Ғылыми жоба

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ғылыми жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
Презентация
Материалдың қысқаша нұсқасы
img_page_1
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Слайдтың жеке беттері
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

#1 слайд
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тақырыбы: « Теміржолшылар әулеті – ұрпақтар сабақтастығы »     Бағыты: Рухани жаңғыруды насихаттау ( гуманитарлық)   Секциясы: Тарих   Орындаған: Қызылорда облысы, Қазалы ауданы №258 негізгі мектебінің 9- сынып оқушысы Табынбай Бағдат Бақытбекқызы     Жетекші мұғалім: Абдрахманова Бибігүл Жаңабайқызы №258 негізгі мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ғылыми кеңесші: Дастан Сәтбай «Қазақстан тарихы» кафедрасының доценті, т.ғ.д. Қорқыт Ата мемлекеттік университеті 2022 жыл  

1 слайд

Мен ғылыми жобамда темір жол саласында ерен еңбектерімен өшпестей орнын қалдырған, қызметі ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе

#2 слайд
Мен ғылыми жобамда темір жол саласында ерен еңбектерімен өшпестей орнын қалдырған, қызметі ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан Әбдірахмановтар әулетін басшылыққа ала отырып зерттеу жұмысын орындадым. Ғылыми жобам 3 бөлімнен тұрады. І Кіріспе ІІ Зерттеу бөлімі ІІІ Қорытынды Жұмыстың мақсаты: Зерттеу тақырыбына арқау болған Әбдірахмановтар әулеті Қызылорда өңіріне кең танымал.Мен ес білгелі осы алыс-жақын ауыл- аймақта Әбдірахмановтар туралы естіп өстім. Менің балалық арманымды мақсат етіп, осы әулет туралы зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында олардың ерен еңбектерін ескере отырып, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруға септігімді тигіздім. Ер есімі ел есінде мәңгі қалатыны түсіндірілді. Теміржолшы әулетінің өзі өмір сүрген кезеңдердегі және кейінгі ұрпақтарына үлгі боларлықтай асыл қасиеттері жинақталып, бұрын халық арасында көп тарамаған тың табысты нәтижелерге қол жеткізілді. КІРІСПЕ

2 слайд

Әбдірахмановтар әулетінің темір жол саласына келуі Жоқшылықтың қамыты мойнына ілінген Әбдірахман қысы-жазы бай малын б

#3 слайд
Әбдірахмановтар әулетінің темір жол саласына келуі Жоқшылықтың қамыты мойнына ілінген Әбдірахман қысы-жазы бай малын бағып өсті. Жұбайы Үрбімен отау тігіп, тұңғыштары Айшагүл, одан кейін бірімен- бірі тетелес алты ұл өмірге келді. Түтіні түзу шығып, қарапайым күн кешіп отырған кедей отбасы Әбдірахманның үйіне жанына екі ақсақалды ертіп, Сексенбай байдың келуі айрандай ұйыған шаңырақтың шырқын әп-сәтте бұзған еді. Дастарқан басына жайғасқан бұл үшеудің бұйымтайы белгілі болды. Олар Әбдірахманның тұла бойы тұңғышы, жалғыз қызы Айшагүлді жасы біразға таяп қалған Сайыпбайға әйелдікке сұрай келіпті. Сол заманның биі болып тұрған байларға үзілді-кесілді жоқ дей алмаған, Әбдірахмен «Ойланайын» деп шығарып салды. Жауқазындай құлпырған жалғыз қызын шалға беріп, өмірін өксітпеуге нық бекінген әке сол түні Айшагүл мен інісі Әбдірейді торы құнанға мінгестіріп, барар жолды егжей-тегжейлі түсіндіріп, Байқожа станциясындағы Николай деген досына жөнелтті. Қыздың қашқанын естіген Сексенбай қаһарына мініп, Әбдірахманның шаңырағына келіп, ойран салды. Бұдан әрі бұл ауылда қалудың жөні жоқ деп санаған Әбдірахман бір күнде үйін жығып, қолда бар жалғыз сиырға жүгін артып, жолға шықты. Үйелмелі-сүйелмелі бес ұлды ілестіріп, қызы мен үлкен ұлын жіберген станцияға бет алды. Діттеген жеріне жетіп, ескі досы Николай Мельниковпен қауышты. Теміржолда мастер болып жұмыс істейтін Николаймен бірге еңбекке араласты. Міне, осылай бұл әулеттің теміржол саласындағы алғашқы еңбек жылдары басталған еді.

3 слайд

Жылдар жылжи берді. Балалар да жігіт болып өсті. Әбдірахманда алты ұл еді. Олар – Әбдірей, Ыбырай, Мұса, Мәдіре

#4 слайд
Жылдар жылжи берді. Балалар да жігіт болып өсті. Әбдірахманда алты ұл еді. Олар – Әбдірей, Ыбырай, Мұса, Мәдірей, Садық, Сыдық (2-сурет). Бір айта кетерлігі, балалардың барлығы әке жолын қуды. 1915 жылы он сегіз жастағы Әбдірей жол жөндеуші болып орналасты. Ал екі жылдан соң жолшылар бригадасына Ыбырай мен Мұса келіп қосылды. Олардың соңын ала Мәдірей, Садық және Сыдық та жолшы болуға бекінді. Әбдірахман Бұхарбаев Атадан туған алты арыс Әбдірей, Ыбырай, Мұса, Мәдірей, Садық, Сыдық

4 слайд

1951 жыл. Ауылдық клубқа жиналған халықтың қарасы өте көп. Облыстық Советтің өкілі трибунаға жақындаған сәтте бәр

#5 слайд
1951 жыл. Ауылдық клубқа жиналған халықтың қарасы өте көп. Облыстық Советтің өкілі трибунаға жақындаған сәтте бәрі сілтідей тынып, құлақтарын түрді. Ол КСРО Жоғары Кеңесі Президумының Жарлығын оқыды. Онда «Теміржол қатынасы жұмысына көп жыл бойы еңбек сіңіргені және жолды жыл сайын аман сақтау жолында жұмсаған қажырлы еңбегі үшін» Әбдірахмановтар әулетінің мүшелері Әбдірахманов Әбдірей, Әбдірахманов Ыбырай, Әбірахманов Мұса, Әбдірахманов Мәдірей – «Ленин» және Әбдірахманов Садық пен Сыдық – «Еңбек Қызыл Ту» орденімен наградталсын» делінген екен. Абыройы артып, мерейі тасыған отбасының қуанышына ортақтасқан ауылдастар дуылдата қол соғып, зор қошемет көрсетті. Осы бір тарихи сәт елдің есінен кеткен емес.

5 слайд

Ағайынды Әбдірахмановтардың уақытпен санаспай, маңдай тер төге, тынымсыз еңбек еткен кездері бұл Ұлы Отан соғысы д

#6 слайд
Ағайынды Әбдірахмановтардың уақытпен санаспай, маңдай тер төге, тынымсыз еңбек еткен кездері бұл Ұлы Отан соғысы деген атпен тарихта қалған фашист басқыншыларымен шайқас жылдары болатын. Ол уақытта ел үшін теміржолдың маңызы ерекше еді. Ұлы Отан соғыс жылдарында теміржолшы Әбдірахмановтар әулетінің қосқан үлесі Сұрапыл жылдары соғыс қаруларын шығару үшін тыл еңбеккерлерінен қаржы жиналды. Бүкілхалықтық қозғалыстан Әбдірахмановтар да шет қалмады. Танк жасауға үлес қосу үшін әулет болып бір жүз елу мың сом жинады. Осы көмектері үшін Жоғарғы Бас қолбасшының Алғыс хатына ие болды. Көңілге қуаныш ұялататын жағдай, бойларындағы бар күш-жігерлерін, тәжірибелерін жұмсап аянбай жұмыс істеген теміржолшы Әбдірахмановтардың еңбегі үкімет тарапынан лайықты бағаланды.

6 слайд

Сонымен қатар Әбдірахман атаның немересі, бүгінде ортамызда жоқ, кезінде Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарында елі

#7 слайд
Сонымен қатар Әбдірахман атаның немересі, бүгінде ортамызда жоқ, кезінде Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарында елінің қамы үшін жанқиярлықпен шайқасқан, көзі тірісінде ел-жұрт құрметіне бөленген, ерліктің айбарын, елдіктің айғағын танытқан ардагер азамат – Абдрахманов Омар Әбдірейұлы еді. Абдрахманов Омар 1924 жылы 15 маусымда Майлыбас ауылдық округіне қарасты, Байқожа елді мекенінде дүниеге келген. Майлыбас ауылында 1937 жылы 7 жылдық мектепті тәмамдайды. 1942 жылдың күзінде 18 жасында сұрапыл соғысқа аттанған. Әуелі 281-ші атқыштар полкінде қатардағы жауынгер болған. 1942 жылдың желтоқсан айында 281-ші атқыштар полкінде жүріп, бірінші рет бас сүйегінен жарақат алады. Әскери госпитальда ұзақ емделіп, қайтадан неміс-фашист басқыншыларынан азат етуге, Қызыл Армия қатарына қайтып оралады. 1943 жылы 373-ші полкте, 1944 жылы 298-шы полкте әскери міндетін жалғастырды. 1943 жылы 200-ші атқыштар дивизиясында Сталинград түбіндегі жойқын шайқаста екінші рет жараланады. Әбдірахманов Омар Әбдірейұлы

7 слайд

Бүгінгі күндері теміржолшылар династиясын ағайынды алтаудың немере, шөберелері жалғап келеді. Қазіргі таңда жол бойында Мирман

#8 слайд
Бүгінгі күндері теміржолшылар династиясын ағайынды алтаудың немере, шөберелері жалғап келеді. Қазіргі таңда жол бойында Мирман Сыдықұлы, Жүсіпбек Тынысбекұлы, Кенжебек Омарұлы, Мұратбек Тынысбекұлы, Бақытжан Әлиұлы, Берікбай Уәлиұлы, Оңталап Уәлиұлы, Жасұлан Жаңабайұлы, Нұрдәулет Тынысбекұлы, Қуанышбай Уәлиұлы Әбдірахмановтар еңбек етуде Бір ғана Бай қожа ауылында он екі шаңыраққа қоныстанған Әбдірахмановтар әулеті – өсіп-өнген, мерейлі отбасы. Әулетте басым көпшілігі теміржол саласын таңдаса да, өзге де мамандықты меңгеріп, қоғамға өз үлестерін қосып жүрген қаншама ұл-қыз бар.

8 слайд

Ағайынды алты азаматтың бүгінгі ұрпақтары аталары мен әкелерінің кәсіптерін одан әрі жалғастыруда. Олар Байқожа ст

#9 слайд
Ағайынды алты азаматтың бүгінгі ұрпақтары аталары мен әкелерінің кәсіптерін одан әрі жалғастыруда. Олар Байқожа стансасында және Қызылорда облысының теміржол учаскелерінде еңбек етеді. Ең үлкені Жаңабай Сыдықұлы 1974 жылы жол монтері болып еңбек жолын бастаған, кейін бригадир, жол шебері, аға жол шебері, қазіргі таңда еңбегінің зейнетін көріп отырған зейнеткер. Міне, содан бері ғасырға жуық уақыт өтсе де сол Әбдірахман атаның ұрпақтары осы Байқожа стансасында шойын жолдың көрігін қыздырып келеді. Менің кейіпкерім - аға жол шебері Жаңабай Әбдірахманов аға 1974 жылы өзінің еңбек жолын жол жөндеушіден бастап, 1975-1985 жылдары жол бригадирі, 1986-1996 жылдары жол шебері, 1997 жылдан аға жол шебері болып еңбек атқарған. Бірнеше рет осы саланың құрмет грамоталарымен марапатталған, 1984 жылы министрліктен сағат алып Қазақстан теміржолының 100 жылдық мерекелік медалімен марапатталған.Әбдірахманов Жаңабай Сыдықұлы Шойын жолдың шебері

9 слайд

ҚОРЫТЫНДЫ Бұл – тарихи әулет. Ата-бабасынан бастап, осы өңірдің өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосып келе жатқан құтты шаңырақ. И

#10 слайд
ҚОРЫТЫНДЫ Бұл – тарихи әулет. Ата-бабасынан бастап, осы өңірдің өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосып келе жатқан құтты шаңырақ. Иә, өмір жолдары еңбекпен өрілген отбасы қандай сый көрсе де, артықтық етпесі анық. Бүкіл Әбдірахмановтар әулетіне ата-ана өнегесін үлгі тұту, әр жерде «ұшып-қону» емес тұрақтылыққа тән екенін сезінуге болар еді. Ұсыныс: Жергілікті жердің тарихи қазынасын халық игілігіне пайдалану, ата өсиеттері мен игі істерін, адамгершілік пен патриоттық қасиеттерін өлкетану пәндері арқылы ұрпақ бойына дарыту. Теміржолшылардың Сырдың қақаған аязы мен жаздыкүнгі аптап ыстықтарда денсаулықтарына айтарлықтай зиян келуіне байланысты зейнеткерлікке шығу жасы төмендетілсе Мемлекет тарапынан әлеуметтік көмектер көрсетілсе Туған еліне елеулі еңбек сіңірген, әсіресе соғыс жылдары Ұлы Жеңісті жақындату жолында жанқиярлықпен еңбек еткен ағайынды Әбдірахмановтар қандай құрметке де лайық. Осыны жақсы түсінген Байқожа елді мекеннің тұрғындары, Байқожадағы №258 мектеп ұжымы биылғы жазда аталған мектепке ағайынды алтаудың бірі Ыбырай Әбдірахмановтың есімін беру жөнінде жиындар өткізді. Неге Ыбырай ғана? Оның қалған бес бауырының еселі еңбектері ескерілмегені қалай? Бұлай болатыны тиісті орындар «Бұл заңға сай келмейді. Атау беруде жеке адам ғана ескеріледі» дегендей уәж айтқан. Игі бастаманы көтерушілер бұл сөзге де тоқтаған. «Ең болмаса ағайындылардың бірінің аты тарихта қалса, өзгелері де ұмтылмас» деп осының өзіне шүкіршілік етіпті. Сондықтан да Байқожадағы мектепке ағайынды теміржолшылардың есімін беру құптарлық. Бүгінгі мектеп оқушысы – ертеңгі ел азаматы біліммен қоса еңбектің де қадір-қасиетін біліп өссе қоғамымыздың еш ұтылмайтыны анық. Тағы бір ескерер жай, әрбір шаңырақтан алты бірдей адам мемлекеттің жоғары наградаларына ие бола бермейтіні белгілі. Егерде мүмкіндік болып жатса мектеп тек Ыбырай Әбдірахманов атымен ғана емес, ағайынды Әбдірахмановтар атымен аталып жатса нұр үстіне нұр болған болар еді.  

10 слайд

Назар аударғандарыңызға рақмет!

#11 слайд
Назар аударғандарыңызға рақмет!

11 слайд

Назар аударғандарыңызға рақмет!

Файл форматы:
pptx
11.01.2024
182
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі