Емтихан алды стрестен қалай арылуға болады
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
Тренинг тақырыбы :
«Емтихан кезіндегі стресстен
қалай арылуға болады?»
Педагог-психолог:
Болатова Г.О.
1 слайд
Тренинг тақырыбы : «Емтихан кезіндегі стресстен қалай арылуға болады?» Педагог-психолог: Болатова Г.О.
2 слайд
Мақсаты:
•
Студенттердің толық жеке
және интеллектуалды
дамуына үлес қосу;
психологиялық қолдау,
эмоциялық өзін-өзі реттеу
әдістерін үйрету.
2 слайд
Мақсаты: • Студенттердің толық жеке және интеллектуалды дамуына үлес қосу; психологиялық қолдау, эмоциялық өзін-өзі реттеу әдістерін үйрету.
3 слайд
Тренинг құрылымы:
І. Кіріспе бөлім
1. Сәлемдесу жаттығуы
ІІ. Негізгі бөлім
2. «Шынымды айтсам» жаттығуы
3. «Стресске қалай қарсы тұру керек?» сауалнама
4. «Стресс-тест» тест жұмысы
5. «Бір-біріне» жаттығуы
Қорытынды бөлім
Стресстен арылудың жолдарына байланысты видео ролик
көрсету.
6. «Менің көңіл-күйім» жаттығуы
3 слайд
Тренинг құрылымы: І. Кіріспе бөлім 1. Сәлемдесу жаттығуы ІІ. Негізгі бөлім 2. «Шынымды айтсам» жаттығуы 3. «Стресске қалай қарсы тұру керек?» сауалнама 4. «Стресс-тест» тест жұмысы 5. «Бір-біріне» жаттығуы Қорытынды бөлім Стресстен арылудың жолдарына байланысты видео ролик көрсету. 6. «Менің көңіл-күйім» жаттығуы
4 слайд
І. Кіріспе бөлім
•
Стресс туралы ой қозғау, ол туралы білім
алушылардың ойын білу. Стресс туралы
видео-ролик көру.
4 слайд
І. Кіріспе бөлім • Стресс туралы ой қозғау, ол туралы білім алушылардың ойын білу. Стресс туралы видео-ролик көру.
5 слайд
1. Сәлемдесу жаттығуы
•
Нұсқау: Бүгінгі күнді 4 кіші топтарға бөлінуден бастайық.
Ол қыс, көктем, жаз, күз ұстанымы бойынша жасалынсын.
Әрбір топтың міндеті - сәлемдесу ойлап тауып,оны ым-
ишара арқылы басқа кіші топтарға көрсету.
•
Талдау:
•
Жаттығу қаншалықты сізге ұнады?
•
Сіздің тобыңыз тапсырманы қалай орындады?
•
Сәлемдесу тәсілі жылдам ойлап табылды ма?
•
Топтан қалай сәлемдесу қажетті жөніндегі,идеяны кім
ұсынды?
•
Қандай сәлемдесу сізге ерекше тәсілмен сәлемдескенде не
сезіндіңіздер?
5 слайд
1. Сәлемдесу жаттығуы • Нұсқау: Бүгінгі күнді 4 кіші топтарға бөлінуден бастайық. Ол қыс, көктем, жаз, күз ұстанымы бойынша жасалынсын. Әрбір топтың міндеті - сәлемдесу ойлап тауып,оны ым- ишара арқылы басқа кіші топтарға көрсету. • Талдау: • Жаттығу қаншалықты сізге ұнады? • Сіздің тобыңыз тапсырманы қалай орындады? • Сәлемдесу тәсілі жылдам ойлап табылды ма? • Топтан қалай сәлемдесу қажетті жөніндегі,идеяны кім ұсынды? • Қандай сәлемдесу сізге ерекше тәсілмен сәлемдескенде не сезіндіңіздер?
6 слайд
ІІ. Негізгі бөлім
•
2. «Шынымды айтсам» жаттығуы
•
Мақсаты: Айналадағылардың топтық сенімін бекіту,
ішкі қысымнан, қорқынышынан арылту, ашық болуға
бағыттау.
•
Уақыты: 15 мин.
•
Құрал-жабдықтар: аяқталмаған сөйлемдер топтамасы.
•
Нұсқау: алдарыңызда топтамалар жиынтығы жатыр.
Қазір әрқайсысыңыз кезекпен шығып, аяқталмаған
сөйлемдер жазылған топтаманы бір-бірлеп аласыз.
Сізге ойланбастан сөйлемді аяқтау қажет.
Мүмкіндігінше шынайы болуға тырсыңыздар. Егер топ
мүшелеріне жауабыңыз шынайы болып көрінбесе, онда
сізге басқа топтаманы алуға тура келеді.
6 слайд
ІІ. Негізгі бөлім • 2. «Шынымды айтсам» жаттығуы • Мақсаты: Айналадағылардың топтық сенімін бекіту, ішкі қысымнан, қорқынышынан арылту, ашық болуға бағыттау. • Уақыты: 15 мин. • Құрал-жабдықтар: аяқталмаған сөйлемдер топтамасы. • Нұсқау: алдарыңызда топтамалар жиынтығы жатыр. Қазір әрқайсысыңыз кезекпен шығып, аяқталмаған сөйлемдер жазылған топтаманы бір-бірлеп аласыз. Сізге ойланбастан сөйлемді аяқтау қажет. Мүмкіндігінше шынайы болуға тырсыңыздар. Егер топ мүшелеріне жауабыңыз шынайы болып көрінбесе, онда сізге басқа топтаманы алуға тура келеді.
7 слайд
Топтама үлгілері:
•
Шынымды айтсам, емтихан туралы ойлансам...
•
Шынымды айтсам, емтиханға дайындалып жатсам...
•
Шынымды айтсам мен алдағы емтиханнан...
•
Шынымды айтсам, мен үйге келгенде...
•
Шынымды айтсам, мен алдағы емтиханға байланысты ата-
анамның қобалжуын ойласам...
•
Шынымды айтсам, мен қобалжығанда...
•
Шынымды айтсам, мен ойымды жинақтай алмай жатқанда...
•
Шынымды айтсам, мен осы емтихан туралы естігенде...
•
Шынымды айтсам, алдағы сынақтар мені ....
•
Шынымды айтсам, мен сенемін ....
•
Талдау:
•
Ұсынылған сөйлемдерді аяқтау қиын болды ма?
•
Топ қатысушылары туралы жаңа бір нәрсе білдіңіздер ме?
•
Сіздің қазіргі сәттегі өмірлік маңызды мақсаттарыңыз
қандай?
7 слайд
Топтама үлгілері: • Шынымды айтсам, емтихан туралы ойлансам... • Шынымды айтсам, емтиханға дайындалып жатсам... • Шынымды айтсам мен алдағы емтиханнан... • Шынымды айтсам, мен үйге келгенде... • Шынымды айтсам, мен алдағы емтиханға байланысты ата- анамның қобалжуын ойласам... • Шынымды айтсам, мен қобалжығанда... • Шынымды айтсам, мен ойымды жинақтай алмай жатқанда... • Шынымды айтсам, мен осы емтихан туралы естігенде... • Шынымды айтсам, алдағы сынақтар мені .... • Шынымды айтсам, мен сенемін .... • Талдау: • Ұсынылған сөйлемдерді аяқтау қиын болды ма? • Топ қатысушылары туралы жаңа бір нәрсе білдіңіздер ме? • Сіздің қазіргі сәттегі өмірлік маңызды мақсаттарыңыз қандай?
8 слайд
3. Сауалнама «Стреске қалай қарсы тұру керек?»
Мақсаты: осы сұрақ бойынша қатысушылардың
хабардалығын айқындау және проблемаларды табу.
•
Сауалнама сұрақтары:
•
Сіздің ойыңызша, сіз стреске берілгішсіз бе?
•
Стресс туралы әдебиеттен оқыдыңыз ба?
•
Сіздің ойыңызша стресттің себептері қандай?
•
Сіз стресс белгілерін білесіз бе?
•
Қалай ойлайсыз,стресс неге ықпал етеді?
•
Қандай азық-түлік, ақыл-ой іс-әрекетін белсенді етеді деп санайсыз?
•
Стресті болдырмаудың жаттығуларын білесіз бе?
•
Алдағы емтиханға байланысты қандай сезімдерді сезінесіз?
•
Бүгінгі күні алдағы сынаққа дайындығыңызды қалай бағалайсыз?
•
Сіз сынақтан өткізген оқу материалын есте сақтаудың әдістері бар ма?
Қандай?
•
Сынаққа дайындалудың қандай тәртібін жақсы деп санайсыз?
8 слайд
3. Сауалнама «Стреске қалай қарсы тұру керек?» Мақсаты: осы сұрақ бойынша қатысушылардың хабардалығын айқындау және проблемаларды табу. • Сауалнама сұрақтары: • Сіздің ойыңызша, сіз стреске берілгішсіз бе? • Стресс туралы әдебиеттен оқыдыңыз ба? • Сіздің ойыңызша стресттің себептері қандай? • Сіз стресс белгілерін білесіз бе? • Қалай ойлайсыз,стресс неге ықпал етеді? • Қандай азық-түлік, ақыл-ой іс-әрекетін белсенді етеді деп санайсыз? • Стресті болдырмаудың жаттығуларын білесіз бе? • Алдағы емтиханға байланысты қандай сезімдерді сезінесіз? • Бүгінгі күні алдағы сынаққа дайындығыңызды қалай бағалайсыз? • Сіз сынақтан өткізген оқу материалын есте сақтаудың әдістері бар ма? Қандай? • Сынаққа дайындалудың қандай тәртібін жақсы деп санайсыз?
9 слайд
4. Стресс тесті
Мақсаты: білім алушының стреске берілгіштігін айқындау.
•
Мені болар-болмас мәселелер ашуландырады
•
Біреуді күтуіме тура келсе, менің жүйкем жұқарады
•
Ыңғайсыз жағдайға тап болағнда, мен қызарамын
•
Мен өкпелесем онда біреуді ренжітуім мүмкін
•
Маған айтылған сынды көтере алмаймын
•
Егер мені көлікте біреу итеріп жіберсе, мен дәл солай жауап қайтарамын немесе дөрекі
сөйлеймін
•
Барлық бос уақытымда бір нәрсемен шұғылданамын
•
Кездесуге әрқашанда алдын-ала келемін немесе кешігемін
•
Тыңдай алмаймын
•
Тәбетімнің жоқтығынан қиналамын
•
Еш себепсіз жиі қамығамын
•
Таңертең өзімді нашар сезінемін
•
Өзімді шаршаңқы сезінемін, нашар ұйықтаймын, ойымды басқаға аудара алмаймын
•
Ұзақ ұйқыдан кейін де, өзімді қалыпты сезінбеймін
•
Меніңше жүрегімде бір кінәрәт бар деп ойлаймын
•
Менің арқам және мойыным ауырады
•
Үстел үстінде отырғанда үстелді саусақтарыммен ұрып, аяғымды қимылдатамын
•
Өзгелері мені мойындағанын және мақтағанын қалаймын
•
Мен көпшілігінен алдамын деп ойлаймын
•
Мен диета сақтаймын
9 слайд
4. Стресс тесті Мақсаты: білім алушының стреске берілгіштігін айқындау. • Мені болар-болмас мәселелер ашуландырады • Біреуді күтуіме тура келсе, менің жүйкем жұқарады • Ыңғайсыз жағдайға тап болағнда, мен қызарамын • Мен өкпелесем онда біреуді ренжітуім мүмкін • Маған айтылған сынды көтере алмаймын • Егер мені көлікте біреу итеріп жіберсе, мен дәл солай жауап қайтарамын немесе дөрекі сөйлеймін • Барлық бос уақытымда бір нәрсемен шұғылданамын • Кездесуге әрқашанда алдын-ала келемін немесе кешігемін • Тыңдай алмаймын • Тәбетімнің жоқтығынан қиналамын • Еш себепсіз жиі қамығамын • Таңертең өзімді нашар сезінемін • Өзімді шаршаңқы сезінемін, нашар ұйықтаймын, ойымды басқаға аудара алмаймын • Ұзақ ұйқыдан кейін де, өзімді қалыпты сезінбеймін • Меніңше жүрегімде бір кінәрәт бар деп ойлаймын • Менің арқам және мойыным ауырады • Үстел үстінде отырғанда үстелді саусақтарыммен ұрып, аяғымды қимылдатамын • Өзгелері мені мойындағанын және мақтағанын қалаймын • Мен көпшілігінен алдамын деп ойлаймын • Мен диета сақтаймын
10 слайд
Н әтижені талдау:
•
30 балл және төмен
•
Сіз туындаған мәселелерді шешіп,тыныш әрі ақылмен өмір сүресіз. Сізде
жалған атаққұмарлық та, шектен тыс қарапайымдылық та жоқ.бұл адамдар
бәріне жақсы жағынан қарап,кемшілігін ескермейді.
•
31-45 балл
•
Сіздің өміріңіз іс-әрекет пен арпалысқа толы,стресс жағымды және
жағымсыз түрде әсерін тигізеді. Сіз өміріңізді өзгерпейсіз,дегенмен де
өзіңізге уақыт бөліңіз.
•
46-60 балл
•
Сіздің өміріңіз күрес. Сіз атақты болуды ұнатасыз және карьераны
армандайсыз. Сізге басқаның пікірі маңызды сондықтанда үнемі стресте
жүресіз. Егер дәл осындай қарқынмен жүрсеңіз, көп нәрсеге қол
жеткізесіз,дегенмен де бұл сізге қуаныш әкеле ме? Артық сөз бәсекесі қажет
емес,ұсақ – түйекке ашуланбаңыз. Әрқашан жоғары нәтижеге жетуге
тырыспаңыз . уақыт уақытымен толық тынығуға уақыт бөліңіз.
•
61 балл және жоғары
•
Сіз бірде газды бірде тежегішті басатын машина жүргізушісі сияқты өмір
сүресіз. Өмір салтыңызды өзгертіңіз. Сіздің стресс жағдайындасыз, ол сіздің
денсаулығыңызға және болашағыңызға қауіп келтіреді.
10 слайд
Н әтижені талдау: • 30 балл және төмен • Сіз туындаған мәселелерді шешіп,тыныш әрі ақылмен өмір сүресіз. Сізде жалған атаққұмарлық та, шектен тыс қарапайымдылық та жоқ.бұл адамдар бәріне жақсы жағынан қарап,кемшілігін ескермейді. • 31-45 балл • Сіздің өміріңіз іс-әрекет пен арпалысқа толы,стресс жағымды және жағымсыз түрде әсерін тигізеді. Сіз өміріңізді өзгерпейсіз,дегенмен де өзіңізге уақыт бөліңіз. • 46-60 балл • Сіздің өміріңіз күрес. Сіз атақты болуды ұнатасыз және карьераны армандайсыз. Сізге басқаның пікірі маңызды сондықтанда үнемі стресте жүресіз. Егер дәл осындай қарқынмен жүрсеңіз, көп нәрсеге қол жеткізесіз,дегенмен де бұл сізге қуаныш әкеле ме? Артық сөз бәсекесі қажет емес,ұсақ – түйекке ашуланбаңыз. Әрқашан жоғары нәтижеге жетуге тырыспаңыз . уақыт уақытымен толық тынығуға уақыт бөліңіз. • 61 балл және жоғары • Сіз бірде газды бірде тежегішті басатын машина жүргізушісі сияқты өмір сүресіз. Өмір салтыңызды өзгертіңіз. Сіздің стресс жағдайындасыз, ол сіздің денсаулығыңызға және болашағыңызға қауіп келтіреді.
11 слайд
5. «Бір-біріне» жаттығуы
•
Нұсқау: Сіздер аудиторияда еркін жүріп, менің
айтқан тапсырмаларымды орындауларыңыз қажет.
Мен «Бір-біріңе» дегенде сіздер жұп табуларыңыз
қажет. Жұптасқаннан кейін тапсырма беремін.
•
Сонымен бастадық: «Бір-біріңе». Енді бір-біріңіздің
қолдарыңызды қосыңыздар, аяқтарыңызды аяққа,
мұрныңызды мұрынға, басты-басқа, құлақты-құлаққа,
беттеріңізді және т.б. бір-біріңе тигізіңдер. Залда
қайта еркін жүріңіздер, жаңа жұп табыңыздар. Ойын
жаңа жұппен жалғастырылады.
•
Талдау: көңіл-күйлеріңізбен бөлісіңіздер. Бұл ойын
неге бағытталған? Кіммен және қашан қолдануға
болады?
11 слайд
5. «Бір-біріне» жаттығуы • Нұсқау: Сіздер аудиторияда еркін жүріп, менің айтқан тапсырмаларымды орындауларыңыз қажет. Мен «Бір-біріңе» дегенде сіздер жұп табуларыңыз қажет. Жұптасқаннан кейін тапсырма беремін. • Сонымен бастадық: «Бір-біріңе». Енді бір-біріңіздің қолдарыңызды қосыңыздар, аяқтарыңызды аяққа, мұрныңызды мұрынға, басты-басқа, құлақты-құлаққа, беттеріңізді және т.б. бір-біріңе тигізіңдер. Залда қайта еркін жүріңіздер, жаңа жұп табыңыздар. Ойын жаңа жұппен жалғастырылады. • Талдау: көңіл-күйлеріңізбен бөлісіңіздер. Бұл ойын неге бағытталған? Кіммен және қашан қолдануға болады?
12 слайд
ІІІ. Қорытынды бөлім
•
Стресстен арылудың жолдарына
байланысты видео-ролик көру.
12 слайд
ІІІ. Қорытынды бөлім • Стресстен арылудың жолдарына байланысты видео-ролик көру.
13 слайд
13 слайд
14 слайд
14 слайд
15 слайд
15 слайд
16 слайд
6. Менің көңіл-күйім жаттығуы.
•
Мақсаты: бүгінгі тренингтен алған
әсерлерімен, көңіл-күйлерін смайликтер
арқылы білдіру.
•
Нұсқау: Берілген смайликтердің ішінен
өзінің көңіл-күйіне сәйкес келетін
смайликті таңдап, тренингтен алған
әсерімен бөліседі.
•
16 слайд
6. Менің көңіл-күйім жаттығуы. • Мақсаты: бүгінгі тренингтен алған әсерлерімен, көңіл-күйлерін смайликтер арқылы білдіру. • Нұсқау: Берілген смайликтердің ішінен өзінің көңіл-күйіне сәйкес келетін смайликті таңдап, тренингтен алған әсерімен бөліседі. •
17 слайд
17 слайд
18 слайд
Назарларыңызға
рахмет!!!
18 слайд
Назарларыңызға рахмет!!!