1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ғылыми жоба: "Жусанның пайдалы қасиеттері"

#1 слайд
1 слайд
#2 слайд
Тегім:Елесбаева
Атым: Айназ
Мектебім: ЖББОМ №82
Сыныбым: 2 «А»
Тегім:Елесбаева
Атым: Айназ
Мектебім: ЖББОМ №82
Сыныбым: 2 «А»
Өзім туралы мәлімет
2 слайд
Тегім:Елесбаева Атым: Айназ Мектебім: ЖББОМ №82 Сыныбым: 2 «А» Тегім:Елесбаева Атым: Айназ Мектебім: ЖББОМ №82 Сыныбым: 2 «А» Өзім туралы мәлімет
#3 слайд
Ғылыми жоба тақырыбы:
“Жусанның пайдалы
қасиеттері”
Жетекшісі:
Исина Нургуль
3 слайд
Ғылыми жоба тақырыбы: “Жусанның пайдалы қасиеттері” Жетекшісі: Исина Нургуль
#4 слайд
Жұмыстың мақсаты:
Туған өлкеде өсетін жусанның дәрілік
қасиеттерін тану, ажырата білу, олардың емдік
қасиеттерін анықтау, салауатты өмір салтын
насихаттау.
Жұмыстың міндеттері:
Туған өлкеде өсетін жусанның қасиеттерін
зерттей отырып, олардың адам, қоғам
өміріндегі маңызын ашу. Бұл өсімдіктердің
таптырмайтын емдік көзі екенін дәлелдеу.
Олардың өсетін жерлерін, өсу ерекшеліктерін
анықтап, қоршаған ортаны таныту, олардың
адам өмірінің арашасы екеніне көз жеткізу.
4 слайд
Жұмыстың мақсаты: Туған өлкеде өсетін жусанның дәрілік қасиеттерін тану, ажырата білу, олардың емдік қасиеттерін анықтау, салауатты өмір салтын насихаттау. Жұмыстың міндеттері: Туған өлкеде өсетін жусанның қасиеттерін зерттей отырып, олардың адам, қоғам өміріндегі маңызын ашу. Бұл өсімдіктердің таптырмайтын емдік көзі екенін дәлелдеу. Олардың өсетін жерлерін, өсу ерекшеліктерін анықтап, қоршаған ортаны таныту, олардың адам өмірінің арашасы екеніне көз жеткізу.
#5 слайд
Жусан (Artemіsіa) –күрделігүлділер
тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір не
екі жылдық шөптесін өсімдіктер, шала бұта.
Қазақстанның барлық жерінде – шөл-шөлейтті
далада, таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар.
Жусанның биіктігі 10 – 60 см, кейде 1,5 – 2 м-дей
болады. Сабағы тік немесе жерге жайылып өседі.
Жапырағы кезектесіп орналасқан, қауырсын
тәрізді, шеті тілімденген, кейде бүтін жиекті. Ұсақ
гүлі қос жынысты, сары түсті, себеттері көп, әбден
піскен кезде шашыраңқы иіліп келген сыпыртқы
гүлшоғырын құрайды. Шілдеден қыркүйекке дейін
гүлдейді. Жемісі – тұқымша. Жусанның 17 түрі –
сирек кездесетін эндемик түрге жатады, ал
Қазақстанда ғана өсетін бір түрі – дәрмененің
дәрілік шөп ретінде ерекше мәні бар. Шырғалжын
жусанның жапырағы мен сабағын жеуге болады,
құм жусаны құм тоқтату үшін пайдаланылады.
Арасында улы түрі (таврий жусаны) де кездеседі,
оны мал жемейді. Жусан – құнарлы мал азығы,
дәрілік, бояуыш, тағамдық, витаминді, эфир майлы
өсімдік. Жусанды қолдан (мысалы, тамыржусан)
да өсіреді.
