1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда мектеп психологінің жұмысы

#1 слайд
Девиантты мінез-құлықты
балалармен
жұмыстарды ұйымдастыруда
мектеп психологінің жұмысы
1 слайд
Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда мектеп психологінің жұмысы
#2 слайд
Девиантты мінез-құлықтың сыртқы физикалық жағдайларына
климаттық, геофизикалық, экологиялық факторларды енгіземіз.
Мысалы, шу, геомагниттік, өзгеріс, таршылық, т.б жағдайлар үрей
туғызып агрессивті және басқа да қажетсіз мінез-құлықтың
көрінуінің бір себебі болады. Сонымен бірге әлеуметтік орта
әсерлері де өз ықпалын тигізеді:
• қоғамдық үрдістер (әлеуметтік-экономикалық жағдай,
мемлекеттік саясат, салт дәстүр, бұқаралық ақпарат құралдары,
т.б.);
• тұлға бар әлеуметтік топ мінездемесі (этикалық құрылым,
әлеуметтік мәртебе, референтті топ,);
• микроәлеуметтік орта (отбасының өмір стилі және деңгейлері,
отбасындағы өзарақарым-қатынас типі, отбасындағы тәрбие стилі,
достар, басқа да маңызды адамдар).
2 слайд
Девиантты мінез-құлықтың сыртқы физикалық жағдайларына климаттық, геофизикалық, экологиялық факторларды енгіземіз. Мысалы, шу, геомагниттік, өзгеріс, таршылық, т.б жағдайлар үрей туғызып агрессивті және басқа да қажетсіз мінез-құлықтың көрінуінің бір себебі болады. Сонымен бірге әлеуметтік орта әсерлері де өз ықпалын тигізеді: • қоғамдық үрдістер (әлеуметтік-экономикалық жағдай, мемлекеттік саясат, салт дәстүр, бұқаралық ақпарат құралдары, т.б.); • тұлға бар әлеуметтік топ мінездемесі (этикалық құрылым, әлеуметтік мәртебе, референтті топ,); • микроәлеуметтік орта (отбасының өмір стилі және деңгейлері, отбасындағы өзарақарым-қатынас типі, отбасындағы тәрбие стилі, достар, басқа да маңызды адамдар).
#3 слайд
Девиацияның екінші түрі - делинквентті мінез-
құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның
мынадай типтері бар:
1. Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке
тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-
жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс
береді.
2. Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение):
майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау
т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке
байланысты жат мінез-құлық.
3. Наша сату және тарату.
3 слайд
Девиацияның екінші түрі - делинквентті мінез- құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның мынадай типтері бар: 1. Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп- жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс береді. 2. Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение): майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты жат мінез-құлық. 3. Наша сату және тарату.
#4 слайд
1. Биологиялық факторлар – баланың әлеуметтік бейімделуіне кедергі
жасайтын физиологиялық және анатомиялық жағымсыз ерекшеліктер.
Оларға мыналар жатады:
- ұрпақтан-ұрпаққа берілетін немесе ананың жүкті болғанда дұрыс
тамақтанбауы, арақ-шарап, нашақорлы заттарды пайдалануы, темекі
тартуы, ананың физикалық, психикалық т.б. сырқаттары себеп болатын
генетикалық факторлар: ақыл-ой дамуының бұзылуы, есту, көру
кемшіліктері, жүйке жүйесінің зақымдауынан пайда болған денедегі
кемшіліктер.
- психофизиологиялық факторлар: психофизиологиялық күш, дау-
жанжал, келіспеушілік жағдайлар, адам организмдеріне кері әсер ететін,
қоршаған ортаның химиялық құрамы, соматикалық, аллергиялық,
токсикалық ауруларға душар ететін энергетикалық технологияның жаңа
түрлері;
- физиологиялық факторлар: сөйлеу дефекттері, адам бойындағы
соматикалық кемшіліктер.
4 слайд
1. Биологиялық факторлар – баланың әлеуметтік бейімделуіне кедергі жасайтын физиологиялық және анатомиялық жағымсыз ерекшеліктер. Оларға мыналар жатады: - ұрпақтан-ұрпаққа берілетін немесе ананың жүкті болғанда дұрыс тамақтанбауы, арақ-шарап, нашақорлы заттарды пайдалануы, темекі тартуы, ананың физикалық, психикалық т.б. сырқаттары себеп болатын генетикалық факторлар: ақыл-ой дамуының бұзылуы, есту, көру кемшіліктері, жүйке жүйесінің зақымдауынан пайда болған денедегі кемшіліктер. - психофизиологиялық факторлар: психофизиологиялық күш, дау- жанжал, келіспеушілік жағдайлар, адам организмдеріне кері әсер ететін, қоршаған ортаның химиялық құрамы, соматикалық, аллергиялық, токсикалық ауруларға душар ететін энергетикалық технологияның жаңа түрлері; - физиологиялық факторлар: сөйлеу дефекттері, адам бойындағы соматикалық кемшіліктер.
#5 слайд
Психологиялық факторлар. Бұған баладағы
психопатологиялар мен мінездегі кейбір
қасиеттердің басым болуы т.б. жатады. Бұл
ауытқушылықтар жүйелік-психикалық
ауруларда, психопатияда, неврастенияда т.б.
көрінеді. Акцентуациялық сипаттағы мінезді
балалар өте ашушаң, дөрекі болады. Оларға
міндетті түрде әлеуметтік-медициналық
реабилитация, сонымен қоса, арнайы
ұйымдастырылған тәрбиелік жұмыстар
жүргізу керек.
5 слайд
Психологиялық факторлар. Бұған баладағы психопатологиялар мен мінездегі кейбір қасиеттердің басым болуы т.б. жатады. Бұл ауытқушылықтар жүйелік-психикалық ауруларда, психопатияда, неврастенияда т.б. көрінеді. Акцентуациялық сипаттағы мінезді балалар өте ашушаң, дөрекі болады. Оларға міндетті түрде әлеуметтік-медициналық реабилитация, сонымен қоса, арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жұмыстар жүргізу керек.
#6 слайд
3. Әлеуметтік-педагогикалық факторлар. Олар
мектептік, отбасылық, қоғамдық тәрбиедегі
кемшіліктердің нәтижесінде, баланың оқудағы
үлгермеушілігіне байланысты. Мұндай балалар
көбінесе мектепке дайындығы жоқ, үйге
берілген оқу тапсырмаларына және бағаларға
парықсыз қарайтындар. Бұның бәрі баланың
оқудағы бейімсіздігін көрсетеді. Оқушының
оқудағы бейімсіздігінің (дезадаптация)
қалыптасуы мынадай сатылардан өтеді:
6 слайд
3. Әлеуметтік-педагогикалық факторлар. Олар мектептік, отбасылық, қоғамдық тәрбиедегі кемшіліктердің нәтижесінде, баланың оқудағы үлгермеушілігіне байланысты. Мұндай балалар көбінесе мектепке дайындығы жоқ, үйге берілген оқу тапсырмаларына және бағаларға парықсыз қарайтындар. Бұның бәрі баланың оқудағы бейімсіздігін көрсетеді. Оқушының оқудағы бейімсіздігінің (дезадаптация) қалыптасуы мынадай сатылардан өтеді:
#7 слайд
4. Әлеуметтік-экономикалық
факторлар. Әлеуметтің теңсіздігі,
қоғамның кедей және бай болып
бөлінуі, жұрттың кедейленуі,
жұмыссыздық, инфляция, әлеуметтік
кернеу, т.б.
7 слайд
4. Әлеуметтік-экономикалық факторлар. Әлеуметтің теңсіздігі, қоғамның кедей және бай болып бөлінуі, жұрттың кедейленуі, жұмыссыздық, инфляция, әлеуметтік кернеу, т.б.
#8 слайд
5. Моралді-этикалық факторлар.
Қазіргі қоғамның адамгершілік
қасиеттерінің деңгейі төмен болуы,
рухани құндылықтардың бұзылуы
8 слайд
5. Моралді-этикалық факторлар. Қазіргі қоғамның адамгершілік қасиеттерінің деңгейі төмен болуы, рухани құндылықтардың бұзылуы
#9 слайд
Девиантты мінез-құлықты балаларды түзету күрделі әрі қиын әрі
ұзақ процесс. Оны іске асыруда көп шыдамдылық пен белсенділік
қажет. Қазіргі, осы саладағы әлеуметтік, педагогикалық талаптар
мен жүзеге асырылып жатқан тәжірибелер негізінде, бұл саладағы
тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда мынадай шарттарды орындау
қажеттігі туады:
• балаға ілтипатпен, ізгі тілектестікпен қарау;
• оның жағымды қасиеттеріне сүйену;
• оның адамгершілік күшіне, потенциалды мүмкіндіктеріне сену;
• оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жасалған
жалпы білім беретін бағдарламаларды тиімді пайдалану;
• салауатты өмір салтын қалыптастыруға, қауіпсіз тіршілік етуге
бағытталған тәрбиелік бағдарламаларды ұштастыра пайдалану;
• девиантты мінезге ие балалардың білім алуы мен бос уақытын
пайдалы іс-әрекеттермен өткізу жолдарын қарастыратын жаңа
кешенді бағдарламалар құру;
9 слайд
Девиантты мінез-құлықты балаларды түзету күрделі әрі қиын әрі ұзақ процесс. Оны іске асыруда көп шыдамдылық пен белсенділік қажет. Қазіргі, осы саладағы әлеуметтік, педагогикалық талаптар мен жүзеге асырылып жатқан тәжірибелер негізінде, бұл саладағы тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда мынадай шарттарды орындау қажеттігі туады: • балаға ілтипатпен, ізгі тілектестікпен қарау; • оның жағымды қасиеттеріне сүйену; • оның адамгершілік күшіне, потенциалды мүмкіндіктеріне сену; • оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жасалған жалпы білім беретін бағдарламаларды тиімді пайдалану; • салауатты өмір салтын қалыптастыруға, қауіпсіз тіршілік етуге бағытталған тәрбиелік бағдарламаларды ұштастыра пайдалану; • девиантты мінезге ие балалардың білім алуы мен бос уақытын пайдалы іс-әрекеттермен өткізу жолдарын қарастыратын жаңа кешенді бағдарламалар құру;

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген