Ғылыми жоба "Асық-ұлттық ойын" презентациясы
Ғылыми жоба "Асық-ұлттық ойын" презентациясы

#1 слайд
Асық-ұлттық ойын
Пернебай Абдуллаһ
1 слайд
Асық-ұлттық ойын Пернебай Абдуллаһ
#2 слайд
Зерттеуім
:
Мен отбасымда үлкен баламын.
Сондықтан атамның баласы деп
еркелетіп,ешкім ұрыса алмайды.Атам
жыл бойы асық жинап,мені күтіп
отыратын. Мен үшін үлкен сыйлық асық
болатын. Содан бастап асық ойынын
ойнап үйрендім.
2 Асық ойыны баланың жастайынан
ой-қабілетін шыңдап, дәлдікке,
ептілікке, ширақтылыққа,
ұстамдылыққа, алғырлыққа,
сыйлыстыққа тәрбиелеген .
2 слайд
Зерттеуім : Мен отбасымда үлкен баламын. Сондықтан атамның баласы деп еркелетіп,ешкім ұрыса алмайды.Атам жыл бойы асық жинап,мені күтіп отыратын. Мен үшін үлкен сыйлық асық болатын. Содан бастап асық ойынын ойнап үйрендім. 2 Асық ойыны баланың жастайынан ой-қабілетін шыңдап, дәлдікке, ептілікке, ширақтылыққа, ұстамдылыққа, алғырлыққа, сыйлыстыққа тәрбиелеген .
#3 слайд
Асық – төрт түлік
малдың тілерсегінде
болатын, қызметі аса
күрделі, буынға біткен
шымыр сүйек. Қой, ешкі,
сиыр, түйе асығы үлкен-
кішілігіне қарамастан бір
пішіндес, мүсіндес келеді.
Ал жылқы асығы басқа
пішінде болады. Алшы –
асықтың иірілгенде тегіс
табаны жерге тиіп, тұрық
түсуі. Ойын кезінде оған
бірінші дәрежелі мән
беріледі.
20XX Presentation title 3
3 слайд
Асық – төрт түлік малдың тілерсегінде болатын, қызметі аса күрделі, буынға біткен шымыр сүйек. Қой, ешкі, сиыр, түйе асығы үлкен- кішілігіне қарамастан бір пішіндес, мүсіндес келеді. Ал жылқы асығы басқа пішінде болады. Алшы – асықтың иірілгенде тегіс табаны жерге тиіп, тұрық түсуі. Ойын кезінде оған бірінші дәрежелі мән беріледі. 20XX Presentation title 3
#4 слайд
Сақа -
арқардың
асығы Жабайт-
еліктің
асығы Шүкімайт-
қозы мен
лақтың
асығы
Presentation title 4
4 слайд
Сақа - арқардың асығы Жабайт- еліктің асығы Шүкімайт- қозы мен лақтың асығы Presentation title 4
#5 слайд
Асықтың түрлері мен атаулары
20XX Presentation title 5Алшы
Асықтың иірілгенде
табаны жерге тиіп,
тұрық түсуі. Ойын
кезінде оған аса
мән беріледі. Ол -
бірінші дәрежелі
асық. Тәуке
Асықтың иірілгенде
табаны үстіне
қарап, тұрық түсуі.
Ол – екінші
дәрежелі асық. Бүге
Асықтың иірілгенде
дөңес жоны үстіне
қарап, етпетінен
жатық түсуі. Ол
үшінші дәрежелі
мәнге ие. Шіге
Асықтың иірілгенде
шұңқыр құрсақ
жағы үстіне қарап,
шалқасынан жатық
түсуі. Ол төртінші
дәрежелі мәнге ие.
5 слайд
Асықтың түрлері мен атаулары 20XX Presentation title 5Алшы Асықтың иірілгенде табаны жерге тиіп, тұрық түсуі. Ойын кезінде оған аса мән беріледі. Ол - бірінші дәрежелі асық. Тәуке Асықтың иірілгенде табаны үстіне қарап, тұрық түсуі. Ол – екінші дәрежелі асық. Бүге Асықтың иірілгенде дөңес жоны үстіне қарап, етпетінен жатық түсуі. Ол үшінші дәрежелі мәнге ие. Шіге Асықтың иірілгенде шұңқыр құрсақ жағы үстіне қарап, шалқасынан жатық түсуі. Ол төртінші дәрежелі мәнге ие.
#6 слайд
Асық ойынының тәрбиелік мәні
20XX Presentation title 6•
Ерте де ата-бабаларымыз асық ойынын балаларына жас кезінен бастап
үйрете бастаған. Тіпті сәби дүниеге келмей жатқанда, жас нәрестенің
ойнайтын асықтарын жинаған. Асық ойындары тек қана қазақ халқына
ғана таныс ойын түрі емес. Бұл ойынды Орта Азия халықтары, оның ішінде
өзбек, қырғыз, тәжік ұлттары да әлі күнге дейін ойнап келеді. Асық
ойындарының тәрбиелік мәні зор. Асық ойыны ептілікке, мергендікке,
шапшаңдыққа, сергектікке баулиды. Асық ойындарының көп бала болып
ойналатын түрі әрбір жас баланың намысын қайрап, жеңіске деген
талпынысын арттырады. Асық ойынында үнемі отырып-тұру, жүрелей
отыру, тізені жартылай бүгу, жиырылу, ширығу жас балалардың денесін
шынықтырып, аяқ-қолдағы буын ауруларының алдын алады.
6 слайд
Асық ойынының тәрбиелік мәні 20XX Presentation title 6• Ерте де ата-бабаларымыз асық ойынын балаларына жас кезінен бастап үйрете бастаған. Тіпті сәби дүниеге келмей жатқанда, жас нәрестенің ойнайтын асықтарын жинаған. Асық ойындары тек қана қазақ халқына ғана таныс ойын түрі емес. Бұл ойынды Орта Азия халықтары, оның ішінде өзбек, қырғыз, тәжік ұлттары да әлі күнге дейін ойнап келеді. Асық ойындарының тәрбиелік мәні зор. Асық ойыны ептілікке, мергендікке, шапшаңдыққа, сергектікке баулиды. Асық ойындарының көп бала болып ойналатын түрі әрбір жас баланың намысын қайрап, жеңіске деген талпынысын арттырады. Асық ойынында үнемі отырып-тұру, жүрелей отыру, тізені жартылай бүгу, жиырылу, ширығу жас балалардың денесін шынықтырып, аяқ-қолдағы буын ауруларының алдын алады.
#7 слайд
Асық ойыны
федерациясы
құрылды.
Асық ұлттық ойыны мемлекеттік қолдауға
ие болып, өзінің мәртебесін ала бастады.
Елімізде Асық атудан жарыстар, ел
біріншіліктері өтті. Асық ойынының
федерациясы құрылып, зерттеліп,ойын
ережелері бекітілді. Асық атудың жарысы
бұрыңғы ҚР Спорт және дене шынықтыру
агенттігінің және ҚР Ұлттық спорт түрлері
Қауымдастығымен бекітілген. «Асық
ойынының ережесі» бойынша өткізіледі.
20XX Presentation title 7
7 слайд
Асық ойыны федерациясы құрылды. Асық ұлттық ойыны мемлекеттік қолдауға ие болып, өзінің мәртебесін ала бастады. Елімізде Асық атудан жарыстар, ел біріншіліктері өтті. Асық ойынының федерациясы құрылып, зерттеліп,ойын ережелері бекітілді. Асық атудың жарысы бұрыңғы ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігінің және ҚР Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығымен бекітілген. «Асық ойынының ережесі» бойынша өткізіледі. 20XX Presentation title 7
#8 слайд
«Үш табан»
ойыны
Ойынға екі немесе оданда көп ойыншы
қатысады. 5-6 ойыншы ойнаған
қызықтырақ.Әр ойыншыда көнге тігетін
үш(асық санын қалауыңызша өзгерте
аласыз, тым көп болмағаны жақсы 3-5
аралығы) асық және бір сақа болуы
шарт.
Көнге әр ойыншы бір-бір асықтан
тігеді.Ойыншылар кезектерін сақаларын
күлдіру арқылы анықталады.Біреуі
уысына салған сақаларды шашып
жібереді.Кімдікі алшысынан түссе сол
бірінші, тәйкесінен тускен екінші
кезекте. Егер сақалар олай түспесе
қайта шашылады.Ойын реті анықталған
соң ойыншылар көндегі асықтарды
кезектесіп атады.
8•
Омпа.
•
Асықты тігіп ойнау
•
Ханталапай
•
Иірмекіл .
•
Үш табан
8 слайд
«Үш табан» ойыны Ойынға екі немесе оданда көп ойыншы қатысады. 5-6 ойыншы ойнаған қызықтырақ.Әр ойыншыда көнге тігетін үш(асық санын қалауыңызша өзгерте аласыз, тым көп болмағаны жақсы 3-5 аралығы) асық және бір сақа болуы шарт. Көнге әр ойыншы бір-бір асықтан тігеді.Ойыншылар кезектерін сақаларын күлдіру арқылы анықталады.Біреуі уысына салған сақаларды шашып жібереді.Кімдікі алшысынан түссе сол бірінші, тәйкесінен тускен екінші кезекте. Егер сақалар олай түспесе қайта шашылады.Ойын реті анықталған соң ойыншылар көндегі асықтарды кезектесіп атады. 8• Омпа. • Асықты тігіп ойнау • Ханталапай • Иірмекіл . • Үш табан
#9 слайд
Қазақта «Асығың
алшысынан түссін»
деген ізгі тілек бар.Ол сәті
түсіп,жолы болып
тұрғандығын білдіреді.
Сондай-ақ халықтың «Қой
асығы демеңіз, қолға
жақса сақа тұт, жасы
кіші демеңіз, ақылы
асса аға тұт» дегеніне
түсінген адамға
астарында үлкен мән
жатыр.
20XX Presentation title 9
9 слайд
Қазақта «Асығың алшысынан түссін» деген ізгі тілек бар.Ол сәті түсіп,жолы болып тұрғандығын білдіреді. Сондай-ақ халықтың «Қой асығы демеңіз, қолға жақса сақа тұт, жасы кіші демеңіз, ақылы асса аға тұт» дегеніне түсінген адамға астарында үлкен мән жатыр. 20XX Presentation title 9
#10 слайд
Әрбір қазақтың «асығы алшысынан
түссін» деп тілеймін!
10 слайд
Әрбір қазақтың «асығы алшысынан түссін» деп тілеймін!
шағым қалдыра аласыз