5 слайд
Жусан (Artemіsіa) –күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер, шала бұта. Қазақстанның барлық жерінде – шөл-шөлейтті далада, таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар. Жусанның биіктігі 10 – 60 см, кейде 1,5 – 2 м-дей болады. Сабағы тік немесе жерге жайылып өседі. Жапырағы кезектесіп орналасқан, қауырсын тәрізді, шеті тілімденген, кейде бүтін жиекті. Ұсақ гүлі қос жынысты, сары түсті, себеттері көп, әбден піскен кезде шашыраңқы иіліп келген сыпыртқы гүлшоғырын құрайды. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдейді. Жемісі – тұқымша. Жусанның 17 түрі – сирек кездесетін эндемик түрге жатады, ал Қазақстанда ғана өсетін бір түрі – дәрмененің дәрілік шөп ретінде ерекше мәні бар. Шырғалжын жусанның жапырағы мен сабағын жеуге болады, құм жусаны құм тоқтату үшін пайдаланылады. Арасында улы түрі (таврий жусаны) де кездеседі, оны мал жемейді. Жусан – құнарлы мал азығы, дәрілік, бояуыш, тағамдық, витаминді, эфир майлы өсімдік. Жусанды қолдан (мысалы, тамыржусан) да өсіреді.
#6 слайд
Жусан жер бетіндегі өсімдіктердің ішіндегі ең ащысы. Оның пайдалы
жақтары жетерлік. Латындар бұл шөпті артемизия деп атайды. Шөптесін
өсімдіктердің дәрілік қасиетін ашқан Артемид құдайдың құрметіне осылай
деп атаған. Ертеректе Олимпиада ойындарында жеңіп шыққандарға
сыйлық ретінде жусаннан жасалған сусын ішкізетін болған. Римдіктер
жусан тұнбасын асқазан ауруларын емдеуге пайдаланған. Ал қытайлықтар
аяқ киімдеріне жусанның жапырағын салып жүрсе, тамаққа деген тәбетті
арттырады деп есептеген. Жусан теңіз саяхатшыларының түрлі теңіз
ауруларынан сақтайды. Бір нәрсеге қапаланғанда жусан иіскесеңіз көңілін
орнығады. Ұйқысыздыққа ұшырағанда жастығыңыздың астына жусан
қойсаңыз, көзіңіз тез ілінеді. Жусан тұнбасын дайындау үшін бір шай
қасық үгітілген жусан жапырағын бір стакан қайнаған ыстық суға салады.
Оны жарты сағаттан соң ішуге болады. Тамақтанбас алдында жарты сағат
бұрын бір ас қасықтан күніне үш мезгіл ішеді. Осылайша екі апта
пайдаланған соң тоқтату қажет. Жусан бөлмедегі ауаны тазартып, жүйкені
тыныштырады. Тіпті, моншаға түсерде жусан жапырақтарын пайдалануға
болады. Ауыз шаюға керекті тұнбаны бір ас қасық жусанды бір стакан
қайнаған суға бұқтырып дайындайды.
6 слайд
Жусан жер бетіндегі өсімдіктердің ішіндегі ең ащысы. Оның пайдалы жақтары жетерлік. Латындар бұл шөпті артемизия деп атайды. Шөптесін өсімдіктердің дәрілік қасиетін ашқан Артемид құдайдың құрметіне осылай деп атаған. Ертеректе Олимпиада ойындарында жеңіп шыққандарға сыйлық ретінде жусаннан жасалған сусын ішкізетін болған. Римдіктер жусан тұнбасын асқазан ауруларын емдеуге пайдаланған. Ал қытайлықтар аяқ киімдеріне жусанның жапырағын салып жүрсе, тамаққа деген тәбетті арттырады деп есептеген. Жусан теңіз саяхатшыларының түрлі теңіз ауруларынан сақтайды. Бір нәрсеге қапаланғанда жусан иіскесеңіз көңілін орнығады. Ұйқысыздыққа ұшырағанда жастығыңыздың астына жусан қойсаңыз, көзіңіз тез ілінеді. Жусан тұнбасын дайындау үшін бір шай қасық үгітілген жусан жапырағын бір стакан қайнаған ыстық суға салады. Оны жарты сағаттан соң ішуге болады. Тамақтанбас алдында жарты сағат бұрын бір ас қасықтан күніне үш мезгіл ішеді. Осылайша екі апта пайдаланған соң тоқтату қажет. Жусан бөлмедегі ауаны тазартып, жүйкені тыныштырады. Тіпті, моншаға түсерде жусан жапырақтарын пайдалануға болады. Ауыз шаюға керекті тұнбаны бір ас қасық жусанды бір стакан қайнаған суға бұқтырып дайындайды.
#7 слайд
Ащы жусан (Artemіsіa
absіnthіum) – күрделігүлділер
тұқымдасы, жусан туысына
жататын көп жылдық өсімдік.
Маңғыстаудың жайылымдар
мен шалғындарда, бұйратты
құмдарда, ормандар мен таулы
жерлерде өседі. Биіктігі 60 –
100 см, кейде 120 см-ге
жетеді. Тамыры жуан. Гүлдері
ұсақ, шоғырлана өседі. Шілде
– маусымда гүлдеп,
жемістенеді. Ащы жусанның
дәрілік өсімдік, медицинада
пайдаланылады.
7 слайд
Ащы жусан (Artemіsіa absіnthіum) – күрделігүлділер тұқымдасы, жусан туысына жататын көп жылдық өсімдік. Маңғыстаудың жайылымдар мен шалғындарда, бұйратты құмдарда, ормандар мен таулы жерлерде өседі. Биіктігі 60 – 100 см, кейде 120 см-ге жетеді. Тамыры жуан. Гүлдері ұсақ, шоғырлана өседі. Шілде – маусымда гүлдеп, жемістенеді. Ащы жусанның дәрілік өсімдік, медицинада пайдаланылады.
#8 слайд
8 слайд
#9 слайд
Қара Жусан (Artemіsіa fragrans) – күрделігүлділер
тұқымдасы, жусан туысына жататын көп жылдық
өсімдік. Қазақстанда Каспий маңының құмдарында,
Мұғалжар, Торғай, Ұлытау, Зайсан, Балқаш – Алакөл
ойысында өседі. БИІКТІГІ 25 – 30 (45) см. Сабақтары
көп бұтақты, түкті. Жапырағы ұсақ, олар екі рет
қанатша тілімденген. Гүлдері қос жынысты. Күлтесі
сары түсті. Маусым – қыркүйекте гүлдейді. Қара
Жусанның құрамында шырышты және шайырлы
заттар, каротин, С витамині, эфир майы мен аздаған
алкалоидтар бар. Тамырында илік заттар, инулин және
эфир майы болады. Қара Жусанның емдік қасиеті ерте
кезден-ақ белгілі болған. Шөбі мен тамырының
тұнбалары тәбет ашады, асқазан, ішек бездерінің
қызметін күшейтеді, жүйке жүйесін тыныштандырады.
Сондай-ақ оның тер шығаратын, ішек құртын түсіретін
қасиеті бар. Демікпеге шалдыққан адамға Қара
Жусанның сабағы мен жапырағының түтінін иіскетеді.
Қытай медицинасында бүйрекке тас байланғанда Қара
Жусан шөбінің қайнатындысынан ванна жасайды. Қара
Жусан – мал азықтық өсімдік.
9 слайд
Қара Жусан (Artemіsіa fragrans) – күрделігүлділер тұқымдасы, жусан туысына жататын көп жылдық өсімдік. Қазақстанда Каспий маңының құмдарында, Мұғалжар, Торғай, Ұлытау, Зайсан, Балқаш – Алакөл ойысында өседі. БИІКТІГІ 25 – 30 (45) см. Сабақтары көп бұтақты, түкті. Жапырағы ұсақ, олар екі рет қанатша тілімденген. Гүлдері қос жынысты. Күлтесі сары түсті. Маусым – қыркүйекте гүлдейді. Қара Жусанның құрамында шырышты және шайырлы заттар, каротин, С витамині, эфир майы мен аздаған алкалоидтар бар. Тамырында илік заттар, инулин және эфир майы болады. Қара Жусанның емдік қасиеті ерте кезден-ақ белгілі болған. Шөбі мен тамырының тұнбалары тәбет ашады, асқазан, ішек бездерінің қызметін күшейтеді, жүйке жүйесін тыныштандырады. Сондай-ақ оның тер шығаратын, ішек құртын түсіретін қасиеті бар. Демікпеге шалдыққан адамға Қара Жусанның сабағы мен жапырағының түтінін иіскетеді. Қытай медицинасында бүйрекке тас байланғанда Қара Жусан шөбінің қайнатындысынан ванна жасайды. Қара Жусан – мал азықтық өсімдік.
#10 слайд
Дәрмене жусан. Онымен емдеу ғылыми
медицинаға қосылған үлкен үлес. Қазақтың
халық емшілері ішек құрты ауруына қарсы
қолданған. Бабаларымыз бұл өсімдікті атам
заманнан бері шет елдерге сауда керуендері
арқылы көп мөлшерде жіберіп отырды.
Жусанның тамырын тәбет ашуға, ішек,
асқазан, бауыр, өт қалтасы ауруына
пайдаланады.
10 слайд
Дәрмене жусан. Онымен емдеу ғылыми медицинаға қосылған үлкен үлес. Қазақтың халық емшілері ішек құрты ауруына қарсы қолданған. Бабаларымыз бұл өсімдікті атам заманнан бері шет елдерге сауда керуендері арқылы көп мөлшерде жіберіп отырды. Жусанның тамырын тәбет ашуға, ішек, асқазан, бауыр, өт қалтасы ауруына пайдаланады.
#11 слайд
Қазақстандық мамандар қатерлі ісікке қарсы
жергілікті жусаннан дәрі жасап шығарды. Дәрі ТМД
елдеріндегі онкологиялық клиникаларда кеңінен
қолданылатын болды.
Қарағанды қаласындағы фитохимия иниститутының
өнімі – «Арглабин» дәрісі Ресейдің ғылыми
орталығында клиникалық сынақтан өтіп, ТМД
аумағына таралу құқығына ие болып отыр. Бұл
туралы Ұлттық ғылым академия өкілдері хабарлады.
Бұған дейін осы дәрі 11 елдің патентімен қорғалған
болатын.
Дәрігерлердің айтуынша, бұл дәрі бауыр,
өкпе және сүт бездерінде пайда болған ісіктерді
емдеуге және олардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Осы уақытқа дейін қатерлі ісік ауруларына
қолданылатын бұл дәріге шетелдерден 11 миллион
данаға тапсырыс түссе, ішкі сұраным 2 миллион
данаға жетіп отырған көрінеді.
«Жусан» мед бальзамы
11 слайд
Қазақстандық мамандар қатерлі ісікке қарсы жергілікті жусаннан дәрі жасап шығарды. Дәрі ТМД елдеріндегі онкологиялық клиникаларда кеңінен қолданылатын болды. Қарағанды қаласындағы фитохимия иниститутының өнімі – «Арглабин» дәрісі Ресейдің ғылыми орталығында клиникалық сынақтан өтіп, ТМД аумағына таралу құқығына ие болып отыр. Бұл туралы Ұлттық ғылым академия өкілдері хабарлады. Бұған дейін осы дәрі 11 елдің патентімен қорғалған болатын. Дәрігерлердің айтуынша, бұл дәрі бауыр, өкпе және сүт бездерінде пайда болған ісіктерді емдеуге және олардың алдын алуға мүмкіндік береді. Осы уақытқа дейін қатерлі ісік ауруларына қолданылатын бұл дәріге шетелдерден 11 миллион данаға тапсырыс түссе, ішкі сұраным 2 миллион данаға жетіп отырған көрінеді. «Жусан» мед бальзамы
#12 слайд
Қарағанды қаласында президент Н .Ә.
Назарбаевтың тапсырмасымен «Арглабин»
дәрісін шығаратын зауыт құрылысы басталған
болатын.
12 слайд
Қарағанды қаласында президент Н .Ә. Назарбаевтың тапсырмасымен «Арглабин» дәрісін шығаратын зауыт құрылысы басталған болатын.
#13 слайд
“Менің қарындасым”1961ж
“Жабайы алма” 1972ж
“Қалың қар”,
“Жусан иісі” повестері
мен әңгімелері
1989ж
Қалам иелерінің қиялынан туған ауыл тақырыбы
таразыға тартылған шығармасында жусан өсімдігі
міндетті түрде сөз етіледі. Белгілі жазушы
Сайын Мұратбековтің
«Жусан иісі» туындысы біздің бала
кезімізде сүйіп оқитын шығармаға айналған еді.
13 слайд
“Менің қарындасым”1961ж “Жабайы алма” 1972ж “Қалың қар”, “Жусан иісі” повестері мен әңгімелері 1989ж Қалам иелерінің қиялынан туған ауыл тақырыбы таразыға тартылған шығармасында жусан өсімдігі міндетті түрде сөз етіледі. Белгілі жазушы Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» туындысы біздің бала кезімізде сүйіп оқитын шығармаға айналған еді.
#14 слайд
МҰРАТБЕКОВ САЙЫН
(1936–2007)
«Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.
Қазақстан Респубикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
Еңбектері
Өмір-дерек
1936 жылы 15 қазанда Алматы
облысы, Қапал ауданы, Қоңыр
ауылында дүниеге келген.
“Менің қарындасым” 1961 ж
“Жабайы алма” 1972 ж
“Қалың қар”,
“Жусан иісі” повестері
мен әңгімелері
1989 ж
14 слайд
МҰРАТБЕКОВ САЙЫН (1936–2007) «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. Қазақстан Респубикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Еңбектері Өмір-дерек 1936 жылы 15 қазанда Алматы облысы, Қапал ауданы, Қоңыр ауылында дүниеге келген. “Менің қарындасым” 1961 ж “Жабайы алма” 1972 ж “Қалың қар”, “Жусан иісі” повестері мен әңгімелері 1989 ж
#15 слайд
Қазақтың қара баласы жусан дегенде ерекше сезімге
бөленеді емес пе? Қарасирақ кезімізден жусан иісін
иіскеп өскеннен бе, ауыл жайлы әңгіме қозғалғанда
алдымен өсімдіктің осы түрі еске түседі де тұрады.
Ұлан-байтақ даламыздың қай қиырына барсақ та,
оны кездестіреміз. Жусан арғы-бергі қиыры атты
адамға айшылық алыс жол болатын кең-байтақ
жеріміздің сәнін кіргізіп тұрған секілді көрінеді бізге.
Әлемнің бірқатар елдері жусанның әзірге аты аталмай жүрген
бір түрінен дәрі шығаруға баса назар аударып отыр.
Жусанның ол түрі негізінен біздің жерімізде молынан
кездесетінге ұқсайды. Осы бағытта Қарағанды қаласында
арнайы кәсіпорын жұмыс жасап жатыр. Дегенмен оның
болашағы қандай? Әзірге белгісіз. Кәсіпорын ол үшін арнайы
патент алған. Алайда олар құлашын кеңге жайып кете ала ма?
Өйткені бізде көп жағдайда басын бастағанмен, аяғында
сұйылып кететіні бар емес пе? Аталмыш дәрі қатерлі ісік
ауруына қарсы қолданылмақ. Ендеше оның адамзат баласы
үшін қажеті ерекше болатынын бағам
дау қиынға соға қоймас.
Әйтсе де, осындай бағалы байлықты біз қалай ұқсата аламыз?
Қарапайым жусанның өзі жұмыр басты пенде үшін маңызы
артып тұр. Біздің ғалымдар одан басқа да қажетті дүниені
жасауға шамасы келе ме?
Бүйрегіміз бұрып тұратыны да сондықтан да шығар,
бәлкім. Әлі күнге дейін барлық буын өкілдері шырқап
жүрген бірқатар әндерде иісі бұрқырап жататын жусан
жайында айтылатын жолдар кездеседі. Құл боп барып,
қайсар мінез, қабілет-дарынымен Мысыр елін
әділдікпен билеген Бейбарыс сұлтан бабамыздың да сан
жылдар бойы дала еркесі – жусанды аңсап өткені
тарихтан мәлім-дүр. Қысқасы, қазақ үшін жусанның
жөні бөлек деп айта аламыз. Біздің даламызда өсетін
аталмыш өсімдік туралы толғана тілге тиек етуіміздің
себебі де сонда. Алайда даламыздың сәніне айналған
жусан жайында қаншалықты жақсы білеміз? Ол –
дәрілік өсімдік. Сондай-ақ басқа да қасиеті аз емес.
Өкініштісі, біз оны бағалай алмай жүрген секілдіміз.
15 слайд
Қазақтың қара баласы жусан дегенде ерекше сезімге бөленеді емес пе? Қарасирақ кезімізден жусан иісін иіскеп өскеннен бе, ауыл жайлы әңгіме қозғалғанда алдымен өсімдіктің осы түрі еске түседі де тұрады. Ұлан-байтақ даламыздың қай қиырына барсақ та, оны кездестіреміз. Жусан арғы-бергі қиыры атты адамға айшылық алыс жол болатын кең-байтақ жеріміздің сәнін кіргізіп тұрған секілді көрінеді бізге. Әлемнің бірқатар елдері жусанның әзірге аты аталмай жүрген бір түрінен дәрі шығаруға баса назар аударып отыр. Жусанның ол түрі негізінен біздің жерімізде молынан кездесетінге ұқсайды. Осы бағытта Қарағанды қаласында арнайы кәсіпорын жұмыс жасап жатыр. Дегенмен оның болашағы қандай? Әзірге белгісіз. Кәсіпорын ол үшін арнайы патент алған. Алайда олар құлашын кеңге жайып кете ала ма? Өйткені бізде көп жағдайда басын бастағанмен, аяғында сұйылып кететіні бар емес пе? Аталмыш дәрі қатерлі ісік ауруына қарсы қолданылмақ. Ендеше оның адамзат баласы үшін қажеті ерекше болатынын бағам дау қиынға соға қоймас. Әйтсе де, осындай бағалы байлықты біз қалай ұқсата аламыз? Қарапайым жусанның өзі жұмыр басты пенде үшін маңызы артып тұр. Біздің ғалымдар одан басқа да қажетті дүниені жасауға шамасы келе ме? Бүйрегіміз бұрып тұратыны да сондықтан да шығар, бәлкім. Әлі күнге дейін барлық буын өкілдері шырқап жүрген бірқатар әндерде иісі бұрқырап жататын жусан жайында айтылатын жолдар кездеседі. Құл боп барып, қайсар мінез, қабілет-дарынымен Мысыр елін әділдікпен билеген Бейбарыс сұлтан бабамыздың да сан жылдар бойы дала еркесі – жусанды аңсап өткені тарихтан мәлім-дүр. Қысқасы, қазақ үшін жусанның жөні бөлек деп айта аламыз. Біздің даламызда өсетін аталмыш өсімдік туралы толғана тілге тиек етуіміздің себебі де сонда. Алайда даламыздың сәніне айналған жусан жайында қаншалықты жақсы білеміз? Ол – дәрілік өсімдік. Сондай-ақ басқа да қасиеті аз емес. Өкініштісі, біз оны бағалай алмай жүрген секілдіміз.
#16 слайд
16 слайд

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген