«Экологиялық мәдениет пен сананы қалыптастыру: педагогтың рөлі»
«Экологиялық мәдениет пен сананы қалыптастыру: педагогтың рөлі»

#1 слайд
Семинар тақырыбы:
«Экологиялық мәдениет пен сананы
қалыптастыру: педагогтың рөлі»
1 слайд
Семинар тақырыбы: «Экологиялық мәдениет пен сананы қалыптастыру: педагогтың рөлі»
#2 слайд
Мақсаты:
Педагогтардың мәдениетін арттыру, табиғатты қорғау және
экологиялық тәрбие берудің дағдыларын дамыту.
Міндеті:
Экологиялық білім мен тәрбие әдістерін меңгерту,
педагогтардың экологиялық ойларын дамыту, экологиялық
сабақтарды ұйымдастыру тәжірибесін қалыптастыру.
2 слайд
Мақсаты: Педагогтардың мәдениетін арттыру, табиғатты қорғау және экологиялық тәрбие берудің дағдыларын дамыту. Міндеті: Экологиялық білім мен тәрбие әдістерін меңгерту, педагогтардың экологиялық ойларын дамыту, экологиялық сабақтарды ұйымдастыру тәжірибесін қалыптастыру.
#3 слайд
ЖҮРУ БАРЫСЫ:
1.Өлеңмен іс-әрекеті.
2.Тренинг:”Табиғаттағы менің орным” психолог: Махутова.П.С
3.Топқа бөлу:
4.Ойын: “Қоқысты сұрыпта” Әр командаға түрлі «қалдықтар» суреттері
(қағаз, пластик, шыны, азық-түлік қалдығы) беріледі.Міндеті: оларды
дұрыс қоқыс жәшігіне (түстері бар қораптар: көк – қағаз, сары –
пластик, жасыл – органикалық) бөліп салу.
5.Баяндама: “Балабақшадағы экологиялық тәрбие”- әдіскер Сирашева.Г.Т
6.Тәжірибе : Тәрбиешілер - Искендирова.Ұ.М; Сапарова.А.А
7.Логикалық сұрақ “Ребус” - психолог Махутова.П.С
8.Өзіндік жұмыс: топтар арасында
9.Қорытынды.
3 слайд
ЖҮРУ БАРЫСЫ: 1.Өлеңмен іс-әрекеті. 2.Тренинг:”Табиғаттағы менің орным” психолог: Махутова.П.С 3.Топқа бөлу: 4.Ойын: “Қоқысты сұрыпта” Әр командаға түрлі «қалдықтар» суреттері (қағаз, пластик, шыны, азық-түлік қалдығы) беріледі.Міндеті: оларды дұрыс қоқыс жәшігіне (түстері бар қораптар: көк – қағаз, сары – пластик, жасыл – органикалық) бөліп салу. 5.Баяндама: “Балабақшадағы экологиялық тәрбие”- әдіскер Сирашева.Г.Т 6.Тәжірибе : Тәрбиешілер - Искендирова.Ұ.М; Сапарова.А.А 7.Логикалық сұрақ “Ребус” - психолог Махутова.П.С 8.Өзіндік жұмыс: топтар арасында 9.Қорытынды.
#4 слайд
Экологиялық тәрбие — ол адам санасында табиғатты
қорғау, аялау сезімін, экологиялық мәдениетті
қалыптастыру.
Экологиялық тәрбие мақсаты – адамдарға табиғатқа,
қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды, оны қорғауға
даярлықтарын қалыптастыру. Экологиялық тәрбиенің міндеті-
жас ұрпақ пен барлық адамдардың жоғарғы экологиялық
мәдениетін бірізді дамыту;
4 слайд
Экологиялық тәрбие — ол адам санасында табиғатты қорғау, аялау сезімін, экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Экологиялық тәрбие мақсаты – адамдарға табиғатқа, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды, оны қорғауға даярлықтарын қалыптастыру. Экологиялық тәрбиенің міндеті- жас ұрпақ пен барлық адамдардың жоғарғы экологиялық мәдениетін бірізді дамыту;
#5 слайд
Балалардың экологиялық тәрбиесі алуан түрлі ықпал ету
құралдарының көмегі арқылы іске асырылады:
- саяхат;
- мұражайларға бару;
- мақсаттық серуендеу;
- телебағдарламалар, бейнефильмдер;
- табиғат туралы көркем әдебиеттер;
- суреттерді, фотосуреттерді тамашалау.
- музыка тыңдау;
- дидактикалық ойындар, мақалдар- мәтелдер;
Экологияға байланысты қалалық жарыстарға қатысу.
5 слайд
Балалардың экологиялық тәрбиесі алуан түрлі ықпал ету құралдарының көмегі арқылы іске асырылады: - саяхат; - мұражайларға бару; - мақсаттық серуендеу; - телебағдарламалар, бейнефильмдер; - табиғат туралы көркем әдебиеттер; - суреттерді, фотосуреттерді тамашалау. - музыка тыңдау; - дидактикалық ойындар, мақалдар- мәтелдер; Экологияға байланысты қалалық жарыстарға қатысу.
#6 слайд
Әр түрлі жастағы балаларды табиғатпен таныстыру міндеттерінің
ерекшеліктері
Әрбір жас топтарында балаларды табиғатпен таныстыру белгілі бір бағдарламалық
міндеттерге сай жүзеге асырылады. Олар баланың табиғат тану білімдерін бірте-бірте
меңгеруін алдын ала қарастырады.
2 жастан 3 жасқа қараған балаларды өсімдіктермен, жануарлармен, өлі табиғат
құбылыстарымен таныстырады, оларды кеңістікті ажырата білуге және өсімдіктердің
(жапырақтардың, гүлдердің түсін) кейбір белгілерін, жануарлардың қимылдауын
ерекшелеп, дұрыс атауға, алғашқы көрнекі байланыстар мен жануарларға сүйенуге
(балықтар суда жүзеді) үйретеді.
Төрт жасқа қараған балаларда олардың өмірде үнемі кездесіп отыратын табиғатағы
заттар мен құбылыстар жөніндегі түсініктері қалыптасады, сабақтардағы, ойындардағы
заттық-сезімдік әрекеттер процесінде тани алатын байланыстарды орнатуға және өмірді
нақтылы түсінік ер формасында көрсетуге қол жеткізеді.
Бес жасқа қараған балаларда көрнекі-бейнелі ойлаудың жоғары формасы қалыптасады.
Олар жалпылаушы білімдерді меңгере алады. Балаларды өсімдіктердің, жануарлардың
жаратылысына тән ерекшеліктерін айыруға, олардың тіршілік ету жағдайларына
байланыстылығын анықтауға үйретеді.
Даярлық тобының балалары логикалық ойлаудың қарапайым формасы дамыған болуы тиіс:
анализдеу мен синтездеуге қабілеттілік, өсімдіктермен жануарлардың жеке және ортақ
белгілерін айыра және жалпылай (мысалы, қоректену, қозғалу, тіршілік реттегі жерлері т.б.
белгілеріне қарай жануарлардың әр түрлі топтарын жалпылау) білу.
6 слайд
Әр түрлі жастағы балаларды табиғатпен таныстыру міндеттерінің ерекшеліктері Әрбір жас топтарында балаларды табиғатпен таныстыру белгілі бір бағдарламалық міндеттерге сай жүзеге асырылады. Олар баланың табиғат тану білімдерін бірте-бірте меңгеруін алдын ала қарастырады. 2 жастан 3 жасқа қараған балаларды өсімдіктермен, жануарлармен, өлі табиғат құбылыстарымен таныстырады, оларды кеңістікті ажырата білуге және өсімдіктердің (жапырақтардың, гүлдердің түсін) кейбір белгілерін, жануарлардың қимылдауын ерекшелеп, дұрыс атауға, алғашқы көрнекі байланыстар мен жануарларға сүйенуге (балықтар суда жүзеді) үйретеді. Төрт жасқа қараған балаларда олардың өмірде үнемі кездесіп отыратын табиғатағы заттар мен құбылыстар жөніндегі түсініктері қалыптасады, сабақтардағы, ойындардағы заттық-сезімдік әрекеттер процесінде тани алатын байланыстарды орнатуға және өмірді нақтылы түсінік ер формасында көрсетуге қол жеткізеді. Бес жасқа қараған балаларда көрнекі-бейнелі ойлаудың жоғары формасы қалыптасады. Олар жалпылаушы білімдерді меңгере алады. Балаларды өсімдіктердің, жануарлардың жаратылысына тән ерекшеліктерін айыруға, олардың тіршілік ету жағдайларына байланыстылығын анықтауға үйретеді. Даярлық тобының балалары логикалық ойлаудың қарапайым формасы дамыған болуы тиіс: анализдеу мен синтездеуге қабілеттілік, өсімдіктермен жануарлардың жеке және ортақ белгілерін айыра және жалпылай (мысалы, қоректену, қозғалу, тіршілік реттегі жерлері т.б. белгілеріне қарай жануарлардың әр түрлі топтарын жалпылау) білу.
#7 слайд
Қорытындылай келе мектеп жасына дейінгі балаларға өз табиғатымызды сақтап, оның
әсемдігімен таныстыра отыра, өзіміздің өмір сүруімізге зор әсер ететіндігін, табиғат пен
адамдар тығыз байланыста екендігін, бір-бірінсіз тіршілік болмайтынын түсіндіре отыра
қоршаған ортаға деген қызығушылықтарын арттыруға, қамқор болып, қорғауға тәрбиелеуіміз
керек. Сонда ғана табиғатымыздың ауасы таза, берер құдіреті көп болмақ деген ойдамын. Осы
әсем табиғатымызды келешек ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырып отыру керектігі жөнінде
болашақ тәлімгерлерге білім беріп отырмын. Адам баласы Табиғаттың ең ұлы перзенті болумен
бірге, ең ұлы қамқоршысы да екенін ешқашан естен шығармауымыз керек. Табиғат
озбырлықты көтермейді. Оны мәпелеп, баптап, мейіріммен аялау арқылы ғана қажетті үлесіңді
үзбей ала аласың. Табиғат қазынасын қастерлеген адам ғана ұлы мұратқа жетеді. Өз
адамгершілігінің салмағын өлшегің келсе, табиғаттың сыр сипатын түсіне білуге әрекет жасап
көр. Адам табиғаттың ең сенімді, айнымас досы, қамқоры, қорғаушысы. Туған жеріміздің баға
жетпес қазынасын ысырап етпей, еселеп арттыра беру жолында талмай, жалықпай еңбек ету
барлық үлкен-кішінің абыройлы борышы, мүлтіксіз атқаратын міндеті. Табиғат – адам үшін
жайлы мекен, барлық игіліктің бастауы. Адамзаттың басты міндеті табиғи қуат көздерін
орнымен пайдалану, табиғат әсемдігін сақтау, қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүру,
мейірімділік нұрын шашу екенін ұмытпайық”. Адам табиғатқа тәуелді болса, табиғат та оған
тәуелді”, демекші барша байлықтың анасы – Жер. Жерді күтіп баптай білу, оның қойнауынан
қазба байлықтарын
игере ала білу, табиғат пен қоршаған ортаны түлетіп гүлдендіре беру өз қолымызда.
7 слайд
Қорытындылай келе мектеп жасына дейінгі балаларға өз табиғатымызды сақтап, оның әсемдігімен таныстыра отыра, өзіміздің өмір сүруімізге зор әсер ететіндігін, табиғат пен адамдар тығыз байланыста екендігін, бір-бірінсіз тіршілік болмайтынын түсіндіре отыра қоршаған ортаға деген қызығушылықтарын арттыруға, қамқор болып, қорғауға тәрбиелеуіміз керек. Сонда ғана табиғатымыздың ауасы таза, берер құдіреті көп болмақ деген ойдамын. Осы әсем табиғатымызды келешек ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырып отыру керектігі жөнінде болашақ тәлімгерлерге білім беріп отырмын. Адам баласы Табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге, ең ұлы қамқоршысы да екенін ешқашан естен шығармауымыз керек. Табиғат озбырлықты көтермейді. Оны мәпелеп, баптап, мейіріммен аялау арқылы ғана қажетті үлесіңді үзбей ала аласың. Табиғат қазынасын қастерлеген адам ғана ұлы мұратқа жетеді. Өз адамгершілігінің салмағын өлшегің келсе, табиғаттың сыр сипатын түсіне білуге әрекет жасап көр. Адам табиғаттың ең сенімді, айнымас досы, қамқоры, қорғаушысы. Туған жеріміздің баға жетпес қазынасын ысырап етпей, еселеп арттыра беру жолында талмай, жалықпай еңбек ету барлық үлкен-кішінің абыройлы борышы, мүлтіксіз атқаратын міндеті. Табиғат – адам үшін жайлы мекен, барлық игіліктің бастауы. Адамзаттың басты міндеті табиғи қуат көздерін орнымен пайдалану, табиғат әсемдігін сақтау, қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүру, мейірімділік нұрын шашу екенін ұмытпайық”. Адам табиғатқа тәуелді болса, табиғат та оған тәуелді”, демекші барша байлықтың анасы – Жер. Жерді күтіп баптай білу, оның қойнауынан қазба байлықтарын игере ала білу, табиғат пен қоршаған ортаны түлетіп гүлдендіре беру өз қолымызда.
#8 слайд
8 слайд
шағым қалдыра аласыз













