Материалдар / Физиканы оқытудың дербес мәселері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Физиканы оқытудың дербес мәселері

Материал туралы қысқаша түсінік
Физиканы оқыту к әдістемесіне пайдалы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2018
308
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Мектепте физиканы оқытудың негізгі міндеттері.

1 слайд
Мектепте физиканы оқытудың негізгі міндеттері.

Дәріс жоспары: 1. Физиканы оқытудың мақсаттары мен міндеттері 2. Оқушыларда физикалық білімді қалыптастыру 3. Политехниялық біл

2 слайд
Дәріс жоспары: 1. Физиканы оқытудың мақсаттары мен міндеттері 2. Оқушыларда физикалық білімді қалыптастыру 3. Политехниялық білім беру және кәсіби бағдарлау 4. Физикаға оқыту процесінде оқушыларды кәсіпке (мамандыққа) бағдарлау 5. Оқушыларды физикалық ойлау және шығармашылық кабілеттерін дамыту

Ұзақ уақыт бойы мектепте физиканы оқытудың негізгі мақсаты оқушыларға физиканың негізі бойынша терең де берік білімді қалыптас

3 слайд
Ұзақ уақыт бойы мектепте физиканы оқытудың негізгі мақсаты оқушыларға физиканың негізі бойынша терең де берік білімді қалыптастыру болып келді. Қазіргі кезеңде белгілі бір көлемде оқушыларға физикалық білімді қалыптастыру барысында оларды тәрбиелеп, дамыту мақсаттары тұр. Физиканы оқыту мақсаттарының құрамы да кеңейді:оқушыларда физиканың зерттеу әдістері туралы білімді қалыптастыру, физиканы оқыту барысында мамандық таңдауға әзірлеу, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту деген мақсаттар соңғы кезде енді.

Оқыту мақсаттарының тобы Мақсаттар Алдынғы ұрпақтың жинаған білімі мен тәжірибесін меңгеру Негізгі физикалық білімдерді

4 слайд
Оқыту мақсаттарының тобы Мақсаттар Алдынғы ұрпақтың жинаған білімі мен тәжірибесін меңгеру Негізгі физикалық білімдерді қалыптастыру: фактлар, ұғымдар, теориялар, заңдар, әлемнің физикалық бейнесі Физикадағы танымның әдістері туралы білімді қалыптастыру Ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттары мен техниканың ғылыми негіздері туралы білімді қалыптастыру Құбылыстарды түсіндіре білу, білімді есеп шығаруда қолдана білу ебдейліктері мен эксперименталдық ебдейліктерін қалыптастыру Ғылыми дүние танымдық көзқарасты қалыптастыру Физиканың қоғам өміріндегі ролі туралы, қоғамның, техниканың, басқа ғылымдардың дамуы мен физиканың дамуының арасындағы байланыс туралы түсінік беру Мамандық таңдауға, практикалық іс әрекетке әзірлеу Тұлғаның психикасының функцианалдық механизмін дамыту Есте сақтау, сөйлеу, қабылдау, елестету қабілеттерін дамыту Ойлау қабілеттерін дамыту Тұлғаның жалпы типологиялық қасиеттерін қалыптастыру Жалпы қабілеттерін дамыту Өз бетімен еңбек ету дағдысын қалыптастыру Тұлғалық адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру Бағалай білу ебдейліктерін қалыптстыру Тұлғаның жеке басының қасиеттерін дамыту Физикаға деген қызығушылықтарын, қабілеттерін дамыту Оқу мотивін қалыптастыру

Жалпы міндетті білім берудің мемлекеттік стандартында көрсеткендей «Физика» пәнін оқытудың басты мақсаттары: Оқушыларға жеке

5 слайд
Жалпы міндетті білім берудің мемлекеттік стандартында көрсеткендей «Физика» пәнін оқытудың басты мақсаттары: Оқушыларға жеке және әлеуметтік проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін физика бойынша базалық білім жүйесін шығармашылықпен қабылдау тәсілдерін үйретудің, сондай-ақ ісәрекет объектісіне айналып отырған болмысқа эмоционалды құндылық қатынастың әлеуметтуік тәжірибесін меңгерту негізінде олардың өмірлік дағдыларын дамыту. Даму үстіндегі іргелі физикалық теориялардың біртұтас жүйесі түрінде көрініс беретін әлемнің шынайы физикалық бейнесі арқылы оқушының ғылыми дүние танымын қалыптастыру;1 2

Физиканы оқытудың мақсаттарынан оның мынадай басты міндеттері туындайды: білімді ұжымдық және жеке дара қабылдау тәсілдерін т

6 слайд
Физиканы оқытудың мақсаттарынан оның мынадай басты міндеттері туындайды: білімді ұжымдық және жеке дара қабылдау тәсілдерін тиянақты меңгерту негізінде оқушыларды үздіксіз білім алуға дайындау, ол үшін оқу- эксперименттік зерттеулер жүргізуге және бақыланған физикалық құбылыстарды теориялық тұрғыда түсіндіруге мүмкіндік беретін ғылыми таным әдістерінің қажетті дағдыларын қалыптастыру; оқушылардың санасына табиғат пен оны танып білу туралы білімнің қисынды жүйесін қалыптастыру; оқушылардың шығармашылық қабілетін және ойын дамыту;планеталық ауқымдағы процестерге оқушылардың қатынасы бар екенін және олардың өз іс-әрекетінің экологиялығына жеке жауапкершілігін қалыптастыру; оқушыларды бүгінгі жедел қарқынмен дамып отырған технологияландырылған қоғамда өмір сүруге бейімдеу.

Физиканы оқыту мақсаттары: білім беру тәрбиелеу дамыту

7 слайд
Физиканы оқыту мақсаттары: білім беру тәрбиелеу дамыту

Физиканы оқытудың білімділік мақсаты: Физика ғылымының негізімен, оның негізгі ұғымдарымен, заңдарымен, теориясымен таныстыру.

8 слайд
Физиканы оқытудың білімділік мақсаты: Физика ғылымының негізімен, оның негізгі ұғымдарымен, заңдарымен, теориясымен таныстыру. Оқушылардың санасында қоршаған әлемнің жаратылыстану-ғылыми көрінісін қалыптастыру. Жаратылыстану-ғылыми зерттеулердің негізгі әдістемелерін меңгерту. Политехникалық білім беру.

Физиканы оқытудың тәрбиелік мақсаты: Диалектикалық-материалистік дүниетанымды қалыптастыру. Оқушыларды танымдық және практика

9 слайд
Физиканы оқытудың тәрбиелік мақсаты: Диалектикалық-материалистік дүниетанымды қалыптастыру. Оқушыларды танымдық және практикалық іс-әрекетте дұрыс методологиялық тәсіл жасауға үйрету. Еңбекке, ынталылыққа және қиындақтарды жеңуде табандылыққа тәрбиелеу.

1 2 3 4 5 6 Физиканы оқытудың дамытушылық мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, индуктивтік, дедуктивтік, ұқса

10 слайд
1 2 3 4 5 6 Физиканы оқытудың дамытушылық мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, индуктивтік, дедуктивтік, ұқсастық бойынша ой қорытуды пайдалана білу. Физикалық құбылыстардың жұмыс принципін, құрылысын біліп, оларды пайдалана отырып, өлшеу нәтижелерін өңдеу және өлшеулердің қателіктерін анықтап, эксперименттен алынған шамалар бойынша қорытынды жасап, эксперименттер жүргізу икемдігін дамыту. Белгілі теориялық қағидаларды, математикалық аппараттарды, графиктік әдістерді, анықтамалық әдебиеттерді, есептеу техникасын және т.б. пайдаланып, есептер шығара білуді дамыту. Физикалық теориялардың, олардың элементтерінің: ұғымдардың, модельдердің, заңдардың қолдану шекаралары туралы білімді қалыптастыру Физика ғылымының құрылымын түсінуді қалыптастыру. Қарапайым техникалық қабілеттілікті дамыту.

Кәсіпке бағдарлау – бұл оқушыларды болашақ мамандыққа дайындаудың және оларға мамандық таңдауда көмек көрсету бағытында арнай

11 слайд
Кәсіпке бағдарлау – бұл оқушыларды болашақ мамандыққа дайындаудың және оларға мамандық таңдауда көмек көрсету бағытында арнайы ұйымдастырылған жұмыс. Болашақ мамандығын таңдау үшін мектеп оқушыларының біздің еліміздегі халық шаруашылығы, оның дамуының негізгі перспективалары жөнінде жалпы түсініктері болуы қажет. Сонымен бірге орта мектептердің түлектері қандай да болмасын өндірістің бір саласында қолданылатын техника мен технология, нақты бір мамандықтар мен кәсіптер, таңдаған мамандықтың жұмыс жағдайлары мен мүмкіндіктері туралы түсініктерге ие болулары қажет.

Оқушыларды халық шаруашылығының салаларымен және негізгі көп кездесетін мамандықтармен таныстыру; Мамандықты саналы тү

12 слайд
Оқушыларды халық шаруашылығының салаларымен және негізгі көп кездесетін мамандықтармен таныстыру; Мамандықты саналы түрде таңдауға дайындау бойынша мектеп оқушыларының мақсатты іс- әрекеттерін ұйымдастыру; Мамандық таңдау мен жұмысқа орналасу сұрақтары бойынша оқушыларға кеңестер беру.Кәсіпке бағдарлау компоненттері

Ә р тү р л і к ә с іп б а ғы ты н д а ғы с ы н ы п о қ у ш ы л а р ы н а ф и з и к а н ы о қ ы ту м а қ с а тта р ы

13 слайд
Ә р тү р л і к ә с іп б а ғы ты н д а ғы с ы н ы п о қ у ш ы л а р ы н а ф и з и к а н ы о қ ы ту м а қ с а тта р ы н ы ң ө з е р е к ш е л ік те р і б а р .

Физика - математикалық бағыттағы сынып оқушылары мектеп бітіргеннен соң физика- математикалық бағыттағы жоғары оқу орнын

14 слайд
Физика - математикалық бағыттағы сынып оқушылары мектеп бітіргеннен соң физика- математикалық бағыттағы жоғары оқу орнына түседі. Сондықтан оларды танымның физикалық әдістерімен таныстырып, оларда зерттеушілік эксперименттік ебдейліктерді, физикалық есептер шығаруда жоғары математикалық аппаратты қолана білу икемділіктерін қалыптастыру қажет.

Техникалық бағыттағы сынып оқушылары техникалық жоғары оқу орындарына оқуға түседі. Сондықтан бұл оқушыларға техника мен те

15 слайд
Техникалық бағыттағы сынып оқушылары техникалық жоғары оқу орындарына оқуға түседі. Сондықтан бұл оқушыларға техника мен технологияның негізі физика екендігі жөнінде түсініктерді, конструкторлық икемділіктерді қалыптастыру болып табылады.

Биологиялық-химиялық бағыттағы сынып оқушылары өздерінің болашақтағы кәсіби қызметтерін медицинамен, биологиямен, химия салас

16 слайд
Биологиялық-химиялық бағыттағы сынып оқушылары өздерінің болашақтағы кәсіби қызметтерін медицинамен, биологиямен, химия саласымен байланыстырады. Сондықтан оларда физиканы оқыту барысында физикалық, биологиялық, химиялық құбылыстар өзара байланысты екендігін, химиялық, биологиялық процестерді зерттеуде физикалық әдістердің қолданылатындығы жөнінде түсініктерінің болып, зерттеушілік, экспериментальдық икемділіктері қалыптасуы керек.

Гуманитарлық бағыттағы оқушылар, әдеттегідей, физиканы одан әрі оқымайтын болады; олардың болашақтағы кәсіби қызметтері

17 слайд
Гуманитарлық бағыттағы оқушылар, әдеттегідей, физиканы одан әрі оқымайтын болады; олардың болашақтағы кәсіби қызметтері физикамен байланысты болмайды. Сондықтан бұл оқушыларға физиканы оқыту міндетіне базалық білімдер мен икемділіктерді, физиканың жалпы адамзаттық мәдениеттің элементі болып табылатындығы жөнінде және физиканың дамыуының қоғамның, техниканың, басқа ғылымдардың дамуымен байланысы туралы түсініктерді қалыптастырып, физика ғылымының гуманитарлық потенциалын ашып көрсету.

Оқушыларда физикалық білімді қалыптастыру . Блум таксономиясыбойынша 1-деңгей – білімдерді есте сақтау; 2-деңгей – білімде

18 слайд
Оқушыларда физикалық білімді қалыптастыру . Блум таксономиясыбойынша 1-деңгей – білімдерді есте сақтау; 2-деңгей – білімдерді түсіну; 3-деңгей – таныс жағдайда білімдерді қолдану; 4-деңгей – жаңа жағдайда білімдерді қолдану болып бөліп көрсетіледі.

Оқушылардың техникалық құрылғылардың жұмыс істеу принциптерін, денелердің қасиеттерін, физикалық процестерді түсіндіру

19 слайд
Оқушылардың техникалық құрылғылардың жұмыс істеу принциптерін, денелердің қасиеттерін, физикалық процестерді түсіндіру үшін қажетті физикалық идеялар, тәжірибелік фактілер, ұғымдар, заңдар; Оқушылар қолдана білуге тиісті аспаптар мен қондырғылар; тәжірибе негізінде мәнін анықтайтын физикалық шамалар және т.б. Формулаларды қолданып шығаратын сандық және графиктік есептердің түрлері; сапалық есептердің объектісі болып табылатын физикалық процестер мен техникалық қондырғылар.Физика бойынша бағдарламада әр сынып бойынша оқушылардың білуге тиісті негізгі білім элементтері :

Қазіргі кезеңдегі политехникалық білім берудің негізгі мақсаттарына жататындар: - оқушыларды ғылыми-техниканың даму бағыттары

20 слайд
Қазіргі кезеңдегі политехникалық білім берудің негізгі мақсаттарына жататындар: - оқушыларды ғылыми-техниканың даму бағыттарымен таныстыру - - оқушыларды кейбір техникалық қондырғылардың жұмыс істеу принципінің негізінде жатқан физикалық біліммен таныстыру.

Физика мен техниканың байланысы Ғылыми- техниканың дамуының негізгі бағыттары Қазіргі кезеңдегі өндірістің негізгі салала

21 слайд
Физика мен техниканың байланысы Ғылыми- техниканың дамуының негізгі бағыттары Қазіргі кезеңдегі өндірістің негізгі салалары Нақты техникалық объектілері мен технологиялық процестер Әлеуметтік- экономикалық білімдер Экологиялық білімФизика сабақтарында қарастырылатын оқу материалындағы политехникалық білімнің мазмұнына енуге тиісті:

Өлшеу құралдарын қолдану және өлшеулерді орындау; Электр сұлбаларын сызу және солар бойынша электр тізбектерін жинау; Өлш

22 слайд
Өлшеу құралдарын қолдану және өлшеулерді орындау; Электр сұлбаларын сызу және солар бойынша электр тізбектерін жинау; Өлшеудегі қателіктерді бағалау таблицаларды пайдалану; графиктарды оқу және салуПолитехникалық іскерліктерге мыналар жатады:

Мектепте физиканы оқыту кезінде оқушыларда логикалық ойлаудың негізінен мынадай түрлері қалыптастырылып, дамытылуы тиісті: 1.

23 слайд
Мектепте физиканы оқыту кезінде оқушыларда логикалық ойлаудың негізінен мынадай түрлері қалыптастырылып, дамытылуы тиісті: 1.физикалық ойлау; 2.ғылыми-техникалық ойлау; 3.диалектикалық ойлау; 4.индуктивтік ойлау; 5.дедуктивтік ойлау; 6.абстракты ойлау

1. Физикалық ойлау деп оқушылардың: а)физикалық құбылыстарды бақылау, ә) күрделі құбылыстарды құрамды бөліктерге жіктеу, б)

24 слайд
1. Физикалық ойлау деп оқушылардың: а)физикалық құбылыстарды бақылау, ә) күрделі құбылыстарды құрамды бөліктерге жіктеу, б) олардың арасындағы өзара байланыстар мен қатынастарды анықтау, в) физикалық құбылыстар мен шамалардың арасындағы сандық және сапалық байланыстарды тағайындау, г) физикалық теориялардан шығатын салдарларды көре білу д) физикалық білімдерді практикада қолдана білу ебдейліктерін дамытуды түсінеміз. Мұның сапалық дәрежесін оқушылардың мынадай іс-әрекетінен көруге болады: а) ой еңбегін жеңілдететін логикалық тәсілдерді қолдана білуі, ә) физикалық формулалардың дұрыстығына сеніп, тексере білуі, б) есеп шығаруда тиімді тәсілдерді дұрыс таңдап ала білуі, в) физикалық шамалардың өлшем бірліктерін тексере білуі, г)физикалық зандылықтардың өмірде қолданылуын түсіндіре білуі, т.б.

2. Оқушылардың ғылыми-техникалық ойлауы физика мен математиканың арасындағы терең байланысты таба білуге, олардың техникада

25 слайд
2. Оқушылардың ғылыми-техникалық ойлауы физика мен математиканың арасындағы терең байланысты таба білуге, олардың техникада қолдану мүмкіндіктерін алдын ала болжай білуге, физикалық идеялардан түрлі техникалық конструкциялар мен модель сұлбаларды жасай білуге үйрету арқылы дамытылады. Бұған шала өткізгіштер мен электромагниттік толқын теорияларын мысал ретінде алуға болады, себебі оның негізінде электрониканың және радио телевизиялық техниканың қарыштап дамығаны белгілі.

3. Табиғаттың объективті заңы - энергияның сақталу және айналу заңы- мектепте оқытылғанда, табиғат құбылыстарының өзара байланы

26 слайд
3. Табиғаттың объективті заңы - энергияның сақталу және айналу заңы- мектепте оқытылғанда, табиғат құбылыстарының өзара байланыстылығы, материя қозғалысы формаларының өзгеруі, энергияның сақталуы туралы ол заңның негізгі идеясы бүкіл физика курсын "қызыл жіптей көктеп" өтеді. Бұл оқушылардың диалектикалық ойлауын дамытуға қолайлы мүмкіндік туғызады. Физикалық құбылыстардың арасындағы байланыстардың себеп-салдарларын анықтай білуге үйрету - оқушылардың диалектикалық ойлауын дамытуға өте пайдалы әдістемелік тәсіл. Мысалы, капиллярлықтың себебі – сұйық- 52 тардың беттік керілу құбылысы, жарық жылдамдығының бір ортадан екінші ортаға өткендегі өзгеруі - жарықтың сынуының себебі дене жылдамдығының өзгеруі-күш әсерінің салдары, ал ауа салмағының салдары - атмосфералық қысым болып саналады; физикалық парадокстар мен софизмдерді шешу де - бұл мақсат үшін әсерлі тәсілдің бірі.

4. Оқушылардың индуктивтік ойлауы логиканың синтездік (жалқыдан жалпыға көру, жинақтау) тәсілі негізінде дамытылады. Мысалы

27 слайд
4. Оқушылардың индуктивтік ойлауы логиканың синтездік (жалқыдан жалпыға көру, жинақтау) тәсілі негізінде дамытылады. Мысалы, балалардың жұқа резеңке шарларын, футбол мен машина баллонының камераларын насоспен үрлеп толтыруы, сабын суы көпіршіктеріп шығаруы, Паскаль шарымен (сумен және түтінмен т...