкірек қуысы мен омыртқаның түрлі өзгерістерін түзетеді.
#14 слайд
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
ТЕХНОЛОГИЯСЫ КЕЛЕСІДЕЙ ҚЫЗМЕТ АТҚАРАДЫ:
Р елаксациялық – бұлшық еттерді босаңсытып,
шаршағанды басады, жағымды жағдай тудырады;
Коммуникативтік – өз денсаулығына ұқыпты қарауға
ықпал ететін салауатты өмір салтын ұстану тәжірибесін
қалыптастыруды қамтамасыз етеді;
Түзету – балалардың біліктері мен дағдыларының
дамуын қадағалау.
Мектепке дейінгі ұйымдарда жүргізілетін
Диагностиканың нәтижесі бойынша түзетуді қажет
ететін балалармен түзету жұмысы жоспарланады, оның
нәтижесі «Бақылау парағына» толтырылады;
Профилактикалық – физиологиялық және
психологиялық аурулардың пайда болуының алдын алу .
14 слайд
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ КЕЛЕСІДЕЙ ҚЫЗМЕТ АТҚАРАДЫ: Р елаксациялық – бұлшық еттерді босаңсытып, шаршағанды басады, жағымды жағдай тудырады; Коммуникативтік – өз денсаулығына ұқыпты қарауға ықпал ететін салауатты өмір салтын ұстану тәжірибесін қалыптастыруды қамтамасыз етеді; Түзету – балалардың біліктері мен дағдыларының дамуын қадағалау. Мектепке дейінгі ұйымдарда жүргізілетін Диагностиканың нәтижесі бойынша түзетуді қажет ететін балалармен түзету жұмысы жоспарланады, оның нәтижесі «Бақылау парағына» толтырылады; Профилактикалық – физиологиялық және психологиялық аурулардың пайда болуының алдын алу .
#15 слайд
ҚОРЫТЫНДЫ
Денсаулық сақтау технологияларының оң әсер етуі
дене жаттығуларын, табиғаттың сауықтыру күштерін,
гигиеналық және әлеуметтік-тұрмыстық факторларды, өз
денсаулығын сақтауға және нығайтуға тұрақты жағымды
ынта қалыптастыру біртіндеп, жүйелі және кешенді
қолданғанда мүмкін болады.
Педагог балалармен жұмыс барысында дауысын
көтермеуі тиіс. Айқай-шу дауысқа зиян келтіреді, есту
қабілетін нашарлатады және балалардың жүйке жүйесіне
кері әсер етеді.
Балалардың денсаулығына зиян келтірмей, денсаулық
сақтау технологияларын 21-ғасырдың болашағы мол
жүйелерінің бірі ретінде және мектепке дейінгі балаларды
оқытудың әдістері мен тәсілдерін ұйымдастырудың
жиынтығы ретінде қарастыруға болады.
15 слайд
ҚОРЫТЫНДЫ Денсаулық сақтау технологияларының оң әсер етуі дене жаттығуларын, табиғаттың сауықтыру күштерін, гигиеналық және әлеуметтік-тұрмыстық факторларды, өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға тұрақты жағымды ынта қалыптастыру біртіндеп, жүйелі және кешенді қолданғанда мүмкін болады. Педагог балалармен жұмыс барысында дауысын көтермеуі тиіс. Айқай-шу дауысқа зиян келтіреді, есту қабілетін нашарлатады және балалардың жүйке жүйесіне кері әсер етеді. Балалардың денсаулығына зиян келтірмей, денсаулық сақтау технологияларын 21-ғасырдың болашағы мол жүйелерінің бірі ретінде және мектепке дейінгі балаларды оқытудың әдістері мен тәсілдерін ұйымдастырудың жиынтығы ретінде қарастыруға болады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген