Десерт дайындау технологиясы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
Көркем еңбек пәні 6- сынып
Сабақтың тақырыбы: Десерт әзірлеу
технологиясыДесерт әзірлеу технологиясы Алматы облысы Ақсу ауданы Матай ауылы «Матай орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
1 слайд
Көркем еңбек пәні 6- сынып Сабақтың тақырыбы: Десерт әзірлеу технологиясыДесерт әзірлеу технологиясы Алматы облысы Ақсу ауданы Матай ауылы «Матай орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2 слайд
САБАҚ МАҚСАТЫ
Жартылай дайын өнім туралы түсінік қалыптастыру.
Жартылай орындалатын тағамдардың жасалу жолдары мен
технологияларымен таныстыру.
Тағамдарды дайындау үшін азық-түліктер, құрал-саймандар мен керек-
жарақтарын практикалық кезеңде қолдану/пайдалану. Оқыту мақсаты:
6.2.4.3 Жылдам орындалатын тағамдар мен десерт дайындау технологияларын
білу және қолдану.
6.2.4.4 Әр түрлі тағамдарды дайындау үшін азық-түліктер, құрал-саймандар мен
керек-жарақтарын анықтау және таңдау.
2 слайд
САБАҚ МАҚСАТЫ Жартылай дайын өнім туралы түсінік қалыптастыру. Жартылай орындалатын тағамдардың жасалу жолдары мен технологияларымен таныстыру. Тағамдарды дайындау үшін азық-түліктер, құрал-саймандар мен керек- жарақтарын практикалық кезеңде қолдану/пайдалану. Оқыту мақсаты: 6.2.4.3 Жылдам орындалатын тағамдар мен десерт дайындау технологияларын білу және қолдану. 6.2.4.4 Әр түрлі тағамдарды дайындау үшін азық-түліктер, құрал-саймандар мен керек-жарақтарын анықтау және таңдау.
3 слайд
3 слайд
4 слайд
СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРЕМІЗ:
1. Суреттерді қарап шығыңдар. Олардың
қандай ұқсастықтары бар?
2. Қалай ойлайсыңдар, бұл тағамдар неден
дайындалады?
3. Бұл тағамдар қай кезде беріледі?
4. Отбасыларыңда осы тағамдар даярлана ма?
Олар қалай дайындалады?
4 слайд
СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРЕМІЗ: 1. Суреттерді қарап шығыңдар. Олардың қандай ұқсастықтары бар? 2. Қалай ойлайсыңдар, бұл тағамдар неден дайындалады? 3. Бұл тағамдар қай кезде беріледі? 4. Отбасыларыңда осы тағамдар даярлана ма? Олар қалай дайындалады?
5 слайд
Десерт – түскі не кешкі астың соңында тоқ басу
үшін берілетін тағам.
Қазақ дастарқаны әдеп- ғұрып, ойындармен қатар
өрілген оқиғалар, мерекелермен байланысты.
Құдаласу, үйлену тойы, баланың өмірге келуі, Наурыз,
Құрбан айт сынды мерекелерге арналған дастарқанға
тәттілер молынан қойылған.
Бүгін біз қазақы десерт түрлері туралы және жасалу
жолдарын үйренеміз.
5 слайд
Десерт – түскі не кешкі астың соңында тоқ басу үшін берілетін тағам. Қазақ дастарқаны әдеп- ғұрып, ойындармен қатар өрілген оқиғалар, мерекелермен байланысты. Құдаласу, үйлену тойы, баланың өмірге келуі, Наурыз, Құрбан айт сынды мерекелерге арналған дастарқанға тәттілер молынан қойылған. Бүгін біз қазақы десерт түрлері туралы және жасалу жолдарын үйренеміз.
6 слайд
Құрт-май тосабы
Қай қазақтың үйі болмасын келген қонағының алдына алдымен
бауырсақ, құрт-ірімшік, сары май, қаймақ, жент-талқан, өрік-мейіз,
жеміс-жидек қойып, қою сүт қатқан шай ұсынады. Соңынан қуырдақ,
асықпаса молынан ет асады, қона жатса қой сояды. Осы пейілімен
дастарқанын майлы, қонағының көңілін жайлы етеді-ақ. Мұны қазақ
кәдесінде «дастарқан дәмі» дейді екен. «Дастарқан дәмінің» ажырамас
бөлігі әрине тәттілер. Бүгінгінің жеміс тосабы қалай тіл үйірсе,
қазақтың тосаптары да сондай дәмді. Мәселен, құрт-май. Бұл тәтті
тағам – тосаптың бір түрі. Дайындалу әдісі де аса қиын емес. Кәдімгі
ашып кеткен сүтті ысырап етпей, одан құрт қайнатамыз. Құрттың
мөлшеріне тең етіп қант қосасыз, бұл қоспаға майлылығына әрі
қалауыңызға қарай сары май қосып, тағы бір қайнатасыз. Дайын болған
құрт-май шай ішуге ұсынылады. Қазақта тосап тек қана жеміс-
жидектен ғана емес ағарғаннан да жасалған. Құрт-майдың дәмі балдай.
Аса майлы тағамнан кейін шай ішуге ұсынылатын жеңіл ас. Майлы
тағамның дәмі қыжыл туғызып, көп кекірткенде осы тәттіні жесеңіз
майлы тағамның дәмін сезбейсіз. Тамсанып отырып, шайыңызды
рахаттана сораптай беріңіз. Бірақ тосапқа май қосылғандықтан, аса
құнарлы. Тез салмақ қосып алуыңыз мүмкін.
6 слайд
Құрт-май тосабы Қай қазақтың үйі болмасын келген қонағының алдына алдымен бауырсақ, құрт-ірімшік, сары май, қаймақ, жент-талқан, өрік-мейіз, жеміс-жидек қойып, қою сүт қатқан шай ұсынады. Соңынан қуырдақ, асықпаса молынан ет асады, қона жатса қой сояды. Осы пейілімен дастарқанын майлы, қонағының көңілін жайлы етеді-ақ. Мұны қазақ кәдесінде «дастарқан дәмі» дейді екен. «Дастарқан дәмінің» ажырамас бөлігі әрине тәттілер. Бүгінгінің жеміс тосабы қалай тіл үйірсе, қазақтың тосаптары да сондай дәмді. Мәселен, құрт-май. Бұл тәтті тағам – тосаптың бір түрі. Дайындалу әдісі де аса қиын емес. Кәдімгі ашып кеткен сүтті ысырап етпей, одан құрт қайнатамыз. Құрттың мөлшеріне тең етіп қант қосасыз, бұл қоспаға майлылығына әрі қалауыңызға қарай сары май қосып, тағы бір қайнатасыз. Дайын болған құрт-май шай ішуге ұсынылады. Қазақта тосап тек қана жеміс- жидектен ғана емес ағарғаннан да жасалған. Құрт-майдың дәмі балдай. Аса майлы тағамнан кейін шай ішуге ұсынылатын жеңіл ас. Майлы тағамның дәмі қыжыл туғызып, көп кекірткенде осы тәттіні жесеңіз майлы тағамның дәмін сезбейсіз. Тамсанып отырып, шайыңызды рахаттана сораптай беріңіз. Бірақ тосапқа май қосылғандықтан, аса құнарлы. Тез салмақ қосып алуыңыз мүмкін.
7 слайд
Жент
Ұлттық тағамымыздың бірі – жент. Бұл да тәттінің бір түрі.
Бала күнімізде әжеміз дайындайтын тамаша тағам. Әсіресе ораза
кезінде даярланатын тойымды тағамның бірі. Дайындау әдісі әр
жерде әртүрлі болғанымен, дәмі бір. Жент тәттісін дайындау
үшін қазанға сары майды ерітіп, ортасынан айырады. Сосын оған
тарының талқанын, бидай немесе арпаның жармасын, ірімшік,
мейіз қосып араластырып қайнатады. Қазанның оты пәс болуы
керек. Ірімшік әбден ерігенде жент дайын болады. Уақытпен
есептесек 15-20 минут. Дайын болған жентті суытып,
дастарқанға қоя беріңіз. Таңсық асты қысқа сақтауға да болады.
Ол үшін жаңа қайнап болған жентті қалтаға не мал қарнынан
дайындалған меске салып, аузын буып, салқын жерге іліп қоясыз.
Айта кету керек, жент ағзадағы дәрумен тапшылығының алдын
алады. Құрамындағы ірімшік Д дәруменінің көзі болса, мейіз
қаназдықты емдейді. Ал май – қуат, жармалар ішек пен өт
жолдарының жұмысын жақсартады. Ұзақ сақталған жент
бүгінгінің шоколады іспетті.
7 слайд
Жент Ұлттық тағамымыздың бірі – жент. Бұл да тәттінің бір түрі. Бала күнімізде әжеміз дайындайтын тамаша тағам. Әсіресе ораза кезінде даярланатын тойымды тағамның бірі. Дайындау әдісі әр жерде әртүрлі болғанымен, дәмі бір. Жент тәттісін дайындау үшін қазанға сары майды ерітіп, ортасынан айырады. Сосын оған тарының талқанын, бидай немесе арпаның жармасын, ірімшік, мейіз қосып араластырып қайнатады. Қазанның оты пәс болуы керек. Ірімшік әбден ерігенде жент дайын болады. Уақытпен есептесек 15-20 минут. Дайын болған жентті суытып, дастарқанға қоя беріңіз. Таңсық асты қысқа сақтауға да болады. Ол үшін жаңа қайнап болған жентті қалтаға не мал қарнынан дайындалған меске салып, аузын буып, салқын жерге іліп қоясыз. Айта кету керек, жент ағзадағы дәрумен тапшылығының алдын алады. Құрамындағы ірімшік Д дәруменінің көзі болса, мейіз қаназдықты емдейді. Ал май – қуат, жармалар ішек пен өт жолдарының жұмысын жақсартады. Ұзақ сақталған жент бүгінгінің шоколады іспетті.
8 слайд
Балқаймақ
Балқаймақ қазақтар үшін дәмділердің дәмдісі
саналады. Оның балқаймақ аталуының сыры да
осында. Тіпті әйгілі композитор Құрманғазының
"Балқаймақ" деп аталатын туындысы да бар
екені белгілі. Жаңа алынған қаймақты әлсіз
отқа қойып, ол сары майға айналып кетпес үшін
оған бал мен ұн қосады. Осылайша, бәрі
араласып, 10-15 минут отта тұрады. Қазір
осыған ұқсас рецептілерді торттардың арасына
жағатын кремдерді жасағанда пайдаланылады.
Ал бұрынғы кезде қазақтар оны асқазан
жараларын емдеуде сәл қызыл бұрыш қосып
қолданған. Ал қазіргі үй ханымдары оған киви
қосып да дайындап жүр.
8 слайд
Балқаймақ Балқаймақ қазақтар үшін дәмділердің дәмдісі саналады. Оның балқаймақ аталуының сыры да осында. Тіпті әйгілі композитор Құрманғазының "Балқаймақ" деп аталатын туындысы да бар екені белгілі. Жаңа алынған қаймақты әлсіз отқа қойып, ол сары майға айналып кетпес үшін оған бал мен ұн қосады. Осылайша, бәрі араласып, 10-15 минут отта тұрады. Қазір осыған ұқсас рецептілерді торттардың арасына жағатын кремдерді жасағанда пайдаланылады. Ал бұрынғы кезде қазақтар оны асқазан жараларын емдеуде сәл қызыл бұрыш қосып қолданған. Ал қазіргі үй ханымдары оған киви қосып да дайындап жүр.
9 слайд
Тапсырма:
1.Кез келген десерт әзірлеудің технологиялық картасын
жасап шығыңдар. Оларды дәптерге жазыңдар.
1. Алдын ала дайындалған тағамдардан десерт әзірлеңдер.
9 слайд
Тапсырма: 1.Кез келген десерт әзірлеудің технологиялық картасын жасап шығыңдар. Оларды дәптерге жазыңдар. 1. Алдын ала дайындалған тағамдардан десерт әзірлеңдер.
10 слайд
Жент әзірлеу технологиясын біліп алыңдар:
Ингредиенттер
-350 гр. талқан
-2 асқасық бал
-180 гр. қант
-180 гр. сары май
-7 асқасық сүт
-1 шәйқасық какао ұнтағы
-1,5 асқасық күнжіт, мейіз, жержаңғақ – татымына қарай қосамыз
https://youtu.be/yoQWnTDsh98
10 слайд
Жент әзірлеу технологиясын біліп алыңдар: Ингредиенттер -350 гр. талқан -2 асқасық бал -180 гр. қант -180 гр. сары май -7 асқасық сүт -1 шәйқасық какао ұнтағы -1,5 асқасық күнжіт, мейіз, жержаңғақ – татымына қарай қосамыз https://youtu.be/yoQWnTDsh98
11 слайд
5 минут ішінде «Ыдыстағы Кекс» жасау жолдарымен таныстыру
https://www.youtube.com/watch?v=Zu6KgWDZ61M
11 слайд
5 минут ішінде «Ыдыстағы Кекс» жасау жолдарымен таныстыру https://www.youtube.com/watch?v=Zu6KgWDZ61M
12 слайд
Ингредиенттер
-
-
-
-
Дайындау әдісі
-
-
Керекті құрал-саймандар
1
2
3
12 слайд
Ингредиенттер - - - - Дайындау әдісі - - Керекті құрал-саймандар 1 2 3
13 слайд
Бағалау критерийлері Жетті Талпынады
Ингредиенттер тізімін жасай алады.
Кекстің дайындалу жолдарын жазып көрсетеді.
Керекті құрал-саймандарды анықтай алады.
Берілген уақытты ұтымды пайдаланады.
13 слайд
Бағалау критерийлері Жетті Талпынады Ингредиенттер тізімін жасай алады. Кекстің дайындалу жолдарын жазып көрсетеді. Керекті құрал-саймандарды анықтай алады. Берілген уақытты ұтымды пайдаланады.
14 слайд
Рефлексия
14 слайд
Рефлексия