Ғылыми жоба " Біз жылқы баққан қазақпыз " презентациясы
Ғылыми жоба " Біз жылқы баққан қазақпыз " презентациясы

#1 слайд
Б ІЗ ЖЫЛҚЫ
БАҚҚАН
ҚАЗАҚПЫЗ
Ахтай Елтай
1 слайд
Б ІЗ ЖЫЛҚЫ БАҚҚАН ҚАЗАҚПЫЗ Ахтай Елтай
#2 слайд
PRESENTATION TITLE 2Ежелден мал баққан қазақ
Ежелден төскейде малы,төсекте
басы бір болған қазақ халқы мал
шаруашылығымен айналысқан.
Сондықтан мал өрісін, тіршілік
табиғатын, қадір - қасиетін әбден
танып, білген,қадірлеген. Оның
өнімдерін тіршілік құралы етіп,
пайдалануды шебер игерген.
2/2/20XX
2 слайд
PRESENTATION TITLE 2Ежелден мал баққан қазақ Ежелден төскейде малы,төсекте басы бір болған қазақ халқы мал шаруашылығымен айналысқан. Сондықтан мал өрісін, тіршілік табиғатын, қадір - қасиетін әбден танып, білген,қадірлеген. Оның өнімдерін тіршілік құралы етіп, пайдалануды шебер игерген. 2/2/20XX
#3 слайд
3Төрт түлік еті - жесең тамақ, сүті – ішсең
сусын, жүні - кисең киім,терісі - байлық.
Сүйегі, мүйізі - тұтынсаң бұйым, мінсең - көлік.
Мал өсіруге аса қолайлы Қазақстан жерін
малсыз елестету мүмкін емес. Менің отбасым
өз тіршілігі мен шаруашылығын мал өсірумен
байланыстыра жасаған.
Біз жеке шаруашылықта жылқыларды сауып,
қымыз аламыз және бордақылап сойып ет
қылып сатамыз. Сонымен қоса аттарды баптап,
көкпарға шаптырамыз.
https://youtu.be/fbdPVTulw5
s
3 слайд
3Төрт түлік еті - жесең тамақ, сүті – ішсең сусын, жүні - кисең киім,терісі - байлық. Сүйегі, мүйізі - тұтынсаң бұйым, мінсең - көлік. Мал өсіруге аса қолайлы Қазақстан жерін малсыз елестету мүмкін емес. Менің отбасым өз тіршілігі мен шаруашылығын мал өсірумен байланыстыра жасаған. Біз жеке шаруашылықта жылқыларды сауып, қымыз аламыз және бордақылап сойып ет қылып сатамыз. Сонымен қоса аттарды баптап, көкпарға шаптырамыз. https://youtu.be/fbdPVTulw5 s
#4 слайд
4Менің
зерттеуім
Менің ата-анамның атқа
мінгізіп,көкпар тартуға баулып
бойыма ұлттық құндылықты
сіңіріп жатыр. Жылқы малының
қаншалықты маңызы мен орнын
білу мақсатында зерттеу
жұмысымды бастадым.
4 слайд
4Менің зерттеуім Менің ата-анамның атқа мінгізіп,көкпар тартуға баулып бойыма ұлттық құндылықты сіңіріп жатыр. Жылқы малының қаншалықты маңызы мен орнын білу мақсатында зерттеу жұмысымды бастадым.
#5 слайд
5Жылқыны қолға үйрету
5 слайд
5Жылқыны қолға үйрету
#6 слайд
6Арийлер кезеңі
Мынау Арий Арийлер жылқыны ерекше құрметтеген. Ғалымдар
арийлерде жылқының үш түрлі тұқымы болғанын
анықтады:
1.Тауда жүруге ыңғайлы аласа жылқы
2. Ұзақ жүруге ыңғайлы шыдамды қазанат
3. Ақалтеке жылқысы
Жартастарға салынған суреттерден арийлердің
дүниені қалай түсінгені, қандай рәсімдік билерді
билегені, қалай аң аулағаны, қандай мал баққаны, екі
доңғалақты арбалары, абыздар мен батырлар туралы
түсініктері, т.б. туралы толық мағлұмат алуға болады.
6 слайд
6Арийлер кезеңі Мынау Арий Арийлер жылқыны ерекше құрметтеген. Ғалымдар арийлерде жылқының үш түрлі тұқымы болғанын анықтады: 1.Тауда жүруге ыңғайлы аласа жылқы 2. Ұзақ жүруге ыңғайлы шыдамды қазанат 3. Ақалтеке жылқысы Жартастарға салынған суреттерден арийлердің дүниені қалай түсінгені, қандай рәсімдік билерді билегені, қалай аң аулағаны, қандай мал баққаны, екі доңғалақты арбалары, абыздар мен батырлар туралы түсініктері, т.б. туралы толық мағлұмат алуға болады.
#7 слайд
7Сақтар кезеңі
Ал сақтар Алтайдан Дунай өзеніне дейінгі
кең байтақ аймақта үйір-үйір жылқы өсіріп,
ат құлағында ойнауды өнер дәрежесіне
көтерген. Сақтардың балалары мен
әйелдеріне дейін ат үстінде соғысу
тәсілдерін жас кезінен жетік меңгеріп,
көрген жұрттың зәресін ұшырған.
Олардың қайтыс болған хандарды,
ханзадаларды, батырларды т.б.
жерлегенде, оның жан серігі болған
атын жанына бірге қою ғұрпы да “иесіне
аты о дүние де серік болады” деген
сенімнен пайда болған.
7 слайд
7Сақтар кезеңі Ал сақтар Алтайдан Дунай өзеніне дейінгі кең байтақ аймақта үйір-үйір жылқы өсіріп, ат құлағында ойнауды өнер дәрежесіне көтерген. Сақтардың балалары мен әйелдеріне дейін ат үстінде соғысу тәсілдерін жас кезінен жетік меңгеріп, көрген жұрттың зәресін ұшырған. Олардың қайтыс болған хандарды, ханзадаларды, батырларды т.б. жерлегенде, оның жан серігі болған атын жанына бірге қою ғұрпы да “иесіне аты о дүние де серік болады” деген сенімнен пайда болған.
#8 слайд
8
8 слайд
8
#9 слайд
PRESENTATION TITLE9Жылқы
тұқымда
ры
9 слайд
PRESENTATION TITLE9Жылқы тұқымда ры
#10 слайд
Жылқы атаулары
1. Құлын - жылқы төлі
2. Жабағы – 6 ай
3. Тай - 1 жастағы жылқы
4. Құнан - 3 жастағы жылқы.
5. Байтал – 4 жастағы ұрғашысы
6. Дөнен - 4 жастағы еркегі
7. Бесті ат- 5 жасар еркек жылқы
10 слайд
Жылқы атаулары 1. Құлын - жылқы төлі 2. Жабағы – 6 ай 3. Тай - 1 жастағы жылқы 4. Құнан - 3 жастағы жылқы. 5. Байтал – 4 жастағы ұрғашысы 6. Дөнен - 4 жастағы еркегі 7. Бесті ат- 5 жасар еркек жылқы
#11 слайд
11Біздің тегіміз – түркі, түлігіміз –
жылқы.
Қолға үйретілген жылқының
шаруашылықта маңызы зор. Ол – ет және
қымыз өндіру, салт міну, арбаға не шанаға
жегу,әскери және спорттық бағыттарда
өсіріледі.
Қазақ халқының тарихының тереңіне
үңілсек, бабаларымыздың елін-жерін
қорғап, ата-жаумен алысқандығы қанды
көйлек жолдасы, даңқын аспандатқан
кемеңгер қолбасшы Күлтегеннің Боз аты,
Қарақыпшақ Қобыландының
Тайбуырылы, Алпамыс батырдың
Байшұбары, ЕрТарғынның Тарланы
жадымызда жатталып келеді. Ат бәйге, көкпар, аударыспақ, теңге ілу,
жамбы ату, шеген, қыз қуу сынды ұлттық
ойындарымызды осы күні кеңінен
насихатталып, әсіресе наурыз мерекесінде
ойналады.
11 слайд
11Біздің тегіміз – түркі, түлігіміз – жылқы. Қолға үйретілген жылқының шаруашылықта маңызы зор. Ол – ет және қымыз өндіру, салт міну, арбаға не шанаға жегу,әскери және спорттық бағыттарда өсіріледі. Қазақ халқының тарихының тереңіне үңілсек, бабаларымыздың елін-жерін қорғап, ата-жаумен алысқандығы қанды көйлек жолдасы, даңқын аспандатқан кемеңгер қолбасшы Күлтегеннің Боз аты, Қарақыпшақ Қобыландының Тайбуырылы, Алпамыс батырдың Байшұбары, ЕрТарғынның Тарланы жадымызда жатталып келеді. Ат бәйге, көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, шеген, қыз қуу сынды ұлттық ойындарымызды осы күні кеңінен насихатталып, әсіресе наурыз мерекесінде ойналады.
#12 слайд
12Жылқының бір қасиеті
-сүтінде
Жылқының аналығы-бие. Бие сүтінен қымыз
ашытады. Қазақтың ертедегі көшпелі өмірінде ауруға
ем болып, сауға қуат берген осы қымыз. Бие сүтінде
қант көбірек болады, оны жаңа сауған сүттің дәмін
татыпбілуге болады.
Қымыздың құрамына кіретін түрлі заттардың бәрі
де адамның бойына жақсы сіңеді. Бие сүтінде “ С”
витамині мол болады. Сондықтан оның емдік
қасиеттері, әсіресе туберкулез ауруынан емдеу үшін
айрықша жоғары. Сондықтан да туберкулезді
қымызбен емдейтін ең алғашқы курорт 1858 жылы
Самара қаласының маңында ашылған екен.
12 слайд
12Жылқының бір қасиеті -сүтінде Жылқының аналығы-бие. Бие сүтінен қымыз ашытады. Қазақтың ертедегі көшпелі өмірінде ауруға ем болып, сауға қуат берген осы қымыз. Бие сүтінде қант көбірек болады, оны жаңа сауған сүттің дәмін татыпбілуге болады. Қымыздың құрамына кіретін түрлі заттардың бәрі де адамның бойына жақсы сіңеді. Бие сүтінде “ С” витамині мол болады. Сондықтан оның емдік қасиеттері, әсіресе туберкулез ауруынан емдеу үшін айрықша жоғары. Сондықтан да туберкулезді қымызбен емдейтін ең алғашқы курорт 1858 жылы Самара қаласының маңында ашылған екен.
#13 слайд
13Қорытынды
Жылқы – малдың патшасы,
Мал өсірсең, жылқы өсір,
Табысы оның көл-көсір.
Біз, қазақтар «жылқы мінезді халықпыз» дегенді жиі айтып жатамыз. Ал жылқы – таза,
кірпияз, судың тазасын ішіп, шөптің құнарлысын ғана жейтін жануар. Ең бастысы, жылқы
өзіне басқаның үстемдік етуіне, тапап-талауына, аяқ асты етуіне жол бермейді. Жылқы –
еркіндікті сүйетін, бостандықтың символы. Сондықтан, шын мәнінде, тек сөз жүзінде ғана
емес, іс жүзінде де жылқы мінезді қазақ екенімізді паш ете білгенімізге не жетсін, шіркін!
Ендеше, жылқы туралы көбірек біліп, көбірек ой түйіп, жылқы шаруашылығын өркендетуге
өз үлесімізді қоса білейік!
2/2/20XX
13 слайд
13Қорытынды Жылқы – малдың патшасы, Мал өсірсең, жылқы өсір, Табысы оның көл-көсір. Біз, қазақтар «жылқы мінезді халықпыз» дегенді жиі айтып жатамыз. Ал жылқы – таза, кірпияз, судың тазасын ішіп, шөптің құнарлысын ғана жейтін жануар. Ең бастысы, жылқы өзіне басқаның үстемдік етуіне, тапап-талауына, аяқ асты етуіне жол бермейді. Жылқы – еркіндікті сүйетін, бостандықтың символы. Сондықтан, шын мәнінде, тек сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де жылқы мінезді қазақ екенімізді паш ете білгенімізге не жетсін, шіркін! Ендеше, жылқы туралы көбірек біліп, көбірек ой түйіп, жылқы шаруашылығын өркендетуге өз үлесімізді қоса білейік! 2/2/20XX
шағым қалдыра аласыз













