Материалдар / Ғылыми жоба "Солақай жазатын балалардың даму ерекшелігі" 4-сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ғылыми жоба "Солақай жазатын балалардың даму ерекшелігі" 4-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың ғылыми жобаны жоғары дәрежеде қорғап шығуына өте қажет!
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Наурыз 2019
1981
4 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
“ Солақай жазатын балалардың даму ерекшелігі»“ Көкпекті орта мектебі” КММ Орын

1 слайд
“ Солақай жазатын балалардың даму ерекшелігі»“ Көкпекті орта мектебі” КММ Орындаушы: ШҚО, Көкпекті ауданы, Көкпекті орта мектебінің 4 «а» сынып оқушысы - Мерғали Қорлықайың Жетекшісі: Көкпекті орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі - Абылбекова А. А. 2015-2016 оқу жылыЗерттеу жұмысы

Мен таяуда көше бойымен жүріп келе жатып, ойнап жүрген кішкентай бүлдіршінді көрдім. Байқасам балақай

2 слайд
Мен таяуда көше бойымен жүріп келе жатып, ойнап жүрген кішкентай бүлдіршінді көрдім. Байқасам балақай ойыншықтарын жерден сол қолымен жинап жүр екен. Бір мезетте әлгі сәбидің анасы періштеге «осы сенің оң қолың жоқ па, күннен-күнге солақай болып барасың» деген зілді сөзі құлағыма түрпідей тиді. Содан ойлана келе солақайлықтың құпиясына үңіліп көруді ұйғардым. Жалпы солақай адамдар тумысынан дарынды келеді дейді білетіндер. Себебі, ондай жандар өз мақсатына жету үшін қандай қиыншылыққа көнуге даяр. Бір қызығы, осы қағиданы желеу етіп, солақайлық қасиетті қолдан жасайтындар да бар екен.

Оң қолдық балалардың қабілетіне қарағанда солақай балалардың қабілеті басым болады. Солақай балалар

3 слайд
Оң қолдық балалардың қабілетіне қарағанда солақай балалардың қабілеті басым болады. Солақай балалар өте мазасыз болып, тез ашуланады, дұрыс тамақтанбайды, дұрыс ұйықтамайды. Олар үнемі оң қолдыларға шыдамдылықпен, төзімділікпен қарайды, соған бейімделеді. Өткен ғасырларға үңілсек, солақай адамдардың ішінде дарынды, атақты адамдар аз болмаған. Солақайлардың көпшілігінің шығармашылық қабілеттері мол болып келеді. Менің ойымша солақай балалар жөнінде теріс пікір болмауы тиіс. Сондықтан, мен зерттеу жұмысымда солақай балалардың даму ерекшелігін ашып көрсетіп, солақайлардың ерекше дарын иесі екендігін дәлелдеу зерттеу жұмысымның өзектілігі болып отыр.

Зерттеу мақсаты: Солақай жазатын балалардың даму ерекшелігін анықтап, солақайлықтың сырын ашып көрсету

4 слайд
Зерттеу мақсаты: Солақай жазатын балалардың даму ерекшелігін анықтап, солақайлықтың сырын ашып көрсету

Зерттеу міндеті: Солақай жазатын балалардың даму ерекшелігін зерттеу

5 слайд
Зерттеу міндеті: Солақай жазатын балалардың даму ерекшелігін зерттеу

Зерттеу болжамы: Егер солақайлық ерекшелігі бар балаларға қолдау көрсетсек, келешекте солақай жазатын балалардан әйгілі, ата

6 слайд
Зерттеу болжамы: Егер солақайлық ерекшелігі бар балаларға қолдау көрсетсек, келешекте солақай жазатын балалардан әйгілі, атақты азаматтар шығады

Зерттеу жаңалығы: Солақай жазатын балалардың ерекше қабілет пен дарын иесі екенін анықтау

7 слайд
Зерттеу жаңалығы: Солақай жазатын балалардың ерекше қабілет пен дарын иесі екенін анықтау

Зерттеу нысаны: Солақай балалар

8 слайд
Зерттеу нысаны: Солақай балалар

Зерттеу әдістері: зерттеу, іздену, байқау, салыстыру, мысал келтіру

9 слайд
Зерттеу әдістері: зерттеу, іздену, байқау, салыстыру, мысал келтіру

Солақайлық - ми жұмысының ерекшелігімен байланысқан организм дамуының бір түрі. Мидың әр жартышарларының өзіне тән

10 слайд
Солақайлық - ми жұмысының ерекшелігімен байланысқан организм дамуының бір түрі. Мидың әр жартышарларының өзіне тән ерекшеліктері бар. Мидың сол жақ жартысын рационалдылогикалық деп атайды. Сол жақ жартышар дененің оң жағын, оң көздің көруі, оң құлақтың естуі, оң қол мен оң аяқтың жұмысына жауап береді. Ал, оң жақ жартысын эмоционалды деп атайды. Ол дененің сол жағына жауап береді. Әдетте 4-5 жасқа дейінгі балалардың жұмысқа бейім болып қалыптаса бастайды. Осы жасқа дейінгі бала оң қолымен де, сол қолымен де заттарды ұстап сурет сала алады.

Солақайлардың пайда болуының басты 4 себебі бар Тұқым қуалаушылық Әдейі еліктеумен солақай болғандарЖүре пайда болу, яғни,

11 слайд
Солақайлардың пайда болуының басты 4 себебі бар Тұқым қуалаушылық Әдейі еліктеумен солақай болғандарЖүре пайда болу, яғни, бүлдіршін кезінде оң қолын күйдіріп, не жарақаттап алып, амалсыздан сол қолға бейімделуінен Әйелдің кеш босануынан

Солақай балалар мектеп қабырғасында жазу, оқу, есептеу, үйрену кезінде көптеген қиындыққа тап болады. Олардың айна

12 слайд
Солақай балалар мектеп қабырғасында жазу, оқу, есептеу, үйрену кезінде көптеген қиындыққа тап болады. Олардың айналадағы кеңістікке деген көзқарасы өзгеше. Сондықтан көру, түсіну, қабылдау, ойда сақтау, салыстыру қабілеттері қиындыққа тіреледі. 1. Күрделі жазылатын әріптерді ойда сақтамауы баяу оқуға әкеледі. 2. Ұқсас әріптерді, цифрларды ажырата алмау 3. Геометриялық фигуралардың ұқсастығын таба алмауы 4. Заттың көшірмесін жасай алмауы 5. Әріптерді кез-келген жаққа қисайтып жазуы 6. Жазу жылдамдығы өте баяу болады. Ол кезде мұғалім тез жазуға үйрету үшін оларды асықтырады. Бала жазуға үлгермеген соң ойы бөлініп, ұзақ үзіліс жасайды. Көп қате кетіріп, оқу қабілеті төмендейді.

Солақай балалардың даму ерекшелігін анықтау үшін баланың барлық болмысын зерттеп теусеру қажет. Қазіргі таң

13 слайд
Солақай балалардың даму ерекшелігін анықтау үшін баланың барлық болмысын зерттеп теусеру қажет. Қазіргі таңда жаңа психология тарабында “ПЛА” жеке терминді қолданады. П – оң жақ функкция басымдылығы, Л- сол жақ функция, А – осы екі функциялардың теңдігі. ПЛА солақайлықты анықтау үшін үш топтап тұратын арнайы методика шығарған. Мектептегі қиындықты байқай келе ата-аналар, мұғалімдер баланы оң қолмен жазуға мәжбүр етеді. Бірақ бұлай жасау дұрыс емес. Бұның барлығы орталық жүйке тамырлар жүйесімен байланысты. Бұның соңы баланың сөйлеуіне, оқуына әсер етеді. Соның салдарынан тұықпа пайда болады, жүйке жүйесіне (еріксіз көзі, аузы, бетінің қимылдауына), зәрін ұстай алмауына әкеп соғады. Сондықтан баланың бойындағы табиғи бітімді өзгерту дұрыс емес. Ол әрқашан кері әсер береді.

Аристотель, Наполеон Бонапарт, Пушкин, Лев Толстой, Чарли Чаплин, Том Круз, Елизавета патшайым, сондай-ақ Аме

14 слайд
Аристотель, Наполеон Бонапарт, Пушкин, Лев Толстой, Чарли Чаплин, Том Круз, Елизавета патшайым, сондай-ақ Американың үш президенті Джорд Буш(үлкені), Билл Клинтон, Барак Обама, әлемнің ең бай адамының бірі Билл Гейтс, киножұлдыздар Мерилин Монро, Сильвестр Сталоне, Том Круз сынды тұлғалар аз емес. Мұндай таланттылар қазақ халқында да жетерлік. Атап айтсақ, ұлтымыздың біртуар азаматы, сазгер-күйші Нұрғиса Тілендиев домбыраны сол қолмен тартқан. Әйгілі солақайлар

Наполеон Бонапарт А.С.Пушкин Лев Толстой Барака Обама

15 слайд
Наполеон Бонапарт А.С.Пушкин Лев Толстой Барака Обама

Елизавета патшайым

16 слайд
Елизавета патшайым

Эксперимент

17 слайд
Эксперимент

Солақай балалардың даму ерекшелігін зерттеу нәтижесі Осы әйгілі адамдардың көбі солақай екендігі мені таңғалдырып, м

18 слайд
Солақай балалардың даму ерекшелігін зерттеу нәтижесі Осы әйгілі адамдардың көбі солақай екендігі мені таңғалдырып, мен Көкпекті ауданы, Ж. Шайжүнісов атындағы орта мектептің бастауыш сыныптарында қанша солақай балалар бар және олардың оқу үлгерімі қалай екендігі туралы төмендегідей диагностика жұмысын жүргіздім: 1-сыныптарда 12 солақай, оның 10-ы оқу озаты; 2-сыныптарда 7 солақай, оның 5-уі оқу озаты; 3-сыныптарда 13 солақай, оның 12-сі оқу озаты; 4-сыныптарда 12 солақай, оның 11-і оқу озаты. Бастауыш сыныптарда барлығы 44 солақай балалар, оның 38-і оқу озаттары екенін анықтадым. Яғни, келешекте осы солақай балалардан әйгілі, атақты азаматтар шығады деген болжамға келдім.

1-сынып 2-сынып 3-сынып 4-сынып 0 2 4 6 8 10 12 14 Солақайлар ҮздіктерЖ. Шайжүнісов атындағы орта мектептің бастауыш сынып оқ

19 слайд
1-сынып 2-сынып 3-сынып 4-сынып 0 2 4 6 8 10 12 14 Солақайлар ҮздіктерЖ. Шайжүнісов атындағы орта мектептің бастауыш сынып оқушылары солақайларының үздік оқушыларының көрсеткіші:

Қорытынды Өкінішке орай, мектептерде солақай балаларға арналған оқу- әдістемелік құралдары, оқу және еңбек құрал-жабд

20 слайд
Қорытынды Өкінішке орай, мектептерде солақай балаларға арналған оқу- әдістемелік құралдары, оқу және еңбек құрал-жабдықтары жоқпен тең. Осындай балалардың мектепте оқуын жеңілдету үшін мына ұсыныстарды ұсынамын: 1. Солақай балалардың өзінің оқу орнын сайлап алуына мүмкіндік беру; 2. Солақай балалардың оң жаққа қисайтып жазуды талап етпеу; 3. Арнайы жаттығулар жасатып, ұстамдылыққа, қимылын тежеуге үйрету; 4. Солақай балалардың ата-аналарына баласының даму ерекшелігін түсіндіріп, психологиялық, физиологиялық тұрғыда баласының денсаулығын сақтау жөнінде жұмыс жасау. Осылай болған кезде солақай жазатын балалардың жағдайы біраз жақсарады.

Өз басыма келетін болсам, оларға қамқор болып әрқашанда қуаныш сыйлауға ат салысамын. Таяуда дүкендерде

21 слайд
Өз басыма келетін болсам, оларға қамқор болып әрқашанда қуаныш сыйлауға ат салысамын. Таяуда дүкендерден солақай балалардың ойларын дамытуға арналған дәптерлер, көркем жазу дәптерлер, еңбек сабағына арналған құрал-жабдықтарды көрдім. Әр жылдың 13 тамызында солақайлардың халықаралық күні. Өткен жылы осы күні теледидардан барлық теледидар көрермендерін солақайларға арналған мереке күнімен құттықтады. Әр жылдың 13 тамызы оларға ерекше күн деп білемін! Сондықтан, осындай ерекшелігі бар балаларға қолдау көрсетейік, ағайын!

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. «Баланың психологиялық ерекшелігі» Нусипбеков Е.С.; 2. «Қазақстан мектебі» Алматы-2007

22 слайд
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. «Баланың психологиялық ерекшелігі» Нусипбеков Е.С.; 2. «Қазақстан мектебі» Алматы-2007 - №3-Б.15; 3. «Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы» А. В. Петровский Алматы «Мектеп»-2005; 4. «Бала психологиясының жалпы мәселелері» Мухина, Алматы «Мектеп» - 2005

Назарларыңызға рахмет!

23 слайд
Назарларыңызға рахмет!