Материалдар / Діни білім
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Діни білім

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал студенттерге оның ішінде дін мамандығына түскен дінтанушыларға көмектеседі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Ақпан 2021
488
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материалдың қысқаша түсінігі
Діни білім Орындаған: Булат Адиль, Ділтай Жанерке, Дайрабекова Айдана, Жаксылыкбаева Айшолпан, Жамауова Енлик, Кутлымуратова

1 слайд
Діни білім Орындаған: Булат Адиль, Ділтай Жанерке, Дайрабекова Айдана, Жаксылыкбаева Айшолпан, Жамауова Енлик, Кутлымуратова Жанель, Қайдар Еркебұлан, Қадірәлі Рахима, Лесбай Нұрым

Ғылым мен техниканың дамуына, адамзаттың шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуына толыққанды жағдай жасаған XX ғасыр да тарих

2 слайд
Ғылым мен техниканың дамуына, адамзаттың шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуына толыққанды жағдай жасаған XX ғасыр да тарих қойнауына енді. Өте ерте заманда-ақ пайда болған дін әлі күнге өз позициясын адамзат санасының басқа түрлерінің алдында бермей келеді. XX І ғасырда түрлі конфессиялар мен діни ұйымдар ойдағыдай әрекеттесуші институттар ретінде өркениеттің бір саласы болып өмір сүре бермек. Діннің тұрақты сақталып келе жатқаны факт болып табылады.Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін рухани ояну процесі басталды. Бұл – кең көлемдегі тоқтаусыз процесс. Болашаққа қол созған жарқын істеріміздің, ұдайы алға жетелейтін үмітіміздің маңызды бір бөлігі – діни өрлеу.

Дін – қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі, қаншама ғасырлар бойы адамзат баласы діннің мән-мағынасын ашып көрсетуге

3 слайд
Дін – қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі, қаншама ғасырлар бойы адамзат баласы діннің мән-мағынасын ашып көрсетуге талпынып, қаншама ұлағатты істер атқарды. Дін мағынасына анықтамалық теория беру де оңай емес. «Религия» -(дін) терминіне келетін болсақ, латын тілінен аударғанда «байланыс» дегенді білдіреді. Адам Абсолютпен (ең кемел бағдарлаушымен) байланысын сезінеді, бұл адамның табиғатымен бітіскен қасиеті. Барлық діндерге ортақ мүдде – адамдардың бейбіт өмір сүруі. Егер адамдардың құдайға деген сенімдері, дінге деген сенімдері қалыптасса, бейбіт тіршілік ету мәселесі де шешіледі. Дін адамның ішкі жан дүниесінде мейрімділік, шыншылдық, махаббат деген сенім мен үмітті қалыптастырады.

Діни білім – мемлекеттік оқу орындарындағы дін туралы білім немесе дін қызметкерлерін дайындауға бағытталған ілімді білдіред

4 слайд
Діни білім – мемлекеттік оқу орындарындағы дін туралы білім немесе дін қызметкерлерін дайындауға бағытталған ілімді білдіреді және ол мемлекеттік білім беру жүйесінде бұрыннан келе жатқан маңызды фактор. Діни білім әлемнің көптеген өркениетті мемлекеттеріндегі оқу орындарында бұрыннан жүргізіліп келеді. Ал, дінтану – бұл діннің қоғамдық маңыздылығы бар феномен ретінде жалпы жүйелік білім беретін пән. Қазіргі жаһандану процесі кезінде әр мемлекет өзінің ұлттық құндылықтарын, ұлттық болмысын сақтап қалуға тырысады. Бүгінгі әлеуметтік жағдайда елімізде белгілі бір идеологиялық білім ретінде дінге деген қажеттілік бар. Сол себептен, Қазақстан қоғамының түрлі этностық, конфессиялық сипатын ескере отыра, соған қоса ұлттық діни мұраны сақтап қалатындай қазіргі зайырлы қоғамға, заман талабына сай дінтану пәнін оқыту, дінтанушы мамандар аса қажет және бұл тақырып қашан да өзекті болып қала бермек.

Кеңестік идеология мен тоталитаризм нәтижесінде орын алған дін саласындағы жағдай мен халықтың діни сауатсыздығын пайдаланып,

5 слайд
Кеңестік идеология мен тоталитаризм нәтижесінде орын алған дін саласындағы жағдай мен халықтың діни сауатсыздығын пайдаланып, шетелдерден түрлі діни ағымдар келе бастады. Қазақ жастарының бір бөлігі исламнан бөлек түрлі дәстүрлі емес діни ағымдардың жетегінде кете барды, қалған бөлігі мұсылман елдері, солардың ішінде Иран, Сауд Арабиясы, Мысыр елдерінен келген идеологиялық діни ағымдардың ықпалына ұрынды. Ал, қазақи дәстүр мен мәдениетті сақтап қалған бөлігі ұлттық құндылықтарды алға тартты. Сондықтан, шетелден келген идеологияларға ұрынбай, өзіміздің ұлттық болмысымызды, дінімізді, зайырлы сипатымызды сақтап қалу үшін, халықтың діни сауаттылығын көтеру үшін діни білім, дінді оқытатын, діни жағдайды бақылап, талдау жасай алатын мамандар қажет болды.

Әрбір мемлекеттің діни білім беру жүйесінің қалыптасуындағы басымдықтарды бірінші кезекте мемлекет құрушы ұлттың діни қатысты

6 слайд
Әрбір мемлекеттің діни білім беру жүйесінің қалыптасуындағы басымдықтарды бірінші кезекте мемлекет құрушы ұлттың діни қатыстылығы айқындайтыны белгілі. Мұсылман қазақ ұлтының отаны – Қазақстандағы діни білім беру жүйесі соңғы жүзжылдықтарға дейін бірыңғай ислами арнада дамыды.Қазақстандағы ислами білім беру жүйесінің ерте орта ғасырлардан басталған мың жылдан аса тарихы мен тәжірибесі бар. Ең алғашқы ислами орта оқу орындары болған медреселердің араб жерінде емес, Түркістан өлкесінде пайда болғаны тарихтан белгілі. Мұның басты себебі тілдік фактордың әсері болып табылады. Мұсылмандықты қабылдаған түркі халықтары үшін ислам дінінің негіздерін үйрену, шариғат заңдылықтарын түсіну, зерттеу, тарату талпынысын араб тіліндегі Құран Кәрімді, Мұхаммед пайғамбар хадистерін, исламдық мәтіндерді игеру арқылы ғана жүзеге асыру мүмкін болып табылатын.

Қазақ даласындағы рухани білім кеңістігінің бірегейлігін қамтамасыз еткен көзге көрінбейтін факторлардың ең негізгілері – ха

7 слайд
Қазақ даласындағы рухани білім кеңістігінің бірегейлігін қамтамасыз еткен көзге көрінбейтін факторлардың ең негізгілері – халықтық рухани мұралар болды. Қазақ халқының дүниетанымы, діни көзқарастары, ұлттың рухани құндылықтары ауыз әдебиеті шығармаларында көрініс тапты. Діни тақырыпқа арналған қисса- дастандардан ислам дінінің негізгі қағидалары, танымал тұлғалары, шариғат заңдары жайлы мол мәлімет алуға болатын. Есепсіз көп мұндай туындылар көпшілікке арналған діни оқулықтың ролін қоса атқарып, қазақ мұсылмандығын қалыптастырудың, діни сауатын көтерудің теңдессіз құралына айналды.

Мұсылманның парызы саналатын іс- әрекеттер (бес уақыт намаз, ораза, қажылық) де белгілі бір дәрежеде араб тілді мәтіндермен ба

8 слайд
Мұсылманның парызы саналатын іс- әрекеттер (бес уақыт намаз, ораза, қажылық) де белгілі бір дәрежеде араб тілді мәтіндермен байланысты болды. Сондықтан ислам дінін игеру бірінші кезекте күрделі де көп салалы араб тілін жүйелеп, жіктеп, егжей-тегжейлі үйренуді талап етті. Діни мәтіндердің мағыналық ерекшелігі мен көп қабаттылығы да араб тілін жетік игеруді міндеттеді. Осыған орай араб тілінің фонетикасын, морфологиясы мен синтаксисін арнайы пәндер арқылы игеру қажеттілігі туындады. Тіл игеруден кейінгі қиындық діни мәтіндер мен ілімдерді барлық қосымша пәндерімен қоса оқып- үйренумен байланысты болды. Бұл Құран ілімдері мен шариғат ғылымдарының екі үлкен сала ретінде қалыптасып, дербес оқытылуына негіз қалады. Осының барлығы араб тілі мен ислам дінінің негіздерін толығымен қамтып, жүйелендірген білім ордасы – медреселердің қалыптасуына алып келді.

2001 жылға дейін елімізде дінтану мамандығы бойынша жүйелі оқыту моделі болған жоқ. Дінтану саласында оқып бітірген жастарға

9 слайд
2001 жылға дейін елімізде дінтану мамандығы бойынша жүйелі оқыту моделі болған жоқ. Дінтану саласында оқып бітірген жастарға «Дінтанушы және араб тілінің маманы» деген біліктілік берілді. Тек, 2002 жылдан бастап «Дінтанушы» біліктілігі беріле бастады. Алғашқы кезеңдерде дінтану әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлемдік тілдер университетінде, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жүргізілді. Кейіннен бұл мамандықтар Демирел атындағы Қазақ-түрік халықаралық университетінде және «Нұр» қазақ- египет ислам университетінде (бұрынғы «Нұр-Мүбәрак» Мысыр ислам мәдениеті университеті) жүргізіле бастады.

Бүгінгі күні Қазақстанда дін мамандары екі бағытта – дінтанушылар мен теологтар ретінде даярланады. Дінтанушылар дінді ғылым

10 слайд
Бүгінгі күні Қазақстанда дін мамандары екі бағытта – дінтанушылар мен теологтар ретінде даярланады. Дінтанушылар дінді ғылыми тұрғыдан зерттеп, жалпы әлемде бар барлық діндердің тарихы мен теориясын қарастырса; теологтар құдайды, дінді іш жағынан, діни тұрғыдан зерттеп, құдай идеясын мойындайтын және негіздейтін діндерді, ең алдымен, әлемдік діндерді зерттейді. Дінтанушы мамандарды Түркістан қаласындағы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде, Қарағанды қаласындағы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша даярлайды. Түркістан қаласындағы Қ.А. Ясауи атындағы университет

Дінтанушы мамандарға мемлекеттік, діни және қоғамдық ұйымдарда, бұқаралық ақпарат құралдарында тәуелсіз сарапшы ретінде және

11 слайд
Дінтанушы мамандарға мемлекеттік, діни және қоғамдық ұйымдарда, бұқаралық ақпарат құралдарында тәуелсіз сарапшы ретінде және сарапшылар комиссиясы құрамында, мемлекеттік басқару, сыртқы және ішкі саясат бөлімінің, дін істері агенттігінің қызметкерлері, мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары ретінде сұраныс жоғары.Қоғамда зайырлы дінтанушы мамандармен қатар, дінді тереңінен түсіндіретін теолог мамандарға да сұраныс жоғары.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Республикалық Имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтында имамдар бірне

12 слайд
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Республикалық Имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтында имамдар бірнеше айлық курстардан өтіп, дәрістер алып, курс соңында емтихан түрінде сынақтан өтеді. Бұдан басқа, 9 медресе мен Ақмола және Павлодар облыстарында 2 қарилар дайындау орталығы жұмыс істейді. Исламдық білім беретін оқу орындары мен білім беру мекемелерінің бұл көрсеткішіне қарамастан, имамдарды даярлау саласында да әлі шешімін таппаған мәселелер бар. Қазақстандағы мешіттерде әлі де имамдардың жетіспеушілігі байқалады. Қазақстандағы барлығы 2228 мешітте жұмыс істейтін имамдардың шамамен 30% ғана жоғары білімі бар. Әзірет Сұлтан мешіті, Нұр-Сұлтан қаласы

Егер, республика бойынша жоғары білімді имамдарды даярайтын тек бір ғана жоғарғы оқу орны барын ескерсек, бұл көрсеткіш заңды

13 слайд
Егер, республика бойынша жоғары білімді имамдарды даярайтын тек бір ғана жоғарғы оқу орны барын ескерсек, бұл көрсеткіш заңды. Халықтың 70 % астамы мұсылмандар болып табылады, ислам дінінің қазақ халқы үшін тарихи, мәдени маңызы зор. Халыққа ислам дінінің негіздерін, дін атын жамылған дәстүрлі емес діни ағымдар мен ұйымдардың діни идеологиясын ислам дінінің ханафи мазхабынан ажыратып бере алатын, бүгінгі діни ахуал жағдайында қоғамдағы тұрақтылықты сақтау үшін, әсіресе жастар арасында экстремистік және лаңкестік идеялардың алдын алу мақсатында діни сауаттылықты арттыруға бағытталған уағыздарды жүргізуде имамдардың рөлі зор. Сондықтан, ислам бағытындағы дін қызметшілерін даярлау мәселесі әлі де жетілдіруді қажет етеді.

Қазақстанда теолог мамандарды даярлау тек ислам діні бойынша ғана жүзеге асырылмайды, 1997 жылдан бері католик діни қызметшіл

14 слайд
Қазақстанда теолог мамандарды даярлау тек ислам діні бойынша ғана жүзеге асырылмайды, 1997 жылдан бері католик діни қызметшілерін даярлайтын «Мария – Шіркеу анасы» Епархияаралық Жоғарғы Діни семинариясы қызмет істейді. Аталмыш діни оқу орны Орта Азия бойынша жалғыз діни семинария болып табылады. Семинарияда оқыту мерзімі 8 жылды құрайды. Бүгінгі таңда Епархияаралық семинарияда 20 астам діни қызметші ғана даярланады. Бұл көрсеткіш шет елден келетін миссионерлер санынан да аз. Жалпы, дінтанушылар мен діни қызметшілерді даярлайтын білім беру жүйесінің бүгінгі көрінісі осындай. Бірақ, дін туралы білім тек орта немесе жоғарғы оқу орындарында ғана емес, бұл отбасында, кейін мектеп қабырғасында да негізі қалануы тиіс білім болып табылады. Себебі, өскелең ұрпаққа және жастарға дін, оның тарихы, адам өміріндегі, мәдениет пен рухани-өнегелік саладағы діннің рөлі туралы объективті ғылыми білім беру қажет.

2009 жылы «Дінтану негіздері» курсы бойынша жалпы білім беретін мектептердің 9-сыныптарына арналған бағдарлама бекітіліп, 201

15 слайд
2009 жылы «Дінтану негіздері» курсы бойынша жалпы білім беретін мектептердің 9-сыныптарына арналған бағдарлама бекітіліп, 2010 жылдан бастап Қазақстан мектептерінде оқытыла бастады. Бұл өз кезегінде жас ұрпаққа дінді таңдау немесе таңдаудан бас тарту кезінде ар-ождан бостандығына өз құқығын табысты жүзеге асыруға, нейтралдық ұстаным тұрғысынан дін туралы объективті білімді қалыптастыруға, Қазақстандағы және әлемдегі тыйым салынған діни ұйымдар туралы толыққанды ақпарат алуға мүмкіндік береді. Дін туралы білім беретін пәнді мектеп бағдарламасына енгізу тәжірибесі өзге елдердің білім бағдарламаларында да бар. Мысалы, көрші мемлекет Ресейде 2010 жылдан бастап «Діни мәдениет және зайырлы этика негіздері» оқу пәні мектеп бағдарламасына енгізілсе, мектеп бағдарламасына дінтануды енгізу бойынша алғашқы қадам жасаған Белоруссия мемлекеті болды.

Дінтану пәні – бұл тек діндер туралы ғылыми пән ғана емес, сонымен қатар ең басты мақсаты – оқушының дін туралы түсінігін жән

16 слайд
Дінтану пәні – бұл тек діндер туралы ғылыми пән ғана емес, сонымен қатар ең басты мақсаты – оқушының дін туралы түсінігін және оған деген объективті қатынасын қалыптастыруға мүмкіндік беретін гуманитарлық пән болып табылады. Сондықтан, бұл пәнді арнайы дінтанулық білім бар мамандар беруі тиіс. Өкінішке орай, бүгінгі таңда мектептерде аталған пәнді дінтанушы мамандар емес, өзге пән мұғалімдері жүргізуде. Мектептегі дінтану пәнін арнайы дінтанушылардың оқыту жолдарын қарастыру керек, болмаса бұл пәнді жүргізіп жатқан мұғалімдерді дінтану саласы бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өткізу қажет.

Діннің қоғамдағы рөлін, тұлғаның қалыптасуындағы маңызды орнын, еліміздің поликонфессиялығын ескере отырып, бүгінгі дәстүрлі

17 слайд
Діннің қоғамдағы рөлін, тұлғаның қалыптасуындағы маңызды орнын, еліміздің поликонфессиялығын ескере отырып, бүгінгі дәстүрлі емес діни ағымдардың етек алып, діни негіздегі экстремистік, террористік саясаттың өрбуі кезеңінде халықтың діни сауаттылығын көтеру үшін, жастардың бойында түрлі жат ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру үшін, елдегі және шетелдердегі діни жағдайды бақылап, талдау жасай білу үшін көпконфессиялы қазақстандық қоғамға діни білім аса қажет және бүгінгі күні өзекті болып табылады. Жалпы, діннің қоғамдағы рөлі артқан сайын, бүгінгі қоғамның сұранысын қанағаттандыра алатындай дін мамандары мен діни қызметшілерді даярлайтын орта және жоғары оқу орындарын құру мен қолдауға көңіл бөлінуде .

Тәуелсіздік алған бастапқы жылдармен салыстырғанда бүгінгі күні Қазақстанда дінтанушы және теолог мамандарды даярлау біршама

18 слайд
Тәуелсіздік алған бастапқы жылдармен салыстырғанда бүгінгі күні Қазақстанда дінтанушы және теолог мамандарды даярлау біршама алға басқанын атап өту қажет. Ханафи мазхабындағы ислам дінін тереңдете оқытатын, исламтанушыларды ...